А.В.Манфредтің “Наполеон Бонапарт” атты еңбегіне шолу
Альберт Захарович Манфредтің “Наполеон Бонапарт” атты монографиясы алғаш рет. 1971 жылы жарыққа шыққан еді. Солд кездегі кеңес және шетел ғылыми мерзімді баспасөз беттероінде, оқырмандардың арнайы конференцияларында бұл еңбек әбден талданып, бағаланған еді.
Талқылау барысында көптеген құнды және маңызды тұжырымдар айтылған еді.
Көп оқырмандар кітапқа жалпы жақсы баға бере отырып, оны бұдан да кеңейтуге болар еді деген пікір-тілектер айтты. Шығармада империяның соңғы жылдарына, атап айтқанда 1812 жылғы Ресейге жорығынан кейінгі империяның құлдырауы мен Наполеонның жеке басының құлдырау кезеңіне аз көңіл бөлінгендігі әділ ескертілді. Сонымен бірге Наполеонның әскербасшы ретінде қайраткерлік қызметіне көбірек назар аударылу қажеттілігі, мен сол дәуірдің әскери тарихын бұдан да мұқият қарастырылып Наполеонның жеңген және жеңіліс тапқан шайқастарын түбегейлі талдаудан өткізу керектігі айтылды. Оқырман қауымның үшінші бөлігі Наполеон Бонапарттың сыртқы, мемлекеттік қайраткерлік қызметінен гөрі, адамның жеке тағдыры деп айтуға болатын оның ойлары мен сезімдерінің, қызығушылықтарының, өзінің айналасындағы адамдар мен өзіне жақын адамдарымен орнатқан қарым қатынастарының әлемімен танысқысы келді.
Автор оқырман қауымның ой-тұжырымдары мен ескертулеріне үлкен назар аударды. Әрине барлық пікір-тілектерді қанағаттандыру мүмкін емес еді. М1
Сонымен бірге әр бір кітаптың белгіленген көлемі мен мақсаттарына сай келетіндей етіп автор айтылған пікір тілектерді екскеруге тырысты. Монография мәтіні жанадан жазылып қысқартулар, мен түзетулерден өтті, кейббір бөлімдер, айтарлықтай толықтырылды.
Біздің алдымызда оқырман қауымның қүнды да пайдалы ой-пікірлерінің арқасында жөнделіп толықтырылған А.З. Манфредтің қайталанбас тарихи туындысы жатыр. Манфредке Наполеон туралы жазылған дүние жүзі кітапханасына өз үлесін қосуға яғни оның өмірбаянын баяндайтын тағы бір шығармамен толықтыру сөйтіп осы бір тұлға жайлы жазылған еңбектердің тізбегін жалғастыру оңай болған жоқ. Осы туралы тарихшының өзінің айтқан ой толғауына құлақ түрсек:
“Уақыт өткен сайын ғылыми айналымда деректер мен құжаттардың, хаттар мен естеліктердің, замандастарының куәландыратын айғақтарының көлемінің күннен-күнге артуы, Наполеон туралы әдебиеттің көз жетпес ұшан-теңізге айналғалы бері ол туралы жазу жылдан – жылға қиындай түсті. Наполеон дәуірі жайлы кітаптар ағымының кеңеюімен байланысты пайда болған жетістіктер енді кемшіліктеріне айнала бастады. Аңыздар, қоғамда қалыптасқан пікірлер, тұрақтап қалған тұжырымдар, мызғымайтын догмалар бірінің-үстіне бірі қабатталып тарихи процестердің тірі пердесіне жақындауға қиындық туғызатын жасанды кедергілерді құрастырды. Бұл мәселеге оралған әр бір жаңа зерттеуші өзінің алдындағы ізашарынан беттер қиын жағдайға душар болатын. М2 ”. Өз ой-тұжырымдарында дербестікті және қайталанбаушылықты сақтап қалу үшін ол қалыптасып қалған концепциялар мен жүйелердің қысымын жеңе отырып, түгдеректердің жандандыратын қойнауына жол ашып, оның қайнар көзінен сағасына дейінгі барлық арнадағы ағымының бұрылыстарын бақылау тиіс. Бұл басқа сөзбен айтқанда бәрін басынан бастауды білдіретін.
Біздің елде академик Е.В. Тарленің “Наполеоны” жалпыға қадірі өткен еңбек екені белгілі. Мен ұзақ жылдар бойы наполеондық тақырыппен шұғылдансам да осы мәселе бойынша бір нәрсені баспадан шығаруға хұқым бар деп санамадым. Алайда уақыт өтіп Тарленің “Наполеоны” жарыққа шыққаннан бері орасан тарихи оқиғаларға толы отыз бес жыл өтті. Осы өткен он жылдықтардың ішінде әлем өзгерді, ХХ ғасырдың 70-шы жылдарындағы ұрпақ 30-шы жылдарда өмір сүрген адамдардан гөрі көп нәрсені өзгеше көріп, өзгеше қабылдайды.
Сонымен бірге соңғы 30-40 жыл ішінде Наполеондық дәуірге қатысты түрлі мәселелер бойынша көптеген жаңа құнды деректер жарияланды, маңызды құжаттары бар архивтерге жол ашылды, сонымен қатар Луи Мадленнің он алты томдық жалпылайтың шығырмасы мен арнайы мәселелер бойынша зерттелген көптеген монографиялар жарық көрді.
Осындай жағдайлардың жиынтығы наполеондық тақырыпқа байланысты өзімнің қойған “тыйымымды” алып тастауға итермеледі.
Осы кезде маған Евгений Викторович Тарленің бұл тақырыпқа кірісер алдында күмән тудырған ойлары еске түсті:
- Қандай ізашарлар (немесе бастаушылар)! Вальтер Скотт, Стендаль, Толстой ... Ойлануға тұрарлық. Бірақ мен бел будым! М3 .
Қазіргі таңда Наполеон туралы жазатын әр біреу үшін ізашарлардың тізімі үлкейіп бара жатыр. Аталған есімдерге тағы да жаңа есімдерді қосуға болады – Е.В. Тарле, Жорж Лефевр, Андре Моруа, Эмиль Людвиг, Бертран Рассел т.б.
Әрине тізімі айбатты болған сайын осындай атақты ізашарлардың жүрген жолымен қайта өту автор үшін қиынға соғады.
Алайда көптеген себептермен наполеондық мәселеге қоғамдық қызығушылық өшпейді, әрбір жаңа ұрпақ бұл ескірген бірақ қартаймаған тақырыпты өзінше талдап, ұғынуға тырысады”.
Манфред Наполеон туралы кітап жазғанда негізгі деректер – Бонапарттық әдеби мұрасын, оның хаттарын, бұйрықтарын т.б., оныың айналасындағы адамдардан қалған деректі құжаттарын, оның әріптестері мен замандастарының арасындағы хаттары мен естеліктерін бір сөзбен айтқанда бірден – бір зерттеуші қасынан назар аудармай өте алмайтын сол дәуірдің барлық ескерткіштерін пайдаланғандығын баяндайды. “Осы бұрыннан белгілі деректерге оралған кезде, - деп жазды Манфред, - мен оларды теріс түсініксіз, ХХ ғасырдың соңындағы тарихшы – марксист ретінде танып оқығым келді”. М4 .
Тарихшы қайтып оралмас осынау кезеңді жақсырақ түсіну үшін жоғарыда айтылған ескі бірақ теңдесі жоқ деректерді түрлі себептермен жеткіліксіз немесе мүлдем зерттелмеген құжаттармен салыстырғандығын жазады. Сөз КСРО сыртқы істер Министрлігінің Архивінің құнды фондтары жайлы болып отыр. Атап айтқанда Европаның түрлі шетаймақтарынан патша дипломаттарының Коллегияға жеткізген мәлімдемелері туралы, және 1801 жылдан бастап Ресейдің сыртқы істер министрлігіне жеткізкен мәлімдемелері туралы, Салтыков – Щедрин атындағы Ленинград қоғамдық кітапханада сақталған сол кездегі қолжазбалардың бай жиынтығы туралы, Париждің Ұлттық архив материалдары мен сол жылдардағы орыс, француз баспасөз материалдары туралы сөз қозғалып отыр.
Автор архив қызметкерлеріне, мәскеулік және Ленинградтық кітапханашылары мен ғылыми ұйымдарға осы кітапты жазуға құжаттарды жинауға көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Енді осынау құнды әрі бай деректерді пайдаланып жазылған еңбекті өз бетімізше талдап көрелік. Шығарма он сегіз тараудан және эпилогтан тұрады.
“Ағартушылық идеялар туының астында” (Под знаменем идей просвещения) деп аталатын бірінші тарауда автор 1789 жылғы революцияның рухани-идеялық негізін қалаған ағартушылар жайлы сөз қозғап және сол кездегі халықаралық жағдайды баяндай келіп Наполеонның жастық шағын сипаттай бастады. Наполеонның өзінің құрдастарымен салыстыртанда әскери істе анағұрлым көп білетіндігін және айналасындағылардың бұл қабілетін байқағандығын, атап айтатын болсақ, 1788 жылы барон Жан-Пьер дю Тейльдің Бонапартты ең жас лейтенантғардың ішінен осы қабілеті үшін жарылғыш заттарды лақтырудың үздік әдістерін анықтайтын арнайы комиссияға мүше етіп тағайындағанын мысал ретінде келтіреді.
Сонымен қатар Наполеонның сыртқы келбетін суреттей келе, оның ішкі мінезіне де баға берді. Оның туған жері Корсикаға деген патриоттық сезімін, бейнелей отырып жүрегіне ыстық кішкентай аралдың бір кездері азаттыққа қол жеткізіп, көп ұзамай француздардың қол астына бағынғандығына іштей қынжылғандығын сипаттайды М5 .
“Адамдардың арасында өзімді жалғыз сезініп, өз армандарыма өзіммен өзін қалған кезде ғана ораламын” деген Наполеонның он жеті жасында жазған сөз тіркестерін келтірген Манфредтің оның ішкі жан дүниесіне үңілгендігін байқауға болады. Автор жас Буанопартенің ұстанған ой-ұстанымдарын яғни көзқарастарының жүйесін, революцияның алдындағы және революция кезіндегі саяси және қоғамдық іс-қимылдарға деген қатынасының қандай болғандығын білгісі келді. Ол Наполеон Бонапорттың тарихқа Наполеон болып кіргенге дейін қандай адам болғандығын кім болғандығы туралы сұраққа жауап бергісі келеді.
Өзіне дейін Наполеон жайлы жазған тарихшылардың бұл сұраққа жауап берді ма, жоқ па талдап, жауап бермеген болса бір жағынан оларды сынаса екінші жағынан ақтауға да тырысты. Мысалы Стендальдың шығармашылығын. Манфередті Наполеонның өмір баяншыларының жас Буанопорттың философиялық – саяси көзқарастарына өте аз назар аударғандығы таң қалдырды. Мұнда ол үш томдық еңбектің авторы Артюр Шюке мен он алты томдық еңбектің авторы Луи Мадленді түсінбейді.
Манфред Наполеонның мектеп кезінен ашылған жеке басының қабілеттерін баяндаудан еш тайынбайды. Алайда оның әлсіз жерлері мен кемшіліктерін, құрдастарынан оқшау қалатындығын да назордан тыс қалдырмайды. Наполеонның ең басты жетістігі ретінде автор оның ерекше еңбекқорлығы мен сирек кездесетін шыдамдылығын алға тартады.
Манфред Бонапарттың кітап құмарлығын баяндай келе, кейбір өмірбаян шыларының айтуы бойынша тарих ғылымың оның жастық шағындағы басты орын алған ғылымы деген ойға қасылмайды Автор Бонапорттың бізге беймәлім әдебиеттегі шығармашылығын де Мазимен жүргізген әңгімесін “Махаббат жайлы диалог” (1791 ж.) атты еңбегін келтіру арқылы таныстырады. Мұнда біз жас Бонапарттың қоғамдағы әртүрлі таптардың әлеуметтік қорым-қатынасына деген қөзқарасын байқаймыз. М6 .
Жас Бонапарт, - деп жазды Манфред, - әскер ғана болған жоқ, ол өз заманының перзенті болды. Яғни ол айналасында қоршаған зұлымдықтан қорғанудың жолын ақылдың күшінде ескі тәртіпті қатаң сынға алу арқылы табуға болады деп санады. Яғни Ағартушы дәуірдің азаттық идеяларын ұстану керек деп білді. Екінші империяның тарихнамасын сынай отырып Монфред Бонапорттың өмірбаянында әдебиет саласында атқарған қызметін баяндайтын беттердің ұмытылғандығына наразылық білдіреді. Ол Бонапорттың. Безудың “Математика курсы” еңберінің беттеріне жазған өлеңін мысал келтіру арқылы, ақындық қабілетінен жұрдай еместігін нұсқайды. Сонымен қатар кейіпкердің “Маттео Буттафуакоға хат”, “Бокердегі кешкі ас”, “Глиссон мен Эжени”, “Эссекс графы”, “Пайғамбардың бет масқасы”, аяқталмай қалған “Паль-Рояльдағы шытырман оқиғалар”, новелласы, “Атаққа деген махаббат пен отанға деген махаббат”, “Лион академиясы үшін трактот” атты саяси-әдеби эсселері туралы сөз қозғайды. Бұл еңбектердің бәрі 1788-1791 ж.ж. аралығында жарық көрді. Манфред Бонапарттың жастық шағында жазылған осы дәптерлеріді ақтару арқылы бізге француздардың императоры ретінде тарихқа енген тұлғадан мүлден бөлек жас Бонапарттың келбетін көрсете білді.
Манфред Наполеон әскербасшы болған кезде оның Бриенн және Париж училищилерде бірге оқыған бірде – бір курстастары келешекте әріптестеріне айналмағандығана назар аударады. М7 .
4 бет
Наполеонның курстарының дүниеге деген көзқарастары мен ой-т±жырымдары мүлде басқаша еді. Наполеон оларды түсінбейтін. Ең қызығы, оның өмірбаянын зерттеуші Фредрик Массон мен Шюкенің зерттеуіне сүйенетін болсақ Париждегі єскери мектепте оқыған кезінен бір-бірімен жауласып қалған Бонопарт пен Ле Пикар де Фелиппо кейін, уақыт өткен соң талай шайқастарда кездеседі. Сирияда Сен-Жан д Арк түбінде: Бонопарт – француз армиясының єскербасшысы ретінде, Ле Пигар де Фелиппо – Француздарға қарсы соғысқан ағылшын армиясының полковнигі ретінде.
Революция басталғаннан кейін Бонопарттың көп курстары шетелге қоныс аударды. Австриялық армияда қызмет көрсетіп өз отандарына қарсы шайқасқан Пико де Пикадо деген курстағы 1805 жылғы компанияда жеңіліп, өзінің б±рынғы курстасы Бонопарттың қолына бірінші рет т±тқынға түседі. 1809 ж австриялық армияның полковнигі ретінде француздарға қарсы соғысып қайтадан енді Давудың қолына т±тқынға түседі. Екінші рет босатылған Пикадю бєрібір өмірінің соңына дейін отандастарына қарсы Австрияның жағында соғысады.
Осылай француз дворянынан австриялық боронға айналып өз отанына қарсы соғысқан курстарының арасында Бонопарт өзін қалай сезіну керек еді?
″Адамдардың арасында ардайым жаңғыз″ деген 1786 жылғы қолжазба дєптеріндегі сөз тіркесін мысал келтіру арқылы Манфред Бонопарт пен курстастары єртүрлі єлемге жатқандығын көрсетеді./м8/
Єрине, өзінің халқының қиналғандығын, анасының іні-қарындастарының мүшкіл жағдайын ойлап, қарапайым киініп жүрген, қызмет бабымен өсуге ешқандай үміті жоқ лейтенант, уайым-қайғы жоқ курстастарымен бір єлемде болу мүмкін емес еді. ″Оның єлемі, - деп жазды Манфред, - б±л Вольтер, Монтескье, Гельвщий, Руссо, Рейналь, Мабли, Вольнейдің єлемі – ХVІІІ ғасырдағы бостандық сүйгіш, еркін єдебиеттің єлемі.″ Ағартушылардың идеяларын өзінің бойына сіңіргендігін, революциялық ойлардың онда жас лейтенант болып жүрген кезінен – ақ пайда болғандығын Бонопарттың 1788 ж корольдің қарамағында єскери қызметін атқарған кездегі дєптеріне жазған жазуларын алға тартады. Онда Бонопарт ″Тақтан тайдыруға т±рмайтын клорольдердің саны азайып бара жатыр″ деп жазған еді. Жалпы єрбір халықтың өз билеушісіне қарсы шығуға толық х±қысы барын Бонопарт 17 жасында жазған ″Корсика туралы″ атты қолжазбасында – ақ қадап айтқан еді деп жазды Манфред.
″Революция солдаты″ деген екінші тарауын Манфред 1789 ж 14 шілдедегі ¦лы Француз революциясының басталуын жєне оған Бонопарттың көзқарасын ±сынамын сипатттаумен бастайды. Манфред б±л жерде батыс тарихшылардың Бонопарт жайлы жазған еңбеккктерін талдайды. Мысалы Жак Бенвилдің революция кезінде Бонопартттың тебіренбегендігін, жай ғана бақылаушы болғанын жазғандыығын, ал Луи Мадленнің керісінше Бонопарттың рефолюцияның жақтаушысы жєне қолдаушысы болғанын, оның түбінде єскери қызметшінің көтерілуіне шек қойған, жоғарғы дворянға жатпайтын офицерлерге арналған 1780 ж заңның қ±рған кедергілерін революцияның жойғандығы жатқандығын жазғанын айтады./М9/
1789ж 20 жасар жас жігіттің кім болғандығын, қандай роль атқарады деген с±раққа Манфредтің өзі жауап бергісі келді.
Манфред Бонопарттың 1789 ж 9шы қыркүйек күні басшылықтан туған жеріне Корсикаға барып қайтуға рапорт жазып с±ранған соң, 30 қарашада Аяччода жиналыс ±йымдастырып, қ±рылтай жиналысына Корсиканың мєселесін қарастыруды, өтінетін қала азаматтары қол қойған ххххат жіберетіндігін баяндайды. Автор Бонопарттың енді Корсиканың тєуелсіздігінен гқөрі, елінің француз революцияясымен бірігуін, рефолюциялық Францияға сіңісіп кетуін қалағандығын оның ой – т±жырымдарының эволюциясы ретінде қарастырады. Қ±рылтай жиналысының 30 шы қарашадағы декретінен кейін Бонапарттың аралда ¦лттық гвардияның қ±рылуына, жергілікті деректорияны сайлауға дайындыққа қатысқандығын баяндап сол кездері солшыл бағыттағы Филиппо Буанорротимен достық қарым – қатынаста болғандығын өзінің де солшыл саяси бағытты ±станғандығын меңзейді.
Корсиканың ″єкесі″ болып саналған Паоли Паскуалимен жақындасу єрекетімен түк шықпағандығын баяндап 1791 жылы жазда Бонапартты алты жылдық єскери қызметінен кейін лейтенант дєрежесіне көтеріп, Валанс қаласына жіберілгенне кейінгі өміріне тоқталады. М±ндағы Бонапарттың жақын араласқан Монталиве, Эдувилль, Суси бєрі корольді жақтап, революцияға қарсы еді. Бонопарт болса Якобиндік клубының филиалы болған ″Конституция достарының ±йымына″ алғашқылардың бірі болып кірді, көп ±замай оның хатшысы болып сайланды. Манфред Наполеонның б±л ±йымға кіруде қызмет бабымен көтерілуін ойламағандығын атын сызып айтады… ″Бонопарт өзінің ой – т±жырымымен жүреді. Оның республиканы қолдауы″ ″Республика єлде монархия″, ″Махаббат жайлы диалог″ атты еңбектерінде айқын көрінеді деп жазды тарихшы/М10/
″Бонопарт революциядан көп нєрсе үйренеді. Ең бастысы іс – єрекеттің сөзден жоғары т±рғандығын түсінді″ деп т±жырымдайды Манфред.
Паоли Паскуалидің басшылығымен тәуелсіздік үшін күрескен Корсиканың сепаратистік топтары революцияны жақтаушы Бонапарттар отбасымен бір ауызға келе алмады. Нәтижесінде, туған жері Корсикадан қудаланып шешесі мен Қарындастарын Францияға алып кетуге мәжбүр болған Наполеон анасына “Дайын бол, Корсика біз үшін емес,” (немесе бізге арналмаған) деп хат жазады.
Осының алдында ғана туған елінде волонтерлік ерікті әскерлердің полковнигі дәрежесіне қол жеткізген Наполеон әрине бұған да биік белестерден көрінгісі келді. Қайта-қайта Корсика, Аяччоға демалыс алып, сұраныс жүргендегі мақсаты алақандай туған аралынды көп үміт артқан еді. Манфред Наполеонның ағасы Жозефтің саяси қызметінің алға жылжуына да ат салысқандығын, Паолиге жақындасқысы келгендігін, бұл әрекеттерінің сәтсіз аяқталғандығын баяндап, кейіпкерлермен бірге күрсінетін сияқты. “Қайран бес жыл! Жастық шақтың ең жақсы жылдары артта қалды! Ұлы революцияның бес жылы, тарихта қайталанбайтын күндер бәрі-бәрі бұның қасынан тимей өтті. Бұл Корсикадан ары асып ойламады, бірақ Корсика жері бұған ешнәрсе бермеді” деп Манфред Наполеонның ойларын тебіреніспен жеткізеді.(М)
Францияға келгеннен кейін Корсикадан Конвенте депутаттық қызмет атқарған Кристофор депутаттық қызмет атқарған Кристофор Салычеттидің қолдауымен көп ұзамай интервенттерге қарсы Тулондағы шайқаста бір колоннаны басқаратын болды. Сальичетте лауазымы бар Наполеонды 2а алғаш қолдаған тұлға болды. Оның қолдауы Наполеон үшін маңызды еді. Сальичетти Наполеонды генерал Картомен, Конвет депутаты Гаспаренмен және кіші Робеспьермен таныстырады. Бонопарт “Бокердегі кешкі ас” шығармасымен-ақ якобиндердің көңілінен шыққан еді. Тулондағы шайқаста бекіністі алуда жеңіске жеткізген өзінің жоспарын ұсынған Наполеонның осыдан кейін аты шыға бастады. Автор осы кезде Наполеонның айналасына жинала бастап өмірінің соңына дейін бірге болған Андош Жюно, Жан-Батист де Мюирон, Огюст-Фредерик-Луи Виес де Мармон, Дюрок сияқты достарына сипаттама береді. Тулондағы шайқастан кейін генерал атағын алған Наполеонның енуі Италияға жорық жасаудың жоспарын дайындап жүрегінде үміт ұшқыны пайда болғандығын суреттейді. Келесі “Директория генералы”, “1796-1797 жж. Италия жорығы”, “Египет пен Сирия” тарауларда Манфред Наполеонның әскери жорықтарын, жеңіс әперген шайқастарын бүгей-шүгейіне дейін сипаттап жазған. Әсіресе Египеттегі 1798 ж 21 шілдедегі Мурад бей басқарған мамлюктерге қарсы шайқастың алдында Наполеонның әскерлеріне пирамидаларды нұсқап “Сендерге қырық ғасыр қарап тұр!” деген атақты қанатты сөзін келтіреді. (М/12)
“Брюмердің алдында”, “18-19 брюмер” тарауларда тарихшы Францияның 1799 жылғы саяси жағдайын, дағдарыс кезеңін сипаттайды. Қатаң тәртіпті орнату үшін төңкерісті ойлап жүрген көптеген генералдар нақты күніне дейін жоспарлаған еді. Осы кезде Египеттен әскерлерін тастап келген Бонапарт мемлекетін төңкерісті мүлдем ойламаған еді. Алайда астанада түрлі адамдармен кездесіп жағдайды сезе алатын қабілетімен Наполеон дағдарыстың болмай қоймайтындығын байқап, жұртты мазалап жатқан ойларды түсінді. Оны, Наполеонды бір күреске тартып жатқандығын, елдегі төңкерісті оның қатысуымен жоспарлап жатқандығын біліп, кімнің жағына шығу керектігін шеше алмады. Сол кездегі саяси ойынның кейіпкері болған Сиейеспен кездессе де оған жағынуды мүлдем ойламағандығын жазды Манфред. “Бонапартқа, - деп жазды Манфред, - ешнәрсені ұсынудың немесе ойдан шығарудың қажеті жоқ елі, ол бәрін жетілген, дайын күйінде алды” (М13)
Сонымен бiрге Манфред Альбер Вандальдың “ Бонапарттың көтерілуі ” атты еңбегінде “ Бонапарт Директорияға нүкте қойып, билікті иемдену ниетімен оралған еді ” деген сөзімен келіспейді.Вандальдың б±л ойын ,-деп жазды Манфред, - Е.В.Тарле де , Луи Мадлен де тіпті Андре Кастело да қайталаған еді.Алайда мєселені түпдеректерге негіздеп зерттеу жоғарыда айтылған көзқарасты растамайды. Наполеон үшін Египеттегі єскерін калдырып Францияға оралуы екi жақты кауiптi едi. Автор кейiпкерiнiң билiктi ойламак тугiлi , бул єрекетiнiң кауiптi екенiн бiле т±ра өзiнiң мiнезiне тєн нар-тєуекелге бару єдетiмен Францияғ оралғанын жазады. Єскерiнiң жеңiлетiндiгiн алдын ала бiлген Наполеон кетуге сылтау iздеп жүргендiгiн жаза отырып Манфред өз кейiпкерiн айыптамайды. “ ¦тылған кампанияны қ±тқару мумкiн емес едi, бiра±қ өзiн-өзi қ±тқаруға қорлықтан қашуға, мейлi, қауiптi болса да мүмкiн едi“ деп ақтайды тарихшы Наполеонды. Қырық жетi тєулiктен кейiн Наполеон Францияға жетедi.“”
18-19 брюмердегі саяси төңкерістің нєтижесінде Наполеон билік басына келді. Яғни керек кезде керек жерде болды. деген сөз емес пе?
Манфред “ 18-ші брюмер революциясынан ” кейінгі Франциядағы түрлі таптардың осы революциядан не күткендігін сол кездегі шықан мақалаларға , жеке дара т±лғалардың хаттарына , баспасөз беттеріне тіл қатқызу арқылы талдау жасайды /м14/ Сонымен бірге тарихшы Маркс пен Энгельсің “ Қасиеттті отбасы ” еңбегіндегі Наполеон туралы берген сипатаманы келтіреді: “Наполеон революцияның өзі жариялаған буржуазиялық қоғамға қарсы революциялық терроризм күресінің соңғы актісінің бейнесі болды. Ол үздіксіз революцияның орнына үздіксіз соғысты қою арқылы терроризмді аяқтады. Ол француз ±лтының эгоизмін толыққанды қанағаттандырды,сонда да буржуазияның байлығы, рахат істері, саяси мақсаттары қажет кезде қ±рбандыққа шалынуын талап етті. ” Маркс пен Энгельстің осы сөздерінде наполеондық тєртіптің мазм±ны айқындалған деп Манфред жоғарыда айтылған сипаттамаға толық қосылады.
Келесі “ Бірінші консул ” тарауда Манфред үш консулдан қ±ралған жаңа үкіметтің атқарған іс-шараларын , атап айтқанда Наполеонның инициативасымен жүзеге асырылған іс-шараларға тоқталған. Наполеон
“ күн -корольдың ” резиденциясы болған Версаль сарайын соғыс ардагерлеріне ( революцияға қатысқандарға ) пайдалануға берді. Егер Француз армиясының оннан тоғызы шаруалардан қ±ралғандығын ескеретін болсақ , Наполеонның б±л єрекеті шаруаларға қаншалықты ±нағанын атпай-ақ белгілі шығар . Сонымен бірге ішкі істер министрі қызметіне өзінен Париж єскери мектебінде емтихан қабылдаған атақты ғалым, астроном, математик, физик Пьер-Симон Лапласты тағайындағандығы ғылымға, Институтқа, жалпы ғалымдарға қ±рмет т±татындығының айғағы еді./м15/ Б±л іс-єректі замандастарына сол кезде үлкен єсер қалдырған еді. Жаңа қ±рылған консулат б±рынғы жауларына роялистер мен якобиндерге кеңшілік жасады. ¤лім жазасына
кеспей Франциядан басқа елге қоныс аударумен шектелді. Консулатқа өзін қолдайтын мықты көпшілік қажет болды. ¤з айналасына осындай көпшілікті шоғырландыру үшін Бонапарт үшінші фример ( 24 қараша 1799 ж.) күнгі Бейцке жазған хатында жаңа ±ран ойлап тапты:
“Бєріңіз халыққа бірігіңіз. Француз азаматының қарапайым аты роялистің, якобиндіетің, фельянның жєне сол сияқтылардың лақап аттарынан сөз жоқ жоғааары т±рады. Соңғылары он жылдың ішінде ±лтты тоқырауға апарар жолды тездетеді, сондықтан ±лтымызды осыдан қ±тқаратын уақыт туды.” Б±л ±ран көпшіліктің көңілінен шықты. Бонапарттың өзі жазған немесе айтып т±рған “ Француздарға” атты жолдауда :“ Конституция қазіргі тєртіптің шынайы қағидаларына , жеке меншіктің, теңдіктің еркіндіііктің қасиетті х±қықтарына негізделген ” деп жаңа конституция туралы осындай түсіндірме келтірілген еді. Манфред Наполеонның брюмерден кейінгі алғашқы он күнде өзінің артистік қабілетімен көзге түспеу ±станымда болса да шын мєнінде билікті өз қолына алғысы келгендігін жазады. Билік үшін күрес жаңа конституцияның жобасы жасалынған кезде айқындалды. Ол өзін “ соғыс консулына” айналдырғысы
келген Сиейестің жобасын сынға алып , комиссияға конституцияның негізгі бағыттарын қ±растыруға басшылық жасады. Сол кезде Бонапарт “ қысқа єрі түсініксіз жазыңыз” деген атақты қанатты сөзін айтқан еді.
Бонапарттың басшылығымен жазылған б±л конституция ( 13 желтоқсан 1799 ж.) жоғарыда айтқан н±сқауына сєйкес келді. 1795 жылғы Конституция 377 баптан т±рса б±л жолғы конституция не бєрі 95 баптан т±рды. Алдыңғы 1791 ж., 1793ж., 1795 ж. қабылданған конституцияларға қарағанда б±л қ±жатта х±қық туралы ешнєрсе айтылмаған еді. “ Француз республикасы - бірт±тас єрі бөлінбейді” деген жалғыз нақты қағидасы бар конституцияның 39-шы бабында : “Конституция бірінші консул етіп азамат Бонапартты тағайындайды” деген таңқаларлық сөзі келтірілген. Кейіпкерінің б±л ісіне Манфред айып тақпайды. Манфред Бонапарттың өкілетті органдардың - Мемлекеттік кеңестің, Трибунаттың , Заңшығарушы корпус пен Сенаттың биліктерін шектеп, бірінші консулдың билігін күшейткенін білдіртпеу үшін барлық ер адамдарға сайлау х±қығын бергендігін “ демократиялық революциялар мен демократиялық өзгерістер жағдайында таптар арасында
б±лтартуға деген қ±штарлық болып табылады” деген Лениннің сөзімен түсіндіреді. Конституция іс жүзінде жеке т±лғаның тєртібін орнатты. Бірінші консулдың айлығы -- жылына бес жүз мың франкты қ±раса, қалған екі консулдың айлықтары біріншісінің 3 /10-н ғана қ±рады. Бонапарт өз билігін күшейтті. Автор Сиейестің Бонапарт туралы айтқан сөздерін келтіреді: “ Б±л адам бєрін біледі, бєрін қалайды жєне бєрін істей алады” /м16/
Манфред Наполеонның Маренго түбіндегі австриялықтарды жеңген шайқасын сипаттай отырып даңққа бөленген сєттегі айтқан сөзін келтіру арқылы кейіпкерінің өмірге философиялық көзқараспен қарағандығын жеткізеді : “ Бєрі айтады : “ Көп нєрсе істеді !” Рас, мен екі жылдан аз уақыт ішінде Каирді, Париж бен Миланды жаулап алдым. Сонымен не болды! Егер мен ертең дүниеден өтсем , он ғасыр өткен соң жалпы адамзат тарихында менен көп болса жарты бет қалады.”
Тарихшы келесі “ Ресеймен одақ қ±руға ізденіс ”, “ ¤мірлік консулат”,
“ Империя”, “Аустирлицтен Тильзитке дейін”, “ Ресеймен одақ ”, “ Жоғары жєне төмен” , “ Шешуші шайқастың алдында (1808-1811 ж.ж.)” тарауларда
Наполеон Бонапарттың көптеген жерлерді жаулап алып, шайқастардың көбін жеңіспен аяқтағандығын сипаттай келе кейіпкерінің бойында енді тєкаппарлық сезімнің пайда болғандығын жазады. Қолында ±шы- қиыры жоқ жерлер шоғырланған , шексіз биліктің иесі үшін енді алынбайтын қамал жоқ. Міне өзіне-өзі сенген тттєєєєєкаппарлықтың ±ялатқан ойлары.
1811 жылдан бері соншама соғыстан кейін күн тєртібіне Францияның одақтасы болған ең күшті єрі қауіпті держава - Ресейге қарсы соғыс ашу қойылды. Автор Наполеонның түнгі уақыттарда соғысты ашу жайында күмєнданғандығын , бақытсыз швед королін Карл ХІІ-ні еске алғандығын , шалғайдағы, б±рын барып көрмеген елге жорық жасау қорқыныш ±ялатқандығын жазады. Алайда барлық күмєн мен сенімсіздікке қарамастан тоқтаусыз агрессияның логикасы бойынша шексіз үстемдікке деген қ±штарлық оны өмірі өзінің одақтасы ретінде көргісі келген елге қарсы соғыс жүргізуге итермеледі. Б±л соғыста жасырынған қауіпті еміс-еміс сезінген Наполеон єскер санының көптігімен жеңгісі келді. Ол бєрін алдын - ала реттеп , бєрін санап қойған сияқты болып көрінді. Батальон, полктер, дивизиялар , корпустар , армияларды санап шықты. Күніне, аптасына, айына дейін санап қойды. Алайда, - деп жазды Манфред ,- ол 1812 жылдың өзіне 12-ші сағат ( яғни соңғы сағаты) болатындығын “ уақыт етістігінде” айыра алмады. /м17/
Кейіпкерінің осы бір “ он екінші сағатын” яғни Ресеймен соғысын тарихшы “ Ресейге жорық жєне империяның қ±лауы”, “ Аяқталудың алдында ” атты тарауларда баяндайды. Автор “Ресеймен соғыс соншалықты қажет пе еді ? ” деген с±рақ қойып өз с±рағына Наполеон үшін, Франция мүддесі үшін қажет болғандығын көрсететін жауаптарды
келтірсе де олардың бєрі Европадағы екі ±лы державалардың арасында
болған соғысты ақтамайды деп көлденең тарту арқылы өз кейіпкерін өзі
кінєлайды. Наполеонды б±л єрекетінен тоқтатқысы келетін секілді. Соғыстың болғанынан болмағанын қалаған сияқты.
Соғыс қимылдарын бастардың алдында ат үстінде отырған Наполеонды
Аяғының астынан жүгіріп өткен қояннан үркіген ат оны жерге лақтырып жіберді. Сол кезде-ақ б±л жєйтті Наполеон мен єскерлері жаман ырымға санағандығын Манфредтің келтіргендігі кеңестік цензураның ж±мсарғандығын көрсетеді. Манфред соғыстың басталу себептеріне терең талдау жасап , халықаралық жағдайды баяндау барысында көптеген қ±нды деректерді пайдаланады .
1812 жылғы Отан соғысын сипаттай келе Манфред Наполеонның жеңілген армиясын он үш жыл бю±рын Сен-Жан д’Акрдің түбіндегі жеңілістен кейін өз єскерін қалдырып кеткендей , тастап , бір сағатқа да мүдірмей кету керектігін ойлағанын жазады. Бірақ автор кейіңпкерінің б±л єрекеттерін сатқындыққа жатқызбайды. Наполеонның өмірінде орын алған оқиғалардың бєрі бірін-бірі қққайталап отыратындығын, өмірінде жеңіс пен жеңілістің бір-бірін алмастырып т±ратындығын алға тартады.
Ол кезде Бонапарт жас еді жєне келешек өмірінен көп үміт артқан болатын. Енді қырық үш жасқа толған шағында ол тыныштықты бейбіт өмірді аңсады. Коленкур екеуі армияны Мюратқа қалдырып он үш тєулік ішінде жасырын түрде бүкіл Европадан өтіп , Ресейден Тюильриге аман-есен жетеді. Жолда Наполеонды ±стау үшін қанша тосқауыл жасалса да,
Наполеонның б±л сапарында да жолы болды. Қызық , кейіпкеріміздің тағдыры шынында да қилы-қилы екен. Манфред жазғандай үнемі пышақтың ±шында жүріп, өөмірін қауіпке тіксе де , жүзден бірінде ғана пайда болатын мүмкіндік Наполеонға б±йыратын.
Манфред Наполеонның осыдан кейін де қателескенгдігін сипаттайды. Кейіпкерінің ең үлкен қателігі ретінде “ Ресейдің күшін бағаламағандығы болса,-деп жазды Манфред ,-келесі қателігі 1813 жылғы кампанияда өзіне қарсы шыққан одақтас мемлекеттердің єскери күшін төмен көргендігі.” Наполеонмен соғысқан армиялардың сапасы да, соғыс жүргізу єдісі де бєрі өзгерді. Соңғылар єскери тєжірибе жинап қана қойған жоқ, олар француз єскерлерін жкңіп жоюды үйренді. Екінші жағынан , Бонапартқа қарсы соғысқан єскерлер жаулап алынған елдердің ±лт-азаттық күресі үшін соғысқан єскерлер еді. Напролеон б±л өзгерістерді көрмеді, көргісі де келмеді. Туған еліндегі генерал Маленің бүлігін Талейран “ б±л аяқталудың басы” деп дєл баға берсе де Наполеонның өзінің ж±лдызына сенгендігін , Бауцен, Дрезден, Люцендегі шайқастардағы жеңістер оған жағдайды д±рыс бағалауға мүмкіндік бермей , одан єрі қателесуге итермеледі.
1813 жылғы 16-18 қазанда Лейпциг түбіндегі шешуші шайқаста Наполеон армиясы талқандалды. Келесі жылы соғыс қимылдары Францияға ауысты. Єскери өнер т±рғысынан 1814 жылғы кампания Наполеон м±расындағы тамаша жетістіктердің бірі еді. Бірақ өз елінде оны сатқындық күтіп т±рған еді. Манфред Наполеонның осы сєттерін баяндай отырып Байронның күнделігіндегі жазуларды, хаттарын келтіреді.Б±дан біз Байронның Наполеонды ішінен пір т±тқандығын білеміз. Манфред кейіпкерінің жеңілістерін алдыңғы жылдарда жасаған қателіктерінің заңды салдары деп санайды. Қателіктеріне автор Бонапарттың жаулаушылық соғыстарын, қоғамдық даму заңдылықтарына қайшы келген єскери-деспоттық империясын жатқызады. “ Наполеон,- деп жазды Манфред,-Қасиетті Елена аралында Ресейге жүргізген соғысын ең басты қателік екендігін мойындады.”
Автор “ Жүз күн ” жєне “Эпилогта” Бонапарттың Эльба аралына кеткеннен кейінгі Франциядағы жағдайды баяндайды. Қайтып оралған Бурбондарды Манфред ащы тілімен аямай сынайды. Бурбондардың он бір ай бойы елді басқарғаннан кейін , Наполеонның Эльба аралын тастап , мың бір жүз єскерімен Францияға жетіп, бір оқ атпай үш аптаның ішінде билікті өз қолына алғандығын Манфред кейбір өмірбаяншылар сияқты кейіпкерінің тек жеке басының қабілеттерімен яғни нартєуекелге бару єдетімен, қауіпке басын батыл тігу єдетімен т.с.с. байланыстырмайды, сонымен бірге б±л ісінің сєтті аяқталуында ең басты оны қолдаған халықтың шешуші роль атқарғандығын атап өтеді. “Наполеон қайта қалпына келтіпрілген Бурбондар монархиясына қарсы пісіп-жетілген революцияны тура уақытысында басқарып үлгерді. ”-деп жазды Манфред. Яғни қайтадан керек кезде --- керек жерде болды. Халық Бурбондарды феодадық тєртіппен бірге қарастырып одан гөрі соғыстан шаршас да Наполеонды таңдады. Наполеонның қайта оралып, билік басында өткізген жүз күні тағдырын өзгерте алмады. Наполеонға қарсы одақтас мемлекеттер қайтадан соғыс қимылдарын бастады.
Ватерлоо түбіндегі шайқаста Наполеон армиясы талқандалды…..
“Наполеон ,- деп жазды Манфред ,- өз заманының перзенті. Сол кезде енді ғана пайда болған буржуазияның өкілі. Ол өз заманының бүкіл қайшылықтарын бойына сіңірді. Оның соғыстары прогрессивті сипатта болған кезде ғана оғн жеңіс єперген еді, ал жаулаушылық , империалистік мєнге ие болған кезде , барлық прогрессивті элементтерден ж±рдай болғанда Наполеонның жеке басының дарынды қабілеттері де оны жеңілістерден қ±тқара алмады. Буржуазияның барлық кейінгі қайраткерлері Наполеонға ±қсағысы келсе де “ ±сақталып”, оның көлеңкесіне де ±қсамады. Наполеонды мадақтайтын тарихшылар да, ол туралы теріс пікірдегі тарихшылар да бєрі Наполеонның ±рпақтар есінде мєңгілік сақталған, қайталанбайтын, таңғажайып тағдыр иесі екендігін мойындайды ” деп еңбегін аяқайды А.З. Манфред./м18/
ІІ тарау. Тарле мен Манфред еңбектеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар.
2.1 Ұқсастықтары
Е.В.Тарле де А.З.Манфред те Наполеонның жастық шағын баяндаған кезде оның ерекше еңбекқор болғандығын жазады. “Еңбек пен қатал тәртіпке деген махаббатты Наполеон анасынан иемденді” деп жазады Тарпе Наполеонның түнеріңкі жүрі ашуланшақ, шыдамсыз болып өскенін баяндай келе, Тарле кейіпкерлерінің өз естеліктеріндегі сөзін келтіреді: “Маған ешнәрсе жақпады. Мен ұрып пен төбелеске жақын едім, мен ешкімнен қорықпайтынмын. Біреуді ұрсам, екіншісін тырнайтынмын, менен бәрі қорқатын” А.З.Манфред те Бонапардта тұйық, саяқ болғандығын, Бриеннде, Парижде, Валанс пен Оксоннда да өз құрдастарымен орналаспағанын, бірақ өз ақысын ешкімге жегізбегенін алға тартып, адамдардың арасында әрқашан жалғыз, сонымен бірге деді екі автор да Наполеонның кітап сүйгіштігін, жас кезіндегі ағартушыларды қызығып оқығанын, бірақ кейін олардың пікірлеріне қосылмағандығын баяндайды. Манфред Наполеонның 1788 ж Король қаласында әскери қызметте болып “Европада” тақтан тайдырылуға лайық емес билеушілер аз қалды -деп қолжазба дәптеріне жазғанын келтірсе, Тарле 1792 жылы 20 маусымда қарапайым халық Тюильри сарайының ауласына басып кірген кезде, Людовик ХVІ терезеден қарап жиналған халыққа бас иіп сәлем бергенін көрген Наполеонның “Қандай қорқақ! Бұл қара халықты қалай ғана кіргізді! Зеңбіректермен 500-600 адамын атқан кезде, қалғаны қашып кетер еді өздері –ақ” деген сөздерін келтіреді.
Екі тарихшы Бонапарттың Тулондағы шайқастан кейін аты шыққаннан кейін генерал атағын алғандығын, 1796-1797 жж. Италияға жасаған жорығының сәтті болғандығын сипаттай келе кейіпкерлерінде керек кезде дұрыс шешім қабылдай білетіндігін, артистік қабілетке ие болғандығын жазады. Манфред Бонапардтың жас кезінде жазған көптеген шығармаларын келтірсе, Тарле Наполеонның әр кездері айтқан кейін тіпті қанатты сөздерге айналған сөздерін келтіруінен біз Наполеонның сөз өнерінен жұрдай еместігін білеміз.
Манфред те Тарле де кейіпкерлеріміздің әскери іске қабілеттілігін, дарынды қолбасшы екендігін өміріндегі жеңіс әперген шайқастарын баяндау арқылы көзімізді жеткізеді. 18-19 брюмердегі төңкерістен кейін Наполеонның консул қызметінде шексіз билік иесі болуға құштарлығын өзінің басшылығымекн жазылған конституциясының мазмұнымен танысу арқылы білеміз.
Екі тарихшының шығармасында да бұл конституцияның мәні ашылып, Бонапардтың Францияда да, жаулап алынған елдерде де сөз бостандығын шектегендігі жазылған.
Сонымен бірге өзі император болғаннан кейін Бонапардтар әулетін жалғастыру мақсатымен Австрия королінің қарындасы Мария Луизаға үйленгенімен, өмірінде бір ғана әйелді Жозефинаны жақсы көргенін, Монфред те Тарле де жазды. Ресейден жеңілгеннен кейін Францияға оралған Наполеонның жаңадан құрылған коалицияны Дрезден, Бауцен шайқастарында жеңгеннен кейін, бәрібір бейбіт келісімшарт жасаудан бас тартқандығын, өзіне тиімді мүмкіндікті жіберіп алғанын баяндайды. Сонымен қатар Наполеонның маңындағы Фуше мен Толейранды жоғары қызметке қойса да оларға іштей сенбестігін және осы күмәннің оны алдамағандығын жазады.
Жалпы алғанда, А.З. Манфред те Тарле де оның ұлы қолбасшы, билікқұмар, ержүрек болғандығын жаулап алған елдерде феодалдық тәртіпті жойып, жүргізген соғыстары прогрессивті сипатта болған кезде ғана осы елдерге пайдасы тигендігін жазады.
Екі тарихшы да Наполеонның Ресейге кіргеннен кейін шаруаларды басыбайлықтан босату ойы болғандығын, бірақ оны іске асырмағандығын жазады.
2.2 Айырмашылықтары
Наполеонның өмірі жайлы жазған А.З.Манфред пен Е.В.Тарленің шығармаларында айырмашылықтар жеткілікті. Бұл айырмашылықтарды төмендегідей бөліп көрсетуге болады.
Жазу стилінде
Мазмұнында
Көзқарастарында
1. Жазу стиліне келетін болсақ Тарле өз еңбегінде негізінен фактілерді, Наполеонның нақты іс - әрекеттерін баяндап, кейіпкерлерінің көңіл – күйін, жан тебіренісін суреттемеген еді. Манфред болса керісінше Наполеонның жан дүниесіне үңілуге тырысып, оның жас кезіндегі дәптерлерін ақтарып, оқырман қауымын Бонапардтың жазған ойларымен таныстырады. Тарихшы көркем әдебиетте көп қолданатын көркем суреттеу әдісін пайдаланған. Мысалы: Наполеонның Эльба аралынан 1100 әскерімен Францияға келіп, 20 наурызда Тюлильри сарайына қошеметпен қайта кіргенін былай суреттейді: “Бұл өмірінідегі ең соңғы бақытты күні еді. Далада көктем тұрды – үміт сыйлайтын кезең, ол Париждің қайталанбас көктемгі лебін дем алып тұрды”. Тарленің тараулары қысқа әрі нұсқа жазылған.
2. Мазмұнына келетін болсақ, Тарле де Манфред те Наполеонның өімірінде орын алған басты оқиғаларды түгел баяндаған. Алайда Манфред Наполеонның жеке тұлғалармен қарым – қатынасына көбірек көңіл бөлген.
Осы орайда ол Наполеонның “Корсиканың атасы” саналған Паоли Паскуалиге жақындағысы келгенін, жас кезінде оған хат жазғанын, Ұлы Француз Революциясы басталғанна кейін Корсикаға келіп өзінің ағасымен бірге аралдың саясаи істеріне белсенді араласқанын, Паолидің оған салқын қарағандығын, ал Корсика аймағынан Францияның Конвентінде депутат болған К. Сальичеттидің Наполеонды қолдағанын бүгей – шүгейіне дейін жазса, Тарле бұл мәселеге терең тоқталмай тек болған фактілерді ғана келтіреді. Манфред Наполеонның жас кезінде жазған шығармаларын мысал келтіріп, оның сол кездегі идеологиясын қоғамға, өмірге деген көзқарасын білдіруге тырысады. Сонымен бірге өз еңбегінде Наполеонның Қасиетті Елена аралында өмірінің соңында жазған естеліктерінен көп мысал келтіреді. Әрі Наполеон туралы кітап жазған Луи Мадлен, Стендаль, Артюр Шюконың еңбектерін талдайды. Сонымен бірге Наполеонның Жозефинамен кездеспей тұрып, келешекте Норвегия мен Швеция тағына отырған Дезери Клари деген қызға деген сүйіспеншіліктің болғандығын онымен хат алмасып тұрғандығын жазған. 18-19 брюмердегі оқиғада Манфред Слейстің ролін маңызды етіп көрсетсе, Тарле керісінше Наполеонның белсенділігіне назар аударған. Манфред төңкерістен кейін Наполеон мен Слейес арасында билік үшін болған күрес баяндаса, Тарле Селейстің Наполеонның айтуға тұратындай қарсыласы болмағандай етіп көрсетеді.
Сонымен бірге Тарле Наполеонның әр кездері айтқан, тіпті қанатты сөздерге айналған сөз тіркестерін көп келтіреді. Мысалы: “Ұлы нәрседен күлкілі нәрсеге дейін бір – ақ қадам”, “Әр бір солдаттың дорбасында генералдың аса таяғы бар”, “Егер Англия қылышын қынабынан бірінші болып шығарса, мен ең соңғы болып қылышымды қынабыма салам” т.б. с.с. Бұл сөз тіркестер Наполеонның мінезін жақсырақ тануға көмектеседі деген ойдамыз. Сонымен қатар Тарле сол кездегі халықаралық жағдайға көбірек тоқталған әрі жалпы Тарленің еңбегі Манфредтің еңбегімен салыстырғанда фактілерге бай деуге болады. Әрі Наполеонның мінезі Тарленің еңбегінде жақсы ашылған деп санаймыз. Яғни Тарле Наполеонның билеушіге сай мінезінің болғандығын көрсете білді.
3. Екі тарихшының Наполеон жайлы көзқарастарына келетін болсақ Манфред Наполеонның жас кезінде Корсикаға деген сүйіспеншілігі болғандығын бірнеше рет қайталаса, Тарле “Наполеонның корсикалық патриотизмі асырып айтудың қажеті жоқ” деп жазады. Тарле Наполеонның ешқашан революционер болмағандығын алғы сөзінде жазса, Манфред оның жас кезінде “Европада тақтан тайдырылуға лайық емес билеушілер аз қалды” деген жазуын келтіріп, “бұдан артық не айтуға болады, революциялық ойлар есеп пе осылар?” деп сұрақ қояды. Манфред Наполеонның Сириядағы Сен – Жан Д’Акр қамалын ала алмай, Египетке келгеннен кейін Жерорта теңізінде ағылшын кемелерінің жүзгенін естіп, өз армиясын Клеберге қалдырып, Францияға жету оған екі жақты қауіпті болғандығын жазады. Сондықтан автор Наполеон аман есен еліне оралуды ғана ойлағанын жазса, Тарле кейіпкеріміздің Суворовтың Италияны жаулап алғанын естіп, “Бонапард Директорияға нүкте қойып, билікті иемдену үшін оралды” деп жазған болатын.
Манфред Наполеонның басын қауіпке тіксе де жұлдызы жанып аман есен қауіптен құтылатындығын, тағдырының ерекше болғандығын мысал клтіріп, назар аударса. Тарле мұндай жағдайға мән бермеген еді. Манфред Наполеонның ырымшыл болғандығын бірнеше рет қайталап, екінші рет үйленген кезде Жозефинаның оған “бақыт, жеңіс әпергендігіне” сенгендігін, Ресейге соғыс ашып, шабуыл жасардың алдында Неманнан өтпей тұрып аттан шалқасынан құлағандығын жаман ырымға санап, күнімен көңілсіз жүргендігін жазса, Тарле Наполеонның ырымшылдығы жайлы бір ауыз айтпай, жоғарыда айтылған мысалдарды келтірмеген еді.
Манфред Наполеонның Ресейге соғыс ашардың алдында сезіктенгендігін, соғысты ашу ашпау жайлы мәселеде күмәнданғандығын баяндаса, Тарле Наполеонның жеңілгеннен кейін барып, “Мен қателестім, бірақ соғысты ашу мақсатында не болмаса саяси орындылығында емес, жүргізу әдісінде қателестім” деген сөздерін ғана келтіреді. Манфред Наполеонның осы соғысты ашқаннан кейін қатты өкінгенін, Қасиетті Елена аралында бұл компаниясының өміріндегі ең үлкен қателік ретінде санайтындығын жазып, тіпті кейіпкерлерімен бірге өкінетін сияқты. Осы жеңілістен кейінгі бүкіл істерін, ұстанған саясатын Манфред “ол қателіктіғ үстіне қателік жасай берді” деп жазса, Тарле қателік деген сөзді қолданбайды да. Тарле Наполеонның армия солдаттарына “Сендер ашсыңдар, нашар киінгенсіңдер. Мен сендерді құнарлы бай жерлерге апарам” деген сөздерін келтіріп, әскерлері оны қатты жақсы көретін, бірақ ол әскерлерін мұншалықты жақсы көрмейтін” деп жазды. Тарле Наполеонның армиясымен бірге қиналып, бәріне бірдей әділ қарағандығын айта кетіп, бірақ кейбір іс - әрекеттері жасанды болғандығын ескертеді.
Бір сөзбен айтқанда, Тарле Наполеонды билеушіге сай мінезі бар, мойымайтын күшті әскербасшы ретінде көрсете білді, және оны жаулап алушы, саяси қайраткер, тарихи тұлға ретінде қарастырады. Ал Манфред болса, оқырман қауымға Наполеонды ең алдымен ішкі жан дүниесі бар, қателесе алатын, қайталанбас тағдыр иесі ретінде көрсеткісі келген сияқты.
Қорытынды
Ғылыми ж±мыс екі тараудан төрт тақырыпшадан т±рады. Ж±мыстың бірінші тарауында Е.В.Тарленің “Наполеон” жєне “Нашествие Наполеона на Россию” еңбектері талданған. Автордың “Нашествие Наполеона на Россию” атты кітабында ±станған көз қарасына жалпы сипаттама берілсе, “Наполеон” туындысы терең талданып, жан-жақты зерттелген.Осы тарауда сонымен бірге А.З. Манфредтің “Наполеон Бонапарт” атты еңбегінде талқылаудан өтіп, еңбегіне сипаттама берілген. Тарихшылардың шығармаларының єр бір тарауы сыннан өтіп, м±қият талданған.
Ж±мыстың екінші тарауында А.З.Манфред пен Е.В. Тарленің еңбектеріндегі Наполеон туралы көзқарастарының ±қсастықтары мен айырмашылықтары сараптамадан өтіп, баяндалған. Атап айтқанда екі еңбектің мазм±ны жағынан жазу стилі жағынан авторлардың кейіпкері жайлы ±станған көзқарастары жағынан бір бірінен єжептеуір ерекшеленетіндігі ашып көрсетілген. Қ±рылымы жағынан А.З.Манфредтің еңбегі алғы сөз бен он сегіз тараудан жєне эпилогтан т±рса, Е.В.Тарленің еңбегі кіріспеден, он жеті тараудан жєне қорытындыдан т±рады. Зерттеу ж±мысының барысында қай автор қандай мєселеге көп көңіл бөлгендігін, неге назар аудармағандығы ашылған. Мєселен Е.В. Тарле Наполеонның тірі кезіндегі айтқан қанатты сөздерін көп келтіріп, соның арқасында оқырман қауымға оның мінезін жақсы ашып көрсете білсе, А.З.Манфред Наполеонның жас кезіндегі дєптеріндегі жазған ойларын, Қасиетті Елена аралында жазған естеліктерімен таныстырады. Е.В.Тарле Наполеонның психологиясына үңілгісі келіп, көңіл күйін ішкі ойын жеткізуге тырысады, єрі Наполеонның жеке адамдармен қарым қатынасын сипаттауға көп көңіл бөлген. Е.В.Тарле Наполеонға өміріне қатысты көптеген фактілерді келтірсе, А.З.Манфред Е.В.Тарленің еңбегінде айтылмай қалған оқиғаларды баяндайды. Сонымен авторлардың Наполеонның іс єрекеттеріне деген ±станған пікір т±жырымдары келтірген. Осылай екінші тарауда А.З.Манфред пен Е.В. Тарленің шығармаларындағы ±қсастықтар мен айырмашылықтар тізбектеп баяндалған.
Е.В.Тарле мен А.З. Манфредтің “Наполеон” туралы еңбектерін зерттеп салыстырудың нєтижесінде төмендегі қорытындылар жасауға болады:
А.З.Манфред те Е.В.Тарле де Наполеонды дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді.
.В.Тарле Наполеонды керек кезде д±рыс шешім қабылдай алатын ержүрек батыр болғандығын баяндай келе оның қатыгез мінезінің болғандығын жєне онсыз кейіпкерінің билік басына келуі қызмет бабымен көтерілуі қиынға соғатындығына оқырманның көзін жеткізеді.
Е.В. Тарле Наполеонның жетістіктерімен бірге кемшіліктерін жаулап алынған елдерге тигізген зиянын жасырмай жазады. Соған қарамастан Е.В.Тарле Наполеонды мойымайтын, сыйлауға т±ратындай мінез иесі болғандығын жеткізе білді. Осыдан барлық іс -єрекеттерінің қозғаушы күші осы мінезінен ақ көруге болады.
А.З.Манфред болса Наполеонның ырымшылдығын артисттік қабылетке ие болғандығын жазса да оның қатыгездігі туралы бір ауыз айтпаған.Сонымен қатар А.З.Манфред Наполеонның Ресейге соғыс ашқанына қатты өкінгенін жазып, оның ішкі ойларына үңілуге тырысқан.
Екі тарихшы да Наполеон туралы ешқандай теріс пікір қалдырмаған. Егер Е.В.Тарленің еңбегінде Кеңестік идеологияның қаталдығы сезілсе, А.З.Манфред өз еңбегінде Маркстің сөздерін пайдаланса да оның шығармасынан ой еркіндігі, кеңестік цензураның ж±мсарғандығы байқалады.
Е.В.Тарленің шығармасы да А.З.Манфредтің шығармасы да тарихшы үшін қ±ндылығы бар бір-бірін толықтырып т±ратын еңбек туындылары болып табылады.
Сілтемелер тізімі
Е.В.Тарле Сочинение III. 49бет
Б±л да сонда 89бет
Нарочницкий А.В. “Об историческом значении континентальной блокады” Новая и новейшая история, 1965г №6 58бет
“Русское богатство” 333бет
Е.В.Чапкевич “Евгений Викторович Тарле ” 61 бет
“Сборник Русского исторического общества” т.‡ІІ, 128 бет
В.В. Баженов “ Биографический метод в научном творчестве академика Е.В. Тарле” -В кн.: История и историки М., 302 бет
Е.В. Тарле Сочинения, т ‡ІІ 23 бет
Сонда 9 бет
Сонда 14 бет
сонда 24 бет
сонда 435 бет
М.Н. Покровский “Дипломатия ”ивойны Царской России в XIX столетии” 33 бет
Е.В.Тарле Сочинения, т VII 438 бет
Б±л да сонда 622 бет
Б±л да сонда 439 бет
Б±л да сонда 580 бет
Л.Г. Бескровный “ Отечественная война 1812г-” контрнаступление Кутузова. 174 бет
Е.В. Тарле Сочинение ТVII 789бет
М.Нечкина ,П.Жилин “Бессмертная эпопея к 150 летю Отечественной войны 1812года”-“Комунист”, 1962 №12 41бет
Е.В.Тарле Сочинения Т VII 812бет
И.М. Майский Воспоминания советского дипломата. М, 1971г 565бет
Е.И.Чапкевич “Евгений Викторович Тарле” 93бет
Е.В. Тарле Сочинения Т VII 8 бет
“Большевик” 1951г №19 77-80 беттер
Е. В.Тарле Сочинения Т III-IV
Б±л да сонда 41 бет
Б±л да сонда 72бет
Б±л да сонда 105бет
Б±л да сонда 127бет
Б±л да сонда 219 бет
К.Маркс, Ф,Энгельс Сочинения, Т VII 271 бет
Е.В.Тарле Сочинения, Т VII 271 бет
А. Герцен “Былое и думы”
В.Харкевич “1812 год в дневниках” Т II 112-113 ,беттер
Е.В. Тарле Сочинения Т VII 291 бет
Б±л да сонда 378 бет
А.З.Манфред “Наполеон Бонапарт” 3-бет
Б±л да сонда 7-бет
Б±л да сонда 26-бет
Б±л да сонда 32-бет
Б±л да сонда 54-бет
Б±л да сонда 194-бет
Б±л да сонда 243-бет
К.Маркс, Ф. Энгельс, Т XI Сочинения “Қасиетті отбасы” 640-бет
А.З. Манфред “Наполеон Бонапарт”279-бет
Б±л да сонда 585-бет
Б±л да сонда 696-бет
Пайдаланған єдебиеттер
1..Е.В.Тарле Сочинения, Т III, М; Издательство Академии наук СССР-1956 г
2.Нарочницкий А.В. “Об историческом значении континентальной блокады” Новая и Новейшая история, 1965г; № 6 58с
3. “Русское богатство” 333с
4.Е.И.Чапкевич “Евгений Викторович Тарле” М, “Наука” 1977г
5.“Сборник русского исторического общества” Т VII 128с
6 . В.В. Баженов “ Биогрофический метод в научном творчестве академика Е.В. Тарле в книге” История и Историки М; 1973г
7. Е.В.Тарле Сочинение Т VIII М; Издательство Академий наук СССР 1959г
8.Е В.Тарле Сочинения Т VII “Нашествие Наполеона на Россию”
9. М.Н. Покровский “ Дипломатии и Войны Царской России в XIX столетии” М; 1923г
10. Л.Г. Бескровный “Отечественная война 1812г и контрнаступление Кутузова” М; 1951г
11. М.Нечкина, П.Жимен “Бессмертная эпопея,К 150 летию Отечественной войны 1812года-“Камунист”; 1962г №12
12.И.М.Майский “Воспоминания советского дипломата” М; 1971г
13. “Большивик” 1951г №19
14. К.Маркс Ф.Харкевич “ 1812 года в дневниках” Т II 637 бет
15. А.Герцен “Былое и думы”
16.В.Харкевич “1812 год в дневниках” Т II
17. А.З.Манфред “ Наполеон Бонапарт” М; “Мысль” 1989г
18. Дуржовцев В.И. Некоторое вопросы формирования мировоззрение Е.В.Тарле –“ Труды МГИАИ;1974, Т30, выпуска 1
19. Е.В.Тарле “Падение обсолитизма в ЗападнойЕвропе. Историческое очерки-Сочинения, Т IV
20
Достарыңызбен бөлісу: |