Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖЄНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Шымкент институты
“Бүкіләлем тарихы” кафедрасы
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж ¦ М Ы С
Тақырыбы: “ Наполеон кеңес трихшыларының көзқарасымен”
Шымкент 2007
|
М а з м ұ н ы
Кіріспе ………………………………………………………………………..
|
3
|
|
І-тарау Наполеон Бонапарт Е.В.Тарле жєне А.З. Манфредтің еңбектерінде
|
|
1.1.
|
Е.В.Тарленің “Наполеон” жєне “Нашествие Наполеона на Россию” еңбектеріндегі Наполеон туралы көзқарастары. …………….……………………………………………….….………………
|
7
|
1.2.
|
А.В.Манфредтің “Наполеон Бонапарт” атты еңбегіне шолу ………………………………………………………………………………..
|
34
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІ-тарау Е.В. Тарле жєне А.З. Манфредтің Наполеон туралы көзқарастарының арасындағы ±қсастықтар мен айырмашылықтар. …………………………………………..………………………….
|
|
2.1.
|
Е.В. Тарле мен А.З. Манфредтің еңбектеріндегі ±қсастықтар . ………………………………………………………………………………...
|
52
|
2.2.
|
Е.В. Тарле мен А.З. Манфредтің еңбектеріндегі айырмашылықтар. ………………………………………………………………………………...
|
55
|
|
Қорытынды …………………………………………………………………
Сілтемелер тізімі…………………………………………………………
Пайдаланылған єдебиеттер………………………………………………
Ұсыныстар
|
59
62
64
|
Кiрiспе
Х‡ІІ –ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген,
Францияның саяси сахнасына келіп, өзінің жаулаушылық соғыстарымен бүкіл єєлемге танымал болған, феодализмнің капитализмге өтетін шешуші кезеңде маңызды роль атқарып , жауллллап аллынған елдерде осы процццесті тездетуге өз үлесін қосқан Наполеон Бонапарт жайлы көптеген еңбектер жазылған еді. Кейййбір тарихшылар оны єскербасшы ретінде қарастырса, енді біреулер оның Жозефинямен қарым-қатынасын жырлады. Не де болса Наполеон туралы жазылған еңбектер аз емес.
Біздің қарастырайын деп жатқан мєселеміз Наполеон туралы жазылған шетел тарихшы -жазушылардың шығармалары емес, өзіндік идеологясы болған жетпіс жыл өмір сүрген Кеңес Одағында Наполеон жайлы жазылған екі көлемді еңбектің авторлары Е.В. Тарле мен А.З.Манфффрредтің ж±ыстарын зерттеп талдау болып таабылады. Кеңестік идеологияның осы екі тарихшының шығармаларына тигізген єсерін бақылау , себебі екі автор Кеңес Одағының єртүрлі кезеңінде өмір сүрген болатын.Сонымен бірге Наполеонның 1812 жылы Ресейге соғыс ашып, оның Отан соғысына ±ласқанын ескеретін болсақ б±л екі автор шығармаларын шовинистік көзқараста жазған болу керек деген пікір тууы мүмкін .Алайда екі тарихшының еңбектерін түпкілікті зерттеу бізге жоғарыда айтылған пікірдің жансақ екендігін көрсетеді. Соныымен екі тарихшы еңбектерін қандай көзқараста жазды, мүмкін бір-бірін қайталаған шығар , екі шығарманың бір-бірінен ерекшелігі неде , бєлкім екі еңбек бір-бірін толықтырып єрқайсысының өзіндік қ±ндылығы бар шығар ? Міне, осы с±рақтарға жауап беру зерттеу ж±мысымыздың алға қойған міндетіміз болып табылады.
Зерттеу ж±мыстың қ±рылымы: Ж±мыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан т±рады.Көлемі …. Бет
Зерттеу ж±мыстың негізгі нысаны:Кеңес тарихшылары Е.В.Тарленің
“Наполеон” жєне “ Нашествие Наполеона на Росию” еңбектері мен
А.З.Манфредтің “Наполеон Бонапарт” атты еңбектеріндегі екі автордың Наполеон туралы ±станған көзқарастары талдап, ашылған.
Зерттеу єдістері: Ж±мысты жазу барысында жинақтау,жүйелеу, салыстыру, талдау, сараптау т.б. ғылыми- зерттеу єдістері пайдаланылды.
Мақсаты:Тарихи еңбектерді жазуда марксистік методологияны ғана қ±птаған Кеңес Одағында өмір сүріп, Наполеон жайлы жазған екі тарихшының шығармаларының арасындағы айырмашылықтар мен ±қсастықтарын, жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау.
Екі тарихшы Е.В.Тарле мен А.З. Манфредтің еңбектерінің жарыққа шыққан уақыттарының арасын отыз бес жыл бөліп отыр. Сондықтан біз олардың еңбектерін талдап, зерттеп салыстыру арқылы жалпы кеңестік идеологияның, кеңестік тарихнаманың бағытының даму процесін анықтай аламыз.
¤зектілігі: Қайтып оралмас, тарихта қалған кеңестік дєуірдің тарихнамасының тарихи процестерге атап айтқанда тарихта із қалдырған Наполеон т±лғасына деген көзқарасын талдау, яғни Марксистік методологияны ±станған екі тарихшының д±рыс не болмаса б±рыс т±старын анықтау, бір сөзбен айтқанда олардың шығармашылығына бүгінгі таңдағы сыншының көзімен қарап, єділ баға беру. Тақырыптың өзектілігі де осында.
Тарихнамасы: Негізінен Кеңес тарихшыларының ішінде Наполеонның өмірі жайлы көлемді енбек жазған Е.В.Тарле мен А.З.Манфредті атай аламыз. Е.В.Тарленің “Наполеон” жєне “Нашествие Наполеона на Россию”1812 ж атты көлемді еңбектері марксистік методология т±рғыысынан жазылған еді. Тарле Наполеонның өмірбаянның нақты деректермен байланыстырып, оның бойындағы қабілеттерін асыра сілтеп мақтамайды, тіпті автордың б±л еңбекті жазуда салқын қандылық танытқаны байқалады. Тарихшы екі шығармасында да халықаралық жағдайды сипаттауға, тарихи т±лғалардың ойларын баяндауға көбірек назар аударған. Наполеонның ішкі жєне сыртқы саясатындағы іс-єрекеттерін Е.В.Тарле нақты фактілермен түсіндіреді. Єсіресе Наполеонның жаулап алынған елдерге көрсеткен зомбылығын сөз бостандығын шектегендігін Тарле аямай сипаттады. Жалпы автордың өз кейіпкерлерінеберген сүйіспеншілік не болмаса ішкі жан дүниесіне үңілуіне деген қ±штарлықты байқау қиын. Єрине билік басына келген соң республиканы империяға айналдырып, ал өзі император – дикторға айналған Наполеон жайлы Кеңес Одағының 1936 ж мадақтап жазу мүмкін емес еді. Тарихшы Наполеонның сыртқы саясаты Ватерлоодағы шайқастық соңғы мезетіне дейін француз буржуазиясының мүддесіне бағынышты болғандығын жазды. Мақсат, Наполеонды француз буржуазиясының өкілі ретінде көрсету. Кеңес заманында б±л түсінікті жєйт. Сонымен бірге В.Г.Сироткин өзінің "Дуэль двух дипломатий" атты еңбегінде Наполеонның сыртқы саясатына терең талдау жасайды. Оның Ресейге не үшін соғыс ашқанын, 1810-1812 жж соғыс ашудағы түпкі себептерін түпдеректерге, б±йрықтарға сүйеніп түсірдіреді. В.Г.Сироткин Францияның соғыс ашуының себебін Наполеонның мына сөзімен түсіндіреді: "Мен Ресеймен жасаған одақтастық маған пайдалы болуын қалаймын. Алайда Ресей өз порттарына бейтарап кемелерін кіргізгеннен бері б±л одақтың пайдалы болуы тоқтады. Бейбітшіліктің болуы жєне ±заққа созылуы үшін Англия қ±рлықта жақтаушылардың жоқтығына көзі жету керек жєне орыстар Оңтүстікке ешқандай қауіп төндірмеу керек". В.Г.Сироткин Наполеонның орыстардың жеңетіндігіне күманданбағанын жазады. Жалпы б±л еңбегінде В.Г.Сироткин Наполеонның диаломатиясына сипаттама бере отырып, Наполеонның "Менің дипломатиям менің ойлаған жобамның жартысын орындау керек еді, ал оны ойлаған да жоқ" "Француз дипломатиясы қиындықтардың арқасында өзін д±рыс ±стамай оқшаулаған күйде болды" – деп өз дипломатиясын өзі осылай бағалағандығын келтіреді.
В.Бабкин "Народное ополчение в Отечественный войне 1812 года" еңбегінде Энгельстің Наполеон туралы жазған пікірлеріне (мысалы: Наполеон Мєскеуге баруымен орыстарды Парижге єкелді т.б.) сілтеме жасайды. В.Бабкин Отан соғысындағы халықтың маңызын ашып көрсетті.
М.Н.Покровский өзінің "Дипломатия и войны царской России" еңбегінде реакцияшыл – дворияндық таихнама өкілдері Н.М.Каролинді , Д.И.Иловойскийдің – концепцияларын сынайды Алайда М.Н.Покровский Наполеонның агрессияшыл саясатын єшкере алмады.
1812ж Отан соғысы жайлы Е.В.Тарленің "Нашествие Наполеона на Россию", Кутузов – полководец и дипломат", Л.Н.Бычковтың"Война 1812 года и крестьянство России", "Крестьянское партизанское движение против Наполеона в России в 1812г” Крестьянское партизанское движение в Отечественном войне 1812года “ П. Г.Андревтің “Народая война в Смоленской губернии в1812 “ П. А. Жименнің “ Гибель Неополеоновский армий вРоссий” “ Контрнаступление русской армии 1812 г” Н.Ф. Гарничтің “1812 г” еңбектердің бєрінде негізінен Наполеонның єскери қимылдарын сипаттаумен шектеледі. С.Б. Окунь история ССР 1812-1825 трмында Лениннің 34-ші томындағы “ Наполеонның контрревалюциялық диктатурасы Францияның жүргізген соғыстарын қорғанушы емес жаулаушылық соғыстарға айналдырды” деген сөзіне сілтеме жасап, Наполеон үшін Ресейге дейінгі соғыстардың бєрі бір шайқастан шешілетін деп жазды.
Наполеон жайлы еңбектердің ішінен А.З.Манфредтің туындысын ерекше атап көрсетеміз. Єдеби, жеңіл єрі тартымды тілмен жазылған б±л еңбекте б±л еңбекте біз Наполеонды адами жағынан танимыз. Б±л кітап жарыққа шыққанға дейін өз мақсатынан қайтпайтын диктатор ретінде сипатталған осы бір тарихи т±лға бізге басқа бір жағымен көріне бастайды. А.З. Манфред өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, єсіресе оның сол кездегі оқиғаларға деген көзқарасының қандай болғандығын ой тізбегінің қалай дамығандығын білгісі келетіндігі, Наполеонның күнделігіндегі єрбір жазуын зерделегендігін байқаймыз. А.З. Манфредтің Наполеон жайлы жазғанда тарихи т±лғаға деген аса бір қызығушылығы сезіледі. Жалпы А. З. Манфред б±л еңбегін өңдеп, оқырмандардың сын –ескертепелері мен тілектерін назарға алып екінші рет баспадан шығарады. Б±л еңбек Е.В. Тарленің шығармасымен салыстырғанда оқуға жеңіл єрі кеңестік цензураның ж±мсарғандығын көрсетеді. А.З. Манфред б±л еңбекті жазғанда қосымша көптеген түпдеректерді пайдаланған.
I-тарау Наполеон Бонапарт Е.В. Тарле жєне А.З.Манфредтің еңбектерінде
1.1. Е.В. Тарленің “Наполеон ” жєне “Нашествие Наполеона на Россию” еңбектеріндегі Наполеон туралы көзқарастары
Евгений Викторович Тарле алғаш рет Наполеон жайлы өзінің "Континентальная Блокада" атты монографиясында сөз қозғаған болатын. Наполеонның үстемдік құрған дәуіріндегі европалық мемлекеттердің экономикалық тарихына, осы елдердің “ескі Франциямен” жасаған экономикалық қарым-қатынастардың табиғатына аса қызығушылық білдірген Тарле француз, неміс, итальян, голланд архивтерінде көптеген құжаттармен танысады./а/
Осы құжаттарды талдаудың негізінде ол континенттік болкаданың Европа мен отар елдердегі рыноктарында ағылшын-француз антогонизмінің яғни қарама-қайшылықтың нәтижесінде пайда болған деген қорытынды жасайды.
Континенттік блокаданы Наполеонның сыртқы саясатының ажырамас бөлігі ретінде қарастырған Тарле императордың жасаған саяси іс-шараларының бәрі Францияның ірі өнеркәсіп буржуазиясының мүддесі үшін іске асырылды деп жазады. “Континенттік блокаданың ” ең сүйікті идеясына айналу себебі, - деп жазады Тарле, - оның бір уақытша ағылшын көмегін жойып, француз өнеркәсібінің дамуына жағдай жасағанында еді./а/ Континенттік блокада жүйесін қолдаудағы Наполеон саясатындағы сәтсіздіктерді Тарле Францияға тәуелді мемлекеттердің блокада шарттарын бұзуынан көрмей, ағылшын товарларының кіргізілуіне Наполеонның рұқсат қағаз беруге мәжбүр болуымен байланыстырды.
Тарленің тарихшы ретіндегі жетістігі оның Наполеонның сыртқы саясатындағы континенттік болкаданың алатын орнын анықтағандығы ғана емес, сонымен қатар осы континенттік блокаданың Европаның бағынған мемлекеттеріне тигізген әсерін бірінші болып зерттеуінде еді. Құжаттарды зерттеудің негізінде Тарле Наполеонға тәуелді болып қалған елдердің экономикасына континенттік блокаданың үлкен зардап тигізгенін көз жеткізеді. А.Л.Нарочницкий осы жағдайдың вассалды-тєуелді мемлекеттердің өздерінің саяси ұстанымдарын өзгертіп, ел ішінде Наполеонға қарсы ұлт-азаттық күрестің өрбуіне әсер еткенін жазады./ б/
И.В.Лучицкий Тарленің бұл еңбегіне сипаттама беріп, былай жазған еді. “Наполеон режиміндегі Францияның экономикалық қатынастардың, экономикалық саясатының, экономикалық құрылыстың мәнін толық ашып, өзінің алдында жазған тарихшылардың континенттік блокада жайлы бұрыс пікірлерін артта қалдырды.”/ В/ Мазмұны жағынан “Континенттік блокада” еңбегіне жақын Тарленің “Наполеон І тұсындағы Италия корольдігінің экономикалық өмірі ” атты еңбегі Наполеон заманындағы Италия тарихы жайлы жазылған Ресейде жарық көрген алғаш еңбек туындысы болып табылады. Бұл еңбегі француз тарихшыларының арасында талқыланып, А.Матьездің, Анри Сэ мен А.Оюрдың жоғары бағасын алды /Г/
1912 жылы Ресей 1812 жылғы Отан соғысында Наполеонды жеңгеніне жүз жыл толу мерей тойына дайындалып жатқан кезде “Отан соғысы мен орыс қоғамы” атты жеті томдық еңбекті баспадан шығару жоспарланған еді. Авторлардың құрамына Тарлені де қосты. 1812 жылғы халықаралық қатынастар тарихына қатысты деректерді зерттеген Тарле “Наполеонның оралуы” (“Жүз күн”) яғни Наполеонның империяны қалпына келтіруге тырысқандығы жайлы тарауды жазады.
1912 жылы Тарленің “Наполеон І кезінде Франция мен Ресейдің экнономикалық карым-қатынастары ” атты мақаласы шығады.
Соғыстың шығу себептерін Наполеонның жеке субъективті мақсаттарымен байланыстырған дворяндық-монахтың және буржуазды тарихнамадан гөрі Тарле франко-орыс қақтығысының түбінде континенттік блокададан туындаған экономикалық қайшылықтардың жатқандығын көрсетеді. Орыс тарихнамасында м±ндай қорытындыны Тарле алғаш жасаған жоқ. А.Н.Попов, Ю.С.Карцов, К.А.Военский сияқты тарихшылар да осындай пікірде еді. Тарле Отан соғысын Наполеондық Францияның жаулап алушылық соғыстар тізбегінің бір буыны ретінде қарастырады. Алайда соғыстың шығу себептерін Тарле тарихи материализм тұрғысынан емес, экономикалық материализм тұрғысынан қарастырған еді./д/
Капитализм енді қалыптасқан дәуірінің атақты әскербасшысы әрі мемлекет қайраткері Наполеонның өмірі мен қызметін баяндап оның тарихтағы орны мен рөлін көрсету үшін Тарле тарихи-биографиялық жанрды пайдаланды./Е/ 1934 жылы ол “Жизнь замечательных людей” сериясы үшін Наполеон жайлы кітап жазды. Бұл еңбегі 1936 жылы шетелде де жарық көрді./ж/
Егер буржуазиялық тарихнама Наполеонның қызметін сол кездегі нақты бір тарихи жағдайдан бөлек қарастырса, Тарле француз императорының өмірбаянын Францияның әлеуметтік және саяси өмірін, сонымен бірге Европа әлемін дүр сілкіндірген сол кездегі халықаралық дипломатиялық және әскери күресті баяндай отырып сипаттайды. Өзінің континенттік блокада жайлы жазған алдыңғы еңбектеріне сүйене отырып, Тарле тарихи- биографиялық жанрдың тамаша үлгісі болған еңбегін жазды. Өз еңбегіне Тарле былай баға берді: “Бұл дербес зерттеудің нәтижесі, баспадан шыққан материалдар мен архив құжаттарын зетттеуден туындаған қорытындылардың жиынтығы”/а/
“Наполеон” еңбегінің ғылыми маңыздылығына сипаттама берген М.В.Нечкина былай жазды: Е.В.Тарленің Наполеон жайлы монографиясы ғылымға зор үлес қосты: мұнда бірінші рет бонапартизмнің пайда болуына әсер еткен экономикалық базасы жан-жақты зерттеліп, дүние жүзі сахнасында Францияның ірі өнеркәсіп буржуазиясының мүддесін қорғаған, әлемдік үстемдік орнатуға ұмтылған диктатордың шынайы бет-бейнесі ашылған еді / а/ Тарленің бұл шығармасы Кеңес Одағында ғана емес, шет елдерде де оқырман қауым арасында кең танымал болды.
Д.М.Петрушевский бұл еңбекке “Тарихи ғылым мен өнердің ғажайып туындысы” деп сипаттама берсе, А.М.Борщаговский де “Наполеонның” авторын сөз шебері мен суретшімен салыстырады.
“Наполеон” еңбегінде Тарле буржуазиялық тарихнаманың Наполеон жайлы қалыптастырған жалған аңыздарға соққы беріп, оған объективті баға берді. Әрине Тарле де дәріптеушілік сипаттаудан толық арылған жоқ еді.
Наполеонның мемлекеттік, әскери, заң шығарушы және дипломатиялық қызметіндегі қол жеткен табыстарын Тарле бір кездері ешкімге белгісіз артиллерия офицерінің революция толқынымен тарих сахнасына келіп, феодалдық әлемді шайқалтқан сол кез үшін алдыңғы қатардағы тап-буржуазияның мүддесін қорғай білуінде деп түсіндіреді. “Наполеонның, - деп жазады Тарле, - қызметінің шарықтап құлауына әсер еткен сол кездегі тарихи жағдай, оның Францияның тарихында, соның ішінде әсіресе өзі бағындырған елдердің тарихында ұзақ уақыт бойы прогресивті рольге ие болуын анықтап берді./а/. Тарле Наполеонның Франция тарихында прогресивті рольге ие болуын оның Францияда буржуазиялық мемлекеттік жүйені нығайтып жетілдіруінде, феодалдық реакция тарапынан туындаған реставрациялау іс-әрекетінен буржуазиялық құрылысыты қорғап әрі сақтап қалуымен, ортағасырлық тәртіптерді жоюымен түсіндіреді. Тарле сонымен бірге Наполеон мен Гитлердің арасында ұқсастықтарды тапқысы келген….. себебі, -деп жазады Тарле,- Наполеон енді шарықтап жатқан тап-буржуазияның баласы болса, Гитлер- шiриiн деп жатқан реакшылдық империализмнің сарқыншағы еді”. Наполеонды басқа саяси қайраткерлермен салыстырғысы келіп, ұқсастықтарды келтіргісі келген кез-келген көзқарастарды Тарле теріске шығарып, былай жазады: “Наполеон тарихи қайраткер ретінде енді ешқашан және еш жерде қайталанбайтын құбылыс. Себебі ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы Франция мен Европада қалыптасқан жағдай енді әлем тарихында ешқашан және еш жерде қайталанбайды ”/а/
Наполеонның тұсындағы Францияның жүргізген соғыстарына талдау жасай отырып Тарле, Француз революциясы дәуірінде жүргізілген әділетті соғыстар мен кейінгі кезеңнің жаулаушылық жорықтарының арасын нақты бөліп көрсетеді.//
Тарле Напалеон соғыстарының негізінде жас француз буржуазиясының Англияның кәрі әрі тәжірибелі буржуазиясымен жүргізген экономикалық бәсекелестің жатқанын дәлелдеп берді.
Осы қайшылықтар тарихшының пікірінше Англия мен Францияның Европадағы үстемдік үшін күресіндегі негізгі маңызға ие болды. Сондықтан, - деп жазды Тарле, - француз буржуазиясы Наполеон диктатурасын “жаулаушылық соғыстарды жүргізуге бейімі бар, әрі мемлекет қаржысын нығайта алатын” биліктің формасы ретінде қолдады.
Тарле өзінің еңбегінде Наполеонның сыртқы саясаты Ватерлоо даласындағы өткен шайқастың соңғы мезетіне дейін француз буржуазиясының мүддесіне толығымен бағынышты болғандығын бірнеше рет қайталайды.
“Наполеонның экономикалық саясатының негізгі қозғаушы күштері, – деп жазды Тарле,- француз өнеркәсібіне дүниежүзілік үстемдік әперу және осы ниетімен байланысты европалық рыноктардан Англияны қуып шығу құштарлығы еді”.
Сондықтан Наполеонның қызметінің прогрессивті жақтарын айта отырып Тарле сонымен бірге оның Европаның жаулап алынған халықтар үшін феодалдық тәртіптерден азат етуші ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар залым тиран болғандығын, француз үстем етуші таптардың рахат өмірін бағынған елдерде тонау арқылы қамтамасыз еткендігін астын сызып көрсетеді.
Өзінің революцияға дейінгі еңбектеріне карағанда Тарле Наполеонды банапартизмнің таптық мәні мен Францияның сыртқы саясатын марксистік методологиясы тұрғысынан бағалады. Алайда дәстүрлі буржуазиялық тарихнаманың ықпалымен Наполеонның жеке басының қабілеттерін мадақтап, қасындағы көптеген дарынды әріптестерінің маңызын төмендетеді. Наполеонның дәуірін сипаттап талдауға Тарленің тағы бір “Нашествие Наполеона на Россию” атты еңбегі арналған еді /8/. Бұл кітапта тарихшының назарында ең алдымен орыс халқының наполеондық шапқыншылыққа қарсы батыл да ержүрек күресі орын алды. Кеңес тарихнамасында Тарленің монографиясы жарыққа шыққанға дейін осы тақырыпта маңызды еңбек жазылған жоқ еді. М.Н. Покровскийдің мақалаларында бірқатар қателіктер мен бұрыс талдаулар болған еді. М.Н. Покровский патша үкіметінің жаулаушылық саясатын әшкерелеуге басты назар аударып, Александр І-ң дипломатиясын мадақтап, мақтаған орыс дворяндық – буржуаздық тарихнамасын сынай отырып, 1812 жылғы соғыстың орыс халқы үшін ұлт-азаттық сипатта болғандығын теріске шығарды, тіпті бұл соғыс Ресей мен Францияның үстем етуші топтардың мүдделері үшін жүргізілген деп, б±л соғысқа берілген “Отан соғысы” деген атауын құптамады. Сондықтан ол “1812 жылғы соғыста кімнің кінәлі екендігі жайлы пікірталас бос сөз” деп санады /9/.
Отан соғысының шығу себебін жаулап алушы Наполеон мен “бейбітсүйгіш” Александр І арасындағы күреске тірелетін дворяндық – монархиялық тарихнамасының тұжырымдары мен 1812 жылғы соғысты алдыңғы қатарлы буржуаздық құрылыстың артта қалған феодалдық құрылыспен қақтығысы ретінде қарастырған либералдық – буржуаздық тарихнаманың тұжырымдарына қарама – қарсы Тарле Ресей мен Францияның арасындағы қарулы күрестің түбінде жатқан терең де елеулі себептерін анықтауға талпынды.
Революцияға дейін жазылған еңбектердің өзінде-ақ Тарле континенттік блокаданың шарттары тудырған екі ел арасындағы экономикалық қарама-қайшылықтар соғыстың басты себебі болғандығына көзі жетеді. Бірақ ол кезде экономикалық материализм ұстанымда болған Тарле екі елді қақтығыстырған маңызды саяси себептерді көлеңкеде қалдырған еді. “Нашествие Наполеона на Россию” атты еңбегінде автор осы экономикалық қайшылықтардың франко – орыс қарым – қатынастардың призмасы арқылы қалай сынғандығын қарастырып, Отан соғысының саяси себептерін талдауға көңіл аударды. Ол Наполеон мен патшалы Ресейдің Европада өз мәртебесін нығайтуға бағытталған күрестің қалай дамығандығын, Францияның Ресейге соғыс ашуға плацдармға айналдырылған Ұлы Варшава герцогствосының тағдырына байланысты келіспеушіліктер мен талас – тартыстың қалай өршігендігін, Таяу Шығыс пен Орта Шығыста орыс – француз күресінің қалай өріс алғандығын бақылады.
Осы қайшылықтардың бәрі Тарленің ойынша Наполеонның 1810 жылдан бастап Ресейге қарсы соғысуға дайындыққа кірісуіне себеп болды. “Ресейді ірі француз буржуазиясына экономикалық жағынан бағынуға мәжбүр ету, - деп жазды тарихшы, - француздарға толығымен тәуелді Польшаның келбетінде Ресейге қарсы мәңгі қауіп төндіру және оған Литва мен Белоруссияны қосу – міне бұл Наполеонның 1812 жылғы соғыстағы негізгі мақсаты” /1/.
Тарле Наполеонның Ресейге жорығының жаулаушылық мәнін аша отырып, бұл жорықтың француз императорының алдында жүргізген саясаты- мен дайындалғандығын атап көрсетеді.
Тарле А. Сорельдің және басқа да француз тарихшылардың Наполеонның феодалдық Ресейге қарсы соғыстың прогрессивті сипатта болғандығын, себебі Наполеонның территориялық жаулаушылықты көздемегендігін, керісінше орыс шаруаларына феодалдық қанаудан азатттық әкелгендігін дәлелдегісі келген талпыныстарын теріске шығарды. Тарле Наполеонның Ресейге келген кезде басыбайлы шаруашылықты жоюды мүлдем ойына да алмағандығын көрсетеді. Автор француз армиясының Ресейде жергілікті халыққа күш көрсетіп, өздерін бұзақылар мен тонаушылар сияқты ұсағандарын куәләндыратын бірнеше деректерді келтіреді.
“Наполеон армиясы, - деп жазды Тарле,- еш жерде, тіпті Египетте де Сирияда да өздерін мұншалықты жүгенсіз ұстап, бетімен кеткен жоқ еді, халықты дәл Ресейдегідей аяусыз және арсыз қырып, қорлаған жоқ еді” /1/. “Бұл зұлымдық пен қорлықты көрген халықтың патриоттық, отансүйгіштік сезімі оянып, соғыстың Отандық сипат алуына түрткі болды” - деп жазды тарихшы.
“Ресей үшін, - деп жазды Тарле, - бұл шапқыншылыққа қарсы күрес өзінің экономикалық және саяси дербестігін сақтап қалудың бірден – бір амалы еді. Осындай жағдайдағы 1812 жылғы соғыс – Ресей үшін өмір сүру үшін күресу және империалистік жауыздан қорғану соғысы еді” /1/.
Егер дворяндық – буржуаздық тарихнама әскери іс-қимылдардың барысын талдауға басты назар аударып, Наполеонды талқандауда бұқара халықтың тигізген маңызын ашып көрсетуге тиісті көңіл бөлмесе, Тарле кеңес тарихшылардың ішінде алғашқы болып бұл мәселені алға қойып, шешті.
Революцияға дейінгі орыс тарихшылардың шығармаларын қатал сынады, себебі олар соғыс кезіндегі халықтың өрлеуін “патша мен халықтың бірігуі” ретінде көрсеткісі келді. Тарле орыс қоғамындағы єрбір таптың жаудың шапқыншылығына қарым-қатынасын бөліп көрсетті. Осылай автор Наполеонды талқандауда патша мен дворяндық таптың маңызын күшейтуге тырысқан монархиялық тарихнаманың “аңызына” соққы берді.
1812 жылғы соғыс туралы Тарленің концепциясы дворяндық буржуаздық тарихнамамен салыстырғанда алға жылжушылық болды. Себебі Тарле халық бұқарасының Наполеон шапқыншылығына тойтарыс беруде атқарған маңызын дұрыс көрсете білді. 1812 жылғы соғыста Тарле орыс шаруалары батырлық, қаһармандық жасады деп санады. Тарленің артықшылығы да осында .Ол көптеген деректерді қолдану арқылы партизан мен солдаттардың ерліктерін көрсете білді, партизан соғысының көсемдері мен дарынды орыс әскербасшыларының портреттерін сомдай білді.
Халық бұқарасының Наполеон шапқыншылығына қарсы күресін Тарле тұрақты армияның әскери қимылдарымен байланыстырды. Терең патриоттық сезіммен Тарле орыс армиясының ауыр шайқастарын, Смоленск қаласын қорғағандығын, тарихтағы ұлы шайқастардың бірі Бородино шайқасын, орыс армиясының тамаша шабуылдарын баяндайды. Бородино шайқасын автор Наполеонмен жүргізген бүкіл соғысындағы шешуші бетб±рыс ретінде қарастырды. . “Бородино, - деп жазды тарихшы, - орыс халқының европалық диктатордың алдындағы ұлы рухани жеңісі еді. Дєл осы Бородино далаларында Наполеонды құлатуға бағытталған қиын да ауыр іс басталып , Ватерлоо жазығында үш жылдан кейін кейін аяқталған еді /1/.
Алайда “Нашествие Наполеона на Россию” еңбегінде Тарле революцияға дейінгі орыс тарихшылары сияқты Бородино шайқасын Кутузов бетін қайтара алмаған бір жамандық сияқты санады. Бірақ кейін өзіне айтылған сын ескертулердің әсерінен ол Бородино шайқасы мен Кутузовтың контршабуылының маңыздылығын дұрыс бағаламауда жіберген қателіктерін мойындайды. Уақыт өткен соң ол Л.Г. Бескровныйдың “Отечественная война 1812 г. и контрнаступление Кутузова” кітабында былай жазды: “Кеңес тарихшыларының көзқарастары (соның ішінде менің өзімнің көзқарастарым 1812 жылғы соғыс барысы жайлы мәселелер туралы) жан – жақты талданбаған болатын. Дұрыс шешілмеген еді.” /10/. Сондықтан өзінің “Михаил Илларионович Кутузов полководец и дипломат” атты мақаласында ол 1812 жылғы соғыста Бородино шайқасының Отан соғысының тарихындағы маңызын айқын көрсету өзінің міндеті деп санады. “Орыс бородиндік жеңісінің стратегиялық шайқасының стратегиялық салдары, - деп жазды Тарле 1952 жылы, - жаудың Ресейге шабуылының өзін - өзі сарқылтқандығын және үмітсіз тоқтап қалғандығында көрініс тапты, себебі Тарутино мен Малоярославец Бородиноның тікелей нәтижесі болды” /1/.
Сонымен қатар тарихшы М. И. Кутузовтың қызметі жайлы жаңа архивтік құжаттарға сүйене отырып, оның Бородино даласында орыс армиясының жеңуін ұйымдастырудағы қызметін айқындап берді. Мәскеудегі өрттің шығуы жайлы мәселені қарастырған кезде Тарле орыс мемлекетінің жеріне жаулаушылар ретінде енген француздардың Мәскеудің бұзылуына кінәлі деп санады. Тарихшының қорытындысы мынандай тұжырымнан шығады:“Наполеон кетіп бара жатқан кезде, толығымен бұзылған және аман қалған үйлердің өртенуі оған жағып, оның залым кекшіл сезімін қанағаттандырған болу керек. Оның кетер алдында Мәскеуді жарып жіберу туралы берген жабайы әрі мағынасыз бұйрығын еске түсірейік. Бірақ, басында Мәскеуге кірген шағында оның қалжыраған армиясы мен өзі үшін бұл өрттің пайдасыз зиянды болғандығы сөзсіз”. Мәскеудің өртенуі жайлы осындай көзқарасты өз мақалаларында М.В. Нечкина мен П.А. Жилин ұстанды, олар сау қалған мәскеулік үйлерді құрту жайлы бұйрықты Наполеон қаладан кетер кезде ғана беруі мүмкін деген ойға келеді /11/. “Нашествие Наполеона на Россию” кітабында Тарле “Наполеон” шығармасына тән генерал Мороздың француз армиясын құртудағы роліне деген бұрынғы көзқарастарын қайта қарады. Алайда Ресейдегі Наполеон армиясының жеңілуінде үлкен маңызға ие болған “стихиялық факторлар ” теориясының белгілері бұл кітабында да сақталады. Мысал ретінде айтар болсақ, Тарле Кутузовтың орыс армиясының шетелге жорығын іске асыруға қарсы болып, осы ісімен Наполеонға аман қалуы үшін “алтын көпірге” жол ашқандығы туралы пікірді қолдады. Бірақ Л.Г. Бескровныйдың кітабының сөз соңында бұл ойын қайта қарады /11/. Ал “Михаил Илларионович Кутузов-полководец и дипломат” мақаласында Тарле былай жазды: “Кутузов императорлық Франциядан болатын әскери қауіпті Неманда емес Сенада түбірімен жоюға болатындығын Александрден кем білген жоқ. Бұған Кутузовтың де Пьибюскпен жүргізген әңгімесінен байқауға болады, бірақ ол бұл жеңістің жеткілікті әскери және ең бастысы дипломатиялық дайындықтан кейін, жалғыз Ресейдің емес сонымен бірге “одақтас” мемлекеттердің тарапынан қанды құрбандардың болуын қалады. ” /1/.
“Нашествие Наполеона на Россию” еңбегі Ұлы Отан соғысы кезінде әлемнің көптеген тілдеріне аударылып шетелдегі оқырман қауым арасында атағы жайыла бастады.
Ағылшындардың арасында бұл кітаптың қандай беделге ие болғандығын сол кезде Англияда кеңес елшісі қызметінде болған академик И.М. Майскийдің естеліктерін келтіреді:
“Л.Н. Толстойдың “Соғыс пен бейбітшілік” кітабымен бір уақытта баспадан шыққан Тарленің “Нашествие Наполеона на Россию” еңбегі әрине Толстойдың еңбегіндей кең аудиторияға ие болған жоқ. Оның шығармасын негізінен интеллигенция арасында - саясаткерлер, журналистер, тарихшылар, әскерилер оқыды. Мұқият оқып, еріксіз екінші дүниежүзілік соғыстың оқиғаларымен салыстырып отырды. Оқырман қауымның бұл қабаты парламентте, прессада немесе баспасөзде, армияда , флотта түрлі мемлекеттік ұйымдарда үлкен маңызға ие болғандықтан, Тарленің шығармасының психологиялық әсері Лев Николаевичтың ұлы эпопеясының әсерінен кем болған жоқ” (12).
“Тайм” журналы 12 – мамыр 1942 ж. кітаптың американ қоғамдық ойына тигізген әсерін байқап, былай жазды: “Тарленің Наполеонның орыс кампаниясын дарынды әрі түбегейлі баяндауы көптеген қалыптасып қалған ұғымдарды төңкеріп жібереді”.
Егер соғыс кезінде батыс сыншылары “Наполеон” мен “Нашествие Наполеона на Россию” шығармаларына жылы қабақ танытса , “қырғи-қабақ” соғысы басталған кезден-ақ кеңес тарихшылары мен Тарленің еңбектерінен шетелдегі буржуаздық тарихшылар ұлтшылдық пен шовинистік белгілерді “таба” бастады.
Тарле ұзақ уақыт бойы марксистік методологиялық әдістемені игерудің арқасында толығымен кеңестік тарихи ғылымның ұстанымдарына көшті. Сонымен Тарленің 30-шы жылдардың екінші жартысында жазылған “Наполеоны” мен “Нашествие Наполеона на Россию” еңбектері терең ғылыми еңбектер болып табылады. Себебі бұл шығармалар үлкен көлемді құжаттар мен әдебиеттерді зерттеудің негізінде пайда болды /4/.
Осы екі еңбек француз, ағылшын, неміс итальян және басқа да шет тілдерге аударылған еді. Аталған еңбектердің жарыққа шығуы кеңес тарихи ғылымында маңызды оқиға болды. Себебі Тарленің бұл шығармалары партия үкіметінің Покровскийдің “мектебін” сынап, қателіктерін айтқаннан кейін жарық көрді. Бұл еңбектер партияның айтқан сынына жауап берген алғашқы монографиялардың қатарынан орын тапты. Жаңа, дарынды түпдеректердің негізінде құрастырылған, дұрыс талдау – қорытындыларға бай, сөз шеберінің қолымен жазылған бұл кітаптар кеңес оқырмандары үшін ірі тарихи маңызы бар жаңа саланы ашып берді. Кітап туындыларында әлемде үстемдік орнату пиғылының оянған халықтардың қарсыласуына соқтығысып жеңіліс тапқандығының үлкен мәселесі көтерілді. Осы ұлы тарихи оқиғалар ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында таптық күрестен соққы алған феодалдық құрылыстың құлауын сипаттау арқылы бейнеленген.
1812 жыл туралы еңбек ыстық отансүйгіш сезімге толы болды, сондықтан алғашқы рецензенттер оны орыс халқының ерлігі жайлы кітап деп әділ бағалады. Оқырманның көз алдында өткен шақтың тірі көріністері өтіп жатты – Наполеонның әлемде үстемдік орнатқысы келген пиғылының пайда болуының күрделі жағдайы, екі капиталистік мемлекет Англия мен Франция арасындағы шиеленіскен экономикалық бәсекелестік, буржуаздық диктатордың әлемде билік орнатуға соңғы қарсылық ретінде Ресейдің көтерілуі, Наполеонның Ресейге басып кіруі т.с.с. Алғашқы кезеңдегі артқа шегінудің ауыр жылдары келесі кезеңнің оқиғаларымен алмасты, Кутузовтың тұлғасы ірі әскербасшы ретінде бейнеленіп, орыс армиясының күшейе бастағандығы, жаудың шегіне бастауы сипатталады (1).
/бет керек/
Е.В.Тарле ешуақытта өз еңбектерiн Наполеонның Ресейге жорығы жайлы еңбегін айтылып жатқан мєселені толығымен сарқылтқан жєне арлық с±рақтары шешіліп, қайта талданбайтын моногарфия ретінде қарамаған еді. Оның сергек зетттеуші ойы єрдайым алға жылжудың жаңа ойларын іздеді. 1951 ж оның еңбектерін санаған кезде отандық қ±жат – деректерде жүйелі тарту арқылы түпдеректердің көлемін ±лғайту қажеттілігі, Бородино шайқасының алдындағы Кутузовтың стратегиялық жоспарларына терең анализ беру керектігі, шайқастың өзі басқаша талдап көруін, орыс армиясының конршабуылға дайындығын зерттеп, ашып көрсету қажеттілігі айтылды/13
Алайда Тарленің Наполеон т±лғасы жайлы жазған ой пікірін сынаған жоқ еді. ″Наполеонда″ Тарле Наполеонның Француз революциясының толқынымен көтеріліп бірте-бірте оның жалпы халықтық мақсаттарынан алыстай бастағандығын Француз революциясының қол жеткен табыстарынан жаңа қанаушы тапқа тиімді жақтарын сақтап қалғысы келген ірі француз өнеркєсіп буржуазиясының өкіліне айналып жатқандығын айқын көрсете білді. ¤ткен ғасырдың қарқынды саяси қ±былыстардың экономикалық алғышарттардың ерекшеліктерін ашып көрсетуге Е.В.Тарлеге жоғарыда айтылған континентін блокада тарихы жайлы жүргізген зерттеулері көмектесті./1/
Е.В.Тарленің “Наполеон” атты еңбегі он жеті тараудан және қорытындыдан тұрады.
“Наполеон Бонапарттың жастық шағы ” тарауында автор Бонапарт туылғаннан Жозефинамен отау тіккенге дейінгі кезеңді нақты фактілермен баяндайды.
Әдебиет өнеріне тән сипаттама, түсіндірме мен суреттеулерді көп қолданбай-ақ, Е.В.Тарле Бонапарттың мінезін айқын аша білді.
Барлық оқиғаларды қысқа, әрі нұсқа келтіреді. Ең бастысы, оқырман қауым – біз Наполеонның кім екенін, мінезінің қандай екенін жетік біліп, кейіпкерімізді дұрыс таныған сияқтымыз.
Наполеонның жобасы бойынша, әрі оның тікелей қатысуымен жүргізілген ағылшындардың қолдауына сүйеніп, Республикадан бөлінгісі келген Тулон бекінісіне қарсы шайқастың сәтті аяқталуынан кейінгі кейіпкеріміздің генерал шенін алуы заңды құбылыс сияқты. Осы оқиғадан кейінгі Францияда көп ұзамай орын алған 9 термидор оқиғасы , француз халқы топтарының әотүрлі әлеуметтік жағдайы, жалпы сол кездегі саяси ахуал терең әрі бай тілмен сипатталған.
1795 жылы 13----------------- күні көтерілісшілерді басу үшін Конвент жағында өз әскерінен төрт есе көп қаруланған адамдарды жеңу үшін зеңбіректерді пайдаланған.
Наполеонның жалпы билікке келуіне әсер еткен жеке басының қабілеттерінен басқа мынадай ұстанымын байқаймыз: жеңіске жету үшін
керек кезде жылдам, дұрыс шешім қабылдау және аяушылық білдіртпей қатыгез болу .
Шынында да осы ұстанымсыз ол мақсатына жетпес те еді және осының салдары ретінде көзге түсіп, көтерілмес еді.(Т-1)
Келесі “ 1796-1797 ж.ж. Итальян компаниясы”, “ Египетті жаулап алу және Сирияға жорық 1798-1799 ж.ж.” тарауларда Тарле Бонапарттың жап-жас болып армияны басқарып қана қоймай, өзіне бағындыруды , өзін әскербасшы ретінде мойындату алғашқы кезде оңай болмай, әскерлермен қақтығыстарға әкеліп, күшті пайдалануға мәжбүр еткенін баяндайды. Жас кезінде аз сөйлеп , кітап оқумен айналысқан. Наполеонның сөзге шешен екенін, аз сөйлеп саз сөйлейтіндігін автордың келтірген мысалдарынан байқай аламыз. “Солдаттар сендер нашар киінгенсіңдер , жартылай ашсыңдар... Мен сендерді әлемдегі ең жақсы, бай елдерге апарғым келеді” --деп ,солдаттарына үндеу айтқан. Наполеон соғыс өзін өзі асырау керек деген принципті ұстанып , әрбір әскерін алдағы соғысқа қызықтыра білу қажеттігін түсінді.
Сириядан Египетке қайтар жолда әскерлерінің біразы оба ауруына шалдығып , ыстық күннің астында жараланған ауру әскерлермен жүру оңай болған жоқ.Сонда да Наполеон арбаларды жараланған әскерлеріне беріп , өзі бірінші болып жаяу жүріп , өзіне ат ұсынған әскерін бетінен салып кеп жіберді. Бұл Наполеонның әскерлерімен бірге қиындық көруден қашпай , оларға әділ қарағандығын көрсетеді.
“Әскерлері ,-деп жазды Тарпе ,- Наполеонды жеңістері мен жаулап алынған жерлері үшін емес , дәл осы істері үшін жақсы көретін және кейін де еске алып отыратын”. Осы жерде Тарле Наполеонның кейбір істері жасанды болғандығын , кейіпкерінің ұлы актер иесі екендігін ескереді.
Египетте жүргенде Суворовтың Италияда француздарды талқандағанын естіп , дереу еліне қайтуға бел буғанын жазады. (Т-2).
“ Наполеон Египеттен Директорияны құлатып, мемлекеттегі жоғарғы билікті өз қолына алу ниетімен Францияға оралады.” деген сөзбен Тарле жаңа “ Он сегізінші брюмер 1799 ж.” атты тарауын бастайды. Бонапарттың астыртын қастандықтың нәтижесінде билік басына келудің шытырман оқиғаларын баяндайды.
“ Диктатордың алғашқы қадамдары 1799-1800ж.ж.” атты келесі тарауында Тарле Наполеонның билік басына келгеннен кейін атқарған іс-шараларын: жаңа конституцияны құрастыруға басшылық жасау , сөз бостандығын шектеу , Оңтүстік Франциядағы бұзақылар бандасымен күресіп, жою; Вандеяны өзіне бағындыру ; экономикадағы бірқатар өзгерістер: тікелей салықтарды жойып , көптеген жанама салықтарды енгізу, бақылау орнату , есепті талап ету мен реттеу , жемқорлықты қатаң жазалау;
Әкімшілік жүйеде: жергілікті басқару органдарды жою , құқықтық және полиция министрліктерін құру , т.с.с. Бір сөзбен айтқанда Наполеон өзінің шексіз билігін күшейтетін орталықтандырылған бюрократтық мемлекет құрды. Наполеон алдына екі басты мақсат қойды: түрлі әдістерді пайдаланып ( террор немесе ақшамен “сатып алу” ) роялистермен күресу, және Англияға қарсы соғыс ашу.
Ол үшін Англия одақтастарына қарсы соғысты Европа континентінде жүргізу.
“ Маренго. Диктатураның нығаюы. Бірінші консулдың заңшығарушылық қызметі. 1800-1803 ж.ж.” атты келесі тарауда Тарле жоғарыда айтқан мақсатын жүзеге асыру үшін Солтүстік Италияны өзіне қайтарып алу ниетімен австриялықтарға соғыс ашқанын, бұл шайқаста оның әріптесі Дэзе қаза тапқанын, Бонапарттың көзіне жас алғанын баяндайды.
“ Наполеонның әскери әріптестері оның шайқастан кейін екі-ақ рет көзіне жас алғанын көрді. Екінші рет біраз жылдан кейін маршал Ланн қаза болғанда” деп жазды Тарле. (Т-3)
Австриялықтарға қарсы соғысы Наполеон үшін Маренго түбіндегі жеңіс әперген ірі шайқаспен аяқталды.
Тарле одан әрі Наполеонның ішкі және сыртқы саясатын сипаттайды. Ол Ресеймен жақындасып, әскери одақ құру ниетінің түбінде ағылшындардың жаулап алған Үндістанын көздегенін жазады. Наполеонның дипломатиялық істерде өзінің сыртқы істер министрі Талейраннан кем білмейтінін айта кетіп, оның сыртқы саясаттағы қол жеткен табыстары мен жасаған келісімшарттарын, ұстанған бағыт-бағдарын нақты баяндап берді.
Сонымен қатар, Наполеонның басып алған елдердегі жүргізген басқыншылық саясатын, баспасөз бен әдебиет саласында орнатқан бақылауын,әсіресе революция мен республиканы жақтау, мақтауларға тыйым салғандығын жан – жақты сипаттады.
“Наполеон кодексін” шығару арқылы Бонапарт “теңдікті” бекітті, яғни азаматтардың саяси теңдіктерін заңдастырды,алайда саяси бостандықты жойып тастады. “Бұл заң жинағы, - деп жазды Тарле, - Европа континентіндегі сол кездегі заңдармен салыстырғанда прогрессивті болғанымен, Француз буржуазиялық революциясының заң жинақтарынан бір қадам артта қалған еді.” Уақыт өткен соң кодекске жұмысшы табын одан сайын ауыздықтайтын баптар енгізілді. Ол бойынша “ жұмысшы кітапшалар ” енгізілді. (Т-4)
“ Англияға қарсы жаңа соғыстың басталуы және Наполеонның тәж кию жорасы” (коронациясы) 1803-1804 ж.ж.”, “ Үшінші коалицияның талқандалуы 1805-1806 ж.ж.”, “ Пруссияның күйреуі және Германияның толық бағынуы 1806-1807 ж.ж.”, “ Тильзиттен Ваграмға дейін 1807-1809 ж.ж.”, “ Император мен империя күш қуаты асып тұрған шағында. 1810-1811 ж.ж.” атты таруларда Тарле Наполеонның жүргізген соғыстарын баяндамай тұрып Лениннің наполеондық соғыстарға берген сипаттамасын келтіреді:
“ Ұлттық соғыс империалистік соғысқа айнала алады, және керісінше. Мысал: Ұлы француз революциясының соғыстары ұлттық сипатта басталды және сондай болды. Бұл соғыстар революциялық еді: ұлы революция контрреволюциялық монархиялардың коалициясына қарсы қорғанды. Ал Наполеон француз империясын құрып, Европаның бірқатар бұрыннан қалыптасқан, ірі , ұлттық мемлекеттерін қанаған кезде, ұлттық француз соғыстардан империалистік соғыстарға ұласты. Соңғылар өз кезегінде Наполеон империализміне қарсы ұлттық – азаттық соғыстарды тудырды.”
Англия мен Франция арасында жасалынып , соңғысына көп пайда әкелген Амьен (1802 ж.) бейбіт келісімшарты ұзаққа созылмады. Англияны қорқыту арқылы соғысты болдыртпау, сонымен қатар, Европада өзін қожайын ретінде ұстау – міне осы ой Наполеонды тастамады. Англия болса, Наполеоггың Европа континентінде үстемдігінің күшеюіне қол қусырып қарай алмады. 1803 жылы Наполеонның Англияға қарсы соғысы басталып, оның билік ету кезеңінің аяғына дейін толастаған жоқ.
Тарле одан әрі ағылшындардың Наполеонға қарсы ұйымдастырған құпия қастандығы сәтсіз аяқталғаннан кейін, Наполеон император тәжін киіп, Францияны империя деп жариялағандығын және бұл ісі атақты публицист Поль Луи Курьеге мен кейіпкерімізге
“Ерлік симфониясын” арнаған Бетховенге ұнамағандығын атап өтеді.
Тарле Наполеонның үшінші коалицияға қарсы жүргізген соғысын сипаттай келе, Наполеонның армиясын ұйымдастыру тактикасын , шайқасты жүргізу әдісін, әскерлерін
Басқару жолдары мен енгізіп қойған әскери тәртіппен таныстырады. Осы орайда автор Наполеонның маршалдары Даву, Бернадотт, -----, Ланн, Мюрат, Мармон т.с.с- әскери қабілеттеріне тоқталады. “ Наполеонның, - деп жазды Тарле, - әскери өнерге берген анықтамалардың ішінен ол әскери өнердің иән” армияны құраған кезде оның “ бөлек тіршілік етіп, бірге шайқасу керектігінде” жатыр деп айтқан еді.”
“ Әр солдаттың дорбасында маршалдың асатаяғы жатыр” деген Наполеон өз солдаттарына өзі олар сияқты өз отанын Бурбондар мен шетел интервенттерден қорғаушы, Франция үшін бірінші солдат болып қала беретіндігіне сендіре білді.
Тарле Наполеонның шайқас даласындағы жүргізген әскери қимылдарын бас көтермей-
Тіндей, әскери істен алыс оқырман үшін де тартымды етіп баяндай білді.
Аустерлиц шайқасында Наполеон үшінші коалицияға нүкте қойды. Аустерлиц шайқасы жалпы тарихта маңызы жағынан орасан, наполеон эпопеясындағы таңданарлық шайқастардың бірі еді. Тарле осы шайқастан кейінгі Наполеонның кейінгі жеңіс әперген шайқастарын, ( Тильзит, Вогран) тиімді келісімшарттарын ( Шеннбрун) , солардың арқасында империя территориясының ұлғайып, император мен империяның күшейгенін жазады. Алайда, Англия әлі берілмеді, ал Испаниядағы қарсыласу қозғалысы тоқтамады.(Т-5) “ Шенбрундағы өзіне қастандық жасағысы келген студентіне есіне алған Наполеон өзінің Франция үшін жасағандарының бәрі бір күнде ғайып болатындығын, өзі тірі болған кезде ғана сақталатындығын түсініп, Бонапарттар әулетін жалғастыру қажеттігі туралы мәсәле маңызды болды. Жозефинаның оған мұрагер сыйлай алмайтыны белгілі болған соң, Наполеон бірінші әйелімен ажырасып, өзіне Европадағы билеуші әулеттердің тарапынан қалыңдық алғысы келді. Наполеон Ресейдің ханзадасы – княгиня Анна Павловнаның қолын ағасы Александр I- ден сұрағанда, соңғысы қарындасының жастығын сылтауратып, жауаптан бұлтартты. Екінші рет шенеуніктермен кеңескен соң, Наполеон Австрияның королі Францтың қызы эрцгерцогиня Мария-Луизаға құда түсті.
Мария Луиза мен Наполеонның некелесуі Европада үлкен әсер қалдырады. Енді соғыстарға нүкте қойылды. Европа тепе - теңдікке қол жеткізді бақытты кезең басталады, - деп Ганзейлік көпестер қуанса бір қызығы кейбір державалардың емшілері шындыққа жанасқан болжам айтты. “Ол - Наполон бірнеше жылдан соң өзіне бірден қалыңдық екі елдің бірімен соғысады”.
Торле Нополеонның экономикалық саясатына тоқтала келе, Маркстің “Қасиетті отбасының” еңбегіндегі ұлы империяның тоқырауына әкелген себептерді түсінуге көмектесетін сөздерін келтіреді.
“18 – ші брюмерде Нополенның олжасына ревалюциялық қозғалыс емес, либералды бружуазия айналған еді.
“Наполен – деп жазды торе, - ірі буржуазияның мүддесіне тиімді етіп басқарса, да бружуазияны мүлде сыйламайды. “Байлық қазіргі таңда - ұрлық пен тонаудың жемісі” деп жиі қайталайтын” .
Нополенның ағымдарға қарсы жүргізген континентальды блокадасы келе - келе француз өнеркәсіпшілері мен саудагерлеріне зиян клтіреді яғни Франция экономикасының өзіне пайда әкеледі.
Осындай жағдайда 1810 жылы сауда - өнеркәсіп дағдарысы басталды.
“Наполеонның Ресейге жорығы 1812 ж” тарауда торпе Нополенның Ресейге келіп жүргізген шайқастарын баяндады. Мәскеудің өртенуі жайлы мәселені автор былай баяндады:
15 қыркүйекте Нополен Кремльге кіреді. Сол күні кешке алғаш өрттер лап ете түсті. 17 – қыркүйекте Наполеон жалындап жанған отты теңізді көріп бозарып, былай деді:
“Қандай қорқышта көрініс! олар өздері өртеп жатыр... Қандай батылдық! Қандай халық! Олар – скистер!
Наполеонда , - деп жазды Торпе - өрттің шығу себептері жайлы ешқандай күмән болған жоқ: орыстардың өздері қаланы өртеді, қала жаулаушыға тимес үшін. Ростопчиннің өрт сөндіретін құралдардың бәрін өзімен бірге әкеткені әскерлерінің кейбір адамдардың факелдермен жүргенін көргендері және сол сияқты күмән тудырға адамдардың берген куәліктері бойынша оның ойын растады”.
Терпе өрттің шығу себептеріне аса назар аудармай, негізінен осы өрттің Наполеонның көңіл – күйі мен осыдан кейін жалғасқан оқиғалардың дамуынга тигізген әсеріне тоқтады.
Наполеон өрт бәсеңдеген соң Петровск сарайы мен Кремльде ауыр уайымның күндерін бастан кешірді. Ұзақ уақыт бойы үндемей жүрді. Бірақ Мәскеуді болып, бұрынғыдай бұйрық, дерек , марапаттау қағаздарына қол қойып , ұшан – теңіз империясын басқаруды жалғастырды. Ең қызығы осы уақытқа дейін өмір сүріп келе жатқан Француз мемлекеттік театрдің статусын бекітетін және “мәскеуік декрет” деп аталған құжатқа Наполеон дәл сол кезде қол қойған болатын. /1 – 3/.
Мәскеудегі өрт, Наполеонның Неманнан Смоленскіге дейін, Смоленскіден Бородиноға дейін жүрген кездегі қала және ауыл халықтарының оны қарсы алуан ретінде жаққан тізбегіне нүкте қойды. бірақ, астана халқының түсініксіз, жұмбақ кетуі, Наполенның өмірінің мойындағандай өзі берген шайқастардың ішіндегі ең қорқыныштысы болған Бородина шайқасы - осының бәрі орыс халқының өмір үшін емес өлім үшін күресі жалғастыратындығын көрсетті.
Енді бір ғана амал қолды амал қолды Александрге Наполенның бейбіт келісімшартқа баруға дайын екендігін білдірту. Осы орайда Торле А. гененнің еңбегінің Наполенның оның әскесі Аковлевпен жүргізген әңгімесін және ол арқылы Александр ! - ге хат жібергендігін баяндайтын үзіндіні келтіреді. Бірақ Александр жауап бермейді.
Наполен енді шегінуге мәжбүр болады.
Наполенның өзі, оның шаралары және көптеген әскери тарихшылар жақалары да кейінгілері де Наполенның Березинадағы аман - есен шегінуі әскери құбылыс ретінде Наполендық жетістіктерінің тамаша үлгісі ретінде қарастырады.
“Өткен кез және ойлар”. Басқалары бұл оқиғаның орыс әскербасшылары Чичалов пен Витпенштейннің қателіктері мен не істерін білмей, абдырап қалуларынан Александр І- ң петербургтен Кутузовтың жақтырмаған Наполенды қоршау жоспарын басқа генералдарға жіберу арқылы енгізуі арқылы бәрін шатастырып жіберуінен болады деп ойлады. 1894 ж. орыс әскери тарихшысы Харкевичтің “Березина” отты арнайы зерттеу жұмысы жарыққа шықты. Бұл ең үлгілі болып саналады. Харкевич Кутузовтың әдейі Александрдың жоспарын орындамағандығы себебі онсызда ол жерге өз уақытысында жетім деген ойдады деп болды. деп санады. Торле Чичалов, Ермалов , Денис Давыдатан туындайтын құжаттарды зерттеудің нәтижесінде “Харкевичтің бұл ойын теріске шығару қиын” - деп мойындайды. Харкевич Апухтин сияқты Чичалов Витпенштейннің Наполенның алдындағы қорқыныш сезімінің оларды билеп алғандығы қорқыныш сезімнің оларды билеп алғандығы соншылықты оларды өз тарапынан істеу керек нәрсені істемейді деп санайды.
Ал Наполенның істері өз мақсатына сай деп ойлайды, Харкевич.
Қалай дейін, те, француз армиясының қалдықтары Вильнаға қарай жүрді. Тарле осы жерде атақты портизан Денис Довыдовтың сөздерін келтіреді: Міне енді ескі гвардия да жақындап қалды оның қақ ортасында Наполенның өзі болды. Біз орнымыздан атып тұрып, үлкен жолдың бойына келдік. жау біздің шулаған топтарымызды көріп, қаруын ататын қалыпқа келетіріп, бір қадам қоспай нақ басып ары қарай жүре береді. Біз осы қатардан және болмаса бір әскерін тартып алуға тырысып басақ та, олар біздің бұл әрекеттерімізге міз бақпай аман қала берді.
Мен ешқашан өлімнің түр – түрін бастап кешірген бұл сарбаздардың еркін жүрісі мен сұсты , нақ отырысын ұшытпаймын.
Бастарына аюдың терісінен тігілген биік келген қалпақ тоққан үстеріне ақ бел белдемишімен аралған көк мундир киген қызыл сұлтандарымен олар аппақ қарлы даланың ортасында қызғалтақтай көзге түсетін ... Біз бүкіл азиаттық шабуылдарымыз тұйықталған европалық қатарға ешқандай әсер етпейді... Қатарлар бірінің соңынан бірі түріп бізден қарудың оғымен құтылып, пайдасыз шабуылымызға “Күлген” сияқты. Күні бойы жүріп біз бір генералды, көптеген арбаларды және 700 тұтқынды қолға түсірдік , бірақ Наполен гвардиясы қазақтардың арасынан , зеңбірегі бар кеме балықшылардың қайықтарынан арасынан өткендей түк болмағандай жүріп өтті.
осы мысалды келтіру арқылы Торленнің Наполенның және оның әскерінің батылдығы мен жауынгерге сай ержүректігін тамсанатындығы байқалады.
Жаңа армияны дереу жинақтау үшін Наполен армиясын Мюраттың басшылығына қалдырып өзі Коленкур , Дюрок Любо және поляк офицері Вонсовичпен бірге Францияға оралады.
Торле кейіпкерінің өзі бастап өзі теңілісі тапқан соғысты қателік емес табиғат , ауа райының кесіренен болған бақытсыздық ретінде санағанын жазады.
Тек Мәскеуде көп уақыт болғанын өзінің қателігі ретінде көрді.
Наполенның қасында еріп жүрген әскербасшылары оның осы қауіпті сапарда қорқып – үркіп, уайымдаудың орнына өзін ерекше бірқалыпты ұстанғанын айтады. “Мен қателестім, - деп айтты Наполен Коленнурге – бірақ осы соғысты ашу мақсатында не саяси орындылығнда емес, оны жүргізу әдісінде қателесетін.
Витебскіде қалғанымда , Александр менің аяғымның алдында болар еді.
мен жүргізіп жатқан соғыс – саяси соғыс . Мен оның ешқандай жаушылық, қас ойме бастамадым , мен Ресейді оның өзіне өзі жасаған зиянкестен арылтқым келді. Мен халқының біраз бөлігін оған қарсы қаруландырып шаруалардың бостандығын жариялау тын едім. Көптеген деревналар менен осылай өтінді, бірақ мен мыңдаған отбасыларды өлімге душар ететін іс – шарадан бас тартатын деп Наполен еліне оралған соң сенаторларына сөйлесе де өз сөзін патшаға Александр І – ге орнап / 1 – 7 /.
Вассалды Европаның Наполенға қарсы көтерілісі және “халықтар шайқасы” , “Ұлы империяның” құлдырауының басы 1813 ж” атты тарауда Наполенның еліне оралған екі мақсаты болғандығын
Жаңа армия құру
Австрия мен Пруссияның бейтараптылығын қамтамасыз ету жазады
Бұл кезде мария – Луизадан туылған ұлы бір жарым жақсы келген еді. Бірінші алға қойған мақсатқа тез орындалды. Бірақ жаңа армиясы жап – жас бозбалалардан құрылған еді. Ал екінші мәселеде пруссия королі Александрмен одақ құрады.
Саксания, Бавария, Вюртемберг , Баден Наполенға бағынышты болып қала берді.
Торле Наполенның Пруссия, Ресей , Англияның біріккен одағымен соғысып , Лютцен, Бауцен Дрездендегі жеңіс әперген шайқастарын, халықаралық жағдайды , колекцияға ірген елдердің ұстанымдарына тоқталды.
Франциядағы соғыс және Наполенның тақтан бірінші бас тартуы. 1814 ж. атты тарауда Тарле Наполенның бейбіт келісімшартты қаламайтындығын 1813 ж. 19 желтоқсанда сенаттың алдында айтқан сөзімен оқырманның көзін жеткізеді.
Мен, - деп айта император жиналған сенаторларға , - көп соғысқанымды мойындауға қорықпаймын. Мен орасан жоспарларды құдым, Францияның дүние жүзіндегі үстемдігін қамтамасыз еткім келеді. Мен қателестім, менің бұл жобаларым халқымыздың сандық күшіне сәйкес келмеді. Барлық халықты қару ұстауға шақыру керек еді, бірақ қоғамдық тұрмыстық процесс әдептің жұмсаруы бүгіп ұлтты әскерге айналдыруға ұқсат бермейтіндігін мойындаймын. Қателескен мен сондықтан мен қиналуым керек. Франция күнә жасамады. Ол маған алмай өз қанын берді.
Бұл сөздерді Наполен 1814 ж. коолекция әскерлері Кейінен өткендігі боған кезде айтқан еді.
Наполенның – деп жазды Торпе - Толейронның сатқын екендігінде күмәні қалмады. Ол Фушеге де сенбеді. Маршалдарына да сенуді тоқтатты. Тек бұрыннан қол астынада соғысқан әскерлерге сенді. Бірақ олар аз қалды. Көпшіліктің сүйектері Рим , Мадрид , Ирусали, Мәскеу мен Березинаның арасында, Лейпцитің қасында қалды.
Ол ағыс түрде Испания, Италия, Голландиядағы аман қалған бұрынғы солдаттарын шақырып алды. Сонда да ол Наполен бейбіт келісімшарттарында емес, шайқастарды қалады.
Тарле Наполенның Шатильондағы бейбіткелісімшарттың қойған талаптары мен шарттарын жақтырмай қабылдамағанын жазды. Тарле Наполенның өзінің үш ғасыр баюсын жанындай жақсы көргенін де жазды.
Наполенның таптан бас тартуға мәжбүр болған кезін Тарле сол кездегі кейіпкерінің әскерлеріне айтқан сөздерін келтіреді.
“Әскерилер, сендер менің қару бойынша ескі жолдастарымсыңдар, сендермен мен әрқашан арды аттаймай жүрдім, енді сендермен қоштасуымыз керекпіз. мен сендердің арасында тағы да қалар едім, бірақ ол үшін аяусыз күресті жалғастыру керек еді, шетелдіктерге қарсы соғысқа ішкі қырқыс соғысты қосып, жалғастырар едік, бірақ менің Францияның көкірегені одан әрі жұлуға батылым жетпеді. Тыныш, бейбіт өмір сүріп бақытты болыңдар, себебі сендер оған лайықсыңдар . Мен туралы өкінбеңдер.
Менің өзіме жазылған борышымды орындауым керекпін, сол үшін өмір сүруге келісемін. Мен ±рпақтарыма біздер бірге жасаған ±лы істерді айтып беруім керкек. Мен бєріңді қ±шағыма қысқым келеді, бірақ мен одан да бєріңді білдіртетін мына туды сүйейін” деп Наполеон туды сүйіп жєне оны ±стап т±рған солдатты қ±шақтап гвардиясымен қоштасып жылдам атарбасына отырады. Єскерлері “ Жасасын император” деп айқайлап, жас баладай жылады.
Иє Наполеонның б±л сөздері оған деген еріксіз силастық, қ±рмет сезімін тудырады. “Жүз күн 1815” “ Қасиетті Елена аралы 1815-1825жж” тарауларда Е.В. Тарле Наполеон Эльба аралына кеткеннен кейін билік басына келген Бурбондардың елді басқара алмай, Наполеонның “ т±рғызып кеткен қ±рылысына” түк істей алмай өздерінің саяси жағдайын єлсіреткенін баяндайды. Бурбондар көп офицерлерді оларды ±стау қажеттілігін көрмей отставкіге не болмаса демалысқа шығарды.
Ауылда єскери казармаларды “Ол қайда? Қашан қайтадан келеді? Деген Наполеон туралы с±рақтартуындай бастады деп жазды Е.В.Тарле.
Автор Наполеонның б±ны білгенін жєне Францияға оралу ниетін алғаш рет анасы Летицияға сырласып айтқанын баяндайды. Осыдан кейін Наполеон Бонопарттың 1100 єскерімен Францияға келгенін, кароль қарамағындағы армияның оған қосылғанын жазып сол кездегі осы оқиғаны бақылап отырған үкіметке жақын Париж баспасөзінің баспасөз беттеріне жариялаған хабарларын келтіреді: Корсикалық қ±быжық Жуан бухтасында тоқтады” деп бастау алған хабар Наполеон жағдайының күшейген сайын өзгеріп “Бонапарт Лионды басып алды” “Наполеон Фонтенблоға жақындады” “Аса мєртебелі императорды өзіне адал Париж күтіп т±р” деген хабармен ауысты.
“Билікке оралған Наполеон- деп жазды Е.В. Тарле енді Францияға еркіндік пен бейбітшілікті беретіндігіне уєде етті, себебі өзінің бірінші билік қ±рған кезінде Францияға бостандықты да бейбіт өмірді бермегендігін мойындайды” Наполеон өзінің билік басына оралуында халық пен єскерлерге қарыздар екендігін бірнеше рет қайталап айтқандығын қасында болған Флери де Шабулон куєландырады. Е.В. Тарле Наполеонның жаңа конституцияны дайындауға Бенжамен Констанға б±йырғанын , заң шығарушы корпусты жаңадан сайланғанын баяндап Францияға бет алған Европалық коалициямен соғысуға дайындалғанын жазады.
Наполеонның өміріндегі соңғы соғысы туралы Е.В. Тарле мынадай т±жырымға келді: “Егер Наполеон Ватерлоодағы шайқасты жеңсе де, бєрі бір соғыстың нєтижесі тура сондай болар еді,империя қ±лайтын еді, себебі Еуропа енді ғана өзінің күштерін іске қоса бастаған болса, Наполеон өзінің барлық күштері мен єскери резервтерін сарқылтқан еді. ”
Б±дан көретініміз Е.В.Тарле Наполеонның жеңілісін көркем жєне ғылыми єдебиеттердің авторлары сияқты кездейсоқ оқиғалармен байланыстырмайды.
Қассиетті Елена аралындағы Наполеонның өмірінің соңғы жылдарын баяндай отырып Тарле б±л қ±рлықтан алыс орналасқан аралдың кейіпкеріміздің енді қайтып билік басына оралу қаупін тудырмау үшін таңдалғанын бірақ аралдың климатының адам денсаулығына қолайлы болғандығын айта кетеді. Наполеон өзінің естеліктерін қызметшісі Лас-Казасқа оқып жаздыртты. Ол Бородинода не Кремльде өлтірілмегеніне өкінсе, “ Жүз күндігін” мақтанышпен еске алатын, себебі халқының өзіне деген сүйіспеншілігін көрді.
Тарле Наполеонның өмірінің соңғы сєтінде баласына ешқашан Францияға қарсы келиеуін жєне “Бєрі Франция үшін” деген ±ранын ±мытпауды аманат етіп қалдырғанын жазып еңбегiн аяқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |