Егер де сөз дауысты дыбыстан басталса,
онда сөздің алдына ап
[эп] деген артикль қойылады.
Мысалы: an apple алма, an old man шал, карт адам.
Белгілі артикль the
Егер де сөз дауыссыз дыбыстан басталса, онда белгілі артикль
the [бэ] болып айтылады.
Мысалы: The table [ бэ teibl]
The book [бэ buk]
Егер де
сез дауысты дыбыстан басталса, онда белгілі артикль
the [бі:] болып айтылады.
Мысалы: The apple [бі: aepl], the old man [5i: ould тэеп]
Артикльдің орны.
Артикль зат есімнің алдында тирады. Егер де зат есімнің
алдында
аиықтама сөз тұрса, онда артикль сол сөздің
алдында
тұрады.
Мысалы: I am writing a letter.
Мен хат жазып отырмын.
I am writing a business letter.
Мен іскер хат жазып отырмын.
Артикль a (an) what деген сөздерден кейін лепті сөйлемде
қолданылады. Мысалы: What an interesting book!
Қандай қызықты кітап!
Артикль a (an) rath er, such,
quite деген сөздерден кейін
қойылады.
Мысалы: It is such an interesting book!
Бұл сондай қызықты кітап!
He is quite an old man.
Ол тіпті қарт адам.
It is rather a difficult question.
Бұл едәуір қиын сұрақ.
Артикль the, all, both деген есімдіктерден кейін қойылады.
Мысалы: All the students of our group attended the meeting.
Біздің топтың барлық студентгері жиналыста болды.
7
Сын есім. (The Adjective)
§9.
Сын есім қандай деген сұраққа жауап береді.
Мысалы: red кызыл, good жақсы, interesting қызықты, Russian орысша.
Өзінің құрылысы бойынша сын есімдер жай (big
үлкен,
small
кішкентай,
short
қысқа)
туынды (cultural
мәдениетті,
hopeless
үмгтсіз,
doubful
күдікті
) жэне күрделі болады (dark-blue
цара-көк,
red-
hot қыздырылган).
Агылшын тілінде сын есімдер жақ түрінде, көпше түрінде,
сеіггеу түрінде өзгермейді.
Мысалы: a young man жас жігіт, a young woman жас әйел, young
people жас
адамдар, with a young man жас жігітпен.
Ш ы райлар (Degrees of Comparison)
Агылшын тілінде сын есімдер екі шырайды кұрайды:
салыстырма шырай (The Comparative Degree) күшейтпелі шырай (The
Superlative Degree).
Сын есімдер жай шырайда заттың сапасын ешбір сөзбен салыстырмай
көрсетеді: Long -ұзын( жай шырай)
Longer -ұзындау (салыстырмалы шырай)
The longest- ең ұзын (күшейтпелі шырай)
Бір буыннан тұратын сын есімдер. Салыстырма шьфайды үстеу,
сын есімнің жай шырай формасына ег [ә], күшейтпелі шырайда est
[ist] жалгау арқылы жасайды. Сын есімнің алдында күшейтпелі
шырайда the деген артикль тирады.
Мысалы: Cold-colder-the coldest
Large-large-the largest
Hot-hotter-the hottest
Екі жэне көп буынды сын есімдердің салыстырма шьфайы more,
Күшейтпелі шырайы most сөздері арқылы жасалады.
Бұл сөздер
more жэне, most сын есімнің алдында тұрады.
Мысалы: Active-more active-the most active
Difficult-more difficult-the most difficult
Агылшын тілінде кейбір сын есімнің шьфайлары ережеге
багынбай жасалады.
Мысалы: good-better-the best
Жақсы-жақсырақ-ең жақсы
Bad-worse-the worst
Жаман-жаманырақ-ең жаман
Little-less-the least.
8
Аз-азырак-ең аз
Much-more-the most
Көп-көбірек-ең көп
Far-farther, further-the farthest, the furthest
Алыс, қашығырақ, тым қашық, ең қашық
Салыстырмалы шырайда Сын есімдерден кейін than деген
шылау қолданылады.
Мысалы: Moscow is larger than Leningrad.
Мәскеу Ленинградтан үлкендеу.
Сөйлемде күшейтпелі шырайдағы сын есімдерден кейін зат есім
демеулікпен жиі кездеседі.
Мысалы: The Volga is the longest river in Europe.
Волга Европадағы ең ұзын өзен.
Достарыңызбен бөлісу: