Мерзімі: 12. 01.2016ж кабинет: 305 уақыты: 18.00
Ата- аналар жиналысының тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі
Мақсаты: Ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Ата анамен сынып жетекшісі үнемі тығыз қарым қатыста болса, біз сапалы, білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Керекті құралдар: Үлестірмелі қима қағаз, плакат, маркер, интерактивті тақта. (слайдтар)
Әдіс-тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ-жауап,
Күн тәртібі
1.«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі» атты коучинг
2. II-Тоқсанның қорытындысы(оқу үлгерімі жайлы, оқу қарқыны жайлы,күнделік тазалығы, қол қоюы, сабаққа кешігіп келмеуі, себепсіз сабақтан қалмауы. Кружоктарға міндетті түрде қалмай қатысуы.
3. Директордың және оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Барысы.
Кезеңдері
|
Мұғалімнің іс -әрекеті
|
Ата- ананың іс әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
Т опқа бөлу
|
Сәлеметсіздерме құрметті ата- аналар мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Біздің кезекті жиналысымызға қош келдіңіздер! Сіздерге осы 2016жылы денсаулық, отбастарыңызға табыс жылы, берекелі де мерекелі жыл болсын, деп тілеймін.
Барысы: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.
1. Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық
2 нұсқа. Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3 нұсқа. Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.
4-нұсқа. Оң және сол беттерімізді тигізіп сәлемдесу.
5-нұсқа. Арқаларымызды тигізіп сәлемдесу.
6- нұсқа. Қолдарымыздан ұстап жоғары көтеріп бір-бір тілек айту.
Топқа бөлу. Фигуралар бойынша топқа бөлінеді.
Алдымен таңдаған фигураларың бойынша мінездемелерін оқиын:
Шаршы – өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді, нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді. Егер де оған тапсырма берсе, ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді.
Шеңбер – адаммен тез тіл табыса алады, көпшіл. Ол басқалармен қарым-қатынас жасап, сөйлесе жүріп өз жұмысын бітіреді. Адамдардың арасындағы жайлылықты ең алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма берсе, ол басқа біреумен ақылдасады.
Сұрақ: Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар? Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)
Алдарыңызда жатқан жапыраққа балаларыңызга ыстық лебіздеріңізді білдіріп, бір бір тілек жазып ілгізу.
Жиналыстың тақырыбын, мақсатын айту.(слайдта)
|
Амандасады
Шеңберге тұрып тренинг жасайды.
Топқа бөлініп, мінездемелерін тыңдайды.
Тілектерін жазып ілу, одан гүл шығады.
|
Кіріспе сөз:
|
Баяндама: Ардақты ата-аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата-ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата-ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар іс-жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. слайдта)
|
Тыңдайды.
|
Видеоролик
|
Оқушылардың мектеп өміріндегі көріністері.
|
|
Топтық жұмыс. Өзекті сұрақ
|
Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
I-топ
II-топ
|
|
Қорытынды:
|
Үздік оқыған оқушылардың ата аналарын марапаттау.
I-тоқсан бойынша оқушылардың мониторингі.
|
|
Рефлексия
|
Ашық күн, (ұнады) Бұлттан шыққанкүн,(жартылай ұнады) Бұлтты күн( ұнамады)
|
Стикерлерін жазып кері байланыс жасайды. .
|
Достарыңызбен бөлісу: |