Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
149
Тасшемен (секреция) - коллоидты немесе кристалл заттармен толтырылған,
концентрлік зонада орналасқан, дӛңгелек немесе бұрыш пішінді жаралым. Тасшемен
таужыныстарының қуыстарын және жолақтарын минералдық заттармен қуыстың шетінен
ортасына қарай толтыру нәтижесінде жаралады.
Жеодалар - кремнезем тобы минералдары (халцедон, кварцпен, опалмен) жолақ
агрегаттары немесе концентрлі зоналармен, сонымен қатар тӛмен температуралы
минералдар: кальцит, цеолиттер, марганец, темір гидроксидтерімен толған.
Тасберіш (конкреция) - шар тәрізді немесе пішінсіз сфералы жаралымдар, кейде ішкі
құрылысы күн сәулесі тәрізді тарамдалып, тасшеменнен айырмашылығы тасберіш
ортадан шетке қарай ӛседі. Тасберіш ӛлшемі мм-ден ондаған см-ге дейін, кейде кӛлденеңі
метрге дейін ӛзгереді. Тасберіш түрінде фосфорит, питрит, марказит кездеседі.
Оолиттер - концентратты зоналы қабықшалы, кейде тарамдалған құрылысты шар
тәрізді жаралым. Коллоидты ерітінділер және гельдер коагуляция нәтижесінде пайда
болады.
Сауысты агрегаттар -жаңа минерал зонасы түзілген минерал заттарына біртіндеп
сауыстану жолымен жаралады. Коллоидты гель есебінде түзіледі. Мұндай агрегаттарға:
бүйрек тәрізді агрегаттар,«шынылы бас», тассүңгі, тасқада, қабықшалар жатады. Бұндай
жаралымдар ӛлшемдері әр түрлі болуы мүмкін [3].
Минералдардың оптикалық қасиеттері. Минералдардың оптикалық қасиеттері
минерал бетінде жарық сәулесінің шағылуынан, минералдарда жұтылуынан байқалады.
Мӛлдірлігі заттардың ӛздері арқылы жарық ӛткізу қабілеті. Ірі кристалдарында
бақылау арқылы, барлық минералдар мӛлдірлік дәрежесі бойынша тӛмендегідей топтарға
бӛлінеді:
1. Мӛлдір (тау хрусталі, исланд шпаты)
2. Жартылай мӛлдір (сфалерит, киноварь)
3. Мӛлдір емес (пирит, магнетит)
Жылтырлығы - минерал бетінен шағылысатын жарық бӛлігі. Жылтырлығы кірікпе
және жарықшақтардан жоғары бетінен шағылысатын минерал сыну кӛрсеткішіне
байланысты. Металша, жартылай металша, бейметалша (алмазша, шыныша, майша,
күңгірт, балауыз, жібекше, інжуше) жылтырлықтар бӛлінеді.
Минералдар түсі - ең айқын кӛрінетін қасиеттері, ол ең бірінші кӛзге түсетін
анықтау белгілері болып табылады. Түстері әр түрлі және химиялық құрамы,
механикалық қоспалары және басқа кӛптеген себептеріне негізделген.
Құбылу - мӛлдір және шала мӛлдір минералдардың жоғары бетінде немесе жіктілік
жазықтығында жарықтың тӛгілуі. Ол кристалдардың ішкі жақтарынан, жіктілік
жазықтығы, басқа минералдардың микроскопиялық жарықтарына негізделген. Лабрадор,
опал (Асылтас), ай тас (калий натрийлі дала шпаттары) минералдарына тән. Құбылу - бұл
түс лабрадор минералында ӛзіне тән әр түсті түс алмасуы калий натрийлі дала
шпаттарында кӛгілдір түсі байқалады.
Құлпырым - мӛлдір емес минералдардың жоғары бетінде әр түсті кемпірқосақ тәрізді
болады. Құлпырым - халькопиритте судың бетіндегі тӛгілген бензин түсі тәрізді жұқа
қабықшалар тән.
Түссызығы - бұл минералдардың ұнтағының түсі. Минерал ұнтағын, минерал
сынығын агатты келіде үйкеп немесе зерттеп отырған минералдың үшкір бұрышын
фарфор сынығы (бисквит) бетінің күңгірт әйнексіз жағына сызып тексереді.
Минералдардың механикалық қасиеттері минералдағы құрылым бірлігі арасындағы
химиялық байланыс тӛзімділігінің сыртқы кӛрінісімен және оларға механикалық әсер
еткенде байқалады.
Жіктілігі - минералдардың белгілі бір кристаллографиялық бағытпен жарылу
немесе ажырағыш қабілеті. Бұл қасиет минералдың ішкі құрылысымен байланысты.
Жіктіліктің келесі түрлері бар:
- аса жетілген (мусковит, гипс)
150 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
- жетілген (галенит, кальцит, флюорит)
- орташа (мүйіз алдамышы)
- жетілмеген (апатит, берилл)
- аса жетілмеген яғни жіктілігі жоқ (кварц, опал)
Минералдардың жарылуы, бӛлінуі және қабыршақтануы бетінде жарылып
омырылуы омырылым деп аталады.
Минералдардың қаттылығы - минералдарды сызғанда не қысым түскенде қарсы
тұру қабілеті.
Морттылық - балғамен соққанда немесе ӛткір пышақпен морт бетін сызғанда
минералдың шытынап уатылу қасиеті. Кӛптеген минералдар морт болып келеді.
Майырылғыш - минералды балғамен соққанда жұқа пластиналардың оңай
жалпайғыштығы. Морт минералдарға сомтума металдар: алтын, мыс, күміс, халькзин
жатады.
Иілгіш - деформацияланған күш әсерінен минералдардың ӛз пішінін ӛзгертуі
деформацияланбаған жағдайы күшейткіш алынып ӛзінің алғашқы орнына қайтып келеді.
Серпімді минералға мусковит жатады.
Ерекше
қасиеттері.
Минералдардың
меншікті
салмағы
(тығыздығы)
минералдардың химиялық құрамына әсер ететін қасиет.
Магниттілік қасиет - минералдардың магнитті қабылдауына және ӛткізуімен
сипатталады. Магниттілікті зерттеу үшін еркін айналатын магнит тілімен минералды
тексереді. Егер минерал магнит тілін қозғалтса, онда ол минерал магнитті қасиеті бар
(магнетит, пирротин). Бұл зерттеумен магнитті қабылдауы, магнитті ӛткізгіш, электрлік
қасиеті анықталмайды.
Электрлік қасиеті - минералдардың кӛпшілігі электр ӛткізгіш және жоғары
меншікті кедергіге ие болады. Олар кристаллографиялық бағыттарға, температура және
құрамы кӛбінесе қоспаларына тәуелді болады.
Дәмі және иісі. Дәмін және иісін сезу органдары кӛмегімен анықтайды. Кейбір
минералдардың белгілі бір дәмі болады. Мысалы, галиттің дәмі тұзды, сильвин ӛте тұзды.
Ал, басқа минералдар сындырғанда белгілі дәмі шығады. Мысалы, арсенопирит сарымсақ
иісін береді.
Минералдардың ерігіштігі - минералдың ерітіндімен не таза сумен әрекеттесу
процесі. Ерігіштігі минералдарды анықтағанда үлкен мәнге ие. Мысалы, кварц суда аз
ериді, ал галит және сильвин тез ерігіш. Суда ерігіштігі минералдағы майлы жылтырлығы
кӛрінуімен анықталады. Серпімді, иілгіш сияқты қасиеттер лабораториялық жағдайларда
анықталмайды.
Минералдардың ыдырауы. Кӛптеген минералдар қышқылмен ыдырайды және
олармен ерітіндіге ауысады. Минералдарды анықтау үшін тұз және азот қышқылы сирек
күкірт қышқылы қолданылады. Минералдың ыдырауы пипетка және әртүрлі қышқыл
кӛмегімен анықталады, пипеткамен қышқыл тамшысын зерттеп отырған минерал не
ұнтағына тамызып кӛреміз. Тамшының минералға әсерлесу реакциясын байқаймыз.
Минерал қышқылмен газ бӛлініп қайнайды, мысалы; кальцит минералы тұз қышқылымен
реакцияға түскенде қайнайды [4].
Минерал қаттылығын анықтау. Салыстырмалы түрде қаттылықты анықтау үшін
Моос шкаласы қолданылады, яғни, әрбір минерал ӛзінен бұрынғы минералдан қатты
болады (1-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: |