Ф. 7–006-02 ¬аза¬стан республикасы бiлiм және ғылым министрiлiгi



жүктеу 0,71 Mb.
бет2/2
Дата21.12.2017
өлшемі0,71 Mb.
#5075
1   2

1.3. Инфляцияның түрлері

Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан болады. Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) концепция ретінде «сұраным инфляциясы және шығын инфляциясы» анықталады. Бұл концепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері қарастырылады.

«Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы қалыптастырады. «Шығындар инфляциясы» өндіріс шығындарының өсуінен туындаған бағалардың жаппай өсуін білдіреді. Өндіріс шығындарының өсуі монополиялық немесе олигополиялық бағалардың қалыптасуынан, мемлекеттің қаржы саясатынан, шикізат пен энергия ресурстарына бағаның өсуінен және басқа себептерден болады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Бағалардың жаппай өсуі табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өндіріс шығындарын арттырады, яғни инфляцияның одан да жоғары көтерілуіне себеп болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әртүрлі салалары үшін бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды. Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбекақының өсуі

табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.

Шет ел мамандары инфляцияның өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі: а) баяу немесе сұлама инфляция;

б) қарқынды инфляция;

в) ұшқыр немесе гиперинфляция.

Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де (жылына 10-20%-тен аз) ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте төтенше жағдайда тап болмайды. Нарықтық экономикада инфляция 2-3% деңгейінде қалыпты құбылыс деп есептеледі. Мысалы, 1992жылы инфляция Францияда- 2,7%, Германия мен АҚШ-та- 3,8% құрады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20%-тен 200-300%-ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп, ал бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен (500-1000%-тен жоғары) өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның таңқаларлық мысалын келтіреді. Инфляция 1985жылы Боливияда- 3400%, 1990жылы Аргентинада- 2000% құрады.

Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы деп бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын-оқтын төмендеуімен немесе оның өсуінің баяулауымен сыйыса береді. Ал ол ашық инфляцияның нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдіре алмайтынын көрсетеді.

Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ал тауар тапшылығында өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді. Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдау нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.




Сызба 3. Инфляциялық шиыршық

Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді. Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады.

Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Ағымдағы жылдық инфляция деңгейі төмендегі формуламен анықталады:

Раө

U=--------------- × 100%

Рө

Мұндағы U- инфляция деңгейі;

Ра- ағымдағы мерзім бағасы;

Рө- өткен мерзімдегі баға.
Инфляция деңгейі, әдетте бір жылға есептеп шығарылады. Тіпті егер ол бір ай үшін есептелсе де, онда алынған шаманы жылма- жылдық деңгейге дейін жеткізу керек. Мысалы, 1994жылдың қаңтар айында инфляция деңгейі 105,8% құрады делік, осы шаманы 12-ге көбейітсек, онда бір жыл ішіндегі инфляция деңгейінің 1269,6% құрайтынын көреміз. Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент ставкасы да өседі. Нарықта тепе-теңдік сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі. Сонымен, инфляция тосылған және тосын болып екіге бөлінеді. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады немесе оны үкімет арнайы мақсатпен жоспарлайды. Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады.

Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтынылатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырады, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді. (Сызба 3).




2. Қазіргі кезеңдегі инфляцияның экономикаға Әлеуметтік-экономикалық аспектілері арқылы Әсер етуін талдау
2.1 Инфляцияның экономикаға және саясатқа тигізетін әсерін талдау

Инфляцияның философиясы мынада: бірте-бірте теңдеуіне байланысты экономиканы уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі жасайтын факторға айналады. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша- несие, қаржы және валюта механизмі бүлінеді, елде әлеуметтік- экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық экономикалық қарым-қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салаларына салуды ынталандырады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканың дамуын жеделдетеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал дамушы мемлекеттерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады. Дамушы елдерді инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.

Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері жатады, оларда 80жылдардың аяғы-90жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогы мен үнемі индекстеу механизмінің қолданылуы байқалып, ол сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде ұлттық валютаның курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1990ж. ақшаның құнсыздануы 8500 процентке, Перуде- 8291,5 процентке жетті.

Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили елдері кіреді, оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға (несиені ұлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция сақталып, бірен-саран индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.

Үшінші топқа жататын елдер- Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Біріккен Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн- жеткілікті деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы инфляция (1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқаруда, жұмыссыздық бірқалыпты деңгейде жүруде.

Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлемін теңгерілген бұрынғы социалистік мемлекеттер кіреді. ( ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және т.б.). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы бөлу жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады. Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нысаны- ақша айналымы жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншілігінің кенет төмендеуі және ақша айналысынан ұсақ монеталар түгілі бірте-бірте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуі мемлекет ішінде доллардың немесе басқа шетел валютасының қолданылуына жол ашады. Бұл процесс инфляцияның одан әрі қарқындануына және елден капиталдың «жетілуіне» соқтырады.

Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды. Қарқынды инфляция шаруашылық тәртіпті бұзады, ірі корпорацияларға да, кіші бизнеске де айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Қарқынды инфляция кезінде конъюнктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықты болжау мүмкін емес болғандықтан бизнесте тәуекелдік (риск) жоғарылайды, іскерлік әрекеттер күрт қысқарады. Инфляция тиімді макроэкономикалық саясат жүргізуге де кедергі жасайды. Оған қоса бағалардың әртүрлі өсуі экономикадағы салааралық сәйкессіздіктерді (диспропорцияларды) ұлғайтады, тұтынушылық сұраным құрылымын бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін- нарықтың объективті өлшем құралы болу қызметін дұрыс атқармайды.

Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша- несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді. Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономикада «Танзи- Оливер әсері» деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді ХХ ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.

Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ал ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады.

Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемлекеттік- монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты. КСРО-ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген үзілді-кесілді тұжырымдар айтылды.

Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық ғылымда бұл құбылыс Филипс қисық сызығы деп аталады. Бұл Филипс қисық сызығы график түрінде былай көрінеді: (4-сызба).



Филипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздықпен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Мұндай қисық сызық нысаны, жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді. Және керісінше, жұмыссыздықтың азайуы жиынтық сұранымды арттырды, бағаның өсуін итермелейді.



Сызба 4. Филлипс қисығы ( инфляция мен жұмыссыздықтың байланысы)
Батыс елдерінде жұмыссыздық деңгейімен инфляция деңгейінің арасындағы өзара байланысты талдау негізінде жиынтық сұранымды реттеудің экономикалық саясатымен оларды азайтудың шаралар жүйесі жасалып шығарылды. Швед экономист-ғалымдары Еста Ген (1913ж. туған) және Рудольф Мейднер (1914ж. туған) 50-жылы жұмыссыздыққа қарсы әрекет етумен инфляцияны ұстаудың экономикалық моделін ұсынды. Ол тарихта «Ген- Мейднер моделі» деген атпен белгілі. Бірақ филипс қисық сызығындағы қалыптасқан экономикалық байланыстар жағдайында барынша көп еңбекпен қамтуға қол жеткізу инфляциясыз мүмкін емес.

ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырады, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі Х1Х ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.

Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемлекеттік- монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты. КСРО-ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген үзілді-кесілді тұжырымдар айтылды.

Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы- шаруашылықты басқарудың жоспарлы-болу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды- ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шеккізді. Әсіресе:



  • ұлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізуде;

  • құрал- жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;

  • мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;

  • мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысында;

  • несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.

Қазіргі инфляцияның бар көрінісі- тауар тапшылығы, біздің экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда, оның түпкі себептері:

біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық құрылымдарды жоя бастауы;

екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан өндірістік құрал-жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан, тұтыну құралдары өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамыды. Ол салалар ауыл шаруашылығы, тамақ, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша, барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928ж- 39,5%, 1940ж- 61%, 1960ж- 72,5% болды;

үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысының жартысынан жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол- 15-25 процент болды;

төртіншіден, бұрынғы КСРО-да ұлттық жиынтық өнімнің (ҰЖӨ-нің) 25-30% ғана тұтыну қорын құраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент болды. Жалақыда өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 1/3 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігі болды.
2.2. Қазақстандағы инфляцияның қалыптасуына экономикалық талдау жасау

Сөйтіп, біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы болғандықтан) инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Қазақстанда 1992 жылдан бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсуіне әсер етті. Кейбір тауарлар түріне бағалар бұрынғы күйінде қалды. Мысалға, нан өнімдері, сабын, пәтер ақылар және т.б. бағалар өзгеріссіз қалды, себебі оларды мемлекет қолдап отырды. 1992жылы бағаны босатудың салдарынан тұтынушылық бағалар 30,6 есе өсті.

Негізгі тауарлар мен қызметтерге бағаларды ұстап қалу халықтың жағдайын жеңілдетпеді. Керісінше, осы мақсатқа жұмсалған мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттар шағын және орта бизнестің құрылуы мен дамуына жұмылдырылғанда оңды болар еді. Сондай-ақ бұрынғы СССР кезінде 80 жылдардың соңында біздің республикамызда кооперативтік қозғалыс белсенді дами бастап еді, алайда мемлекеттік қолдау болмағандықтан 1990жылы тарап кетті. Сол кезде кооперативтер сатып алушылардың сұранысына әсер ете отырып, мемлекеттің экономикасын қажетті тауарлармен қамтамасыз етіп отырған. Сондай-ақ кооперативтер келесідей мәселелерді шешті:


  • халықты еңбекпен қамту;

  • халықтың табысын арттыру;

  • көп түрлі өндірілген отандық тауарлармен ішкі рынокты толтыру.

Егер өз уақытында осы бағытта өкіметтің материалдық құралдары жұмылдырылғанда, Қазақстан халқы көп жағынан ұтатын еді. Сонда да кәсіпкердің орта тобы өздері шығарған тауарлардың сапасы шетелдік тауарлармен бәсекеге түсе алатындығын дәлелдеді. Кооперативтер шығарған тауарлардың бағасы шетелден әкелінген тауар бағасынан әлдеқайда төмен болды. Реттелетін бағалардың тізімі 1993-1994ж.ж. ақырындап қысқара бастағанын атап өткен жөн, бірақ уақыт жоқ болған еді. Ұлттық статистика агенттігінің мәліметі бойынша 1993жылы тұтыну бағалар индексі (ТБИ) 2265% құраса, 1994жылы ол 1258,3% төмендеді. Экономикадағы мұндай жағдай гиперинфляция деп аталады. Мұнда бағалардың өсуі жылына 100%-тен асады. Халықаралық валюта қоры баға айына 50%-ке өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыр инфляция (супер инфляция) деп аталады.

1995жылы өндірістік тауарларға бағалар 40%-ке өсіп, 1994жылы 20 есе өсуден гөрі бірқалыпта болды. Жылдық тұтыну бағалар индексі 160,3%-ты құраса, шығарылған өндірістік тауарлар бағаларының индексі 140,2% болды. Экономикалық жағдайларының деңгейін теңестіру негізінде Қазақстан үкіметі 1995жылы кәсіпорындарды шетелдік басқаруға беру туралы жаңа орта мерзімдік бағдарлама қабылдады. Содан 1995-1996 жылдары барлығы 50-ден астам компаниялар мен фирмалар шетелдік басқаруға берілді. Олардың ішінде:



  • түсті және қара металлургия;

  • тау-кен және мұнай-химиялық салалар өндірісі бар.

Осы процесс инвестициялық әрекетті көтерді, еңбек ақыны төлеу қарызын төмендетті, жұмыспен қамту және халықтың табысын өсірді. 1995жылы инфляциялық деңгейі айына 13-15% төмендеуіне Қазақстан Республикасы үкіметінің макроэкономикалық тұрақтандыру саясаты ықпалын тигізді. Бұл механизм ақша массасын тұрақты деңгейінде ұстап тұру есебінен қамтамасыз етілді. Елдегі жүргізілген ақша- несие саясатын қарастырып өтейік. 1992-1993 жылдары ақша массасы алдағы жылдармен салыстырғанда 6 және 6,8 есе сәйкесінше өсті.

Тұтыну тауарлардың тапшылығы және ақшаны көптеп шығару бағаның күрт өсуіне әкелді. Қазақстан үшін жоғары инфляция кезінде қатал ақша- несие саясатын жүргізу қажет еді. Оның нәтижесі ретінде ақша агрегатының өсу қарқынын және инфляцияға әсер ететін факторларды азайту болар еді. Ақша айналым динамикасының өсу жылдары 1994 жылы 7,6-дан 1998 жылы қыркүйегінде 12,4-ке өсті (8,8 1995жылы, 1996жылы 10,5 , 1997жылы 9,8).

Қорланған ақша көлемінің өсуіне әсер ететін факторлар (% есебінде, жылдар бойынша).

1993 жылы қарашаның соңынан 1998 жылы қыркүйектің аяғына номиналды ақша массасы 24,4есеге өссе, қолма-қол ақша 55,3 , ал қолма-қолсыз ақша 16,3есеге өсті. Осындай өндірістің салдарынан ақша айналымының құрылымы төмендеді. Егер 1993 жылы қарашада қолма-қолсыз ақша үлесі 70,3 болса, 1998 жылы қыркүйекте 53,1% қана құрады.

1996 жылы және 1997 жылы инфляция деңгейі сәйкесінше 28,7 және 11,2 процентті құрады. 1998 жылы 10 ай ішінде 1,6% болды. Ұлттық валютаның енгізілуімен бастап және 1994 жылдың бірінші жартысында нақты проценттік қойылым оң болды, осы кезде инфляция деңгейінің түсуіне байланысты проценттік қойылымының номиналды деңгейінің төмендеуі байқалды. Ұлттық банк пен Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі бірігіп жасаған саясаты бюджет дефицитін қаржыландыру есебімен ішкі және сыртқы қарызды жабуға бағытталады. Ұлттық банктің бюджет дефицитін несиелеу арқылы қаржыландыруы 1994 жылы 42,5% және 1995 жылы 54,7%-тан 1996 жылы 12,1%-ке және 1997 жылы 4,3%-ке дейін төмендеді. 1998 жылдан бастап ұлттық банк бюджет дефицитін тікелей қаржыландыруды тоқтатты. 1996 жылы тұтыну бағалардың индексі Қазақстанда 1,4есеге өсті. Белоруссияда- 1,5есеге, Украина мен Тәжікістанда- 1,8 және 3,7есеге өскен. Алайда, Қазақстандық кәсіпорынның қаржылық жағдайы қиын болды. Мысалы, 1996 жылы қараша айында шығынға батқан кәсіпорынның саны 4264-ке немесе 50,3%-ке жетті. Олардың жалпы қарыз көлемі 34млрд. тенге құрады. Содан кейін 1996 жылы Қазақстан үкіметі 200млн. доллар көлеміндегі евроноталарды әлемдік рынок капиталына айналысқа шығарды. Осындай бағалы қағаздардың шығарылуы мемлекеттік бюджеттің шығындарын жабуға және инфляцияны төмендетуге үлкен ықпалын тигізді.

1997жылы инфляция деңгейіне халықтың ақылы қызметінің тарифіне баға индексі 138,8% құрады. 1998жылдың 10 айында инфляция 1,6%-ке теңелді, халықтың ақылы қызметіне тариф 9,3%-ке өсті. 1998 жылдың басынан бастап айналымдағы ақша массасының көлемі азайды (9 ай ішінде 17%-ке төмендеген). Сонымен, Республикадағы инфляция ұлттық экономикалық дамуына кері әсерін тигізді. Олардың ішінде:



  • ішкі өндірістің құлдырауы;

  • жұмыссыздық деңгейінің өсуі;

  • халықтың табыстарының азаюы;

  • кәсіпорынның инвестициялық әрекетінің әлсіз белсенділігі;

  • тауарлардың бәсекеге түсе алмауы байқалды.

Өткен 2002 жылы Қазақстанда инфляция 6,6% құрады. Ал 2000 жылы- 9,8%, 2001 жылы- 6,4%-ті құрады. Көп жылдардан бері инфляцияның факторларының бірі болып азық-түлік тауарларына бағаның өсуі болып отыр. Соңғы 1жылдың ішінде азық-түлік тауарлары 7,1%-ке, азық-түлік емес тауарлар 6,3%-ке, ақылы қызметтер 5,8%-ке қымбаттады. Өткен жылы, яғни 2002 жылы инфляцияның деңгейі бұрынғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Егер 2000жылы азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының арасында бағаның өсу деңгейі 6,7 проценттік пункті құраса, 2001 жылы 4,3 пункт, 2002 жылы 0,8 пункты құрады. Бұл көрсеткіш бірте-бірте инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді.

Тұтыну бағаларының өсуінде маңызды орынды күріш, қант, бензин т.б. азық-түліктер алды. 2002 жылдың бірінші және соңғы айларында ауа-райының қолайсыздығына, өндірілуіне және нарыққа шығарылған көлеміне қарай көкөністердің бағасы өсті. Толық 2002 жылдың ішінде олардың бағасы 36,1%-ке өсті. Сәуір мен маусым айларында инфляцияның негізгі факторы болып бензинге бағаның бірден өсуі табылды. Оның бағасы мамырда- 31,6%, маусымда- 11,2% болды. Сонымен қатар еттің бағасы 1 жылдың ішінде 8,3%-ке, нан өнімдері 21,7%-ке өсті. Сүт өнімдері мен жұмыртқа 1 жылдың ішінде 0,8%, май- 4,7%-ке өсті. Сонымен қатар 2002 жылы ақылы қызметтердің де бағасы өсті. Олардың ішінде әсіресе тұрғын үй- коммуникация шаруашылығы лидерлікті ұстады. Жылдың ішінде судың бағасы- 10,8%, энергияның бағасы- 7,9% өсті. Соңғы 2 жылдың ішінде газдың бағасы 6% болды. Азық-түлік тауарларына бағалар индексі үстіміздегі жылдың қыркүйегінде 100% қалыптасты. Бағаның өсуі ұнға- 2,2%, бидай нанына- 1,3%, жармаларға- 0,8% байқалды. Баға деңгейі ет өнімдеріне 0,4%-ға өсті, жылқы еті- 1,0%, шошқа еті- 0,8%-ға, сиыр еті- 0,6%, құс еті- 0,1%, ал қой еті- 0,2% төмендеді. Баға жұмыртқаға- 8,1%-ға, сүт өнімдеріне- 2,1%-ға, (сүт- 3,4%, қаймақ- 2,1%, сүзбе- 1,5%, айран- 1,3%), тоң майға- 1,8%-ға өсті.

2004 жылдың қыркүйегінде бағаның маусымдық төмендеуі көкөністерге 5,7% байқалды. Бір ай ішінде сәбіз- 12%-ға, қызылша- 10%-ға, картоп, қызанақ, пияз- 9%-ға, қырыққабат- 6%-ға, алма-5%-ға арзандады. Қанттың бағасы- 2,8%-ға төмендеді. Азық-түлік емес тауарлары 1,0%-ға қымбаттады. Бағаның ең көп өсуі бензинге- 7,7% тіркелді. Автокөлік құралдарының бағасы- 0,8%-ға, ыдыс-аяқ, тұрмыстық тоқыма бұйымдары мен баспа басылымдарының бағасы- 0,6%-дан, киім және жеке гигиена тауарларының бағасы- 0,5%-дан, аяқкиім, маталар және кеңсе тауарларының бағасы- 0,4%-дан, тұрмыстық құрал-жабдықтар және жуу құралдарының бағасы- 0,2%-дан өсті. Ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 0,6%-ға өсті. Білім беру мекемелерінің көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу 4,6%-ға, мәдениет және көлік қызметтеріне- 0,9%-дан, қонақ үйлердің қызметтеріне- 0,5%-ға, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтеріне- 0,4%-ға, тұрғын үй-коммуналдық саланың қызметтеріне ақы төлеу- 0,1%-ға өсті. Байланыс қызметтеріне тарифтер индексі 100% құрады.

Көптеген өңірлерде инфляция 0,1-0,7% құрады. Тауарларға және қызметтерге бағалар мен тарифтердің ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында- 1,3% (азық-түлік тауарлары 1,8%-ға, азық-түлік емес тауарлары- 1,6%-ға қымбаттады), ал төмендеуі – Қостанай облысында 0,1% (азық-түлік тауарларының бағасы 0,9%-ға төмендеді) байқалды. Тоғыз облыста азық-түлік тауарлары 0,1-0,9% арзандады, ал жеті облыста- 0,1-1,8%-ға қымбаттады. Азық-түлік емес тауарларына бағаның өсуі өңірлердің жартысынан көбінде олардың орташа республикалық өсуінен- 0,2-0,9 пайыздық пунктке асты, ал үштен бірінде- онымен бірдей немесе 0,2-1,6 пайыздық пунктке төмен болды. Баға ақылы қызметтерге он бір облыста- 0,1-0,6%-ға, төрт облыста- 0,9-1,4%-ға өсті, ал бір облыста- 1,1%-ға төмендеді.

2005 жылдың желтоқсанында тұтыну бағаларының индексі 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 107,5% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 8,1%, азық-түлік емес тауарлар – 5,9%, ақылы қызметтер – 8,0% өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіретін кәсіпорындар бағасы 2005 жылдың желтоқсанында 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20,3% артты.

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқа 7,8%-ға, күріш – 3,9%-ға, сүт өнімдері – 1,5%-ға, ет және құс – 1,1%-ға қымбаттады. Жемістер мен көкөністердің бағасы – 2,8%-ға, қанттың бағасы – 0,3%-ға, ұнның бағасы – 0,1%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында киім мен аяқкиімнің бағасы 0,4%-ға, үй тұрмысындағы заттардың бағасы – 0,3%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы – 0,2%-ға өсті. Бензин 8,6%-ға, дизель отыны – 4,5%-ға қымбаттады.
2005 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,8% құрады

1-Кесте

пайызбен, өсуі +, кемуі -



 

2005 жылдың қыркүйегі

2005 жылдың қаңтар- қыркүйегі 2004 жылдың қаңтар- қыркүйегіне

2005 жылдың тамызына

2004 жылдың желтоқсанына

2004 жылдың қыркүйегіне

Барлық тауарлар мен қызметтер

0,8

5,0

7,9

7,5

Азық-түлік тауарлары

0,4

4,8

8,2

8,1

Азық-түлік емес тауарлар

1,0

4,0

6,0

6,4

Ақылы қызметтер

1,3

6,2

9,3

7,6

Білім беру мекемелерінің қызметтеріне ақы төлеу 10,4%-ға өсті. Баллондарда сатылатын сұйытылған газдың бағасы 3,8%-ға өсті. Мәдениет қызметтеріне ақы төлеу 0,8%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеу – 0,7%-ға, жолаушылар көлігі қызметтеріне ақы төлеу – 0,3%-ға қымбаттады.

2005 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,6% құрады

2-Кесте

пайызбен, өсуі +, кемуі -



 

2005 жылдың қарашасы

2005 жылдың қаңтар-қарашасы 2004 жылдың қаңтар-қарашасына

2005 жылдың қазанына

2004 жылдың желтоқсанына

2004 жылдың қарашасына

Барлық тауарлар мен қызметтер

0,6

6,6

7,5

7,6

Азық-түлік тауарлары

1,3

6,8

8,0

8,1

Азық-түлік емес тауарлар

-0,6

5,2

5,5

6,3

Ақылы қызметтер

0,4

7,6

8,4

7,8

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқа 9,9%-ға, сүт өнімдері – 4,1%-ға, жемістер мен көкөністер - 3,4%-ға, күріш – 2,7%-ға, ет және ет өнімдері – 0,7-ға қымбаттады.

Азық-түлік емес тауарлар тобында киім және аяқкиімнің бағасы 1,3%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы – 0,6%-ға, үй тұрмысындағы заттардың бағасы – 0,5%-ға өсті. Бензин 16%-ға, дизель отыны – 11,6%-ға арзандады.

Жолаушылар көлігі қызметтеріне ақы төлеу 1,1%-ға, білім беру мекемелерінің қызметтеріне ақы төлеу – 0,7%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеу – 0,5%-ға, мәдениет қызметтеріне ақы төлеу – 0,3%-ға өсті.

2006 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады

3-Кесте

пайызбен,өсуі +, кемуі -



 

2006 жылдың қаңтары

2005 жылдың желтоқсанына

2005 жылдың қаңтарына

Барлық тауарлар мен қызметтер

0,9

7,7

Азық-түлік тауарлары

1,3

8,5

Азық-түлік емес тауарлары

0,4

6,3

Ақылы қызметтер

0,7

7,7

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жемістер мен көкөністер - 5,8%-ға, қант – 3%-ға, жұмыртқа – 1,9%-ға, сүт және сүт өнімдері – 1,8%-ға қымбаттады. Балық және теніз өнімдерінің бағасы 0,8%-ға, нан және жарма өнімдерінің бағасы - 0,4%-ға, ет және ет өнімдерінің бағасы – 0,2%-ға өсті.

Азық-түлік емес тауарлар ішінде киім және аяқкиімнің бағасы 0,8%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы – 0,7%-ға, үй тұрмысындағы заттардың бағасы – 0,5%-ға өсті. Бензин 1,2%-ға арзандады.

Байланыс қызметтеріне ақы төлеу 2,9%-ға, жолаушылар көлігі қызметтеріне ақы төлеу 2,2%-ға, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеу – 1,4%-ға, мейрамханалар мен қонақ үй қызметтеріне ақы төлеу – 0,7%-ға өсті.

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда қант 19,7%-ға, жемістер мен көкөністер - 7,8%-ға қымбаттады. Сүт пен сүт өнімдері бағасының өсімі – 1,2%, балық және теңіз өнімдері – 1,1%, ет және ет өнімдері – 0,8%, нан өнімдері мен жарма өнімдері – 0,7% құрады. Жұмыртқа бағасы 1,1%-ға төмендеді.


2006 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 1,5% құрады

4-Кесте


пайызбен, өсуі +, кемуі -

 

2006 жылдың ақпаны

2006 жылдың қаңтар-
ақпаны 2005 жылдың қаңтар-ақпанына

2006 жылдың қаңтарына

2005 жылдың желтоқсанына

2005 жылдың ақпанына

Барлық тауарлар мен қызметтер

1,5

2,4

8,7

8,2

Азық-түлік тауарлары

2,4

3,7

10,1

9,3

Азық-түлік емес тауарлар

0,4

0,8

6,6

6,5

Ақылы қызметтер

1,1

1,8

8,5

8,1

Азық-түлік емес тауарлар арасынан киім мен аяқкиімнің бағасы 0,6%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы – 0,5%-ға, үй тұрмысында пайдаланылатын заттардың бағасы – 0,4%-ға өсті. Бензин 1,1%-ға арзандады.

Жолаушылар көлігіндегі жол ақысы 4,7%-ға өсті. Тұрғын-үй коммуналдық саласы қызметтерінің бағасы 0,6%-ға, денсаулық сақтау қызметтерінің бағасы – 1%-ға, мәдениет қызметтерінің бағасы – 1,1%-ға, мейрамханалар мен қонақ үй қызметтерінің бағасы – 1,4%-ға өсті.


2006 жылдың наурызында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,8% құрады
5-Кесте

пайызбен, өсуі +, кемуі -



 

2006 жылдың наурызы

2006 жылдың қаңтар-наурызы
2005 жылдың қаңтар-наурызына

2006 жылдың ақпанына

2005 жылдың желтоқсанына

2005 жылдың наурызына

Барлық тауарлар мен қызметтер

0,8

3,2

8,9

8,4










(5-кесте жалғасы)

Азық-түлік тауарлары

0,9

4,6

10,2

9,6

Азық-түлік емес тауарлар

0,5

1,2

6,8

6,6

Ақылы қызметтер

0,9

2,7

8,9

8,4

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда көкөністер мен жемістер - 4,8%-ға қант 3,9%-ға, балық және теңіз өнімдері – 0,5%-ға қымбаттады. Ет және ет өнімдері бағасының өсімі – 0,3%, нан бағасының өсімі – 0,4%, жарма бағасының өсімі – 0,7% құрады. Жұмыртқаның бағасы 4,1%-ға, сүт және сүт өнімдерінің бағасы – 0,3%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар ішінде киім мен аяқкиімнің бағасы 0,7%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы – 0,5%-ға, үй тұрмысында пайдаланылатын заттардың бағасы – 0,4%-ға, бензиннің бағасы – 0,3%-ға өсті.



Жолаушылар көлігіндегі жол ақысы 2,2%-ға, денсаулық сақтау мекемелері қызметтерінің бағасы – 1,2%-ға, мәдениет және тұрғын-үй коммуналдық сала қызметтерінің бағасы – 0,8%-дан, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтерінің бағасы – 0,5%-ға өсті.

ҚР-да инфляция динамикасы.1

Соңғы айларда Қазақстан Республика бойынша инфляция деңгейін келесі диаграммадан көруге болады (1-диаграмма).

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының нақты шеңберінде жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлшегінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.


3. Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері жӘне инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат

3.1 Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының нұсқалары, сұраным және шығындар инфляциясын төмендету шаралары

Инфляцияның өсуі елде экономиканы ырықтандырумен қоса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді. Монетарлық қатаңдық нәтижесінде республикада инфляция ауыздықталды. 1999жылы инфляция 11,7% болды, ал 1994жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді. Айтарлықтай дәрежеде мүмкіндігінше инфляцияны тез ауыздықтау Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша рәсімдеудің шараларын белгілеумен байланысты болды. Республикамыз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мынадай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа Заң, «Бюджеттік жүйе және басқалар туралы» Заң.

Үкімет «Стратегия -2030» сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылып отыр.

Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:



  • ақшалай-несиелік және бюджеттік саясатты қаталдандырады;

  • ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін қаржылық механизмді дамытады;

  • жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады;

  • бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландыруға құнсызданбайтын көздерді пайдаланады;

  • мемлекеттік құнды қағаздардың айналым мерзімін ұзартады және т.б.

Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиятын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді. Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады. Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар:

  1. жаңа ақша жүйесін құру- ол алғашқы металл ақша жүйесін құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде, яғни отаршылық жүйе құлап, оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер пайда болғанда және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдері құрылғанда бұл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән жаңа ақша жүйесі пайда болды;

  2. ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемін енгізу, баға масштабы ақша түрлерін және т.с.с. өзгерту. Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген мемлекеттер ақша айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді қолданады: нуллификация, реставрация (ревальвация), девальвация және деноминация.

Нулификация- ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгізу әдісі. Мысалы, 20-жылдары Германияда соғыстан кейінгі ұшқыр инфляцияның нәтижесінде рейхсмарка құнсызданып, 1924жылы енгізілген жаңа маркаға 1:1 трлн. ескі рейхсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Сөйтіп құнсызданған ескі марка жойылды.

Реставрация- бұл ақша өлшемінің бұрынғы алтын құрамын қалпына келтіру әдісі. Мысалы, Англияда Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1925-1928 жылдардағы ақша реформасы кезінде фунт стерлингтің алтын құрамы соғысқа дейінгі қалпына келтірілді. Ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін реставрация- ревальвация ретінде доллармен салыстырғанда ұлттық валютаның ресми курсын көтеру арқылы жүргізілді. Содан кейін Халықаралық валюта қоры ақша өлшемінің алтын құрамын тіркеуден өткізді. Мысалы, ГФР үш ревальвация (1961, 1969, 1971 ж.ж.) өткізді, яғни марканың курсы осы он жылдың ішінде үш рет жоғарылады.

Девальвация- ақша өлшемінің алтын құрамын төмендету. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ долларына шаққанда ұлттық валютаның ресми курсында, оның алтын құрамын да төмендету. Долларды екі рет девальвациялау нәтижесінде оның алтын құрамы 1971ж. желтоқсанында 7,89%-ке, ал 1973ж. ақпанында 10%-ке төмендетілді. 1973жылы «өзгермелі» валюта курсын енгізген соң, девальвация Еуропа валюта жүйесінде «реттелетін валюта курсы» топтастығында жүргізілді.

Деноминация- ол «нольдерді сызу» әдісі, яғни баға масштабын ірілендіру. КСРО-да 1961 жылдың 1қаңтарынан бастап баға масштабы 10есе ірілендірілді. 1961жылы шыққан жаңа 1рубль ескі 10рубльге тең алмастырылды. 1988жылы Бразилияда енгізілген жаңа ақша өлшемі нокрузадо бұрынғы құнсызданған 1000 крузадаға эквивалентті болды. 1998жылы Ресейде де рубльге деноминация 1:1000 ескі рубльге арақатынасымен жүргізілді.


3.2. Қазақстандағы инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде белсенді бюджет саясаты жүргізіледі.

  • сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.

Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға: ақша-несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайыз кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүмкін емес. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің ұзақ мерзімдк саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздей тынушылардың сана-сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді. Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс-шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады. Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс-шаралары, нақты айтқанда әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді. Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді, қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктер береді, акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады, көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді. Күнделікті сұранымды қысқарту арқылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады. Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%-ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен қалыптасады. Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтері 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе бермеген. АҚШ тәжірибесі көрсеткендей, табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70-жылдардың соңында табыс пен бағаны тікелей реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің ұсынысы ретінде сақталған болатын. Ал 80-жылдардың басында президент Р. Рейганның әкімшілігі бұл мәселемен айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген.

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.

Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:


  1. бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.

  2. инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.

Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институтционалдық, моральдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десек те олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады. Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискальдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

Инфляцияға қарсы саясат- инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

Дефляциялық саясат- мемлекеттің шығындарын азайту, кредит үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-кредит және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

Кірістер саясаты- бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.

Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін қамтиды:


  1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.

  2. Барлық кредит ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыу.

  3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.

  4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.

Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі. Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:

біріншіден, мемлекеттік бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;

екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында- өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет.

Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс-әрекетінің екінші аспектісі өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне- шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады. Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, эейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршеңдік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.

Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

а) тура әдістермен- шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың үкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

ә) секвестрлеу әдісімен- барлық шығыстарды әр түрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес пропорционалды төмендетумен;

б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен,

в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.

Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әр түрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.

Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін- шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:



  1. жалақыны көбейту;

  2. ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;

  3. шикізат және энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді. Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогі экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып табылады. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ыдырайды. Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді. Сауда-делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, кредитті кедергісіз алумен және кредиттер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға сыйады: шығындардың төмендеуі- бағалардың төмендеуі- өндірістің өсуі еебінен таза табыс көлемінің сақталуы- ұсынымның көбеюі- сұранымның қанағаттандырылуы. Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық-қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады (Сызба 5).

БЕЙІМДЕЛУ САЯСАТЫ





Сызба 5. Инфляцияны басқару

Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте- шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады. Жалақыны реттеу бастапқы деңгейден еңбек өнімділігінің нақтылы артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы операциялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады. Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді. Сөйтіп инфляциямен күрестің негізгі нысандары ақша реформалары және инфляцияға қарсы саясат болып табылады.

Ақша реформасы- ақша айналысын ретке келтіру және нығайту мақсатымен мемлекет жүргізіп отырған ақша жүйесін толықтай немесе ішінара өзгерту. Ақша реформасы елдің экономикалық жағдайына, ақшаның құнсыздану дәрежесіне, мемлекет саясатына қарай түрлі әдістермен (нөлендіру, қалпына келтіру, девальвациялау және деноминациялау) жүзеге асырылады.

Өршімелі инфляция кезінде бірқатар елдер пайдаланған инфляциямен күрестің айрықша нысаны- естен тандыру терапиясы. Оның мәні- нарықтық қатынастарды дамытуды көтермелеуде, еркін бағаларды белгілеуде, бағаларды реттеуден бас тартуда және осылардың нәтижесі ретінде- халықтың тұрмыс дәрежесінің төмендеуінде болады.

Қорытынды


Қорыта айтқанда, қазіргі инфляция сан қилы, көп факторлы күрделі процесс, ал белгілі бір дәрежеде барлық елдерді қамтиды. Инфляцияның жоғары қарқыны елдің, халықтың дамуына көптеген зиян келтіреді.

Біздің экономиканың ерешеліктеріне ұллтық өнім көлемінің, жұмыспен қамту дәрежесінің, баға деңгейінің өзгеруі жатады. Алайда, экономикалық цикл әрқашанда бірдей даму кезеңдерінен тұрады- шың, азаю, өркендеу, жандану. Олардың бір-бірінен айырмашылығы интенсивтік және ұзақтық болып келеді.

Экономистер сұраныс және ұсыныс инфляцияларын айыра біледі. Шығын өсуіне шарттастығы бойынша инфляцияның екі түрі бар:


  1. Жалақы төлемінің көбеюінен пайда болған инфляция;

  2. Ұсыныс механизмінің бұзылуы нәтижесінде пайда болған инфляция.

Инфляция пайда алушыларға, қарыз берушілерге және жинақ- ақша иелеріне зиянын келтіре отырып, пайданы қайта боледі. Инфляцияны болжай отырып, оның негативті салдарын жою үшін, немесе оларды кеміту үшін жекелеген тұлғалар және фирмалар шара қолдануы мүмкін.

Сұраныс инфляциясының концепциясы бойынша, егер экономика өндірістің және жұмыспен қамту салаларын жоғары деңгейге көтермек болса, онда орташа инфляцияның болуы қажет. Алайда, ұсыныс концепциясын қолдаушылардың теориясы бойынша инфляцияның пайда болуы ұлттық өндірістің нақты көлемі мен жұмыспен қамту салаларының кысқартылуына әкеліп соқтырады.



Х1Х ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыс пен қамту, еркін рынок немесе бағаның тұрақтылығы болмағанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде де өндіріс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар үнемі өсіп отырады. Нарықтың экономикадағы қысқа мерзімді инфляция адамдарды баға артқанда өнім шығаруға немесе жұмысшылардың, яғни фирмалардың еңбек өнімділігіне ешбір байланысы жоқ табыстың қайта бөлінуінің орнын алуымен алаңдатады. Сондықтан инфляция адамдардың жиған-тергенін құнсыздандырып, әр елдің өсіп-өркендеуін және ұзақ мерзімді гүлденуін құлдыратып жібереді. Кең мағынада алғнда, инфляцияның салдарынан кәсіпкерлік қызмет пен экономикалық даму артын болжап айтуға болмайтын сипат алып, бұл инфляция немесе ол әлсіз елдерді босаң инвестицияға апарып соғады. Сондықтан үкіметтің тұрақтандыру саясаты экономикалық өсуін көтермелеуге және инфляциялық процестерді ауыздықтауға бағытталуға тиіс.

Қолданылған Әдебиеттер тізімі:

  1. «Инфляция- хроническая болезнь бумажных валют» Журнал: Финансы Казахстана. 1995ж. 13-17б.

  2. Аубакиров.Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы, 1998ж. 152-157б.

  3. Брю.С.Л. «Экономикс» Бишкек, 1998ж. 1том. 78-81б.

  4. Жүнісов.Б.А. «Нарықтық экономиканың негіздері» Ақтөбе, 2002ж. 92-101б.

  5. Иманғозин.О.Қ. «Экономикалық саясат» Алматы,2002ж. 105-110б.

  6. Көшенова.Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Алматы, 2000ж. 75-79б.

  7. «Иффляция-хроническая болень бумажных валют»Журнал: Финансы Казахстана. 1995 ж. 13-17б.

  8. Кривко.Н. « О факторах инфляции в Казахстане» Журнал: Аль-Пари, 2001ж. №1-2. 10б.

  9. Мақыш.С.Б. «Ақша айналысы және несие» Алматы,2004ж. 84-89б.

  10. Мәдешов.Б. «Нарықтық экономика теориясына кіріспе» Алматы,1995ж. 133-138б.

  11. Осипова.Т.М. «Экономикалық теория негіздері» Алматы,2002ж.

  12. Шеденов. « Жалпы экономикалық теория» Алматы,2002ж.

  13. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы» Алматы, 2003 ж.

  14. Управление исследованиями и инноваций. – М.: Наука, 1993 г.

  15. Добрынин А.И. и др. Общая экономическая теория: учеб. Пос. СПб. Питер, 2000 г.

  16. Уткин Э.А. Морозова Г.И. Инновационный менеджмент –М., 2002 г.

  17. Иохин В.Я. Экономическая теория. М., Юрист, 2000 г.

  18. Курс экономической теории. Науч. Ред. А.В.Сидрович. М., 2000г.

  19. Кэмпбелл Р. Макконел, Стенли Л.Брю, Экономикс. Т.2, М.,Республика 1993 г.

  20. Мамыров Қ. т.б. Макроэкономика, Алматы, 2004 ж.

  21. Мэнкью Н.Принципы экономики: Учебник XXI века. СПб., Питер 2000г.

  22. Экономика: Учебник., М., 2002г.

  23. Экономика и бизнес. М., 1993 г.

  24. Инвестиционный процесс на предпрятий Г.А. Маховиков, В.Е. Кантор М.: 2001 г.

  25. Экономическая теория. Под ред. А.И.Добрынина, СПб, Питер, 2002 г.

  26. Организация и финансирование инвестиций. И.В.Сергеев, И.И.Веретенникова, В. Яновский М.: 2002 г.

  27. Д.А.Ендовицкий, Л.С.Коробейников, Е.Ф.Сысоева. Практикум по инвестиционному анализу М.: 2003 г.

  28. Организация и финансирование инвестиций Я.С.Мелкумов М.: 2001 г.

  29. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1993 г.

1 www.stat.kz



жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау