Реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылар дайындаудың мерзімдері тығыздығына назар аудару қажет.
Регламенттің 165-тармағының бірінші абзацында реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды дайындауды Жұмыс тобы әзірлеуші департаменттен Комиссия шешімінің жобасын, ақпараттық-талдамалық анықтама және жария талқылау шеңберіндегі ұсыныстар туралы жиынтық ақпарат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде қамтамасыз ететіні белгіленген.
Сонымен қатар Регламент жобасын дайындау кезінде реттеуші әсерді бағалаудың осы мерзімі бастапқыда осы мерзімнің жинақтаушы департамент қорытындыны дербес дайындау үшін жеткілікті мерзім болып табылатындығына байланысты ұзақтығы күнтізбелік 15 күнге белгіленгенін атап өту қажет.
Кейін Регламент жобасын дайындау барысында Жұмыс тобының реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларды дайындауды жүзеге асыруы, яғни ұжымдық және оның отырыстарын өткізе отырып, жүзеге асыруы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бұл ретте Регламенттің бекітілген редакциясында белгіленген реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыны дайындау мерзімі өзгеріссіз – күнтізбелік 15 күн болып қалды.
Іс жүзінде реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыны дайындаудың ұйымдастырушылық моделін өзгерту РӘБ туралы қорытынды дайындауға қажетті мерзімдерді айтарлықтай ұлғайтатынын ескеру қажет.
Мәселен, Комиссия шешімінің жобасы мен оған материалдар жинағы келіп түскеннен кейін Жұмыс тобының жауапты хатшысы Жұмыс тобының жақын арадағы отырысының күн тәртібіне тиісті мәселені енгізеді. Сонымен қатар Комиссия шешімдерінің әрбір келіп түскен жобасы бойынша Жұмыс тобының жекелеген отырыстарын өткізеді, осыған байланысты бірнеше мәселеден тұратын Жұмыс тобы отырысының күн тәртібін қалыптастыруға уақыт жұмсалады.
Жұмыс тобы отырысының күн тәртібін бекітіп, осындай отырысты өткізу күні мен уақытын белгілегеннен кейін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ақпарат пен материалдарды Жұмыс тобының хатшысы Жұмыс тобының мүшелеріне Жұмыс тобының отырысын өткізетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жіберуі тиіс.
Жұмыс тобының отырысын өткізе отырып, қорытынды дайындау бойынша схема кезінде Комиссия шешімінің тиісті жобасын іс жүзінде жинақтаушы департамент екі рет қарайды:
- бастапқыда Комиссия шешімінің жобасын пысықтау нәтижелері бойынша жинақтаушы департамент Жұмыс тобының басшысына Жұмыс тобының отырысында тиісті мәселелерді талқылауды ұсына отырып, баяндайтын Комиссия шешімінің жобасына ескертулер мен ұсыныстарды қамтитын анықтама дайындайды;
- Жұмыс тобының отырысын өткізгеннен кейін Комиссия шешімінің жобасын қарау нәтижелері отырыс өткізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қойылатын және жинақтаушы департамент дайындайтын реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды жобасын ескере отырып, отырыс хаттамасында жазылады.
Әзірлеуші департаменттердің жинақтаушы департамент пен Жұмыс тобының мүшелеріне демалыс және мереке күндері қарсаңында Комиссия шешімдерінің жобаларын жиі жібереді, бұл Жұмыс тобының отырысында қарау мен оның қорытындылары бойынша реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды дайындауға Комиссия шешімінің жобасын дайындау кезінде мәселені пысықтауға уақытты одан әрі азайта түседі (көп жағдайда мұндай мерзімдер «жаңа жыл каникулдары» және «мамыр мерекелері» кезеңінде азаяды).
Баяндалғанды ескере отырып, Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындылар дайындау жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында жинақтаушы департаментке осы бағыт бойынша жұмысты жандандыруға қажетті қосымша штат бірлігін бөлу туралы мәселені қарау қажет деп санаймыз.
Балама нұсқа ретінде Регламентте белгіленген, РӘБ қорытындыларын дайындау мерзімдерін күнтізбелік 15 күннен 15 жұмыс күніне дейін ұлғайту туралы мәселені қарау ұсынылады.
Реттеуші әсерді бағалауды жүргізу әдіснамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар
2015 жылы Регламентке сәйкес Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау реттеудің негізгі сапалық сипаттамалары бойынша, яғни Комиссия шешімі жобасының әзірлеуші департамент белгілеген, оның болуына байланысты Комиссия шешімінің жобасы дайындалған проблемаға, реттеу мақсаттарына, оған қол жеткізу тетіктеріне, ұсынылатын реттеудің балама нұсқаларына сәйкестігін талдау мәніне жүргізіледі.
Бұдан әрі реттеудің негізгі сапалық сипаттамаларын талдау негізінде РӘБ жүйесінің жұмыс істеуімен қатар пилоттық жобалар жүргізу нәтижелері бойынша сандық өлшемдер бойынша реттеуші әсерді бағалау жүйесін енгізуге кезең-кезеңмен өту мүмкіндігін бағалаудыы орынды деп санаймыз. Сонымен қатар сандық бағалау әдістерінің негізінде Комиссия шешімдері жобаларының РӘБ жүргізу әдіснамасы бойынша тиісті ұсыныстар әзірлеген орынды.
Мұндай тәсіл Комиссия шешімдерінің жобалары қабылданған жағдайда, олардың талаптарын орындау үшін талап етілетін шаруашылық субъектілерінің қосымша әлеуетті шығындарының көлемін нақты айқындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің ұлтүсті реттеуді жүргізуден шығындарының-пайдаларының сандық өлшемдерін бағалау әдіснамасының негізінде РӘБ енгізу үшін Одақтың ақпараттық-талдамалық кіші жүйесінің құралдарын пайдалану мүмкіндігін пысықтау қажет деп санаймыз.
3.2. Кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына Комиссияның қабылданған шешімдерінің нақты әсерін бағалауды жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ұсыныстар
Кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына Комиссияның қабылданған шешімдерінің нақты әсерін бағалауды жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ұсыныстар дайындау туралы мәселені пысықтау ұсынылады.
Бұл ретте осындай пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде реттеуші әсерді бағалау бұрын реттеуші әсерді бағалау жүргізілген жобалар бойынша Комиссияның қабылданған шешімдеріне қатысты жүзеге асырылуы мүмкін тәсілді негізге аламыз.
Осы жұмыс шеңберінде бастапқыда Комиссияның қабылданған шешімдерінің нақты әсерін бағалауды жүргізу әдіснамасы бойынша ұсынысты кезеңдер бойынша дайындау қажет: қабылданған актілерді таңдау, олардың қолданылу практикасын талдау, жүргізілген талдау нәтижелері бойынша тұжырымдар дайындау.
Осындай жобаны іске асыру пилоттық режимде Одақта бизнес жүргізу жағдайларына Комиссия қабылдаған шешімдердің әсері саласында нақты жағдайға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұл ретте аталған жұмыс шеңберінде ұлтүсті реттеу шеңберінде Одаққа мүше барлық мемлекеттердің кәсіпкерлік субъектілері үшін талап белгілейтін Комиссияның қабылданған шешімдерін реттеу мақсатына қол жеткізуді талдау жүргізуге назар аудару қажет. Қорытынды
2015 жылы Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімінің мониторингін жүргізу нәтижелері бойынша мынадай тұжырым жасауға болады.
Біріншіден, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізуге қажетті ұйымдастырушылық-құқықтық негіз, әдістемелік база мен ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылым қалыптастыру толық көлемде аяқталды.
Екіншіден, әзірлеуші департаменттер осындай рәсім жүргізу қажет болып табылатын Комиссия шешімдерінің жобалары бойынша реттеуші әсерді бағалау рәсімін жүргізуді қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, әзірлеуші департаменттер көп жағдайда Регламенттің IX бөлімінде белгіленген Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу рәсімінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Төртіншіден, әзірлеуші департаменттер реттеуші әсерді ағымдағы бағалау кезеңін жүргізу кезінде жалпы Құжат айналысы қағидаларына №5 қосымшаның талаптарын ескере отырып, ақпараттық-талдамалық анықтама мен сауалнама парақтарын сапалы толтырады, сондай-ақ Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылауды жүргізу барысында оларға келіп түскен ескертулер мен ұсыныстардың басым бөлігін ескереді.
Бесіншіден, Жұмыс тобы мен жинақтаушы департамент әзірлеуші департаменттерден келіп түсетін Комиссия шешімдерінің барлық жобаларына реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларды уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді.
Алтыншыдан, әзірлеуші департаменттер реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларда қамтылған Комиссия шешімдерінің жобаларына ескертулер мен ұсыныстардың елеулі бөлігін ескереді. Еуразиялық экономикалық одақ органы шешімінің жобасын қоғамдық талқылау қорытындылары бойынша келіп түскен түсіндірмелер мен ұсыныстар
ЖИЫНТЫҒЫ
Шешім жобасының атауы: Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің«Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есебі туралы» Еуразиялық үкіметаралық кеңесі өкімінің жобасы туралы» шешімінің жобасы.
р/с №
|
Шешім жобасын қоғамдық талқылау шеңберінде келіп түскен түсіндірмелер мен ұсыныстар
|
Шешім жобасын дайындауға жауапты Еуразиялық экономикалық комиссия департаментінің ұстанымы
|
1
|
Карина Маратқызы Ғабитова – «Промышленная группа «Метран» акционерлік қоғамы сыртқы экономикалық қызметті қамтамасыз ету маманы (karina.gabitova@emerson.com):
Іс жүзінде әсерді бағалау жүргізу жоспарының жобасын қалыптастыру қалай жүзеге асырылады?
Осы жоспарға РӘБ рәсімі жүргізілген ЕЭК Алқасының Шешімін енгізу мүмкін бе?
Іс жүзінде әсерді бағалау ненің/қандай көрсеткіштер негізінде жүргізіледі?
|
Есеп жобасының 3-тарауының 3.2 параграфына сәйкес Комиссияның қабылданған шешімдерінің іс жүзіндегі әсерін бағалау жүргізу жоспарының жобасын қалыптастыруды жинақтау департаменті Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің, Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті мемлекеттік органдарының және бизнес-қоғамдастықтарының ұсыныстарын ескере отырып, жүзеге асырады. Бұл ретте, осы жоспардың жобасын Одақтың Интернет-сайтында талқылау ұсынылады.
Иә, мүмкін.
Мәселен, Комиссияның қабылданған шешімінің іс жүзіндегі әсерін бағалау жүргізу кезінде әзірлеуші департамент Комиссия шешімінің тиісті жобасының реттеуші әсерін бағалау жүргізу кезінде ақпараттық-талдамалық анықтамада жазған реттеу мақсаттарына қол жеткізуді талдау жүргізуге назар аудару ұсынылады.
Іс жүзінде әсерді бағалау жүргізілетін болатын көрсеткіштер тізбесін әзірленуі одан әрі болжанатын іс жүзінде әсерді бағалау жүргізудің арнайы әдістемесінде айқындау ұсынылады.
Комиссияның қабылданған шешімінің іс жүзіндегі әсерін бағалау жүргізу кезінде оны қолдану практикасы шеңберінде реттеу мақсаттарына қол жеткізуді талдау, сондай-ақ ілгерінді нәтижелер мен реттеу тиімділігін көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілердің шығыстары мен шығындары туралы деректерді салыстыру қажеттілігін алдын ала негізге аламыз.
|
2
|
Даниил Борисович Цыганков – «Высшая школа экономики» ұлттық зерттеу университеті РӘБ орталығының директоры (dtsygankov@hse.ru):
2015 жыл ішіндегі есепте еуразиялық РӘБ-ның негізгі кезеңдері сапасының (ақпараттық-талдамалық анықтамаларды толтыру сапасының, жария талқылаулар/консультациялар жүргізу сапасының, РӘБ туралы қорытындылар дайындау сапасының) нақты көрсеткіштері жоқ.
Уақыт өте келе көрсеткіштердің жыл сайынғы серпінін талдауға мүмкіндік беретін сапаның бір көрсеткішін есептеуді және 2015 жыл ішіндегі есепте енгізуді ұсынамын.
|
Комиссия шешімдері жобаларының РӘБ рәсімін жүргізу сапасы мен тиімділігінің негізгі көрсеткіштері:
әзірлеуші департаменттердің жария талқылау жүргізу барысында келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды есепке алу деңгейі;
РӘБ туралы қорытындыларда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды есепке алу деңгейі болып табылатынын негізге аламыз.
Бұл көрсеткіштер есеп жобасының 2 - тарауының 2.2 және 2.3 параграфтарында келтірілді және олардың мәндері Комиссия шешімдері жобаларының РӘБ рәсімін жүргізу сапасы мен тиімділігінің жоғары деңгейін көрсетеді.
Мәселен, ағымдағы бағалау (жария талқылау) кезеңінде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды есепке алу үлесі 66,9% құрады, ал қорытынды бағалау (РӘБ туралы қорытынды дайындау) кезеңінің шеңберінде келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды есепке алу үлесі – 65, 1 %.
|
|
Әзірлеуші департаменттердің ақпараттық-талдамалық анықтамалар дайындауы бөлігінде – шешім жобасын әзірлеу кезінде кемінде реттеудің екі баламасын қарау: баламаларды қарау, талдау және салыстыру РӘБ ажырамас бөлігі болып табылады және бұл компонентсіз барлық рәсім қағаз жүзіндегі қадамдарды орындауға айналады.
Осындай ұстаным ЭЫДҰ-ның («Economic Holicy Reforms: Going For Growth 2013») қазіргі заманғы ұстанымы ретінде және 2015 жылы мамырда күшіне енген Еуропалық Комиссия әсерін бағалау жөніндегі жаңа басшылыққа («Better Regulation Guidelines) да сәйкес келеді.
Әрбір шешім жобасы бойынша жария консультациялар бөлігінде - кемінде ЕАЭО-ға мүше 2 елден жария консультацияларға қатысушылардың сырттай пікірлерінің (ұстанымдарының) болуы және РӘБ жөніндегі жұмыс тобының отырысын қоспағанда, кемінде 1 іштей нысандағы талқылаулар (бейінді Консультативтік Комитет/ оның кіші комитеттерінің кеңесі, отырысы, сараптамалық фокус-топ, бейнеконференция және т.б.).
РӘБ туралы қорытындыларды шығару бөлігінде – осы мақсатты көрсеткішті 2016 жылы 65 %-ға дейін жеткізе отырып , сандық бағалауды (моделдер, есептер) пайдалану пайызы (2016 жылдан бастап олардың үстемелі өсуі).
Есепте Жинақтаушы департаменттің 2020 жылға дейінгі кезеңге («жол картасы») РӘБ тетіктерін дамыту бөлігінде пайымын көрсету ұсынылады. РӘБ бойынша пилот өткізуден басқа, бұл іс-шаралар стандарттық шығындар моделін (standart cost model) енгізу, еуразиялық ІӘБ және бизнес жүргізу жағдайлары туралы ақпараттық ресурс құру, жария талқылауларға қатысушылардың электрондық Тізілімін қалыптастыру (Еуропалық комиссияның Transparency Register ұқсас), Комиссияның әзірлеуші органдарының қызметкерлерін тұрақты түрде оқыту және т.б. болуы мүмкін.
|
Еуразиялық экономикалық комиссияда Ішкі құжат айналымы қағидаларына №5 қосымшада (ЕЭК Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 46 шешімімен бекітілген) көзделген ақпараттық-талдамалық анықтама нысанында 7 «Ұсынылатын реттеуге баламаларды қарау» тармағынан басқа 13 «Реттеудің халықаралық және ұлттық тәжірибесін қарау» тармағы да көзделген.
Осы тармақ шеңберінде әзірлеуші департаментке Комиссия шешімі жобасының мәні болып табылатын қатынастарды реттеудің барлық қолданыстағы және Одаққа мүше мемлекеттер мен халықаралық тәжірибеде бар моделдерін (нұсқаларын) сипаттау, сондай-ақ Одақ шеңберінде ұлтүсті реттеуді жүзеге асыру үшін олардың прогрессивтілік және қолданылу деңгейін бағалау қажет.
Бұдан басқа, әзірлеуші департаменттің реттеудің балама нұсқаларын тиісті немесе тиісті емес түрде қарауы туралы ақпарат РӘБ туралы әрбір қорытындыда көрсетіледі.
Комиссияның жұмыс регламентінің 156-тармағына сәйкес Одақтың ресми Интернет-сайтында жалпыға ортақ мәлімет үшін Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылау шеңберінде әзірлеуші департаменттер оларды:
Одаққа мүше барлық бес мемлекеттен бизнес-диалогтың ұлттық үйлестірушілеріне;
РӘБ жөніндегі жұмыс тобының мүшелеріне, оның ішінде оның құрамына енетін Одаққа мүше барлық бес мемлекеттен бизнес-диалог үйлестірушілерінің өкілдеріне;
бейінді консультативтік орган (комитет, кіші комитет, жұмыс тобы) құрамына енетін кәсіпкерлік және сараптамалық қоғамдастық өкілдеріне;
әзірлеуші департаменттің пікірі бойынша Комиссия шешімінің жобасын әзірлеуге тарту орынды болатын өзге де сарапшыларға жолдауды жүзеге асырады.
Бұл ретте жинақтаушы департамент те мүдделі тұлғаларға: салалық сарапшыларға, бизнес-қоғамдастықтарға және тиісті салада кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілеріне РӘБ рәсімі жүргізілетін Комиссия шешімдерінің жобаларын нысаналы таратуды және алдын ала жариялауды (қоғамдық талқылауды) ұйымдастырады.
Жұмыс тобы отырысының алдында жинақтаушы департамент бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен консультациялар (жұмыс кеңестерін) өткізеді.
Бұдан басқа, есеп жобасының 1-тарауының 1.1 параграфында 2015 жылы Жұмыс тобының құрамына енгізілген бизнес-қоғамдастық өкілдерінен басқа оның әрбір отырысына Комиссия шешімдерінің жекелеген жобалары бойынша мүдделі тұлғалар болып табылатын салалық кәсіпкерлік бірлестіктерден және жекелеген шаруашылық субъектілерінен Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының қосымша шақырылған 2 өкілі қатысты.
Есеп жобасының 3-тарауының 3.1.4-кіші параграфында Комиссия шешімдері жобаларының РӘБ жүргізу әдіснамасын жетілдірудің негізгі бағыты ретінде сандық бағалау әдістерінің негізінде РӘБ жүргізуге өту белгіленіп қойылған.
Сонымен қатар қазіргі уақытта РӘБ жүргізілетін Комиссия шешімдері жобаларының үлестері бойынша нақты мақсатты индикаторлар белгілеу мүмкін болмай отыр, өйткені осы көрсеткіштің мәні Комиссия шешімдерінің нақты жобалары бойынша, оның ішінде әзірлеуші департаменттерден, кәсіпкерлік және сараптамалық қоғамдастық өкілдерінен келіп түскен статистикалық деректердің болуына байланысты.
Есеп жобасының 3-тарауында жақын арадағы перспективаға Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жетілдірудің мынадай негізгі бағыттары белгіленген:
сандық бағалау әдістерін кеңінен пайдалануды бөлігінде РӘБ әдіснамасын дамыту;
РӘБ туралы қорытындылар дайындау мерзімдерін күнтізбелік 15 күннен 15 жұмыс күніне дейін ұлғайту;
РӘБ жүргізудің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын жетілдіру;
РӘБ жүргізу кезінде қолданылатын құжаттар нысандарын жеңілдету;
Комиссияның қабылданған шешімдерінің іс жүзіндегі әсерін жүргізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру.
Бұдан басқа, есеп жобасының 3-тарауы Комиссия шешімдері жобаларының РӘБ тақырыбы бойынша оқу семинарларын тұрақты жүргізу, оның ішінде Одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік және сараптамалық қоғамдастығының өкілдері үшін көшпелі форматта жүргізу туралы ұсыныспен толықтырылды.
|
3
|
Александр Николаевич Шохин – Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының (РӨКО) президенті, Ресей Федерациясының бизнес-қоғамдастығынан Еуразиялық экономикалық одақтың Іскерлік кеңесінің ұлттық үйлестірушісі (corp@rspp.ru):
РӨКО ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің 2015 жылы ЕЭК шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау жүргізу бойынша жұмысын жоғары бағалайды. РӨКО пікірінше Есеп жобасында реттеуші әсерді бағалау рәсімін жетілдірудің маңызды бағыттары ұсынылды.
РӨКО Есеп жобасында қамтылған Жұмыс тобының басшысына белгіленген рәсімдерді елеулі түрде бұзылған әзірлеуші департаментке РӘБ туралы қорытындылар дайындау үшін ұсынылған Комиссия шешімдері жобаларын қайтару құқығын беру туралы ұсынысты қолдайды.
Жұмыс тобы басшысына көрсетілген өкілеттіктерді беру орындылығы «Атқарушылық биліктің федералды органдарының нормативтік құқықтық актілер жобаларының, федералдық заңдардың жобаларына түзетулер жобалары мен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау жүргізу тәртібі, сондай-ақ Ресей Федерациясы Үкіметінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» РФ Үкіметінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 1318 қаулысында балама норманың (аталған Тәртіптің 29-тармағы) болуымен расталады.
РӨКО Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде халықаралық шарттар жобаларының РӘБ жүргізу қажет деп санайды және Есеп жобасында жазылған көрсетілген рәсімді жүргізу қажеттілігіне орай тұжырымдарды қолдайды. РӨКО пікірінше Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде халықаралық шарттар жобаларының РӘБ осы жобалардың сапасын арттыруға, сондай-ақ бизнес үшін реттеуші тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді.
РӨКО Комиссияның қабылданған шешімдеріне қатысты кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына іс жүзіндегі әсерді бағалау (бұдан әрі - ІӘБ) жүргізуді қолдайды. «Нормативтік құқықтық актілердің іс жүзіндегі реттеуші әсерін бағалау жүргізу, сондай-ақ Ресей Федерациясының кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» РФ Үкіметінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 83 қаулысымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап РФ нормативтік құқықтық актілерінің іс жүзіндегі әсерін бағалау рәсімі енгізілді. Көрсетілген рәсімді ұлтүсті деңгейде жүргізу кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызметте негізсіз міндеттерді, тыйым салулар мен шектеулерді болдырмау мақсатында тиімділігі аз нормативтік құқықтық актілерді қайта қарауға мүмкіндік береді. ІӘБ жоспарының жобасы бойынша жария консультациялар мерзімі оны Одақтың ресми сайтында орналастырған күннен бастап кемінде күнтізбелік 20 күннен кем болмауы керек деп санаймыз. Жария талқылау нәтижелері бойынша Одақтың ресми сайтында пысықталған жоспар жобасын, Комиссия бекіткен жоспарды, сондай-ақ жинақтаушы департамент дайындаған іс жүзіндегі әсерді бағалау туралы қорытындыларды орналастыруды қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар жария талқылау нәтижелері бойынша пысықталған жоспар жобасын бекіту үшін Комиссия қарауына енгізгенге дейін Жұмыс тобының отырысында талқылауды ұсынамыз. Бұдан басқа, ІӘБ туралы қорытынды Алқа отырысында қаралатынын, онда Алқа ІӘБ туралы қорытындыны қарау нәтижелері бойынша белгіленген тәртіпте нормативтік құқықтық актіге өзгерістер енгізу немесе оның күшін жою туралы шешім, сондай-ақ алынған тұжырымдар негізінде дайындалған өзге де шешімдер қабылдайтынын белгілеу орынды деп санаймыз.
Уақыттың жекелеген кезеңдерінде ұзақ демалыс күндері мен жұмыс емес мереке күндері белгіленетінін ескере отырып, жинақтаушы департамент ЕЭК Жұмыс тобының отырысында қарауға ІӘБ жүргізу жөніндегі шешім жобасын және оның қорытындылары бойынша РӘБ туралы қорытындыны дайындайтын мерзімді күнтізбелік күндермен емес, жұмыс күндерімен есептеуді көздеуді ұсынамыз.
|
Түсіндірмелер оң сипатта, жауапты департаменттің ұстанымын білдіру талап етілмейді.
Түсіндірмелер оң сипатта, жауапты департаменттің ұстанымын білдіру талап етілмейді.
Сонымен қатар осы ұсыныс 2016 жылғы 29 наурызда ЕЭК Алқасының 12-ші отырысының шеңберінде оны талқылау нәтижелері бойынша есеп жобасынан алып тасталды.
Түсіндірмелер оң сипатта, жауапты департаменттің ұстанымын білдіру талап етілмейді.
Сонымен қатар Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарттар жобаларының ІӘБ жүргізу туралы ұсыныс 2016 жылғы 29 наурызда ЕЭК Алқасының 12-ші отырысының шеңберінде оны талқылау нәтижелері бойынша есеп жобасынан алып тасталды.
РӨКО-ның осы ұсыныстарын Еуразиялық үкіметаралық кеңес Комиссия шешімдері жобаларының іс жүзіндегі әсерін бағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ұсынысты қоса алғанда, есеп жобасын түпкілікті мақұлдағаннан кейін әзірленетін Комиссияның қабылданған жобаларының іс жүзіндегі әсерін бағалау жүргізу әдістемесінде ескерілетін болады.
Ұсыныс Жұмыс тобының РӘБ туралы қорытындыны дайындау мерзімдерін күнтізбелік 15 күннен 15 жұмыс күніне дейін ұлғайту бөлігінде есеп жобасынның 3.1.3 кіші параграфында ескерілді.
|
4
|
Дана Бейсенқызы Жүнісова – Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы (b.umytbayev@palata.k):
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген ЕЭК Жұмыс регламентінің 151-тармағына сәйкес Одақтың техникалық регламенттерін қабылдау туралы, Одақтың қабылданған техникалық регламенттерін қолданысқа енгізу және Одақтың техникалық регламенттерінің өтпелі ережелері туралы Комиссия шешімдерінің жобаларына қатысты реттеуші әсерді бағалау Комиссия бекіткен Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібімен белгіленген кезеңдерден (рәсімдерден) тұрады.
Алайда, Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібінің жаңа редакциясында көзделген РӘБ рәсімдері қағаз жүзіндегі сипатта және кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына теріс әсер ететін ережелерді айқындау мен жоюдың тиімді құралын қамтамасыз ете алмайды.
Ұсынылған Тәртіп жобасында:
дайындау кезінде пікірлер жиынтығына енгізілген ескертулер мен ұсыныстар ғана ескерілуі мүмкін, бұл РӘБ-тың барлық кезеңдерінде келіп түскен, оның ішінде бизнес-қоғамдастықтан құрылған Жұмыс тобының мүшелерінен келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды есепке алуды негізсіз шектейді;
ақпараттық-талдамалық анықтаманы техникалық регламент жобасына түсіндірме жазбамен біріктіру;
сұрау салу парақтарының мүлдем болмауы;
- ЕЭК Алқасының ЕАЭО техникалық регламентінің жобасын қарауы үшін құжаттар тізбесінде РӘБ туралы қорытындының болмауы көзделеді.
Өз кезегінде осы ұсыныстармен келіспеуді, оның ішінде мыналарға байланысты келіспеуді атап өтеміз:
ақпараттық-талдамалық анықтама мен Одақтың техникалық регламентінің жобасына түсіндірме жазба бір құжатқа біріктірілуі мүмкін, өйткені олар әртүрлі мақсатта жасақталған.
Мәселен, түсіндірме жазба анықтамалық, ақпараттық сипатта болады және халықаралық тәжірибені көрсете отырып, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектілерінің құрамы мен жалпы сипаттамасын сипаттайды.
Ақпараттық-талдамалық анықтама ағымдағы РӘБ элементі болып табылады және әзірлеушінің пікірі, оның ішінде техникалық регламент жобасында көрсетілген реттеудің негізгі сапалық сипаттамалары туралы пікірі көрсетілетін аралық талдамалық есеп болып табылады.
Осылайша, ақпараттық-талдамалық анықтама техникалық регламентке құжаттар жинағына енгізілуі, сондай-ақ мынадай элементтерді қамтуы тиіс:
шешімін табуға осындай техникалық регламент әзірлеу бағытталған проблеманың сипаттамасы;
мүдделерін қорғау үшін техникалық регламент әзірлеу бағытталған тұлғалар ортасы;
реттеу адресаттары, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері және техникалық регламент жобасында көзделген реттеуге тигізілетін әсер;
кәсіпкерлік және өзге де қызмет субъектілері, мүдделеріне қатысты болуы мүмкін өзге де мүдделі тұлғалар үшін техникалық регламентте белгіленген шектеулердің мазмұны;
шешіміне техникалық регламентті қабылдау бағытталған проблеманы шешу және техникалық регламентте көзделген реттеу мақсаттарына қол жеткізу тетігі (ұсынылатын реттеу мен көрсетілген проблема арасындағы өзара байланыс сипаттамасы);
әзірлеушінің пікірі бойынша техникалық регламент жобасы туралы негізгі мәліметтерге жататын өзге де ақпарат.
2) РӘБ рәсімін тиімді орындауды қамтамасыз ету мақсатында ЕАЭО техникалық регламенттері жобаларының РӘБ жүргізу рәсімін мынадай кезеңдер бойынша қамтамасыз етуді орынды деп пайымдаймыз:
- Ағымдағы бағалау:Комиссия шешімі жобасының кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына әсерінің салдарлары туралы ақпараттық-талдамалық анықтама және Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау жүргізу үшін сауалнама парағын (бұдан әрі – сауалнама парағы)жасақтау, сондай-ақ оларды жария талқылау (толтыру);
қорытынды бағалау: РӘБ туралы қорытынды дайындау.
Бұдан басқа, Одақтың техникалық регламетінің жобасына құжаттар жинағында мүдделі тұлғалардың техникалық регламент жобасының, оның ішінде реттеудің негізгі сапалық сипаттамалары бойынша сараптамалық бағасын алуына арналған оларға қойылатын сұрақтардың стандартталған тізбесін қамтитын сауалнама парағын енгізу орынды болады деп санаймыз.
3) ЕАЭО техникалық регламенті жобасының РӘБ туралы қорытынды дайындау кезінде жұмыс тобы:
- бағалаудың барлық кезеңінде бизнес-қоғамдастық пен сараптамалық қоғамдастық, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар өкілдерінен келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескеруге;
- келіп түскен, толтырылған сұрау салу парақтарына талдау жүргізуге;
- пікірлер жиынтығына енгізілген ескертулер мен ұсыныстарды әзірлеушінің Одақтың техникалық регламентінің жобасын қабылдамау немесе оны қабылдау негізділігіне мәніне талдау жүргізуге тиіс.
Бұл ретте бизнес-диалогтан үйлестірушілердің ЕАЭО техникалық регламентінің жобасына шоғырландырылған ұстаным туралы ақпарат әсерді бағалау туралы қорытындыда міндетті түрде көрсетуге жатады.
4) ЕАЭО техникалық регламенттері жобаларының ережелерінде көзделген немесе аталған ережелерге байланысты туындайтын кәсіпкерлік қызмет субъектілері үшін артық міндеттерді, шектеулерді және (немесе) тыйым салуларды, Одақ аумағында тауарлардың, қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысына тосқауыл болатын кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің негізсіз шығыстарын айқындау мен жою мақсатында РӘБ туралы қорытындыны ЕЭК Алқасы қарау үшін ЕАЭО техникалық регламенті жобасы құжаттарының тізбесіне енгізу қажет деп санаймыз.
2. ЕЭК Одақ шеңберінде халықаралық шарттардың жобаларын мақұлдау (мемлекетішілік келісуге жіберу) туралы шешімдерінің жобаларына қатысты ҚР «Атамекен» ҰКП осындай актілер бойынша, оның ішінде Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерін талқылауға тікелей тарта отырып, РӘБ рәсімін жүргізу орындылығы мен қажеттілігі туралы ұстанымды білдіреді.
3. Комиссияның пилоттық жоба ретінде Комиссия қабылданған шешімдерінің іс жүзіндегі әсерін бағалау рәсімін енгізу туралы бастамаларына қатысты ҚР «Атамекен» ҰКП өз тарапынан осы ұсынысты қолдайды және осындай жаңалық енгізу қажеттілігі мен орындылығы туралы атап өтеді.
Өз кезегінде, ЕАЭО мүше мемлекеттер бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерін осы жұмысқа тарта отырып, Комиссияның қабылданған шешімдерінің іс жүзіндегі әсерін бағалаудың көрсетілген рәсімін жүргізудің тиісті әдістемесін әзірлеу қажеттілігі туралы атап өтеміз.
Кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына тікелей әсер ететін Комиссия қабылдаған шешімдер санының өсуіне, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары Одақ шеңберінде қабылданған шешімдердің тиісті мониторингін жүргізу мүмкіндігі жоқтығына байланысты ҚР «Атамекен» ҰКП ЕЭК Алқасы не Кеңесі деңгейінде қысқа мерзімді және/немесе перспективалық кезеңдерге шешімдер жобаларын әзірлеу жоспарын осындай жоспарды ЕАЭО мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерімен келісе отырып, әзірлеу мүмкіндігін қарауды ұсынады.
Жұмыс тобының басшысына әзірлеуші департаментке белгіленген рәсімдерді бұзушылықпен реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылар дайындау үшін ұсынылған ЕЭК шешімдерінің жобаларын қайтару құқығын беру туралы Комиссияның ұсынысына (Есеп жобасының 3.1.3 бөлімінің 2-тармағы) қатысты ҚР «Атамекен» ҰКП Комиссияның бұл бастамасын да қолдайды.
РӘБ жүргізу кезінде қабылданған құжаттардың нысандары мен оларды жасақтау қағидалары, атап айтқанда мүдделі тұлғаларға қойылатын сұрақтардың тізбесін қамтитын сауалнама парағының нысаны мәселесі бойынша сұрақтардың мағынасын әртүрлі түсінуді болдырмау мақсатында әдеби тіл, заң терминологиясы және құқықтық техника нормаларын ескере отырып, жекелеген сұрақтарды қысқарту немесе қайта жазу жолымен сауалнама парағының нысанына тиісті өзгеріс енгізу ұсынылады. Сауалнама парағы нысанындағы сұрақтар көбіне шаруашылық субъектілерінің тиісті арнайы білімінің болмауына байланысты өте қысқа және артық ұғымдық жүктемесіз болуға тиіс.
7. Бұдан басқа, бекітуге ұсынылып отырған Одақ шешімдері жобаларының сапасын арттыру және бизнеске қосымша әкімшілік жүктеме енгізуді болдырмау мақсатында Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары өкілдерін жүргізілетін РӘБ рәсімдеріне барынша тарту үшін РӘБ рәсімдерін қорғау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде бизнес-бірлестіктер мен шаруашылық субъектілердің өкілдері үшін көшпелі тақырыптық семинарлар ұйымдастыру мәселесін де қарау ұсынылады.
|
ЕЭК Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасы (бұдан әрі – шешім жобасы) бойынша РӘБ рәсімі жүргізілді және РӘБ туралы 2015 жылғы 19 маусымдағы № 10 қорытынды дайындалды.
2015 жылғы 15 шілдеде Жұмыс тобының 4-ші отырысының шеңберінде оны қарау кезінде Жұмыс тобының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі шешім жобасына ескертулер мен ұсыныстар айтқан жоқ.
РӘБ туралы көрсетілген қорытындыда түсіндірме жазбада және ақпараттық-талдамалық анықтамада көзделген мәліметтерді бір құжатқа біріктіру ұсынылды.
Қазіргі уақытта шешім жобасында түсіндірме жазбаға Комиссияның Жұмыс регламентінің 147-тармағында көзделген реттеудің барлық негізгі сапалық сипаттамалары туралы мәліметтер көзделген.
Бұл ретте РӘБ туралы көрсетілген қорытындыда Одақтың техникалық регламенттерінің жобалары бойынша ескертулер қамтылмаған. Одақтың техникалық регламенттерінің жобаларын жария талқылау жүргізу практикасында мүдделі тұлғалар ескертулер мен ұсыныстарды жалпы жоба бойынша емес, Одақтың техникалық регламенті жобасының нақты ережелеріне қатысты айтатыны байқалды.
Бұдан басқа, Одақтың техникалық регламенттерінің жобалары бойынша жалпы жобаның орындылығы туралы ақпаратты қамтитын сұрау салу парақтарын құрастыру толығымен өзекті емес, өйткені тауарлардың нақты түріне қатысты Одақтың техникалық регламентінің жобасын дайындау қажеттілігі өнімнің тиісті түрін Одақ шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін Өнімнің бірыңғай тізбесіне, сондай-ақ жобаның өзіне – Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарына енгізумен еңсерілген болатын (бұл ретте екі құжатты да ЕЭК Кеңесі бекітеді).
Шешім жобасында тұжырымдалған, РӘБ туралы қорытынды дайындау кезінде пікірлер жиынтығына енгізілген ескертулер мен ұсыныстардың тек ескерілетіні, жинақтаушы департаменттің қолдамайтыны, бұл туралы әзірлеуші департаментке (ЕЭК Техникалқ реттеу және аккредиттеу департаменті) хабарланатыны туралы ереже қалыптастырылды.
Бұдан басқа, жинақтаушы департамент ЕЭК Алқасы Одақтың техникалық регламентінің жобасын қарауы үшін туралы РӘБ туралы қорытындыны құжаттар тізбесіне (жинағына) енгізу қажеттілігі туралы Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынысын қолдайды (жинақтаушы департаменттің осы ұстанымы туралы да әзірлеуші департаментке хабарланды).
Түсіндірмелер оң сипатта, жауапты департаменттің ұстанымын білдіру талап етілмейді.
Сонымен қатар халықаралық шарттарға қатысты РӘБ жүргізу туралы осы ұсыныс 2016 жылғы 29 наурызда ЕЭК Алқасының 12-ші отырысының шеңберінде оны талқылау нәтижелері бойынша есеп жобасынан алып тасталды.
Ұсыныс қолдау табады.
Жауапты департамент Еуразиялық үкіметаралық кеңес Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ұсынысты қоса алғанда, есеп жобасын түпкілікті мақұлдағаннан кейін Комиссияның қабылданған шешімдерінің іс жүзіндегі әсерін бағалау жүргізу әдістемесін әзірлеуді жоспарлап отыр.
4. Ескерілмеді.
Бұл ұсыныс Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекіткен (2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98) Комиссияның Жұмыс регламентінде көзделген Комиссия қызметін жоспарлауға қатысты ұстанымдарға сай келмейді.
Мәселен, Комиссияның Жұмыс регламентінің 56-тармағына сәйкес ЕЭК Алқасының отырысы әдетте, ЕЭК Алқасының Төрағасы бекіткен кезекті жартыжылдыққа арналған жоспар бойынша аптасына 1 рет өткізіледі.
Бұл ретте бизнес-қоғамдастықтардың Комиссия қызметінің жоспарлары туралы хабардарлығын қамтамасыз ету мақсатында Комиссияның Жұмыс регламентінің көрсетілген тармағында Комиссия Алқасы отырыстарының жартыжылдық жоспарлары Одақтың ресми интернет сайтында орналастырылатыны, ал жоспарлардың өздерінде оған енгізілген мәселелердің жплпы сипаттамасы ашып көрсетілуге тиіс екендігі көзделген (оның ішінде Комиссияның қабылдауға ұсынылған шешімдерін құқықтық реттеу мәндері туралы ақпарат).
5.Түсіндірмелер оң сипатта, жауапты департаменттің ұстанымын білдіру талап етілмейді.
Сонымен қатар осы ұсыныс 2016 жылғы 29 наурызда ЕЭК Алқасының 12-ші отырысының шеңберінде оны талқылау нәтижелері бойынша есеп жобасынан алып тасталды.
Сауалнама парағының нысанын пысықтау қажеттілігі туралы ұсыныс есеп жобасында (есеп жобасының 3-тарауының 3.1.1 кіші параграфында) ескерілді.
РӘБ тақырыбы бойынша, оның ішінде көшпелі форматта оқу семинарларын өткізу туралы ұсыныс есеп жобасында (есеп жобасының 3-тарауының 3.1.1 кіші параграфында) ескерілді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия
Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры 2016 жылғы «06» сәуір ________ Б.Б.Бекешев
3
Достарыңызбен бөлісу: |