|
Еуразиялық Үкіметаралық кеңЕС
|
бет | 2/4 | Дата | 13.05.2018 | өлшемі | 1,32 Mb. | | #12192 |
|
Қолдау таппады
Регламенттің 164-тармағының бірінші абзацында Жұмыс тобының құрамы мен ол туралы ережені Комиссия Алқасының бекітетіні көзделген.
Жинақтаушы департамент Жұмыс тобы және оның құрамы туралы ережені дайындады және Комиссия Алқасының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 25 шешімімен бекітілді.
Жұмыс тобы туралы ереже Жұмыс тобын ұйымдастыру мен қалыптастыру кезінде Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылының қағидаларын айқындайды.
Жұмыс тобы туралы ережеде оның құрамына Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары және Одаққа мүше әрбір мемлекеттен бизнес-қоғамдастықтардың бір өкілі кіретіні белгіленген.
Жұмыс тобы 31 мүшеден: Комиссияның 27 өкілінен және Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының 4 өкілінен тұрады.
Комиссиядан Жұмыс тобының құрамына лауазым бойынша Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) және жинақтаушы департаменттің директоры (Жұмыс тобы басшысының орынбасары), сондай-ақ Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің 25 лауазымды адамы:
Алқа мүшелері (Министр) хатшылығының 5 басшысы;
Комиссия департаменттерінің 4 директоры;
- Комиссия департаменттері директорларының 14 орынбасары;
Алқа мүшелерінің (Министрлердің) 2 көмекшісі кіреді.
Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарынан Жұмыс тобының құрамына Армения Республикасының Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер (жалға алушылар) одағының, Беларусь Республикасының Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер конфедерациясының, Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Ресейдің Өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының өкілдері кіреді.
Жұмыс тобы туралы ереженің І «Жалпы ережелер» бөлімінде Ережені әзірлеу негізі, оны құқықтық реттеу мәні, Жұмыс тобы қызметінің құқықтық негіздері, жұмыс тобының негізгі міндеттері айқындалады.
Жұмыс тобының негізгі міндеттері:
жинақтаушы департаменттің тиісті ұстанымы болған кезде Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы мәселелерді қарау;
Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындылар дайындау болып табылады.
Жұмыс тобы туралы ереженің ІІ «Жұмыс тобының басшылығы, құрамы және қызметін қамтамасыз ету» бөлімінде Жұмыс тобы басшысының өкілеттіктері және оны ауыстыру тәртібі, Жұмыс тобының жауапты хатшысының функциялары, Жұмыс тобының құрамын қалыптастыру тәсілдері, Жұмыс тобы мүшелерінің оның отырыстарына қатысу тәртібі, Жұмыс тобының қызметін қамтамасыз ету мәселелері айқындалады.
Жұмыс тобы туралы ережеде Жұмыс тобының мүшелері Жұмыс тобының отырыстарына жеке өзі қатысатыны көзделген.
Жұмыс тобы мүшесінің оның отырысына қатысу мүмкін болмаған жағдайда өкілі Жұмыс тобының мүшесі болып табылатын Комиссияның құрылымдық бөлімшесі басшысының (басшы орынбасарының) тапсырмасы бойынша Жұмыс тобының отырысына Комиссияның осы құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы немесе қызметкері қатысуы мүмкін.
Жұмыс тобы мүшесінің оның отырысына қатысу мүмкін болмаған жағдайда ол Жұмыс тобының отырысы өткізілетін күнге дейін Жұмыс тобы отырысының хаттамасында көрсетілетін жазбаша нысанда Жұмыс тобы отырысының күн тәртібіндегі мәселе (мәселелер) бойынша өз ұстанымын ұсынуға құқылы.
Жұмыс тобы туралы ереженің ІІІ «Жұмыс тобының отырыстарына дайындық тәртібі» бөлімінде Жұмыс тобының отырыстарын өткізу мерзімділігі мәселелері, сондай-ақ Жұмыс тобы отырыстарының күн тәртібі мен материалдарын қалыптастыру тәртібі айқындалады.
Жұмыс тобының отырыстары Регламенттің 165 және 167-тармақтарында белгіленген Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындылар дайындау мерзімдерін (күнтізбелік 15 күн ішінде) есепке ала отырып, қажетіне қарай өткізіледі.
Жұмыс тобы туралы ереженің 16-тармағында Жұмыс тобының мүшелеріне отырысты өткізу күні мен орны туралы ақпаратты Жұмыс тобы отырысының күн тәртібі мен материалдарды жіберуді Жұмыс тобының жауапты хатшысы Жұмыс тобының отырысын өткізетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асыратыны көзделген.
Жұмыс тобы туралы ереженің ІV «Жұмыс тобының отырыстарын өткізу тәртібі және олардың нәтижелерін ресімдеу» бөлімінде Жұмыс тобының отырыстарын өткізу орны, Жұмыс тобының отырыстарына шақырылған адамдардың қатысу тәртібі, Жұмыс тобының отырыстарында мәселелерді қарау рәсімі, сондай-ақ Жұмыс тобының отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің нысаны мен мазмұны туралы мәселе айқындалады.
Жұмыс тобы туралы ережеде Жұмыс тобының отырыстары Комиссияның болу орнын - Мәскеу қаласында, әдетте Комиссияның үй-жайларында өткізілетіні көзделген.
Жұмыс тобы туралы ереженің 26-тармағында міндетті тәртіппен реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда көрсетуге жататын мәліметтердің тізбесі айқындалғанын айрықша атап өту қажет.
Жұмыс тобының отырысында Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды дайындау туралы мәселені қарау нәтижелері бойынша осы жобаның реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыда:
а) Комиссия шешімдері жобаларының ережелерінде көзделген немесе осы ережелерге байланысты туындайтын:
кәсіпкерлік қызметтің субъектілері үшін артық міндеттер, шектеулер және (немесе) тыйым салулар;
кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің негізделмеген шығыстары;
- Одақ аумағында тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысына тосқауылдар;
б) шешіміне Комиссия шешімінің жобасын, реттеу мақсаттарын шешуге бағытталған проблемалар негіздемесі және мүдделерін қорғауға Комиссия шешімінің жобасы бағытталған адамдар тобы (топтары);
в) реттеу адресаттары, оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің субъектілері және оларды реттеуге тигізілетін әсер;
г) адресаттарға жүктелген міндеттерді реттеу (міндетті мінез-құлық қағидалары) мазмұны;
д) Комиссия шешімінің жобасында көзделген проблеманы шешу және реттеу мақсаттарына қол жеткізу тетігі (ұсынылып отырған реттеу мен шешілетін проблема арасындағы өзара байланыс);
е) әзірлеуші департамент қараған ұсынылып отырған реттеуге баламалар туралы ақпарат көрсетіледі.
Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыда міндетті түрде көрсетуге жататын мәліметтердің көрсетілген тізбесі Регламенттің 144 және 147-тармақтары нормаларының негізінде қалыптастырылған, соған сәйкес реттеуші әсерді бағалауды жүргізу мақсаты және ол жүргізілетін реттеудің негізгі сапалық сипаттамалары көзделген.
Жұмыс тобының барлық мүшелерінің өз ұстанымын білдіру құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыс тобы туралы ереженің 27-тармағында Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды дайындау туралы мәселе бойынша Жұмыс тобының мүшесі осы мәселені Жұмыс тобының отырысында қарау күніне дейін 3 жұмыс күні ішінде міндетті тәртіпте Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыға қоса берілетін айрықша пікірін жинақтаушы департаментке ұсынуға құқылы екені көзделген.
2015 жылы Жұмыс тобы қараған Комиссияның 75 шешімі жобасының бірде біреуі бойынша Жұмыс тобының мүшелері айрықша пікір білдірмеді.
2015 жылғы 1 сәуір (Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімі енгізілген кезден бастап) - 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде, яғни 9 айда Жұмыс тобының 22 отырысы өткізілді.
2015 жылдың екінші тоқсанында жұмыс тобының 5 отырысы, 2015 жылдың үшінші тоқсанында жұмыс тобының 11 отырысы, ал 2015 жылдың төртінші тоқсанында жұмыс тобының 6 отырысы өткізілді.
Жұмыс тобының отырыстарын өткізу серпіні және 2015 жылдың айлары (сәуір-желтоқсан) бойынша бөле отырып, қаралған мәселелердің саны туралы ақпарат 1-кестеде берілген.
1-кесте
Көрсеткіш
|
Өткізілген отырыстардың саны
|
Отырыстардың жалпы санынан үлесі
|
Қаралған мәселелердің саны
|
Қаралған мәселелердің жалпы санынан үлес
|
2015 жылдың айы
|
|
|
|
|
Сәуір
|
1
|
4,5%
|
3
|
3,75%
|
Мамыр
|
1
|
4,5%
|
3
|
3,75%
|
Маусым
|
3
|
13,5%
|
11
|
13,75%
|
Шілде
|
5
|
23%
|
16
|
20%
|
Тамыз
|
2
|
9%
|
9
|
11,25%
|
Қыркүйек
|
4
|
18,5%
|
14
|
17,5%
|
Қазан
|
2
|
9%
|
4
|
5%
|
Қараша
|
3
|
13,5%
|
18
|
22,5%
|
Желтоқсан
|
1
|
4,5%
|
2
|
2,5%
|
Барлығы
|
22
|
100%
|
80
|
100%
|
Осылайша, Жұмыс тобының отырыстары орташа мерзімділікпен күнтізбелік 12,5 күнде бір рет, яғни Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыларды уақтылы дайындауды қамтамасыз етуге қажетті мерзімдер шегінде өткізілді (мұндай дайындау мерзімі күнтізбелік 15 күн).
Нәтижесінде 2015 жылы Жұмыс тобы отырыстар өткізу жиілігі мен тұрақтылығы бойынша Комиссия Алқасының жанындағы неғұрлым белсенді жұмыс істейтін консультативтік орган болып табылды.
Жұмыс тобының 22 отырысының шеңберінде 80 мәселе, олардың ішінде:
Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындылар дайындау туралы 75 мәселе;
- Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі (қажеттілігінің болмауы) туралы 3 мәселе;
Ұйымдастырушылық сипаттағы (Жұмыс тобының жауапты хатшысын тағайындау және Жұмыс тобы мүшелерінің оның отырыстарына қатысуы туралы) 2 мәселе қаралды.
Осылайша, Жұмыс тобының әрбір отырысының шеңберінде орта есеппен 4 (3,64) мәселе қаралды.
Жұмыс тобының 22 отырысының ішінен 14 отырысы Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Комиссия мүшесінің (Министрдің), Жұмыс тобы басшысының төрағалығымен (64%) және 8 отырыс жинақтаушы департамент директорының, Жұмыс тобы басшысы орынбасарының төрағалығымен (36%) өткізілгенін атап өту қажет.
Жұмыс тобы туралы ережеге (19-тармақ) сәйкес Жұмыс тобы басшысының келісімімен әзірлеуші департамент пен жинақтаушы департаменттің шақыруы бойынша Жұмыс тобының отырыстарына Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының өкілдері, Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары мен қызметкерлі, қажетті біліктік пен кәсіби дағдыларды меңгерген тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері (оның ішінде бейнеконференция режимінде) қатысуы мүмкін.
2015 жылы Жұмыс тобының құрамына енгізілген бизнес-қоғамдастықтардың өкілдерінен басқа оның әрбір отырысына орта есеппен салалық кәсіпкерлік бірлестіктер мен шаруашылық субъектілерінің өкілдері болып табылатын Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарыныңқосымша шақыртылған 2 өкілі қатысты.
Жұмыс тобының отырыстарына Қазақстн Республикасы мен Ресей Федерациясының бизнес-қоғамдастықтарының (тиісінше Мәскеу қаласында өкілдігі бар Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ресейдің өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы) атынан оның мүшелерінің жеке қатысуы тұрақты негізде қамтамасыз етілді.
Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарын Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға кеңінен тарту мақсатында кәсіпкерлік бірлестіктердің ұсыныстары бойынша 2015 жылы Жұмыс тобының екі отырысы Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасының бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің қатысуымен бейнеконференция форматында өткізілді.
Жұмыс тобының отырыстарын өткізу сапасы мен оларға дайындық тиімділігін арттыру мақсатында 2015 жылы Жұмыс тобының әрбір отырысының қарсаңында сарапшылар деңгейінде жинақтаушы департамент пен әзірлеуші департамент өкілдерінің консультациялары өткізілді, солардың шеңберінде Жұмыс тобы отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелер (Комиссия шешімдерінің жобалары) пысықталды және талқыланды.
Жұмыс тобының әрбір отырысының қорытындылары бойынша оны өткізу нәтижелері хаттамалармен ресімделді.
Жұмыс тобы отырысының хаттамасында Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды дайындау туралы әрбір мәселе бойынша:
- әзірлеуші департаменттен Комиссия шешімінің жобасы бойынша баяндамашы, сондай-ақ Жұмыс тобының мүшелері, олардың өкілдері және мәселені талқылауға қатысатын шақырылған адамдар туралы мәліметтер;
- жинақтаушы департаментке Комиссия шешімінің жобасына реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды дайындауға тапсырма (мұндай дайындаудың нақты мерзімін белгілеумен);
Жинақтаушы департамент Жұмыс тобының отырысында талқылау нәтижелері бойынша реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда көрсету қажет болатын Комиссия шешімінің жобасына ескертулер мен ұсыныстар туралы ақпарат (әрбір ескерту мен ұсыныс бойынша егжей-тегжейлі);
- Жұмыс тобының мүшелері ұсынған Комиссия шешімінің жобасына қатысты мәселелер, сондай-ақ әзірлеуші департамент өкілдерінің оларға берген жауаптары мен түсіндірмелері (бар болса) туралы деректер;
жинақтаушы департаментке әзірлеуші департамент пен Жұмыс тобының мүшелеріне реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыны жіберуді, сондай-ақ оны Одақтың ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етуге тапсырма келтіріледі.
Осылайша, 2015 жылы Жұмыс тобының қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық негізін (рәсім, құрам және т.б.), сондай-ақ әзірлеуші департаменттен келіп түсетін барлық мәселелерді (Комиссия шешімдерінің жобалары) қарай отырып, Жұмыс тобының отырыстарына бизнес-қоғамдастықтарды тарту және мәселелерді қарау нәтижелерін ресімдеу (хаттамалау) арқылы оның белсенді жұмыс істеуі қамтамасыз етілді.
Реттеуші әсерді бағалауды жүргізу кезінде қолданылатын құжаттардың нысандары және оларды жасақтау қағидалары
Регламенттің 154-тармағына сәйкес реттеуші әсерді ағымдағы бағалау (жария талқылау) кезеңінде әзірлеуші департамент Комиссия шешімінің дайындалатын жобасына:
- аралық талдамалық есептен тұратын және әзірлеуші департаменттің пікірі, оның ішінде реттеудің негізгі сапалық сипаттамалары туралы пікірі көрсетілетін ақпараттық-талдамалық анықтама;
- мүдделі адамдарға Комиссия шешімінің жобасын сараптамалық бағалауды осы адамдардың алуына арналған мәселелердің стандартталған тізбесін қамтитын, оның ішінде
реттеудің негізгі сапалық сипаттамалары бойынша сауалнама парағын жасақтайды.
Ағымдағы бағалау кезеңін жүргізу тәртібі 3-схемада берілген.
3-схема
Әзірлеуші департамент Комиссия шешімінің жобасына Анықтама мен Сауалнама парағын жасақтайды, сондай-ақ оларды жария талқылау үшін ресми сайтқа орналастырады
|
Ресми сайтта Комиссия шешімінің жобасын, Анықтамалар мен Сауалнама парағын орналастырғаннан кейін әзірлеуші Қорытынды дайындауға жауапты Комиссияның департаментіне және мүдделі тұлғаларға жария талқылаудың басталуы туралы жазбаша хабарлама жібереді
(күнтізбелік 5 күн ішінде)
|
Жария талқылау кемінде күнтізбелік 30 күн
Орналастыру жария талқылау аяқталған күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей
|
Жиыны, кезеңнің
ең көп мерзімі
40 күн
|
Есепке алу және (немесе) бас тарту туралы мәліметтерді көрсете отырып, берілген ұсыныстар туралы жиынтық ақпарат дайындау
|
Ресми сайтқа жиынтық ақпаратты, сондай-ақ бас тарту туралы ақпаратты орналастыру
|
|
Анықтамаларды және қажет кезде Комиссия шешімінің жобасын пысықтау
|
Комиссия шешімінің жобасын әзірлеуден бас тарту
|
|
Бұл ретте Регламентте ақпараттық-талдамалық анықтама және сауалнама парағы Комиссиядағы ішкі құжат айналысы қағидаларында белгіленген нысандар бойынша жасалатыны көзделген.
Регламенттің 159-тармағына сәйкес мүдделі адамдарды ақпараттандыру мақсатында әзірлеуші департамент жария талқылау мерзімі аяқталатын күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей Одақтың ресми сайтында Комиссиядағы ішкі құжат айналысы қағидаларында белгіленген нысан бойынша оларды есепке алу және (немесе) олардан бас тартудың негіздері туралы мәліметтерді көрсете отырып, берілген ұсыныстар туралы жиынтық ақпаратты орналастырады.
Регламенттің 173-тармағының 2) тармақшасында Комиссиядағы ішкі құжат айналысы қағидаларында реттеуші әсерді бағалауды жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттардың (ақпараттық-талдамалық анықтаманың, сауалнама парағының және жиынтық ақпараттың) нысандары ғана емес, сонымен қатар оларды жасақтау қағидалары да белгіленуі тиістігі көзделген.
Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналысы қағидалары Комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 46 шешімімен бекітілді.
Құжат айналысы қағидаларына № 5 қосымшада Комиссия шешімдерінің жобалары мен Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізуге қажетті құжаттарды жария талқылау қорытындылары бойынша құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар белгіленген.
Мәселен, Құжат айналысы қағидаларына № 5 қосымшаның ІІ бөлімінде Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізуге қажетті құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар көзделген.
Сонымен қатар Құжат айналысы қағидаларына № 5 қосымшада:
кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына Комиссия шешімі жобасы әсерінің салдарлары туралы ақпараттық-талдамалық ақпараттың нысаны (2-нысан);
реттеуші әсерді бағалау шеңберінде Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау жүргізу үшін сауалнама парағының нысаны (3-нысан);
реттеуші әсерді бағалау шеңберінде Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау жүргізу барысында келіп түскен ұсыныстар туралы жиынтық ақпараттың нысаны (4-нысан) белгіленген.
Кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына Комиссия шешімі жобасы әсерінің салдарлары туралы ақпараттық-талдамалық ақпараттың нысанына сәйкес бірінші кезекте Регламенттің 147-тармағында көзделген негізгі сапалық сипаттамалар туралы мәліметтер, атап айтқанда:
шешіміне Комиссия шешімінің жобасы бағытталған проблема;
реттеу мақсаты;
Комиссия шешімінің жобасы мүдделерін қорғауға бағытталған адамдар тобы;
- реттеу адресаттары, оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің субъектілері және оларды реттеуге тигізілетін әсер;
- адресаттарға жүктелген міндеттерді реттеу (өзін өзі ұстаудың міндетті қағидалары) мазмұны;
- Комиссия шешімінің жобасында көзделген проблеманы шешу және реттеу мақсаттарына қол жеткізу тетігі (ұсынылып отырған реттеу мен шешілетін прблема арасындағы өзара байланыс);
- әзірлеуші департамент қараған, ұсынылып отырған реттеуге баламалар туралы ақпарат көрсетіледі.
Реттеудің негізгі сапалық сипаттамаларынан басқа Құжат айналысы қағидаларында белгіленген кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына Комиссия шешімі жобасы әсерінің салдарлары туралы ақпараттық-талдамалық ақпараттың нысанында:
Комиссия шешімінің жобасын қабылдау үшін нормативтік-құқықтық негіз;
Комиссия шешімінің жобасы жатқызылатын Комиссия өкілеттіктерінің шеңбері;
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері үшін Комиссия шешімі жобасының қаржылық-экономикалық салдарлары;
Комиссия шешімі жобасының күшіне енуінің болжамды мезімдері;
реттеудің күтілетін нәтижесі;
- Комиссия шешімі жобасының нысанасы болып табылатын Одаққа мүше мемлекеттер тәжірибесі мен қарым-қатынастарды реттеудің халықаралық тәжірибесінің сипаттамасы (оның прогрессивтілігі мен қолданбалығын негіздеумен);
- Комиссия шешімінің жобасын жария талқылауды жүргізу туралы мәліметтер (жария талқылау жүргізу аяқталғаннан кейін қосымша толтырылады);
- Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытынды туралы мәліметтер сияқты мәліметтерді (Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыны алғаннан кейін қосымша толтырылады);
Комиссия шешімінің жобасын дайындауға жауапты департаменттің пікірі бойынша Комиссия шешімінің жобасы және (немесе) оны дайындау туралы негізгі мәліметтерге жатқызылатын өзге де ақпарат (әзірлеуші департаменттің қалауы бойынша толтырылады) сияқты мәліметтерді көрсету қажеттілігі көзделген.
Бұл ретте Құжат айналысы қағидаларына № 5 қосымшаның ІІ бөлімінде ақпараттық-талдамалық анықтаманың әрбір бағанын толтырудың егжей-тегжейлі қағидалары көзделген.
2015 жыл ішінде әзірлеуші департаменттердің ақпараттық-талдамалық анықтамаларды толтыру сапасы жалпы алғанда, артқанын, Құжат айналысы қағидаларында белгіленген, оларды жасақтауға қойылатын талаптарды сақтау деңгейінде де ортақ оң серпін бар екенін атап өту қажет.
Әзірлеуші департаменттер ақпараттық-талдамалық анықтамаларды толтыру кезінде неғұрлым жиі кездесетін қателер мен дәлсіздіктер ішінен мыналарды ерекше атап көрсетуге болады.
Біріншіден, Комиссия шешімі жобасының дайындалуына байланысты проблема ретінде әзірлеуші департамент тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін тосқауылдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергілердің болуы туралы нақты деректердің орнына Одақ туралы шартқа және Одақ шеңберінде басқа да халықаралық шарттарға сәйкес белгіленуге тиіс Одақ шеңберіндегі бірыңғай талаптардың, қағидалар мен рәсімдердің (біріздендірілген) болмауын қағаз жүзінде жиі көрсетті.
Сонымен қатар, Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу кезінде Жұмыс тобы мен жинақтаушы департамент Одақ шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын тек Одаққа мүше мемлекеттер Комиссияға берген шама мен көлемде және Одақ шеңберінде тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін талап етілетін ұлтүсті реттеу мен біріздендіруді енгізу қажеттілігіне байланысты әрекет етті.
Екіншіден, реттеу мақсатында әзірлеуші департаменттер, әсіресе, реттеуші әсерді бағалауды енгізудің бастапқы кезеңінде Комиссия шешімімен бірыңғай талаптарды, қағидалар мен рәсімдерді бекіту қажеттілігін жиі көрсетті.
Сонымен қатар Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу кезінде Жұмыс тобы мен жинақтаушы департамент әзірлеуші департаменттерге ұлтүсті реттеу реттеудің өзіндік мақсаты болып табылмайтынын және мақсаттар ретінде кәсіпкерлік қызмет субъектілер мен қорғалатын тұлғалардың өзге де санаттары үшін түпкілікті тиімділікке қол жеткізуге тиіс.
Үшіншіден, реттеу адресаттарының тізбесін көрсету кезінде әзірлеуші департаменттер Комиссия шешімі жобасының нормасын реттеу адресаттарына тиетін қандай да бір реттеуші әсердің сипаттамасын келтірместен, көбіне осындай тұлғалардың топтарын бөлумен шектелді.
Төртіншіден, әзірлеуші департамент Комиссия шешімі жобасын қабылдау мен реттеудің талап етілген мақсаттарына қол жеткізу арасындағы себеп-салдарлық байланыс сипаттамасын жиі келтірмейді, яғни Комиссия шешімінің жобасында жоюды реттеуге бағытталған проблеманы шешу тетігі ашып көрсетілмейді.
Бесіншіден, ұсынылып отырған реттеуге баламалар сипаттамасының орнына әзірлеуші департамент Одақ туралы шартта және Одақ шеңберіндегі өзге де халықаралық шарттарда тиісті мәселе бойынша Комиссия шешімі жобасының баламалары көзделмеу фактісін алға тартумен шектеледі.
Бұл ретте Жұмыс тобы мен жинақтаушы департамент реттеуші әсерді бағалауды жүргізу кезінде кемінде ақпараттық-талдамалық анықтамада осындай балама нұсқаны интеграцияланған мақсаттар мен тиімділіктерге қол жеткізу үшін тиімсіздігінің негіздемесін келтіре отырып, қолданыстағы реттеуді сақтау ретінде (кво нұсқа немесе «нөлдік нұсқа») қарастыру қажеттлігіне байланысты әрекет жасайды.
Алтыншыдан, әзірлеуші департамент қазіргі уақытта Одаққа мүше мемлекеттерде орын алып отырған, Комиссия шешімінің жобасын құқықтық реттеудің мәні болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттеудің қолданыстағы тәжірибесінің сипаттамасын өте сирек келтіреді, бұл ағымдағы жағдайда және ұлтүсті деңгейде реттеуді енгізуге байланысты ұсынылып отырған реттеуді салыстыруға қиындық туғызады. Әзірлеуші департамент шешім жобасы халықаралық ұйымдар мен басқа да интеграциялық бірлестіктер (ең алдымен, Еуропалық одақ) құжаттарының негізінде дайындалған жағдайлардың өзінде қолданыстағы халықаралық тәжірибенің сипаттамасын да жиі келтірмейді.
Қорыта айтқанда, ақпараттық-талдамалық анықтаманың 15-тармағында әзірлеуші департаменттер оларда жазылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау және оны пысықтау туралы қорытынды жөніндегі мәліметтерді жеткілікті түрде толық келтіре бермейді. Мәселен, әзірлеуші департаменттер ақпараттық-талдамалық анықтаманың 15-тармағында көбіне реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындының деректемелерін (қол қойылған күндері мен нөмерлері) көрсете отырып, оның болу фактісін алға тартумен ғана шектеледі. Сонымен қатар, Регламенттің 169-тармағының екінші абзацында пысықталған ақпараттық-талдамалық анықтамада реттеуші әсерді бағалау және (немесе) олардың ауытқулары туралы қорытындыда Комиссия шешімінің жобасын пысықтау кезінде көрсетілген ескертулерді есепке алу туралы мәліметтер келтірілетіні нақты белгіленген.
Жинақтаушы департамент ақпараттық-талдамалық анықтамаларды толтыру сапасын арттыру мақсатында әзірлеуші департаменттердің қызметкерлері үшін 2015 жылы реттеуші әсерді бағалау саласындағы жетекші сарапшыларды тарту арқылы бірқатар арнайы семинарлар өткізілді (мұндай семинарлар 2015 жылғы 16 сәуірде, 17 шілдеде және 9 қазанда болды).
Бұл ретте 2015 жылғы 16 сәуірде өткізілген семинар шеңберінде жинақтаушы департамент әзірлеуші департаменттердің қызметкерлеріне РӘБ жүргізу кезінде қолданылатын құжаттардың нысандарын, сондай-ақ оларды құрастыру қағидаларын ұсынды, осы құжаттардың нысандарын толтырудың ұйымдастырушылық және әдістемелік және оларды Одақтың ресми сайтында орналастыру мәселелері түсіндірілді.
2015 жылғы 17 шілдеде болған семинарда пысықталған практиканы ескере отырып, жинақтаушы департамент әзірлеуші департаменттердің қызметкерлеріне ақпараттық-талдамалық анықтамаларды дұрыс және дұрыс емес толтырудың нақты мысалдарын келтірді, әдеттегі және неғұрлым жиі жіберілетін қателер қорытылды, осындай қателерді жоюдың тәсілдері түсіндірілді.
2015 жыл ішінде әзірлеуші департаменттердің ақпараттық-талдамалық анықтамаларды толтыру сапасының (дәл және толық) артуы бойынша ілгерінді үрдісті атап өтуге болады.
Реттеуші әсерді бағалау шеңберінде Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау жүргізу үшін сауалнама парағының нысанында мынадай бөлімдер көзделген:
- I «Толтырылған сауалнама парағын жолдау тәсілі, ЕЭК шешімінің жобасын жария талқылау мерзімдері және ЕЭК жобасының шешімін дайындауға жауапты департаменттің жауапты қызметкері туралы ақпарат» бөлімі (әзірлеуші департамент толтырады);
- II «Сауалнама парағын толтырған, ЕЭК шешімінің жобасын жария талқылауға қатысушы туралы ақпарат» бөлімі (жария талқылауға қатысушы толтырады және оның байланыс деректерін, сондай-ақ оның қызметі туралы мәліметтерді қамтиды);
- III «Жарияға талқылауға қатысушы толтыратын міндетті мәселелер» бөлімі;
IV «Жария талқылауға қатысушы толтыратын қосымша мәселелер» (сауалнама парағын толтырған адамда ақпарат болған кезде және оның қалауы бойынша толтырылады).
Жария талқылауға қатысушы толтыру үшін міндетті сауалнама парағы мәселелерінің қатарында реттеудің сапалық сипаттамаларына қатысты мәселелер, сонымен қатар Комиссия шешімі жобасының күшіне енуі үшін өтпелі кезең белгілеу қажеттілігі туралы және Комиссия шешімінің жобасына нақты ұсыныстардың (ескертулер) болуы туралы мәселелер де көзделген.
Реттеуші әсерді бағалау шеңберінде Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау жүргізу барысында келіп түскен ұсыныстар туралы жиынтық ақпараттың нысаны еркін нысанда берілген, Комиссия шешімінің жобасына ескертулер мен ұсыныстар бөлігінде және сауалнама парақтарын жария талқылауға қатысушылар толтырған кезде жауаптарды келтіру бөлігінде толтыру үшін құрылымдалған.
Жиынтық ақпаратты жасақтауға қойылатын талаптарда жария талқылауға қатысушы ұсыныстан бас тартқан жағдайда, осындай ұсыныстан бас тартуды «Әзірлеуші департаменттің түсіндірмесі» бөлігінде келтіру қажеттілігіне айрықша назар аударылады.
Осылайша, 2015 жылы Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу шеңберінде қолданылатын құжаттарды дайындауға қажетті әдістемелік база толығымен қалыптастырылды және нормативтік тұрғыдан белгіленді, ал әзірлеуші департаменттер жария талқылау жүргізу шеңберінде Комиссия шешімдерінің жобаларына қоса берілетін ақпараттық-талдамалық анықтамаларды, сауалнама парақтары мен жиынтық ақпаратты толтыруды және оларды Одақтың ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|