Еуразиялық Үкіметаралық кеңЕС



жүктеу 1,32 Mb.
бет1/4
Дата13.05.2018
өлшемі1,32 Mb.
#12192
  1   2   3   4

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕС

ӨКІМ

2016 жылғы «20» мамыр № 9 Ереван қаласы

Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есебі туралы
Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу туралы жыл сайынғы есебі туралы ақпаратты назарға ала отырып:

  1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу рәсімін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырсын.

  2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтындағы «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желіде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.




    Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:





Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан

2015 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есеп

Мазмұны

Қысқартулар тізімі 4

Кіріспе 5

1-тарау. Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық-техникалық базасын қалыптастыруды аяқтау.. 9

Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобы қызметінің тәртібі және оны ұйымдастыру......................................................................


2015 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есеп 2

Мазмұны 2

Қорытынды 54Қысқартулар тізімі 5

КІРІСПЕ 6

1.2.Реттеуші әсерді бағалауды жүргізу кезінде қолданылатын құжаттардың нысандары және оларды жасақтау қағидалары 16

1.3.Реттеуші әсерді бағалауды жүргізуді қамтамасыз етуге қажетті Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтының сервистерін енгізу 22

1.4.Құзыреттің жекелеген салаларында Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу ерекшеліктері 24

1.4.1.Техникалық реттеу саласы (Одақтың техникалық регламенттерінің және оларға стандарттар тізбелерінің жобалары) 24

1.4.2.Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралардың қолданылу саласы 26

1.4.3.Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес шаралардың қолданылу саласы 28

2.1.Реттеуші әсерді бағалау жүргізілген ЕЭК шешімдерінің жобалары туралы ақпаратты талдау 30

Комиссия құзыретінің салалары бойынша (ауқымдандырылған) РӘБ туралы қорытындылардың үлесі 30

2.2.Әзірлеуші департаменттердің реттеуші әсерді ағымдағы бағалау кезеңін жүргізу практикасы туралы ақпаратты талдау 32

2015 жылы жария талқылаудан өткен 34

ЕЭК шешімдері жобаларының үлесі 34

2.3.ЕЭК шешімдерінің жобаларында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері үшін артық шектеулерді көздейтін, айқындалған ережелер туралы ақпаратты талдау 36

Осылайша, 2015 жылы Жұмыс тобы дайындаған реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстардың басым бөлігі ұсынымдық сипатта болды және кәсіпкерлік қызмет жүргізу үшін артық талаптар, міндеттер, тыйым салулар немесе өзге де шектеулер белгілеу ықтималдылығын болдырмау мақсатында Комиссия шешімдері жобаларының жекелеген ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жіберілді. 3-тарау. Мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған проблемалар және оларды шешу жөніндегі ұсыныстар 41

3.1.Реттеуші әсерді бағалау рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстар 41

3.1.1.Реттеуші әсерді бағалауды жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттардың нысандары мен оларды жасақтау қағидаларын түзету қажеттілігі 41

3.1.2. Реттеуші әсерді бағалауды жүргізудің ұйымдастырушылық және ақпараттық-телекоммуникациялық жағдайларын ықтимал жақсарту 42

3.1.3.Реттеуші әсерді бағалауды жүргізу тәртібін ықтимал өзгерту 43

3.1.4. Реттеуші әсерді бағалауды жүргізу әдіснамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар 45



Бұл ретте аталған жұмыс шеңберінде ұлтүсті реттеу шеңберінде Одаққа мүше барлық мемлекеттердің кәсіпкерлік субъектілері үшін талап белгілейтін Комиссияның қабылданған шешімдерін реттеу мақсатына қол жеткізуді талдау жүргізуге назар аудару қажет. Қорытынды 47

Қорытынды 54Қысқартулар тізімі

Одақ

Еуразиялық экономикалық одақ

Комиссия, ЕЭК

Еуразиялық экономикалық комиссия

РӘБ

Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау

Есеп

Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есебі

Регламент

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламенті

Жұмыс тобы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 25 шешімімен құрылған Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобы

Құжат айналысы қағидалары

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 46 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиядағы ішкі құжат айналысы қағидалары

Әзірлеуші департамент

Еуразиялық экономикалық комиссия шешімінің жобасын дайындауға жауапты Еуразиялық экономикалық комиссияның департаменті немесе құзыретіне Одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органы ұсынысының негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия шешімінің жобасын дайындау кіретін Еуразиялық экономикалық комиссияның департаменті

Жинақтаушы департамент

Реттеуші әсерді бағалауды жүргізуді әдістемелік қамтамасыз ету және консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті





КІРІСПЕ

Реттеуші әсерді бағалау (ағылшын тілінен Regulatory Impact Assessment, Regulatory Impact Analysis) артық және ойластырылмаған реттеуді болдырмау мақсатында және барлық қолда бар қолжетімді ақпаратта қолданылатын ғылыми және кейіннен тексеруге жататын техникаларды пайдалана отырып, сондай-ақ консультациялар, таңдалған баламалардың кемшілігі мен пайдасын талдау барысында алынған әртүрлі пікірлерді ескере отырып, проблемалар мен реттеу мақсаттарын айқындау, осы мақсаттарға қол жеткізу баламаларын таңдау процесін білдіреді.

Реттеуші әсерді бағалауды проблеманы, оны реттеу мен шешудің ықтимал тәсілдерін талдау, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актінің жобасында жеке және заңды тұлғалар үшін кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласында артық міндеттерге, тыйым салулар мен шектеулерге әкеліп соғатын ережелерді, сондай-ақ кәсіпкерлік және өзге де экономикалық қызмет саласында жеке және заңды тұлғалардың негізделмеген шығыстарының, сондай-ақ бюджет шығыстарының туындауына ықпал ететін ережелерді айқындау негізінде нормативтік-құқықтық актінің жобасын қабылдаудың оң және теріс салдарларын айқындау мен бағалау мақсаты бар билік органдарының қызметі ретінде де айқындауға болады.

Еуропалық одақ деңгейінде 1980 жылдардың басында реттеуші ортаны жақсарту бойынша жүйелі түрде күш-жігер жұмсалды. Еурокомиссияда әсерді бағалау алғаш рет 1986 жылы Ұлыбританияның Еуроодақта төрағалық етуі кезінде бизнеске әсерді бағалау (Business Impact Assessment System, BIA) форматында енгізілді және іс жүзінде сәйкестік кемшіліктерін бағалаудың британдық моделін (Compliance Cost Assessment) көшіріп алды.

Бағалау шектеулі ауқымда болды, яғни (жобаларды) реттеудің шектеулі санына қолданылды және кемшіліктер деп аталатын реттеу талаптарының (заңнама талаптарының сақталуы) сақталуын өлшеді.

1989 жылдан бастап бағалауды жүргізу ұлтүсті нормативтік-құқықтық актілердің бизнеске әсерін бағалауды жүргізу үшін олардың жобаларын таңдаған Еурокомиссияның кәсіпкерлікке қатысты саясат [DG Enterprise) жөніндегі XXIII Бас директоратының құзыретіне кірді.

Бұдан әрі Еурокомиссиядағы РӘБ жүйесі 2002-2003 жылдары экономикалық салдарларды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және экологиялық салдарларды есепке алу теориясына бағытталған әсерді кешенді бағалау (Integrated Impact Assessment) жүйесіне толық ауыстырылғанға дейін бірнеше рет жаңғыртылды.

Осы интеграцияланған ұстанымды толығымен іске асыру қиындығына байланысты Еуропалық Комиссия әкімшілік тосқауылдарды, атап айтқанда стандарттық шығындар моделі бойынша тосқауылдарды азайтуға байланысты экономикалық шығындарды өлшеуге бағытталған ұстанымдарды қатар пайдаланады.

Қазіргі уақытта қандай да бір шамада (нормативтік-құқықтық актілердің ұлтүсті және (немесе) ұлттық жобалары бөлігінде) реттеуші әсерді бағалау рәсімі (реттеуші әсерді талдау) Одаққа мүше барлық мемлекеттерде көзделген және енгізілген.

Одақ туралы шартқа № 1 қосымша болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (бұдан әрі - Комиссия туралы ереже) 13-тармағына сәйкес Комиссия шешімінің:

  • нормативтік-құқықтық сипаты бар екенін және Одақ құқығына кіретінін;

  • Одаққа мүше мемлекеттер үшін міндетті екенін;

  • Одаққа мүше мемлекеттердің аумағында тікелей қолдануға жататынын атап өту қажет.

Осылайша, Одаққа мүше мемлекеттер Комиссияның ұлтүсті деңгейіне шаруашылық субъектілеріне бағытталған және олардың экономикалық қызметті жүзеге асыруы жағдайларына әсер ететін нормативтік-құқықтық актілер қабылдау жөніндегі өкілеттіктер бөлінді, осыған орай Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізуге негізделген қажеттілік туындады.

Комиссия туралы ереженің 15-тармағында Комиссияның кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына әсер етуі мүмкін шешімдерінің осындай шешімдер жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу нәтижелерін ескере отырып, қабылданатыны белгіленген.

Комиссия шешімдері жобаларының ережелерінде көзделген немесе осы ережелерге байланысты туындайтын:

  • кәсіпкерлік қызметтің субъектілері үшін артық міндеттерді, шектеулерді және (немесе) тыйым салуларды;

  • кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің негізделмеген шығыстарын;

  • Одақ аумағында тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін тосқауылдарды айқындау мен жоюға бағытталған, кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына әсер етуі мүмкін Комиссия шешімдерінің жобаларын дайындаудың міндетті кезеңі Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау ретінде түсіндіріледі.

Комиссия туралы ереженің 43-тармағының 16) тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіппен реттеуші әсерді бағалау рәсімін жүргізу және осы рәсімді жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есеп дайындауды қамтамасыз ету Комиссия Алқасының функциялары мен өкілеттіктеріне жатқызылған.

Комиссия туралы ереженің 24-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына реттеуші әсерді бағалау рәсімін жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есепті енгізуді Комиссия Кеңесі жүзеге асырады.

Сонымен қатар Комиссия туралы ережеде (15-тармақ) кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына әсер етуі мүмкін Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізу тәртібі Комиссияның Жұмыс регламентімен айқындалатыны көзделген.

Комиссияның Жұмыс регламенті Жоғары Еуразиялық Экономикалық Кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, соған сәйкес 2015 жылғы 1 сәуірден бастап Комиссия Кеңесі мен Алқасының отырыстарына құжаттар мен материалдардың жиынтығына Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыларды енгізу туралы талаптар қолданысқа енгізілді.

Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу тәртібі Регламенттің IX бөлімінде реттелген, сонымен қатар ол 4 «Реттеуші әсерді бағалауды жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есеп» кіші бөлімін қамтиды.

Регламенттің 171-тармағына сәйкес Комиссияның 2015 жылы Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есепті Комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті (жинақтаушы департамент) дайындады.

Есеп 2015 жылы Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу практикасының негізінде дайындалды және Комиссияның реттеуші әсерді қорытынды бағалау кезеңін жүргізуді (реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылар дайындауды) қамтамасыз ететін Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобының;

- Жұмыс тобының қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізуді әдістемелік қамтамасыз ету мен консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын жинақтаушы департаменттің;

- Комиссия шешімінің жобасын әзірлеу, ақпараттық-талдамалық анықтама, сауалнама парағын құрастыру, Комиссия шешімінің жобасын жария талқылауды жүргізу, жария талқылау барысында берілген ұсыныстар туралы жиынтық ақпарат құрастыру жүзеге асырылатын реттеуші әсерді ағымдағы бағалау кезеңін жүргізуді қамтамасыз ететін Комиссия департаменттерінің (әзірлеуші департаменттердің);

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің реттеуші әсерді бағалау рәсімін жүргізу шеңберінде Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылауға қатысатын бизнес-қоғамдастықтары (кәсіпкерлік бірлестіктері мен шаруашылық субъектілері) өкілдерінің анықтамалық-талдамалық, статистикалық және өзге де ақпаратын ескереді.

Регламенттің 172 және 173-тармақтарына сәйкес Есепте:

  • реттеуші әсерді бағалау жүргізілген Комиссия шешімдері жобаларының саны және оны жүргізу нәтижелері, оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің субъектілері үшін артық міндеттерді, шектеулерді және (немесе) тыйым салуларды, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің негізделмеген шығыстарын көздейтін, сондай-ақ Комиссия шешімдерінің жобаларында айқындалған Одақ аумағында тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін тосқауылдар туғызатын ережелердің саны туралы ақпарат;

  • әзірлеуші департаменттердің Регламентте белгіленген реттеуші әсерді бағалауды жүргізу тәртібін сақтамау жағдайларының саны туралы мәліметтер;

Регламенттің IX бөлімінде белгіленген реттеуші әсерді бағалауды жүргізу тәртібін;

ЕЭК Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 46 шешімімен бекітілген Комиссияда ішкі құжат айналысы қағидаларына № 5 қосымшада белгіленген реттеуші әсерді бағалауды жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттар нысандарын және оларды жасақтау қағидаларын;

«Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісінде Одақтың ресми сайтының сервистерін қоса алғанда, реттеуші бағалауды жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-техникалық және ақпараттық-талдамалық құралдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар;

  • кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына теріс әсер ететін немесе етуі мүмкін Комиссияның қабылданған шешімдерін қарау бағыты бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы ұсыныстар;

  • статистикалық және анықтамалық-талдамалық сипаттағы өзге де мәліметтер қамтылады.

Есеп кіріспеден, параграфтар мен кіші параграфтарға бөлінген үш тараудан, сондай-ақ қорытындыдан тұрады.

Есептің бірінші тарауында 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізуге қажетті нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық-техникалық базаны қалыптастыруды аяқтау бойынша Комиссия жүргізген жұмыс туралы мәліметтер берілген.

Есептің екінші тарауында 2015 жылы Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу практикасы туралы статистикалық және анықтамалық-талдамалық деректер қамтылады.

Есептің үшінші тарауында мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған проблемалар туралы ақпарат және оларды шешу бойынша ұсыныстар жазылған.

1-тарау. Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық-техникалық базасын қалыптастыруды аяқтау

Регламенттің 148-тармағына сәйкес Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу мынадай кезеңдерден тұрады:

  1. ағымдық бағалау – Комиссия шешімінің жобасын әзірлеу, кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына Комиссия шешімі жобасы әсерінің салдарлары туралы ақпараттық-талдамалық анықтама және Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау жүргізу үшін сауалнама парағын жасақтау, сондай-ақ оларды жария талқылау (толтыру);

  2. қорытынды бағалау – реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылар дайындау.

Әзірлеуші департаменттер қамтамасыз ететін реттеуші әсерді ағымдағы бағалау кезеңін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Комиссия Алқасы ақпараттық-талдамалық анықтаманың, сауалнама парағының және жария талқылау барысында келіп түскен ұсыныстар туралы жиынтық ақпараттың нысандарын бекітті, сондай-ақ оларды жасақтау қағидалары белгіленген (көрсетілген нысандар мен қағидалар туралы ақпарат 1.2-параграфта берілген).

Қорытынды бағалау кезеңін (РӘБ туралы қорытындылар дайындау) жүзеге асыру үшін Комиссияға арнайы Жұмыс тобын құру тапсырылғанын назарға ала отырып, Комиссия Алқасы осындай Жұмыс тобын құрды, оның құрамы және оның қызмет тәртібін айқындайтын Жұмыс тобы туралы ереже бекітілді (Жұмыс тобы қызметін регламенттеу және оның практикасы туралы ақпарат 1.1-параграфта берілген).

«Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі Одақтың ресми сайтының тиісті сервистері мен контенті Комиссия шешімдері жобаларының РӘБ рәсімінің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы ретінде болуы мүмкін (Одақтың ресми сайтының тиісті сервистерін енгізу және жетілдіру туралы мәліметтер 1.3-параграфта берілген).

Регламенттің 149 және 150-тармақтарында тарифтік емес реттеу саласындағы және санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік шаралар қолдану саласындағы Комиссия шешімдері жобаларының РӘБ жүргізу кезінде Регламент талаптары осы жобаларға ағымдағы бағалау кезеңінің бөлігінде қолданылмайды, ал оларды жария талқылау Комиссияның жекелеген шешімдерімен бекітілген айрықша тәртіппен жүргізіледі (көрсетілген шешімдер туралы ақпарат 1.4.2 және 1.4.3 кіші параграфтарда берілген).

Регламенттің 151-тармағына сәйкес Одақтың техникалық регламенттерінің жобаларына және оларға стандарттар тізбелеріне қатысты РӘБ рәсімдерінің барлық кезеңін жүргізу Регламенттің IX бөлімінің талаптарына сәйкес емес, ал Комиссияның жекелеген шешімдерімен белгіленген айрықша тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс (осындай шешімдердің жобаларын әзірлеу туралы ақпарат 1.4.1 кіші параграфта ұсынылды).

  1. Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобының қызмет тәртібі және оны ұйымдастыру

Регламенттің 165-тармағының бірінші абзацына сәйкес реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылар дайындауды Комиссияның Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу жөніндегі жұмыс тобы жүзеге асырады.

Қорытынды бағалау кезеңі шеңберінде РӘБ туралы қорытындылар дайындау тәртібі 1-схемада берілген.

1-схема







ҚОРЫТЫНДЫ БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ

Әзірлеуші департамент Комиссия шемінің жобасын, Анықтама мен Жиынтық ақпаратты жинақтаушы департамент пен Жұмыс тобының мүшелеріне жібереді




әзірлеушіден Комиссия шешімінің жобасы, анықтама мен Жиынтық ақпарат келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде
Қорытындыларға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде



Жұмыс тобы қорытындылар дайындауды қамтамасыз етеді


Тараптардың уәкілетті органдары (олар болған жағдайда) дайындаған Комиссия шешімінің тиісті жобасына РӘБ туралы қорытындылар ескеріледі




Жинақтаушы департамент Қорытындыларды әзірлеушіге жіберуді, сондай-ақ оларды ресми сайтта орналастыруды қамтамасыз етеді

Қорытынды қоса берілетін Комиссия шешімінің жобасы



Қорытындыларды алғаннан кейін әзірлеуші Анықтаманы және қажет кезде Комиссия шешімінің жобасын пысықтайды


Регламенттің 143-тармағына сәйкес, егер әзірлеуші департамент пен жинақтаушы департамент арасында осы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау қажеттілігі (қажеттілігінің болмауы) туралы мәселелерді қарау да Жұмыс тобының функцияларына жатқызылған.

Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы мәселелерді қарау тәртібі 2-схемада берілген.

2-схема

РӘБ ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТТІЛІГІН АЙҚЫНДАУ ТӘРТІБІ




Жинақтаушы департамент пен әзірлеуші департаменттің Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсерін бағалау жүргізу қажеттілігі мәселесін талқылау


Келісімге келісімге

қол жеткізілген жоқ қол жеткізілді


Комиссияның шешімдері жобасының реттеуші әсеріне бағалау жүргізу жөніндегі Комиссияның жұмыс тобы отырысында мәселені қарау

Келісімге келісімге

қол жеткізілген жоқ қол жеткізілді



Комиссия Алқасы

жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау