Реттеуші әсерді бағалауды жүргізуді қамтамасыз етуге қажетті Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтының сервистерін енгізу
Регламенттің 152-тармағына сәйкес реттеуші әсерді бағалауды жүргізу шеңберінде Комиссия:
Одақтың ресми сайтында Комиссия шешімдерінің жобаларын, ақпараттық-талдамалық анықтамаларды, сауалнама парақтарын және реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларды орналастыруды;
барлық мүдделі тұлғалардың Одақтың ресми сайтында орналастырылған Комиссия шешімдерінің жобаларына, ақпараттық-талдамалық анықтамаларға, сауалнама парақтарына және реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларға қолжетімділігін;
Одақтың ресми сайтын пайдалана отырып, барлық мүдделі тұлғалардың Комиссия шешімдерінің жобалары мен ақпараттық-талдамалық анықтамаларға ескертулер мен ұсыныстар жолдау, сондай-ақ сауалнама парақтарын толтыру мүмкіндігін;
Одақтың ресми сайтында мүдделі тұлғалар жолдаған ескертулер мен ұсыныстар туралы жиынтық ақпаратты орналастыруды;
Одақтың ресми сайтында мүдделі тұлғаларға ескертулер мен ұсыныстарды және (немесе) олардан бас тарту негіздері туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.
Жария талқылауға қатысушылар үшін барлық көрсетілген мүмкіндіктер Одақтың ресми сайтының сервистерін «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желісіне https://docs.eaeunion.org/ru-ru/Pages/regulation.aspx. мекенжайы бойынша енгізу мен пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
2015 жылы жинақтаушы департамент Комиссияның Ақпараттық технологиялар департаментіне реттеуші әсерді бағалау шеңберінде жария талқылауға қатысушылар үшін пайдалану ыңғайлығын қамтамасыз ету мақсатында Одақтың ресми сайтының бірқатар сервистерін жетілдіруді ұсынған болатын.
Мәселен, мынадай қосымша өлшемдер бойынша шешімдерді іздестіру енгізілді:
Комиссия шешімінің жобасы өтетін рәсімнің негізгі түрі бойынша (Регламенттің VIII бөліміне сәйкес алдын ала жариялау (қоғамдық талқылау) немесе Регламенттің IX бөліміне сәйкес реттеуші әсерді бағалау (жария талқылау жүргізе отырып);
Комиссия шешімі жобасының атауы бойынша;
шешім жобасы дайындалған Комиссия құзыретінің саласы бойынша (Одақ туралы шартқа № 1 қосымша болып табылатын Комиссия туралы ереженің 3-тармағында белгіленген Комиссия құзыретінің саласынан басқа, іздестіру өлшемдері қатарына қосымша салалар, оның ішінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету; дәрілік заттар айналысы; медициналық бұйымдар айналысы; көлік құралдарының паспорттарын енгізу (шасси, өздігінен жүретін машиналар) сияқты Одақ шеңберінде жекелеген халықаралық шарттарда белгіленген салалар);
ерекшеліктер бар рәсімнің қосымша түрлері бойынша (үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу саласындағы жобалар бойынша консультациялар; ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы жобаларды жария талқылау; санитариялық шаралар саласындағы жобаларды жария талқылау; Одақтың техникалық регламенттерінің жобаларын жария талқылау; халықаралық, регламенттік (мемлекетаралық) және ұлтүсті (мемлекеттік) стандарттардың тізбелерін жария талқылау);
ЕЭК жауапты департаменті (әзірлеуші департамент) бойынша;
Комиссия шешімінің жобасын әзірлеу кезеңі бойынша (құрылды; талқылау жүріп жатыр; талқылау аяқталды; шешім жобасы қабылданды; шешім жобасы қабылданбады).
Одан басқа, Комиссия шешімдері жобаларының тобын «бір ырғаққа» бөлу мүмкіндігі берілген, ол бойынша реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды бар.
Одақтың сайтында тіркелген пайдаланушылар үшін Комиссияның қайта жарияланатын жобалары туралы ақпаратты таратуға жазылу мүмкіндігі көзделген.
2015 жылы Одақтың ресми сайтында Комиссия шешімінің 292 жобасы жарияланды, олардың ішінде:
- реттеуші әсерді бағалау рәсімі шеңберінде Комиссия шешімінің 94 жобасы (Одақтың сайтында жарияланған Комиссия шешімдері жобаларының жалпы санының 32,2%);
Регламенттің VIII бөлімінде көзделген алдын ала жариялау (қоғамдық талқылау) рәсімінің шеңберінде Комиссия шешімінің 198 жобасы (67,8%).
Осылайша, алдын ала жариялау (қоғамдық талқылау) рәсіміне реттеуші әсерді бағалау рәсіміне қарағанда екі есе артық Комиссия шешімдерінің жобалары жатады.
Комиссия шешімі жобасының реттеуші әсері мен оған ақпараттық-талдамалық анықтаманы бағалау рәсімін жүргізудің әртүрлі кезеңдерінде Одақтың ресми сайтында үш рет әртүрлі редакцияда орналастырылғанын атап өту қажет.
Бастапқыда Регламенттің 157-тармағының талаптарына сәйкес Комиссия шешімінің жобасы, оған ақпараттық-талдамалық анықтама, сондай-ақ сауалнама парағы оларды жария талқылау мақсатында Одақтың ресми сайтында орналастырылады.
Комиссия шешімінің жобасы мен оған ақпараттық-талдамалық анықтама реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды дайындау үшін оларды жинақтаушы департамент пен Жұмыс тобының мүшелеріне жолдағаннан кейін Одақтың ресми сайтына орналастыруға жатады. Бұл талап мүдделі тұлғаларды жария талқылау қорытындылары бойынша Комиссия шешімінің жобасын пысықтау нәтижелері туралы хабарлау, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық анықтаманың 14-тармағында қамтылған жария талқылау жүргізу туралы мәліметтермен толықтырылған ақпараттық-талдамалық анықтаманы орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында Регламенттің 163-тармағында белгіленген.
Қорыта айтқанда, Регламенттің 196-тармағының талаптарын ескере отырып, реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды алғаннан кейін Одақтың ресми сайтында аталған қорытындыны ескере отырып, пысықталған редакцияда Комиссия шешімінің жобасы, сондай-ақ реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда қамтылған ескертулерді есепке алу немесе оларды қабылдамау негіздері туралы мәліметтермен толықтырылған ақпараттық-талдамалық анықтама орналастырылады. Бұл талап реттеуші әсерді бағалау рәсімін жүргізудің қорытынды нәтижелеріне қатысты мүдделі тұлғалар үшін кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында белгіленген.
Одақтың ресми сайтында Комиссия шешімінің жобасы мен ақпараттық-талдамалық анықтаманы бірнеше рет орналастыру бойынша осындай ұстаным барлық мүдделі тұлғалар үшін реттеуші әсерді бағалау рәсімінің әртүрлі кезеңдерінен дәйекті өту нәтижелері бойынша оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің транспаренттік бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Баяндалғанды ескере отырып, 2015 жылы Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізу шеңберінде мәліметтер мен құжаттарды орналастыруды қамтамасыз ететін Одақтың ресми сайтының (Құқықтық порталының) сервистерін әзірлеу мен енгізу арқылы реттеуші әсерді бағалауды жүргізуге қажетті ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру қамтамасыз етілді деп тұжырымдауға болады.
Құзыреттің жекелеген салаларында Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу ерекшеліктері
Техникалық реттеу саласы (Одақтың техникалық регламенттерінің және оларға стандарттар тізбелерінің жобалары)
Регламенттің 151-тармағына сәйкес Комиссияның Одақтың техникалық регламенттерін қабылдау, оларға өзгерістер енгізу немесе олардың күшін жою туралы, Одақтың қабылданған техникалық регламенттерінің қолданысқа енуі және Одақтың техникалық регламенттерінің өтпелі ережелері туралы шешімдерінің жобаларына қатысты реттеуші әсерді бағалау Комиссия бекіткен Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібінде белгіленген кезеңдерді (рәсімдер) қамтиды.
Өз кезегінде, Комиссияның халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда, ерікті негізде қолдану нәтижесінде Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін ұлтүсті (мемлекеттік) стандарттардың тізбелерін және халықаралық әрі өңірлік (мемлекетаралық) стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын қолдану мен орындауға және Комиссия бекіткен техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті үлгілерді іріктеу мен техниклық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын ұлтүсті (мемлекеттік) стандарттардың тізбелерін әзірлеу мен бекіту тәртібі туралы шешімдерінің жобаларына Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.
Басқаша айтқанда, Одақтың техникалық регламенттерінің жобалары мен оларға стандарттар тізбелерінің реттеуші әсерін бағалауды жүргізу тәртібі Регламентте емес, осы құжаттарды әзірлеу тәртіптерінде тікелей айқындалуға тиіс.
Қазіргі уақытта Одақтың техникалық регламенттерінің жобаларын әзірлеу тәртібі Комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы №248 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, оған өзгерістер енгізу және оның күшін жою туралы ережеде белгіленген.
Қазіргі таңда Одақтың техникалық регламенттеріне стандарттар тізбелерінің жобаларын әзірлеу тәртібі Комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 306 шешімімен бекітілген Халықаралық және өңірлік стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда Кеден одағының техникалық регламенті талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін және сәйкестікті бағалауды (растауды) жүзеге асыруға қажетті Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлтүсті (мемлекеттік) стандарттарының тізбелерін әзірлеу және бекіту тәртібі туралы ережеде айқындалған.
Көрсетілген құжаттарды Комиссия Одақтың құқығында Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу қажеттілігі туралы нормаларды бекітуге дейін бекітілгенін ескере отырып, оларда Одақтың техникалық регламенттері мен оларға стандарттардың тізбелерінің реттеуші әсерін бағалауды жүргізуге қатысты қандай да бір ереже жоқ (жария талқылауды қоспағанда).
Осыған байланысты Комиссия Кеңесі 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №16 тапсырма берген болатын, оны орндау үшін Регламенттің IX бөлімінде көзделген жария талқылау және реттеуші әсерді бағалау рәсімдерін келісу мақсатында Комиссия Алқасы Одақтың техникалық регламенттері мен оларға стандарттардың тізбелерін әзірлеу тәртіптерінің жаңа редакцияда әзірлеу және 2015 жылғы наурызда ЕЭК Кеңесіне бекітуге ұсынуы қажет.
Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу тәртіптері мен оларға стандарттар тізбелерінің жобалары реттеуші әсерді бағалау рәсімінен өтті (2015 жылғы 19 маусымдағы № 10 және № 11 қорытынды).
Бұл ретте көрсетілген жобаларға қатысты келесіні атап өту қажет.
Комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті «Еуразиялық экономикалық комиссияның 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия шешімінің жобасы туралы» Комиссия Кеңесі шешімінің жобасы дайындады.
Комиссия Кеңесі шешімінің көрсетілген жобасында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою тәртібін (бұдан әрі – Техрегламенттер бойынша тәртіп жобасы) жаңа редакцияда бекіту көзделеді.
Техрегламенттер бойынша тәртіп жобасында 2015 жылғы 19 маусымдағы № 10 реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда көрсетілген ескертулер жалпы алғанда ескерілгенін атап өту қажет.
Мәселен, Техрегламенттер бойынша тәртіп жобасының «в» тармақшасында Одақтың техникалық регламентінің жобасын жария талқылау кезеңінде реттеуші әсерді бағалау қамтылады.
Техрегламенттер бойынша тәртіп жобасының 13-тармағының «б», «г», «л» - «р» тармақшаларында Одақтың техникалық регламентінің жобасына түсіндірме жазбада Регламенттің 147-тармағына сәйкес реттеуші әсерді бағалау жүргізілуге тиіс реттеудің барлық сапалық сипаттамаларын көрсету қажеттілігі көзделген.
Бұл ретте Техрегламенттер бойынша тәртіп жобасының 28-тармағында реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды дайындау Одақтың техникалық регламентінің жобасын жария талқылау жүргізуден кейін және оны мемлекетішілік келісу жүргізу үшін Одаққа мүше мемлекеттерге жолдағанға дейін жүзеге асырылатынын белгілеу ұсынылады. Одақтың техникалық регламентінің жобасына қорытынды дайындауды жинақтаушы департамент Комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттің тиісті жобаның тікелей әзірлеушісі болып табылатын уәкілетті органының қатысуымен қамтамасыз ететінін көздеу ұсынылады (яғни Жұмыс тобының отырысында жобаны қараусыз).
Техрегламенттер бойынша тәртіп жобасына № 4 қосымшаның 8-тармағына сәйкес реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды мемлекетішілік келісу жүргізу үшін Одаққа мүше мемлекеттерге жолданатын құжаттар жинағына енгізіледі.
Комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті ЕЭК Кеңесі шешімінің жобасын да дайындады, онда халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда, ерікті негізде қолдану нәтижесінде Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін ұлтүсті (мемлекеттік) стандарттардың тізбелерін және халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын қолдану мен орындауға және Комиссия бекіткен техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыруға қажетті үлгілерді іріктеу мен техниклық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру қағидаларын қамтитын ұлтүсті (мемлекеттік) стандарттардың тізбелерін әзірлеу мен бекіту тәртібін (бұдан әрі – Стандарттар тізбелерін әзірлеу тәртібінің жобасы) белгілеу ұсынылады.
Реттеуші әсерді бағалау туралы 2015 жылғы 19 маусымдағы № 11 қорытындыда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстар Стандарттар тізбелерін әзірлеу тәртібінің жобасында ескерілді.
Атап айтқанда, Стандарттар тізбелерін әзірлеу тәртібі жобасының 18-тармағының «в», «к» - «о» тармақшаларында стандарттар жобаларына түсіндірме жазбада Регламенттің 147-тармағына сәйкес реттеуші әсерді бағалау жүргізілуге тиіс реттеудің барлық сапалық сипаттамаларын көрсету көзделген.
Одан басқа, жинақтаушы департамент пен Жұмыс тобының реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда көрсетілген ұсыныстарын ескере отырып, Стандарттар тізбелерін әзірлеу тәртібі жобасының 27-тармағында стандарттар тізбелерінің жобаларын жария талқылау жүргізудің ең аз мерзімі қолданыстағы тәртіппен салыстырғанда екі есеге: күнтізбелік 30 күннен 60 күнге дейін ұлғайтылған.
Сондай-ақ Стандарттар тізбелерін әзірлеу тәртібінің жобасында стандарттар тізбелеріне реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды дайындау көзделмеген, алайда, Жұмыс тобы мен жинақтаушы департамент реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда осындай қорытындылар дайындау қажеттілігін көрсетпегенін атап өту қажет.
Сонымен қатар 2015 жылы ЕЭК Кеңесінің Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу тәртібі және Одақтың техникалық регламенттеріне стандарттар тізбелерін әзірлеу тәртібі туралы шешімдерінің жобалары ЕЭК Кеңесінің қарауына ғана емес, сонымен қатар ЕЭК Алқасының алдын ала мақұлдауына да енгізілмеді, осыған орай 2015 жылы Регламенттің 151-тармағының талаптары және Комиссия Кеңесінің Одақтың техникалық регламенттері мен оларға стандарттар тізбелері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу тәртібін белгілеу қажеттілігі туралы тапсырмасы орындалмады деп тұжырымдауға болады.
Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралардың қолданылу саласы
Регламенттің 149-тармағының 1-тармақшасында Комиссияның санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралардың қолданылу саласындағы шешімдерінің жобаларына қатысты реттеуші әсерді бағалау қорытынды бағалау кезеңінің барлық іс-шараларын іске асыру арқылы, сондай-ақ ағымдағы бағалау кезеңінің іс-шараларын ақпараттық-талдамалық анықтама жасақтау бөлігінде ғана іске асыру арқылы жүргізілетіні көзделген.
Регламенттің 150-тармағының бірінші абзацына сәйкес жария талқылау мақсатында Комиссияның санитариялық шаралардың қолданылу саласындағы шешімдерінің жобаларын жариялау Комиссия бекіткен бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар мен рәсімдерді әзірлеу, бекіту, өзгерту және қолдану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Комиссияның санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралардың қолданылу саласындағы шешімдерінің жобаларына қатысты жария талқылау мерзімі Одақтың ресми сайтында шешім жобасын жариялаған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кем күнді құрауы мүмкін емес. Комиссияның көрсетілген шешімдерінің жобаларын жария талқылау қорытындылары бойынша келіп түскен түсіндірмелер мен ұсыныстарды жинақтау (әзірлеуші департаменттің келіп түскен түсіндірмелер мен ұсыныстар бойынша ұстанымын көрсете отырып) жария талқылау үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей Одақтың ресми сайтында орналастырылады.
Бұл ретте Комиссияның ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралардың қолданылу саласындағы шешімдерінің жобаларына қатысты жария талқылау қазіргі уақытта «Еуразиялық экономикалық комиссияның санитариялық, карантиндік фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық шаралардың қолданылу саласында актілерін қабылдау процесіндегі транспарентілікті қамтамасыз ету туралы» Комиссия Алқасының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 31 шешімімен белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілген шешімде:
- Комиссияның санитариялық, карантиндік фитосанитариялық және ветеринариялық-санитариялық шаралардың қолданылу саласындағы шешімдері мен ұсынымдарының жобалары Комиссияның Интернет желісіндегі ресми сайтында жарияланатыны;
- ескертулер (ұсыныстар) беру үшін Комиссияның Интернет желісіндегі ресми сайтында актінің жобасы ресми жарияланған күннен бастап ұзақтығы күнтізбелік 60 күннен кем емес мерзім белгіленетіні;
- Комиссияның Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті ескертулер (ұсыныстар) беру мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде ескертулердің (ұсыныстардың) жиынтық тізбесін жасақтайтыны белгіленген.
Сонымен қатар Комиссияның санитариялық шаралардың қолданылу саласында шешімдерінің жобаларын жария талқылау жүргізу мәселелерін реттеу мақсатында Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптар мен рәсімдерді әзірлеу, бекіту, өзгерту және қолдану тәртібін (бұдан әрі – Санитариялық шараларды әзірлеу тәртібінің жобасы) бекіту көзделетін Комиссия Кеңесі шешімінің жобасын дайындады.
Санитариялық шараларды әзірлеу тәртібінің жобасы реттеуші әсерді бағалау рәсімінен өтті (2015 жылғы 6 тамыздағы № 32 қорытынды).
Санитариялық шараларды әзірлеу тәртібі жобасының 10-тармағына сәйкес Комиссияның санитариялық шараларды қолдану саласындағы шешімінің жобасын Одақтың ресми сайтында жариялау кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына шешім жобасының әсері салдарлары туралы ақпараттық-талдамалық анықтамамен бірге жүзеге асырылады, ал ұсыныстар (ескертулер) беру үшін Одақтың ресми сайтында осы жоба жарияланған күннен бастап ұзақтығы күнтізбелік 60 күннен кем емес мерзім белгіленеді.
Өз кезегінде, Санитариялық шараларды әзірлеу тәртібі жобасының 12-тармағында Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау мерзімі аяқталғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде Комиссия:
а) жария талқылау барысында келіп түскен барлық ұсыныстарды (ескертулерді) қарауды, оларды түсіндірмелер мен ұсыныстардың жиынтығына енгізуді, сондай-ақ қажетті консультацияар өткізуді;
б) түсіндірмелер мен ұсыныстардың жиынтықтарын құрастыруды;
в) қажет жағдайда Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын тарта отырып, Комиссия шешімінің жобасы мен ақпараттық-талдамалық анықтаманы пысықтауды;
г) пысықталған Комиссия шешімінің жобасын, ақпараттық-талдамалық анықтаманы және түсіндірмелер мен ұсыныстардың жиынтықтарын Одақтың ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз ететіні көзделген.
Реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстар Санитариялық шараларды әзірлеу тәртібінің жобасында ескерілді.
Санитариялық шараларды әзірлеу тәртібінің жобасы 2015 жылғы 22 желтоқсанда Комиссия Алқасының 47-ші отырысына қарау үшін енгізілді, алайда, Одаққа мүше мемлекеттердің ескертулер мен ұсыныстарының болуына байланысты қараудан алып тасталды және пысықтауға жіберілді.
Осылайша, ЕЭК Алқасы белгілеген айрықша тәртіпте және Регламенттің 150-тармағының бірінші абзацының талаптарын ескере отырып, 2015 жылы Комиссияның санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралардың қолданылу саласында шешімдерінің жобаларын жария талқылау жүргізуді қамтамасыз етілді.
Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес шаралардың қолданылу саласы
Регламенттің 149-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Комиссияның үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың күшін жою туралы шешімдерінің жобаларына, сондай-ақ осы шешімдерге өзгерістер енгізуге қатысты Комиссия Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы хаттаманың (Одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 6-8 - тармақшаларында белгіленген нормаларды ескере отырып, экономикалық мүдделері осындай шешім қабылдауға қатысты Одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушылармен консультациялар өткізілді, реттеуші әсерді бағалаудың осы шешімдері қорытынды бағалау кезеңінің барлық іс-шараларын іске асыру арқылы, сондай-ақ ағымдағы бағалау кезеңінің ақпараттық-талдамалық анықтама жасақтау бөлігінде ғана іс-шараларын іске асыру арқылы жүргізді.
Регламенттің 142-тармағының 7) тармақшасында реттеуші әсерді бағалау Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы хаттаманың (Одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 8 - тармағына сәйкес Комиссияның үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың күшін жою туралы шешімдерінің жобаларына қатысты реттеуші әсерді бағалау жүргізілмейтіні белгіленген, экономикалық мүдделері осындай шешім қабылдауға қатысты Одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушылармен консультациялар өткізілмейді.
Регламенттің 150-тармағының екінші абзацына сәйкес Комиссияның үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың күшін жою туралы шешімдерінің жобалары бойынша экономикалық мүдделері осындай шешімдер қабылдауға қатысты болуы мүмкін мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушылармен консультациялар Комиссия бекіткен тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетердің сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың күшін жою туралы шешім жобасын дайындау туралы хабарлау тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 35 шешімімен бекітілген.
Тәртіптің 2-тармағына сәйкес Комиссия Одақтың ресми сайтында шешім жобасын дайындау туралы хабарлама орналастыру жолымен мүдделі тұлғаларға хабарлауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте, көрсетілген хабарламамен бірге Одақтың ресми сайтында кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына Комиссия шешімі жобасы әсерінің салдарлары туралы ақпараттық-талдамалық анықтама орналастырылады.
Тәртіптің 5-тармағында ескертулер берген кезде мүдделі тұлғалар бірқатар мәліметтерді көрсетуге тиістілігі, оның ішінде Комиссия шешімін қабылдауға қатысты өзінің экономикалық мүдделері туралы ақпаратты келтіру тиістілігі көзделген. Бұл ретте Тәртіптің 6-тармағының екінші абзацында, егер осындай мәліметтер ұсынылмайтын болса, онда ескертулер есепке алынбайтыны белгіленген.
Одан әрі мүдделі тұлғалар ескертулер беру үшін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жауапты департамент Тәртіпке қосымшаға сәйкес нысан бойынша ескертулер жиынтығын жасақтайды.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың Еуразиялық экономикалық комиссияның тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу, қолдану, ұзарту немесе олардың күшін жою туралы шешімінің жобасы бойынша ескертулерінің жиынтық нысанына ескертуде, егер ескерту қабылданбайтын жағдайда, онда оны қабылдамау келтірілетіні көзделген.
Консультациялар тікелей форматта немесе бейнеконференция форматында жүргізілуі мүмкін.
Тәртіптің 14-тармағына сәйкес мүдделі тұлғаларға Одақтың ресми сайтында өзгерістер енгізу туралы шешімнің тиісті жобасын орналастыру арқылы хабарлауды жауапты департамент бұрын қабылданған Комиссия шешімдеріне кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына әсер етпейтін заңды-техникалық және (немесе) редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізу көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
Одақ туралы шартқа № 7 қосымша болып табылатын Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың 8-тармағына сәйкес Комиссия төмендегі жағдайлардың бірі болған кезде консультациялар өткізбеу жөнінде шешім қабылдауы мүмкін:
Комиссия шешімінің жобасында көзделген сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығына қатысты шаралар туралы күшіне ену күніне дейін белгілі болмауға тиіс, соған байланысты консультациялар өткізу осындай шешімде көзделген мақсаттарға қол жеткізбеуге әкеліп соғады немесе әкеліп соғуы мүмкін;
консультациялар өткізу сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығына қатысты Комиссия шешімін қабылдауда кедергі келтіреді, бұл Одаққа мүше мемлекеттердің мүдделеріне елеулі нұқсан келтіруі мүмкін;
сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығына қатысты Комиссия шешімінің жобасында айрықша құқық беру көзделген.
Тәртіптің 12-тармағында Комиссия мынадай кез келген жағдайлардың бірінде консультациялар өткізбеуіне болатын балама норма көзделген:
а) Комиссия шешімінің жобасында көзделген сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығына қатысты шаралар туралы оның күшіне ену күніне дейін белгілі болмауға тиіс, соған байланысты консультациялар өткізу осындай шешімде көзделген мақсаттарға қол жеткізбеуге әкеліп соғады немесе әкеліп соғуы мүмкін;
б) консультациялар өткізу сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру құқығына қатысты Комиссия шешімін қабылдауда кедергі келтіреді, бұл Одаққа мүше мемлекеттердің мүдделеріне елеулі нұқсан келтіруі мүмкін;
в) шешім жобасында айрықша құқық беру көзделеді.
Алғашқы екі жағдайдың болуын Одаққа мүше мемлекеттер айқындайды, оның ішінде Комиссия Алқасы жанындағы Сауда жөніндегі консультативтік комитетінің кедендік-тарифтік, тарифтік емес реттеу және қорғаныс шаралары жөніндегі кіші комитетінің шеңберінде, ал үшінші жағдайдың болуын Комиссияның жауапты департаменті (Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті) дербес айқындайды. Осындай жағдайлардың болуы туралы ақпарат Комиссия Алқасының отырысына берілетін құжаттар мен материалдар жинағының құрамында ұсынылатын анықтамада көрсетіледі.
Консультациялар өткізбеу туралы шешім қабылданған жағдайда мүдделі тұлғаларға Тәртіпке сәйкес шешім жобасын дайындау туралы хабарлау да жүзеге асырылмайды.
Осылайша, 2015 жылы Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті Комиссияның үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу саласындағы шешімдерінің жобаларына қатысты реттеуші әсерді бағалау кезеңін жүргізудің айрықша тәртібін белгілейтін ЕЭК Алқасы шешімінің қабылдануын қамтамасыз етті.
2-тарау. 2015 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізу практикасы туралы статистикалық және анықтамалық-талдамалық ақпарат
Реттеуші әсерді бағалау жүргізілген ЕЭК шешімдерінің жобалары туралы ақпаратты талдау
2015 жылы реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды дайындау арқылы Комиссия шешімінің 75 жобасы бойынша реттеуші әсерді бағалау рәсімін жүргізу аяқталды.
2015 жылы РӘБ туралы қорытындылар дайындалған, Комиссия құзыретінің салалары бойынша ЕЭК шешімдерінің жобалары туралы ақпарат 2-кестеде ұсынылды.
2-кесте
Комиссия құзыретінің салалары
|
2015 жылы РӘБ туралы қорытындылар берілген шешімдер жобаларының саны
|
Құзырет салалары бойынша Комиссия шешімдері жобаларының үлесі үлесі
|
Дәрілік заттардың айналысын реттеу
|
19
|
26%
|
Медициналық бұйымдардың айналысын реттеу
|
12
|
16%
|
Кедендік реттеу
|
11
|
15%
|
Санитариялық шараларды қолдану
|
7
|
9%
|
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
|
7
|
9%
|
Техникалық реттеу
|
6
|
8%
|
Ветеринариялық-санитариялық шаралады қолдану
|
6
|
8%
|
Көлік құралдары мен өздігінен жүретін машиналардың айналысын реттеу
|
3
|
4%
|
Карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану
|
2
|
3%
|
Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу
|
1
|
1%
|
Қызметтер саудасы, мекеме құру және қызмет
|
1
|
1%
|
Барлығы
|
75
|
100%
|
2015 жылы дайындалған, Комиссия құзыретінің салалары бойынша (ауқымдандырылған) реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылардың үлесі жөніндегі ақпарат 1-диаграммада ұсынылады.
1-диаграмма
Комиссия құзыретінің салалары бойынша (ауқымдандырылған) РӘБ туралы қорытындылардың үлесі
■ Дәрілер мен медбұйымдар
■ СФС-шаралар
■ Кедендік реттеу
■ Метрология
■ Техреттеу
■ Көлік құралдарының паспорттары
■ Тарифтік емес реттеу
■ Қызметтер көрсету саудасы
2015 жылы реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылар берілген Комиссия шешімдерінің жобаларын дайындаған әзірлеуші департаменттер:
- Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті - 63% (47 жоба);
- Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті - 20% (15 жоба);
- Кедендік заңнама және құқық қолдану практикасы департаменті - 12% (9 жоба);
- Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті - 3% (2 жоба);
- Кедендік инфрақұрылым департаменті - 1% (1 жоба);
- Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті - 1% (1 жоба).
Өз кезегінде, Комиссия Алқасының мүшелері (Министрлер) бойынша 2015 жылы реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылар дайындалған Комиссия шешімдерінің жобалары мынадай түрде бөлінді:
- Алқаның техникалық реттеу мәселелері жөніндегі мүшесі (Министр) - 83% (62 жоба);
- Алқаның кедендік ынтымақтастық жөніндегі мүшесі (Министр) - 13% (10 жоба);
- Алқаның сауда жөніндегі мүшесі (Министр) - 3% (2 жоба);
- Алқаның экономика және қаржы саясаты жөніндегі мүшесі (Министр) - 1% (1 жоба).
2015 жылы реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылар дайындалған Комиссия шешімдерінің түпкілікті жобасын қабылдау деңгейі бойынша мынадай түрде бөлінді:
- Еуразиялық экономикалық кеңес шешімінің 1 жобасы;
- Комиссия Кеңесі шешімінің 37 жобасы;
- Комиссия Алқасы шешімінің 37 жобасы.
Регламенттің 166-тармағына сәйкес реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыға Жұмыс тобының басшысы, ал ол уақытша жұмыс қабілетсіздігіне, еңбек демалысына немесе іссапарға жіберуге байланысты болмаған кезеңде Жұмыс тобы басшысының орынбасары қол қояды.
2015 жылы Алқаның экономика және қаржы саясаты жөніндегі мүшесі (Министр), Жұмыс тобының басшысы реттеуші әсерді бағалау туралы 57 қорытындыға (қорытындылардың жалпы санының 76%) қол қойды.
Өз кезегінде, реттеуші әсерді бағалау туралы 18 (24%) қорытындыға Жұмыс тобының басшысы еңбек демалысында болған және іссапарға жіберілген кезеңде жинақтаушы департаменттің директоры, Жұмыс тобы басшысының орынбасары қол қойды.
Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыларда қамтылған тұжырымдарды сипаты бойынша мынадай қорытындылар санаттарына бөлуге болады:
- «оң» - кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына Комиссия шешімі жобасының оң әсері туралы тұжырым жасалған және кәсіпкерлік қызметтің субъектілері үшін артық міндеттер, тыйым салулар және (немесе) шектеулер белгілеуді болдырмауға бағытталған Комиссия шешімі жобасының ережелеріне ескертулер мен ұсыныстар жоқ реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды;
«шартты оң» - кәсіпкерлік қызметтің субъектілері үшін артық міндеттер, тыйым салулар және (немесе) шектеулер белгілеуге әкеп соғуы мүмкін құқық қолдану практикасында біржақты түсіндірмеу және айырмашылықтарды жою мақсатында Комиссия шешімі жобасының кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына оң әсері туралы жекелеген ережелерін пысықтау (түзету) шартымен Комиссия шешімі жобасының тұжырым жасалған реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды;
- «теріс» - осындай жобаларда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері үшін оның жекелеген ережелерін пысықтау (түзету) арқылы жою мүмкін емес артық міндеттер, тыйым салулар және (немесе) шектеулер белгіленуге байланысты Комиссия шешімі жобасының кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына теріс әсері туралы қорытынды.
Жасалған тұжырымдардың сипаты бойынша 2015 жылы дайындалған Комиссия шешімдерінің жобаларына реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларды былай бөлуге болады:
- оң - 8 қорытынды (10,7%);
- шартты оң – 64 қорытынды (85,3%);
- теріс – 3 қорытынды (4%).
Реттеуші әсерді бағалау туралы оң қорытындыны Жұмыс тобы Комиссияның кедендік реттеу, сондай-ақ санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралардың қолданылу саласындағы шешімдерінің жобаларына жиі берген.
Реттеуші әсерді бағалау туралы теріс қорытындыларды Жұмыс тобы Комиссияның техникалық реттеу, кедендік әкімшілік және дәрілік заттардың айналысы саласындағы шешімдерінің жобаларына дайындаған.
Осылайша, 2015 жылы дайындалған реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылардың басым бөлігінде Комиссия шешімдерінің жобалары Жұмыс тобының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, олардың жекелеген ережелері пысықталған жағдайда кәсіпкерлік қызмет жүргізуге ілгерінді әсерінің мүмкін екендігі көзделген.
Әзірлеуші департаменттердің реттеуші әсерді ағымдағы бағалау кезеңін жүргізу практикасы туралы ақпаратты талдау
Реттеуші әсерді бағалау рәсімінің шеңберінде 2015 жылы жария талқылау жүргізілген Комиссия шешімдерінің 94 жобасы бойынша жария талқылауға қатысушылар 2586 ескерту мен ұсыныс берді, бұл Комиссия шешімінің бір жобасы бойынша 27,5 ескерту мен ұсынысты құрайды.
Реттеуші әсерді бағалау рәсімінің шеңберінде Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылау барысында Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерін, шаруашылық субъектілерін, сарапшыларын (жеке тұлғаларды), ғылыми қоғамдастық өкілдерін, атқарушы органдарының, уәкілетті органдарын қоса алғанда, 317 жария талқылауға қатысушы ескертулер мен ұсыныстар жіберді.
Реттеуші әсерді бағалау рәсімінің шеңберінде Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылау жүргізу барысында келіп түскен 2586 ескерту мен ұсыныс ішінде әзірлеуші департаменттер 1730 ескерту мен ұсынысты ескерді.
Мәселен, әзірлеуші департаменттер жария талқылауға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алуының үлесі 2015 жылы өте жоғары деңгейде болды және 66,9% құрады.
Реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларды уақтылы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында жария талқылау кезеңінде Комиссия шешімдерінің жобаларына ескертулер мен ұсыныстарды жинақтаушы департамент әзірлеуші департаменттерге жіберді. 2015 жылы жария талқылау кезеңінде жинақтаушы департамент әзірлеуші департаменттерге Комиссия шешімдерінің 16 жобасына барлығы 92 ескерту мен 16 ұсыныс жіберді.
2015 жылы Комиссия құзыретінің салалары бойынша реттеуші әсерді бағалау рәсімінің шеңберінде жария талқылаудан өткен ЕЭК шешімдерінің жобаларын бөлу (оның ішінде айрықша тәртіпте) 3-кестеде ұсынылады.
3-кесте
Комиссия құзыретінің салалары
|
2015 жылы РӘБ шеңберінде жария талқылау жүргізілген Комиссия шешімдері жобаларының саны
|
Құзырет салалары бойынша Комиссия шешімдері жобаларының үлесі
|
Дәрілік заттардың айналысын реттеу
|
19
|
20%
|
Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану
|
16
|
17%
|
Медициналық бұйымдардың айналысын реттеу
|
13
|
14%
|
Кедендік реттеу
|
13
|
14%
|
Техникалық реттеу
|
8
|
8,5%
|
Санитариялық шараларды қолдану
|
7
|
7,5%
|
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
|
7
|
7,5%
|
Карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану
|
5
|
5,5%
|
Көлік құралдары мен өздігінен жүретін машиналардың айналысын реттеу
|
3
|
3%
|
Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу
|
2
|
2%
|
Қызметтер саудасы, мекеме құру және қызмет
|
1
|
1%
|
Барлығы
|
94
|
100%
|
2015 жылы Комиссия құзыретінің салалары бойынша реттеуші әсерді бағалау (оның ішенде айрықша тәртіпте) рәсімінің шеңберінде жария талқылау жүргізілген Комиссия шешімдері жобаларының үлесі туралы ақпарат 2-диаграммада берілген.
2-диаграмма
2015 жылы жария талқылаудан өткен
ЕЭК шешімдері жобаларының үлесі
■ Дәрілер және медбұйымдар
■ СФС-шаралар
■ Кедендік реттеу
■ Техреттеу
■ Метрология
■ Көлік құралының паспорты
■ Тарифтік емес реттеу
■ Қызметтер саудасы
Жалпы алғанда, Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін ағымдағы бағалау (жария талқылау) кезеңін ұйымдастыру мен жүргізу кезінде әзірлеуші департаменттер көп жағдайда Регламенттің ІХ бөлімінің 2 кіші бөлімінде көзделген барлық қажетті рәсімдерді сақтады.
Сонымен қатар бірқатар жағдайларда ағымдағы бағалау рәсімдерін әзірлеуші департаменттер толық көлемде сақтаған жоқ, реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларда осыған назар аударылды.
Бұл ретте 2015 жылы Жұмыс тобы реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылар дайындаған Комиссия шешімдерінің 75 жобасынан Регламентте белгіленген ағымдағы бағалау кезеңін жүргізу рәсімдерін сақтамау жағдайлары 9 жобаны (12%) дайындау кезінде айқындалды.
Мәселен, 2015 жылы реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларда әзірлеуші департаменттердің Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылау жүргізу рәсімін бұзушылықтың мынадай жағдайлары тіркелді:
- реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды дайындау үшін бейінді жұмыс тобының отырыстарында тиісті жобаны қарау шеңберінде енгізілген өзгерістер ескерілмеген редакциядағы Комиссия шешімінің жобасы ұсынылды (екі жағдай);
- Регламенттің жария талқылау нәтижелері бойынша пысықталған және реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды дайындау үшін жіберілген редакциядағы Комиссия шешімінің жобасы мен ақпараттық-талдамалық анықтаманы Одақтың ресми сайтына орналастыру қажеттілігі туралы 163-тармағының талабы орындалмады (1 жағдай);
- Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау жүргізу туралы ақпаратпен толықтырылған ақпараттық-талдамалық анықтаманы пысықтау және Одақтың ресми сайтында қайта орналастыру туралы талап орындалмады (үш жағдай);
- жария талқылау жүргізу нәтижелері бойынша пысықталған Комиссия шешімінің жобасы мен ақпараттық-талдамалық анықтаманы Одақтың ресми сайтында орналастыру кезінде бастапқыда жария талқылау жүргізу үшін орналастырылған Комиссия шешімінің жобасы мен ақпараттық-талдамалық анықтама редакцияларының файлдары жойылды (бір жағдай);
- жария талқылау шеңберінде Комиссия шешімінің жобасы Регламенттің 157-тармағында белгіленген жария талқылау жүргізудің ең аз кезеңі (күнтізбелік 30 күн) салыстырғанда ұзақтығы кем (күнтізбелік 20 күн) мерзімде ескертулер мен ұсыныстар жіберу үшін орналастырылды (бір жағдай);
- Регламенттің реттеуші әсерді бағалау шеңберінде Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау жүргізу барысында келіп түскен ұсыныстар туралы жиынтық ақпаратта ескертулер мен ұсыныстарды қабылдамау негіздерін келтіру қажеттілігі туралы талап бұзылды (бір жағдай).
Көрсетілген жағдайлар 2015 жылғы сәуір-маусым айларында, яғни Комиссия жұмысының практикасында реттеуші әсерді бағалау рәсімін енгізгеннен кейін алғашқы үш айда орын алған және әзірлеуші департаменттердің Одақтың ресми сайтына орналастыру арқылы Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылау жүргізе отырып, оларды дайындау тәртібі бөлігінде Регламенттің жаңа талаптарын қолдануға бейімделуіне негізделді.
Осылайша, 2015 жылы әзірлеуші департаменттер реттеуші әсерді бағалау шеңберінде Комиссия шешімдерінің жобаларын жария талқылау жүргізу кезінде жалпы алғанда белгіленген рәсімдердің сақталуы қамтамасыз етілді, ал Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтары жария талқылауға белсенді қатысудың жоғары деңгейін көрсетті, бұл реттеуші әсерді бағалау рәсімінде елеулі мүдделілік пен кәсіпкерлік және сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің қажет ететіндігін көрсетеді.
Сонымен қатар реттеуші әсерді ағымдағы бағалау кезеңін жүргізу шеңберінде келіп түскен жария талқылауға қатысушылардың үштен екіден артық ескертулері мен ұсыныстарын есепке алудан көрінетін әзірлеуші департаменттердің «реттеуші икемділігінің» жеткілікті деңгейіне назар аудару қажет.
Сонымен бірге Регламенттің 162-тармағында әзірлеуші департаменттің жария талқылау жүргізу барысында келіп түскен ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия шешімінің жобасын одан әрі дайындаудан бас тарту мүмкіндігі көзделгенін атап өту қажет.
Сонымен бірге 2015 жылы әзірлеуші департаменттердің жария талқылау нәтижелері бойынша Комиссия шешімдерінің жобаларын одан әрі дайындаудан бас тарту туралы шешімдер қабылдау фактілері тіркелген жоқ.
ЕЭК шешімдерінің жобаларында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері үшін артық шектеулерді көздейтін, айқындалған ережелер туралы ақпаратты талдау
2015 жылы Комиссия шешімдерінің жобаларына берілген реттеуші әсерді бағалау туралы 75 қорытындыда Одақта кәсіпкерлік қызмет жүргізуді жақсартуға бағытталған 490 ескерту мен ұсыныс қамтылған.
Осылайша, реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда Комиссия шешімі жобасының ережелеріне орта есеппен 6,5 ескерту және (немесе) ұсыныс бар.
Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындыларда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды сипаты жағынан мынадай үш түрге жіктеуге болады:
тұжырымдамалық – Комиссия шешімінің жобасына қатысты ескертулер мен ұсыныстар жалпы алғанда және (немесе) оларда көзделген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу моделдері (атап айтқанда, шешім жобасын қабылдау негізсіздігі туралы; ережелерді міндетті емес (нормативтік-құқықтық), ұсынымдық нысанда қабылдау жеткіліктілігі туралы; Комиссия шешімінің жобасын қолдану саласын (құқықтық реттеу мәнін) өзгерту туралы; Комиссия шешімінің жобасын қолданысқа енгізу кезінде өтпелі кезең белгілеу және (немесе) оның күшіне енуін шегеру белгілеу қажеттілігі туралы; құжаттарды өзара тану тетігін өзгертуді көздейтін; тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету тәсілдерін өзгертуге бағытталған; сондай-ақ Комиссия шешімінің жобасында көзделген реттеуге негізгі ұстанымдарды өзгертуге бағытталған өзге де ескертулер мен ұсыныстар);
мазмұндық – кәсіпкерлік қызметтің субъектілеріне қатысты артық жауапкершілік, шектеулер немесе тыйым салулар белгілеуді болдырмау, Одаққа мүше мемлекеттердің құқық қолдану практикасында айырмашылықтардың туындауына жол бермеу, сондай-ақ билік құзыреттерін жүзеге асырған кезде негізсіз дискрекцияны көздейтін ережелерді жою мақсатында Комиссия шешімі жобасының жекелеген ережелеріне өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге бағытталған ескертулер мен ұсыныстар;
құқықтық-техникалық және редакциялық - нормативтік ережелерді жазудың абсолютті құқықтық айқындылығы мен қисындылығын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия шешімі жобасының жекелеген ережелеріне нақтылауларды енгізуге немесе олардың тұжырымдарын түзетуге бағытталған ескертулер мен ұсыныстар (мысалы, құжаттың ішкі сілтемелік және жіберілетін бланктік аппаратын нақтылау, мәліметтер немесе құжаттарды «қажет кезде» қосымша тұжырымдармен ұсыну туралы талаптарды нақтылау, құжат жобасынан «тапсырмалық» және ұйымдастырушылық-өкімдік сипаттағы ережелерді оны бекіту, орфографиялық, грамматикалық және сандық қателер мен дәлсіздіктерді түзету туралы Комиссия шешімінің жобасына ауыстыру, құжаттың ережелерін құқықтық техника қағидаларына сәйкес келтіру).
Реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстар мынадай түрде бөлінеді:
-тұжырымдамалық - 33 ескерту мен ұсыныс (6,8%);
-мазмұндық - 403 ескерту мен ұсыныс (82,2%);
-құқықтық-техникалық және редакциялық - 54 ескерту мен ұсыныс (11%).
Ескертулерді бөлудің иллюстративтілігі үшін осы санаттарға РӘБ туралы қорытындыларда байқалған тұжырымдамалық және мазмұндық ескертулердің мынадай мысалдарын атап өту қажет (осы мысалдарды Комиссия құзыретінің салалары бойынша қорыта отырып).
Комиссияның дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы шешімдері жобаларына РӘБ туралы қорытындыларда көрсетілген тұжырымдамалық сипаттағы ескертулер мыналарға қатысты болды, атап айтқанда:
- референт мемлекеттің уәкілетті органының, басқа мемлекеттердің (тану мемлекеттерінің) тіркеу дерекнамасын қарау нәтижелері бойынша дайындалған материалдарды автоматты немесе кемінде өтеусіз тану тетігінің болмауы, осыған байланысты Одақ шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай нарығын қалыптастыру мақсаттарына толық қол жеткізілмей отыр, ал кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің осындай ортақ нарық құрудан алатын пайдасы елеулі төмендейді;
- Комиссияның бұрын берілген ұлттық құжаттардың қолданысын қамтамасыз ету, тиісті практикаларға енгізуге бейімдеу бөлігінде осы саладағы шешімдерін қолданысқа енгізу үшін өтпелі кезең белгілеу қажеттілігі;
- пациенттерді іріктеу 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін аяқталған (яғни Одақ туралы шартта көзделген, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығын қалыптастыруды бастау күніне дейін) және Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тысқары жүргізілген клиникалық зерттеулердің нәтижелерін тануды қамтамасыз ету қажеттілігі;
- кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін ескергенде, осындай тексерулер ұйымдастыру орындылығын қоса алғанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімін жүзеге асырған кезде тексерулер жүргізу бөлігінде өндірістік объектілерге әкімшілік жүктемені қысқарту қажеттілігі;
- Комиссияның ветеринариялық препараттарға дәрілік заттар айналысы (таңбалау, зертханалық және өндірістік практика) саласындағы шешімдерінің бірқатар жобаларын қолдану саласын тарату негізсіздігі;
- Комиссия Алқасының шешімдері емес, Комиссияның дәрілік заттардың айналысы саласында ұсынымдар нысанындағы бірқатар актілерін қабылдау қажеттілігі (мысалы, препараттарды рецептурамен және рецептурасыз босату санаттарына жатқызу жөніндегі ұсынымдар).
Комиссияның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы шешімдерінің жобаларына РӘБ туралы қорытындыларда көрсетілген тұжырымдамалық ұсыныстар мыналарға қатысты болды:
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстардың нәтижелерін автоматты түрде өзара тануды және референт мемлекеттерде берілген, осындай жұмыстардың нәтижелерін белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды қамтамасыз ету қажеттілігі;
- Комиссия шешімдерінің жобаларының оларда көзделетін талаптар мен рәсімнің өлшем бірлігін қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу саласында жүргізілген жұмыстардың нәтижелеріне ғана қолданылатын көрсету бөлігінде қолданылу саласын нақтылау қажеттілігі.
Санитариялық және ветеринариялық-санитариялық шаралардың қолданылу саласындағы актілердің жобаларына қатысты Одақ туралы шартқа сәйкес (56-баптың 1-тармағы) санитариялық және ветеринариялық-санитариялық шаралар ғылыми негізделген қағидаттардың негізінде және бұл адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажет болатын шамада ғана қолданылатын болғандықтан, жеткілікті негіздеме келтірмей бірыңғай санитариялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар мен рәсімдерді белгілеуге жол бермеуді көрсету негізгі тұжырымдамалық қорытынды болып табылады.
Комиссияның кедендік реттеу саласындағы шешімдерінің жобаларына 2015 жылы РӘБ туралы қорытындыларда мыналарға қатысты тұжырымдамалық ескертулер айтылды:
- сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік мақсатта талап етілмейтін мәліметтер ұсыну бойынша міндеттер жүктеу және Одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарына кедендік әкімшіліктендіру мақсатына жатпайтын мәліметтер ұсыну бойынша функцияларды бөлудің негізсіздігі;
- кеден органдарының шешімдер қабылдау кезінде Одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін тасымалдаушылар ұсынатын мәліметтерді есепке алуын қамтамасыз ету қажеттілігі.
Өз кезегінде, 2015 жылы Комиссия шешімдерінің жобаларына РӘБ туралы қорытындыларда көрсетілген мазмұндық ескертулер мен ұсыныстар, атап айтқанда мыналарға қатысты болды:
- дәрілік заттар айналысы саласында - дәрілік заттарды тіркеуге байланысты рәсімдер орындалуының нақты мерзімдерін белгілеу, сондай-ақ құқық қорғау практикасында түрлі ұстанымдарға жол бермеу мақсатында бағалау және дискрекциялық тұжырымдарды нақтылау қажеттілігі;
- медициналық бұйымдардың айналысы саласында – жобалардың ережелерін Одақ құқығына қатаң сәйкес келтіру және оларды әртүрлі түсіндіру ықтималдылығын жою мақсатында осы жобалардың тұжырымдарын нақтылау қажеттілігі;
- кедендік әкімшіліктендіру саласында – электрондық құжаттарды ұсынуға өтуді қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік қағаз бастылықты жеңілдету, сондай-ақ кедендік тасымалдаушылардың уақыт және логистикалық шығындарын қысқарту қажеттілігі;
- санитариялық және ветеринариялық-санитариялық шаралар саласында - оларды түсіндіру мен қолданудың бірыңғай практикасын қамтамасыз ету мақсатында жобалар ережелерінің тұжырымдарын нақтылау;
- көлік құралдарының, өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің айналысын әкімшіліктендіру саласында – электрондық паспорттар мәліметтерінің көлемдерін қысқарту немесе өтініш берушінің қалауы бойынша кейбір мәліметтерді ұсыну мүмкіндігін белгілеу; шешім күшіне енгенге дейін және олар көздеген өтпелі кезеңдер ішінде қағаз жеткізгіште берілген паспорттарды қайта ресімдеу тәртібін нақтылау; Бірыңғай тізілімге енгізілген дайындаушы ұйымдардың электрондық паспорттарды дербес ресімдеуді жүзеге асыру құқықтарына кепілдерді қамтамасыз ету; электрондық паспорттар ресімделуі қажет көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімін нақтылау; ұлттық заңнамада электрондық паспорттарда көрсетілуі мүмкін қосымша мәлімметтерді белгілеуге байланысты көлік құралдарының (шасси), өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің еркін қозғалысы үшін тосқауылдар туындауының алдын алу қажеттілігі;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында – өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстардың нәтижелерін растау шеңберінде шешімдер қабылдау мерзімдері мен тәртібіне қатысты құқықтық белгісіздікті жою.
Сонымен қатар РӘБ туралы қорытындыларда көрсетілген, РӘБ туралы қорытындылар болған кезде 2015 жылы болған Комиссия Алқасының отырыстарында қаралған жобалардың саны бойынша айқындалған ескертулер мен ұсыныстардың үлесіне назар аудару қажет.
Жұмыс тобы реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындылар берілген Комиссия (Кеңестің және Алқаның) шешімдерінің 75 жобасынан 2015 жылы Комиссия Алқасының отырыстарында Комиссия шешімдерінің 54 жобасы (72%) қаралды.
Комиссия Алқасының отырыстарында қарау нәтижелері бойынша Комиссия Алқасының шешімдерімен бекітілген немесе Комиссия Алқасының өкімдерімен (ЕЭК Кеңесі шешімдерінің жобалары бойынша) мақұлданған Комиссия шешімдері жобаларының редакциясымен реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды салыстыру нәтижелері бойынша реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды есепке алу үлесі 65,1%-ды құрайды - ЕЭК шешімдерінің қаралған және қабылданған (мақұлданған) 54 жобасы бойынша 370 ескерту мен ұсыныстың 241-і ескерілді деп тұжырым жасауға болады.
Бұл ретте ЕЭК Алқасы қабылдаған (мақұлдаған) Комиссия шешімдерінің жобаларына реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды есепке алу үлесін олардың сипатына қарай мынадай түрде көрсетуге болады:
- Тұжырымдамалық ескертулер имен ұсыныстарды есепке алу үлесі 20%-ды құрады (30-дан 6);
- мазмұндық ескертулер мен ұсыныстарды есепке алу үлесі 67%-ды құрады (293-тен 195);
- құқықтық-техникалық және редакциялық ескертулер мен ұсыныстарды есепке алу үлесі 85%-ды құрады (47-ден 40).
Сонымен қатар Жұмыс тобының басшысы және жинақтаушы департамент Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау туралы қорытындының құрылымдалған және стандартталған үлгі нысанын қалыптастырғанын атап өту қажет, соған сәйкес қорытындыда және оған қосымшада Жұмыс тобы туралы ереженің 26-тармағының талаптарына сәйкес реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда міндетті көрсетуге жататын мәліметтер кезекпен жазылады.
Осы үлгі нысанға сәйкес реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда мыналар тікелей көрсетіледі:
- әзірлеуші департаменттің Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау жүргізу кезінде Регламентте белгіленген рәсімдер толық сақталған-сақталмағанын көрсете отырып, реттеуші әсерді ағымдағы бағалау кезеңін жүргізуі туралы ақпарат;
- әзірлеуші департаменттің Комиссия шешімінің жобасы дайындалған проблемаларды айқындау дәлдігі мен толықтығы, сондай-ақ реттеу мақсаттары туралы мәліметтер;
- кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына Комиссия шешімі жобасының әсерінің (оң немесе теріс) сипаты туралы тұжырым;
- Комиссия шешімінің жобасы мен ақпараттық-талдамалық анықтаманы реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыда және оған қосымшада көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, пысықтаудың негізгі бағыттары.
Реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыға қосымшада:
- Комиссия шешімінің жобасына онда көзделген кәсіпкерлік қызметтің субъектілері үшін артық міндеттерді, шектеулерді және (немесе) тыйым салуларды, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің негізсіз шығындарын, Одақтың аумағында тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін тосқауылдарды жоюға бағытталған ескертулер мен ұсыныстардың тізбесі;
- әзірлеуші департаменттің Комиссия шешімінің жобасына ақпараттық-талдамалық анықтамада қорғалатын тұлғалардың тобы мен реттеу адресаттары, белгіленген міндетті мінез-құлық қағидалары, реттеу мақсатына қол жеткізу тетігі, ұсынылған реттеуге балама нұсқалар сияқты реттеудің сапалық сипаттамаларының сипаттамасын нақтылауға бағытталған әдіснамалық ескертулер мен ұсыныстар.
Осылайша, 2015 жылы Жұмыс тобы дайындаған реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыларда көрсетілген ескертулер мен ұсыныстардың басым бөлігі ұсынымдық сипатта болды және кәсіпкерлік қызмет жүргізу үшін артық талаптар, міндеттер, тыйым салулар немесе өзге де шектеулер белгілеу ықтималдылығын болдырмау мақсатында Комиссия шешімдері жобаларының жекелеген ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жіберілді. 3-тарау. Мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған проблемалар және оларды шешу жөніндегі ұсыныстар
Реттеуші әсерді бағалау рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстар
Реттеуші әсерді бағалауды жүргізу кезінде пайдаланылатын құжаттардың нысандары мен оларды жасақтау қағидаларын түзету қажеттілігі
Әзірлеуші департаменттердің кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына Комиссия шешімдері жобалары әсерінің салдарлары туралы ақпараттық-талдамалық анықтамалар әзірлеу практикасын талдау және қорыту жүргізу нәтижелері бойынша Құжат айналысы қағидаларына №5 қосымшада белгіленген ақпараттық-талдамалық анықтама нысанын жетілдіру жөнінде мынадай ұсыныс бар.
РӘБ рәсіміне мониторинг жүргізу және жинақтаушы департаменттің тиісті жыл сайынғы есептер дайындауы мақсатында ақпараттық-талдамалық анықтаманың (ЕЭК шешімінің жобасын жария талқылау жүргізу туралы мәліметтер) 14-тармағын жасауға әзірлеуші департаменттің толығымен есепке алынған, ішінара есепке алынған және қабылданбаған ескертулер мен ұсыныстар санын келтіре отырып, жария талқылау жүргізу барысында келіп түскен ұсыныстардың жалпы саны туралы ережемен толықтыру ұсынылады.
Бұдан басқа, 2016 жылы РӘБ шеңберінде осы нысанның ІІІ бөлімінде көзделген сауалнама парақтарын толтыруды оңайлату мақсатында жария талқылауға қатысушы толтыру үшін міндетті мәселелер тізбесін ықтимал қысқарту мәніне Комиссия шешімінің жобасын жария талқылау жүргізу үшін сауалнама парағының нысанын талдау жүргізіледі.
Мүдделі тұлғаларға қойылатын сұрақтар тізбесін қамтитын сауалнама парағын қысқарту және онда неғұрлым қысқа жазылатын, шаруашылық субъектілері қойылған сұрақтарға жауап беру үшін ерекшелік жөнінде тиісті үнемі біле бермейтіндіктен нақты және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мәнді қамтитын тұжырымды қалыптастыру ұсынылады.
Бұл ретте Одаққа мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының өкілдерін РӘБ рәсіміне барынша тарту және олардың сауалнама парақтарын толтыру сапасын арттыру мақсатында кәсіпкерлік бірлестіктер мен шаруашылық субъектілерінің өкілдерін «жергілікті жерлерде» оларға қатыстыра отырып, Одаққа мүше мемлекеттерде көшпелі тақырыптық семинарлар өткізу ұсынылады.
Бұдан басқа, Регламенттің 144 және 147-тармақтарында, сондай-ақ Жұмыс тобы туралы тармақта көзделген РӘБ туралы қорытындыларда көрсетілетін мәліметтер тізбесін талдау жүргізілетін болады.
Осы талдауды жүргізу нәтижелері бойынша реттеуші әсерді бағалау туралы қорытынды нысанының стандартталған нысанын дайындау жоспарланады, соған сәйкес РӘБ туралы қорытындының өзінде жалпы кәсіпкерлік қызмет жүргізу жағдайларына Комиссия шешімі жобасының әсері туралы тұжырымдар көрсетілетін болады, ал қорытындыға қосымшада Комиссия шешімі жобасының нақты ұсыныстарына Жұмыс тобы мүшелерінің мазмұнды ескертулері мен ұсыныстары келтіріледі.
3.1.2. Реттеуші әсерді бағалауды жүргізудің ұйымдастырушылық және ақпараттық-телекоммуникациялық жағдайларын ықтимал жақсарту
2015 жылы жинақтаушы департамент Комиссияның ақпараттық технологиялар департаментімен бірлесе отырып, Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімін жүргізудің ақпараттық-телекоммуникацилық инфрақұрылымын тиімді қалыптастыруды қамтамасыз етуге қатысты Одақтың ресми сайтының сервистерін жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізген болатын.
Одан әрі Одақтың ресми сайты сервистерінің РӘБ-пен байланысты, оның ішінде қосымша мәтіндік және санаттық өлшемдер бойынша Комиссия шешімдері жобаларын іздестіру бөлігінде үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ ЕЭК шешімдері жобалары «есептеуіштерінің» дұрыс жұмысын қамтамасыз ету қажет деп санаймыз.
Бұдан басқа, Комиссия шешімінің жобасы туралы ақпаратты Одақтың ресми сайтында жариялаудың электрондық мекенжайларына Комиссия қабылдаған шешімдерге сілтемелермен толықтыруды қамтамасыз ету қажет деп санаймыз.
Сонымен қатар Регламенттің 153-тармағына сәйкес Регламенттің 153-тармағын (РӘБ жүргізуді ақпараттық қамтамасыз ету) іске асыруға, сондай-ақ басқа да желі ресурстарымен, оның ішінде мүше мемлекеттердің реттеу мәселелері бойынша ресми порталдарымен, тақырыптық форумдармен, желілік қоғамдастықтармен Одақтың ресми сайтында орналастырылған реттеуші әсерлі бағалауды жүргізу туралы ақпаратпен алмасу мүмкіндігін қамтамасыз етуге қажетті технологиялық, бағдарламалық және лингвистикалық құралдарға қойылатын талаптар Одақтың ресми сайтын қалыптастыру мен жүргізу тәртібінде белгіленуге тиіс.
Қазіргі уақытқа дейін Одақтың ресми сайтын қалыптастыру мен жүргізу тәртібін Комиссия бекіткен жоқ.
Көрсетілген тәртіп шеңберінде мынадай мәселелерді регламенттеу қажет деп санаймыз:
- файлдарды орналастырудың бірыңғай форматтары (.doc(x) және (немесе) .pdf кеңейтуден бастап);
- сайтта шешім жобасының барлық редакциясын орналастыру қажеттілігі (жария талқылау үшін, жария талқылау қорытындылары бойынша пысықтау нәтижелері бойынша, реттеуші әсерді бағалау туралы қорытындыны есепке алғанда, пысықтау нәтижелері бойынша);
- әзірлеуші департаменттің Одақтың ресми сайтынан тікелей жария талқылау жүргізу туралы хабарламаны жіберу мүмкіндігі («жеке кабинеттен»);
- жария талқылау үшін орналастырылған шешімдердің нақты жобаларын көру статистикасын бақылау қажеттілігі;
- желілік қоғамдастықтарда парақшалар мен топтарда («В контакте», Фейсбук, Твиттер және т.б.) Комиссия шешімдерінің жобаларына сілтемелерді жедел орналастыру мүмкіндігі.
Комиссия шешімдері жобаларының РӘБ жүргізудің ішкі рәсімдерін автоматтандыру, атап айтқанда РӘБ жүргізу мәселелері бойынша ақпараттық қорды, жүйелендіруші құжаттар мен материалдарды қалыптастыру, сондай-ақ Одақтың сайтында Жұмыс тобы мүшелерінің жеке кабинеттерін құру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Бұл ретте осы бағыттағы жұмысты Одақ сайтының қолданыстағы сервистерін және Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің қолданыстағы бағдарламалық-аппараттық құралдарын жетілдіру шеңберінде жүргізу ұсынылады, бұл Одақ бюджетінің қосымша шығыстарына әкеліп соқпайды.
Реттеуші әсерді бағалауды жүргізу тәртібін ықтимал өзгерту
Комиссия шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалауды жүргізудің практикасын талдау мен қорыту негізінде 2015 жылы РӘБ рәсімін жүргізу тәртібін жетілдіру бойынша мынадай ұсыныс бар.
Достарыңызбен бөлісу: |