Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет39/180
Дата17.02.2018
өлшемі6,97 Kb.
#10028
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   180

84
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
83 теңқұқықты субъект бар (21 республика, 9 өлке, 46 облыс, федералды 2 
қала, 1 автономиялық облыс жəне 4 автономиялық округ), бүгінгі күнге дейін 
Ресей Федерациясының бүкіл аумағында М.т. орыс тілі (Ресей Федерациясы 
Конституциясының 68-бабы) мен Ресей Федерациясы субъектілерінің Титул-
дық тілдері арасындағы қатынас əлі реттелген жоқ (қар. Автохтондық тіл, 
Мемлекеттік  сəйкестік,  Жергілікті  тіл,  Миноритарлық  тіл,  Ұлтаралық
қатынас тілі, Қазақстан тілдері, Тілдік саясат).
МИГРАНТ (лат. migratio – қоныс аудару, ор. мигрант, ағыл. migrant) – 
тұрғылықты  мекенін  өзгерту  мақсатында  мемлекеттік  шекараларды  кесіп 
өтетін тұлға (қар. Көші-қон, Этностық көші-қон). Адамдардың аумақтарда 
орын  ауыстыру  үдерісіне  қосылып  кетуіне  мəжбүрлейтін  я  түрткі  болатын 
себептер əр түрлі. Мұндай себептер ретінде түрлі құбылыстар мен факторлар 
ықпал етуі мүмкін. Əдетте, миграцияның негізгі себептері: əлеуметтік-эконо-
микалық (жұмыс орындарын, өзін іске асыру мүмкіндіктері, білім алу, некеге
отыру жəне т.с.с.); саяси (саяси себептермен қуғынға ұшырау, саяси наразы-
лық,  өз  саяси  көзқарастары  мен  ұстанымдарын  таратуға  талпыну);  этнос-
тық (этнос араздығы, этностық белгілеріне қарай қысым көру жəне қуғынға 
ұшырау, этносына қайта қосылуға ұмтылу); діни (діни төзбеушілік пен ала-
уыздық, діни тəуап ету); əскери (белгілі бір аумақтағы əскери əрекеттер жəне 
адамдардың сол əрекет салдарларынан құтылу ниеті); экологиялық (өңірдің 
жайсыз табиғи жағдайлары, экологиялық апаттар жəне т.с.с.) себептер (қар. 
Иммиграция, Миграция).
МИГРАНТОФОБИЯ (лат. migratio – қоныс аудару + грек. φόβοσ – қорқы-
ныш,  ор.  мигрантофобия,  ағыл. migrant-phobia)  –  Мигранттардан  қорқу 
немесе оларды жек көру, оларды бөтен жəне түсініксіз адамдар, сондықтан 
қауіпті  жəне  дұшпан  деп  қабылдау  (қар.  Миграция,  Этностық  миграция, 
Мигрант).  Этностық  сəйкестену  теориясы  бойынша,  əлеуметтік  құбылыс 
ретінде М. индивидтердің бір этностық топқа қатысты болуға ұмтылуының 
нəтижесінен  пайда  болады,  өйткені  индивид  өзін  сол  топпен  теңдестіреді, 
сол  топтың  арқасында  соның  өкілі  ретінде  өзін  əлеуметтік,  экономикалық 
жəне  психологиялық  жағынан  қорғай  алатынын  біледі.  М.  пайда  болуын-
да терең психологиялық негіз бар: М. адам санасында Мигрантқа қатысты 
интолерантты  толқыныстар  мен  реакциялар  тудырады,  өйткені  индивидтер 
мұндайда  бейбіт  өмірге  қауіп  төнетінін,  ортаны  игеруге  қабілетсіздігін  ой-
лайды, сондай-ақ қалаған мақсатына я көкейтесті қажеттілігіне жетер жолда 
еңсерілмес  кедергіге  тап  болғандай  күйзелісті  (фрустрация)  бастан  кешеді. 
М.  этносаралық  шиеленістің,  этностық  төзімсіздік  пен  даулардың  өршуіне 
себеп болады. М. жағымсыз салдары тек жайсыздық, қауіп пен үрейдің жасы-
рын  сезімдерін  сезетін  жергілікті  тұрғындар  арасында  ғана  емес,  М.  жағ-
дайында  дұрыстап  бейімделе  алмайтын  жəне  əлеуметтік  маңызды,  толық-


85
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
қанды азаматтар бола алмайтын Мигранттардың арасында да болады. Сон-
дықтан М.-ның қалыптасуы мен көрінуіне əсер ететін факторларды төмен-
детудің  этносаралық  қатынастарды  тұрақтандыру  үшін,  жалпы  қоғам  үшін 
маңызы зор (қар. Көші-қон /Миграция/).
МИНОРИТАРЛЫҚ  ТІЛ  (ор.  миноритарный  язык,  ағыл. minority 
language)– 1. Əлемдегі этностық, саяси немесе демографиялық азшылықтың 
тілі. 2. Мемлекеттің уақыты мен кеңістігінде орналасқан, сол бір аумақта Ти-
тулды этноспен қатар өмір сүретін нақты бір Этностың Титулды этносқа 
қарағанда пайдаланушыларының саны аз тілі. Еуропалық М.т. мəртебесі Өңір-
лік тілдер немесе азшылықтың тілдерінің еуропалық хартиясымен (Eurepean 
Charter for Regional or Minority Languages) белгіленген. М.т. дүние жүзіндегі 
тілдерде сөйлейтіндердің саны 100-ден аз 7%-ын жəне пайдаланушылары са-
науға келмейтін тілдердің 18%-ын жатқызуға болады. М.т. жойылуы өркениет-
тің  тарауы  мен  жаһандану  үдерісінің  жылдамдауымен  байланысты  жиілеп 
келеді, алайда бұл үрдіске өркендеп келе жатқан этностық жəне тілдік өздік 
сана  т.с.с.  қарсы  тұруда  (қар.  Тұрғылықты  тіл,  Саны  аз  халықтар,  Тілдің 
ауысуы, Тілдік құқық).
МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ  /ЖАҢҒЫРТУ,  ЖАҢАЛАУ,  ЖЕТІЛДІРУ/ 
(«ҚАЗАҚСТАН-2050  СТРАТЕГИЯСЫ»  ТҰРҒЫСЫНДА)  (фр.  сөзінен - 
moderne – заманауи, modernisation; ор. - модернизация, ағыл. - modernization
– заманға сай етіп жаңғырту, не нəрсені болсын жетілдіруді, соның қатарында 
технологияны жетілдіруді енгізу. 
Саясатты жаңғыртудың қазіргі теоретиктері мұны екі типке бөліп қарайды:
1) XVI-XVIII ғасырларда Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде 
өткен алғашқы саяси жаңғырту. Ол Еуропада Шіркеу реформациясынан (XVI 
ғ.)  басталып,  Ағарту  дəуірінде (XVII-XVIII ғасырларда)  нығайды.  Рефор-
мация мен Ағарту дəуірлері дін саласын қайта құрды, кейін экономика мен 
əлеуметтік салалар түрленді; нəтижесінде өзіне сəйкес келетін саяси жүйесі 
құрылған азаматтық қоғам қалыптасты. Осы түрлендірулердің нəтижесінде 
пайда болған қоғамның қазіргі түрінің (еуроамерикандық) сипаттары – ұтым-
ды ұйымдастыру; негізгі институттардың мемлекет меншігіне өтуі; тұлғаны 
дербестендіру  мен  оны  инструменталдық  құндылықтарға  (технологиялар, 
нақты  ғылымдар,  тұтыну,  прогресс)  бағдарлау;  əлеуметтік  ұтқырлықтың 
күштілігі мен адамдардың белсенділігі; адамдарға емес, заңға бағыну; билік-
тің демократиялық формаларға ұмтылуы.
2)  Екінші  қайталанған («қуып  жетуші»)  саяси  жаңғырту  (қандай  да  бір 
жағынан)  бұрынғы  дамуы  төмен  болған  елдер  мен  Латын  Америкасының, 
Азияның, Африканың, Ресейдің аймақтарында болып отыр. 
«Қуып жетуші» жаңғыртудың күрделілігі сонда, батыс саяси институтта-
рының  пісіп  жетілуінің  «табиғи»  логикасын  ұстануға  мүмкіндік  болмады: 


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау