78
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
дықтары, демократиялық жолмен қабылданған құқықтың үстемдігі, сон-
дай-ақ тəуелсіз əрі жауапты əділ сот болады. Əлеуметтік М. қызметі өз азамат-
тарының лайықты өмір сүруіне жəне тұлғаның еркін дамуына, М-тің шамасы
келетін мүмкіндіктеріне қарай жағдай туғызу арқылы əлеуметтік теңсіздік-
ті жұмсартуға, əлеуметтік бағыттағы экономика мен əлеуметтік серіктестік
арқылы əлеуметтік əділдікті, азаматтардың əлеуметтік қорғалуын қамтама-
сыз етуге бағытталады.
ҚР Конституциясындағы 1-баптың 1-тармағына сəйкес, «Қазақстан Респу-
бликасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет
ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмiрi,
құқықтары мен бостандықтары». ҚР Конституциялық Кеңесінің пікірінше,
бұл нормада қолданылған «өзін ... орнықтырады» деген оралым Қазақстан-
ның санамаланған сипаттарға орай қарыштап дамушы Мемлекет екенін
айрықшалай түседі жəне бұл сипаттарды толымды мазмұнмен толықтыру
үдерісіне шегінбейтін бағыттылық сипатын үстейді.
Қазақстан Республикасы президенттік басқару түрі бар унитарлы Мем-
лекет болып табылады (ҚР Конституциясы 2-бабының 1-тармағы). Мемле-
кеттіліктің даму стратегиясы президенттік басқару түрінде Парламент рөлін
жоғарылату жəне жергілікті өзін-өзі басқаруды кеңейту арқылы біртіндеп ор-
талықсыздандыруды жəне шоғырланбаулықты көздейді.
МЕМЛЕКЕТТІЛІК (ор. Государственность, ағыл. statehood) – 1) өз
мемлекетін құрған халықтың (ұлттың) өзін-өзі билеу хақысын жүзеге асыру
деңгейі; 2) қоғамның мемлекет болудан үміттеніп ұйымдасуына лайық ке-
летін критерийлердің жиынтығы.
Қазақ мемлекеттілігінің тарихы Қазақстан аумағында алғашқы мемлекет-
тердің болған кезінен басталады. Б.д.д. алғашқы мыңжылдықтардан бастап
Қазақстан аумағында алғашқы мемлекеттік түзілімдер (үйсін, қаңлы, ғұн)
пайда болды. Орта ғасырдың ерте кезеңінде Түркі қағанаты (552-651 жж.),
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) құрылған. 1227 жылы Дешті Қыпшақ ау-
мағында Алтын Орда құрамында түпқазақтық мемлекет Ақ Орда (Еженнің
Ұлыс Ордасы) бой көтерген. Қазақ хандығы Жəнібек пен Керей сұлтандар-
дың бастауымен 1465 жылы тарих сахнасына шықты.
Мемлекеттік тəуелсіздік кезеңінде Қазақстан Республикасы шектес ел-
дермен мемлекеттік шекарасын халықаралық нормалар негізінде бекіткен өз
аумағы бар; көпұлтты халқы, қазақстандық азаматтары бар; Конституциясы
мен қолданыстағы құқықтық жүйесі бар; жоғарғы жəне жергілікті мемле-
кеттік органдары бар; өз валютасы теңгені қоса алғанда, қаржылық жүйесі
мен банкілік мекемелері бар; құқық қорғау органдары мен қарулы күштері,
дипломатиялық қызметі бар мемлекет ретінде қалыптасты. Меншіктің алуан
түрлілігі мен саяси плюрализмге негізделген қазіргі нарықтық-экономикалық
79
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
жəне демократиялық саяси жүйелері қалыптасып шықты. Əлемдік қауымдас-
тық Қазақстан Республикасын құқық субъектісі ретінде таныды, ал елдің
көпбағытты бейбіт əрі жауапты саясаты мен халықаралық бастамаларын
əлем мойындайды, осының арқасында Қазақстан БҰҰ алдында құрмет пен
сенімге ие болған.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында Республика Президентінің қазір Қа-
зақстан Республикасы қалыптасқан, заманауи, қуатты да табысты мемлекет
болып табылатыны туралы қорытындыға келуі əбден негізді.
МЕМЛЕКЕТТІҢ АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҒЫ ҚАҒИДАТЫ (ор. Прин-
цип территориальной целостности государства, ағыл. Principle of territorial
integrity of the state) – бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету жөніндегі халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарының бірі.
1945 жылы БҰҰ Жарғысында, БҰҰ-ның 1970 жылғы Жарғысына сəйкес
мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынас пен əріптестікке қатысты
Халықаралық құқық қағидаттары туралы декларацияда жəне 1975 жылы Еу-
ропадағы қауіпсіздік пен əріптестік жөніндегі кеңестің Қорытынды актісінде,
сондай-ақ БҰҰ, ЕҚЫҰ-ның басқа құжаттарында, конвенциялар мен келісім-
дерде жарияланған.
Бұл қағидат кез келген озбырлықтан мемлекеттердің аумағының қорғала-
тынына кепілдік береді, БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына
қайшы келетін мемлекеттің аумақтық тұстастығына, саяси тəуелсіздігі неме-
се мемлекеттік тұтастығына қарсы бағытталған кез келген əрекеттен мемле-
кеттердің бой тартуын міндеттейді. Аумаққа қол сұқпау заңдылығы табиғат
ресурстарына да байланысты, оларды шетелдік компаниялар мен мемлекет-
тер егеменді мемлекеттің келісімімен ғана игере алады.
М.А.Т.Қ. ұстанымын басшылыққа алған Қазақстан Республикасы халықа-
ралық құқық нормаларына сəйкестіріп Қытаймен (1998 жылы), Қырғыз-
стан, Түркіменстан, Өзбекстанмен (2001 жылы) жəне Ресеймен (2005 жылы)
келісім бойынша мемлекеттік шекарасын айқындап, бекітіп алды. Бұл – қазір-
гі тəуелсіз мемлекеттің мемлекеттік егемендігінің негізгі де міндетті белгісі.
Халықаралық тəжірибеде сецессия мысалдары бар – мұндайда мемлекет
аумағының бір бөлігінің (мемлекеттен əкімшілік-аумақтық бірліктің немесе
федерация субъектісінің) жұрттың шешімімен немесе осы аумақтағы мем-
лекеттік органның шешімімен бөлініп шығады (мысалы 1965 жылы Малай-
зия құрамынан Сингапур бөлініп шығып қала-мемлекет болды, 1971 жылы
Пəкістаннан – Бангладеш мемлекеті, 1993 жылы Эфиопиядан – Эритрея
мемлекеті, 2011 жылы біртұтас Суданнан кейін Оңтүстік Судан республика-
сын құрған автономиялы құрылым бөлініп шыққан). Сондай-ақ бұған мы-
сал ретінде жартылай танылған Косово Республикасын (2008 ж.), Абхазия
Достарыңызбен бөлісу: |