187
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ТАБАСАРАНДАР, өз атауы – табасаран.
Қазақстандағы табасарандар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 298
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 238 адам.
Табасаран тілі – Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан
табасарандары этностық тобының экзогенді тілі.
Табасаран тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағы-
ның лезгин ішкі тобына жатады.
Табасарандар негізінен сүннит исламның шафиқ мазхабын, аздаған бөлігі
ханафит мазхабын ұстанады. Бұлардың арасында сопылықтың нақышпандия
тарихатының жолындағылар да бар.
ТАЛЫШТАР, өз атауы – толыш. Каспий теңізінің оңтүстік батысына жа-
насатын Талыш облысының таулы жəне тау алды аймағында тұрып жатқан
Оңтүстік Кавказдың тарихи халықтарының бірі.
Қазақстандағы талыштар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 691 адам,
2009 жылғы мəлімет бойынша 132 адам.
Талыш тілі – Қазақстан талыштары этностық тобының эндогенді тілі.
Талыш тілі үндіеуропалық тілдер семьясының иран тармағының сол-
түстік-батыс тобына жатады.
Дінге сенетіндердің көбі шиит түсінігіндегі исламды ұстанады.
ТАТАРЛАР, өз атауы – татар.
Қазақстандағы татарлар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 248 954 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 203 111 адам.
Татар этностық тобы Қазақстанның батыс жəне солтүстік аймақтарында
ХVІІІ ғасырдың өзінде-ақ қалыптаса бастады; Қазақстанның Ресейге қосылу
үдерісі тек орыстардың ғана емес, татарлардың да қоныстануымен қатар
жүрді. Татарлар қалалар мен керуен жолының қиылысқан жерінде қоныста-
нып, татар слободаларын салды, тілмаштық, саудагерлік қызметтер атқар-
ды; олардың көші-қон легі ХХ ғасырда да жалғасты. ХІХ ғасырдың екінші
жартысында Қазақстандағы татарлар саны айтарлықтай көбейді; олар көлемі
бойынша үшінші этностық топқа айналды.
Татар тілі – Татарстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан та-
тарлары этностық тобының экзогенді тілі.
Татар тілі алтай тілдері семьясының түркі тегінің батысғұн бұтағындағы
қыпшақ тобының қыпшақ-бұлғар ішкі тобына жатады.
Діни белгілері жағынан негізінен сүннит мұсылмандар, сондай-ақ бұлар-
дың арасында православиеліктер де, атеистер де, басқалар да бар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша халықтың шоғырланып қоныстанған
жерлері Қарағанды облысында – 15,68%, Оңтүстік Қазақстан облысында –
8,11%, Қостанай облысында – 8,11%, Алматы облысында – 10,74%.
Қазақстан аумағында татар облыстық мəдени орталықтары, қалалар мен
аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
188
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ТАТТАР, ТАУ ЕВРЕЙЛЕРІ, өз атауы – тат.
Қазақстандағы таттар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 51 адам, 2009
жылғы мəлімет бойынша 93 адам.
Тат тілі – Дағыстанның он төрт мемлекеттік тілінің бірі; Қазақстан татта-
ры этностық тобының жəне тау еврейлерінің экзогенді тілі.
Тат тілі үндіеуропалық тілдер семьясының иран тармағының оңтүстік ба-
тыс тобына жатады.
Таттар мен тау еврейлерінің тілі іс жүзінде бір ғана тат тілі болғанмен, дін-
ге қатысы жағынан бұлар бөлек. Таттар сүннит мұсылман болса, таттілді тау
еврейлерінің иудаизмді ұстануының екі мыңжылдық тарихы бар, олар иуда
дініне беріктігін əлі сақтауда.
ТƏЖІКТЕР, өз атауы – тоджик.
Қазақстандағы тəжіктер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 25673 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 40 868 адам.
Тəжік тілі – Тəжікстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан
тəжіктері этностық тобының экзогенді тілі жəне Қазақстандағы ортаазиялық
еврейлер этностық тобының эндогенді тілі.
Тəжік тілі үндіеуропалық тілдер семьясының иран тармағының оңтүстік-ба-
тыс тобына жатады.
Қазіргі уақытта тəжіктердің көбі – ханафи мазхабындағы сүнниттер. Ша-
малы шиит қауымдарын Орта Азияда «ирандықтар» деп атайды. Ауғанстан-
ның батысында фарсивандар деп аталатын ерекше топтар бар, олар негізінен
Памир халықтарының ізімен исмаилшылдықты уағыздайтын шииттер мен
Памир тəжіктері.
2014 жылғы мəліметтер бойынша халықтың шоғырланып қоныстанған
жерлері Оңтүстік Қазақстан облысында – 79,56%, Алматы қаласында – 5,96%.
Қазақстан аумағында облыстық тəжік мəдени бірлестіктері, қалалар мен
аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
ТОФАЛАРЛАР, өз атауы – тофа, тоха; еск. қарағас. РФ Иркутск облы-
сында тұратын жоғалуға жақын Сібір халқы.
Қазақстандағы тофаларлар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 29 адам.
Тофалар тілі – Қазақстан тофаларлары этностық тобының эндогенді тілі.
Тофалар тілі алтай тілдері семьясының түркі тобына жатады.
Тофаларлар дінге мынадай ретпен басымдық береді: шамандық, анимизм,
православие.
ТЫВАЛАР, өз атауы – тыва, бұрын сойондар, сойоттар, урянхайлар,
танну-тувиндер деген атпен белгілі болған.
Қазақстандағы тывалар саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 35 адам, 2009
жылғы мəлімет бойынша 37 адам.
189
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Тыва тілі – Тыва Республикасының мемлекеттік тілі; Қазақстан тывалары
этностық тобының экзогенді тілі.
Тыва тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының шығыс ғұн бұтағын-
дағы оғыз тобының ұйғыр-тыва ішкі тобына жатады.
Қазіргі уақытта Тывада буддашылдық пен шамандық жаңғыруда. Бұрынғы
замандардағыдай, бұл екі дін симбиозды түрде қолданылып, бірін-бірі то-
лықтырады əрі бұл мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр.
ТҮРІКТЕР, өз атауы – түрік, месхет түріктері, өз атауы ахыска тюркле-
ри (ахалцих түріктері, Ахыска түріктері), түрік-джавахтар, Кавказ түрік-
тері.
Қазақстандағы түріктер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 78 711 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 103 049 адам.
Түрік тілі – Түркия Республикасының мемлекеттік тілі; Кипр Республика-
сының ресми тілі; Қазақстандағы месхет түріктері этностық тобының экзо-
генді тілі.
Түрік тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының батыс ғұн бұтағын-
дағы оғыз тобының оғыз-селжұқ ішкі тобына жатады.
Қазақстандағы дінге сенетін түріктер – сүннит мұсылмандар.
2014 жылғы мəліметтер бойынша бұл этностың шоғырланып қоныстанған
жері Алматы облысында – 35,75%, Жамбыл облысында – 30,61%, Оңтүстік
Қазақстан облысында – 21,3%, Алматы қаласында – 6,22%.
Қазақстан аумағында республикалық, облыстық түрік мəдени бірлестік-
тері, қалалар мен аудандарда олардың бөлімшелері жұмыс істейді.
ТҮРКІМЕНДЕР, өз атауы – түркімен.
Қазақстандағы түркімендер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 1733
адам, 2013 жылғы мəлімет бойынша 2401 адам.
Түркімен тілі – Түркіменстан Республикасының мемлекеттік тілі; Қа-
зақстан түркімендері этностық тобының экзогенді тілі.
Түркімен тілі алтай тілдері семьясының түркі тобының батысғұн тармағы-
ның оғыз-түркімен ішкі тобына жатады.
Түркімендердің үлкен бөлігі – сүннит мұсылмандар.
Қазақстан аумағында (Астана) түркімен мəдени бірлестіктері бар.
УДИНДЕР, өз атауы – уди, ути. Шығыс Кавказдың көне халықтарының
бірі.
Қазақстандағы удиндер саны: 1999 жылғы мəлімет бойынша 294 адам,
2013 жылғы мəлімет бойынша 267 адам.
Удин тілі – Қазақстан удиндері этностық тобының эндогенді тілі.
Удин тілі иберий-кавказ тілдері семьясының нах-дағыстан тармағының
лезгин ішкі тобына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |