107
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ТІЛДІК ҚҰҚЫҚ (ор. языковое право, ағыл. language right)- жеке өмір-
де жəне қоғамдық өмірде белгілі бір тілді/тіл нұсқасын таңдау, үйрену жəне
пайдалану құқығы. Т.қ. əзірлеуге адам құқығы туралы халықаралық құжаттар
тірек болады. Ол құжаттарда Т.қ. БҰҰ Адам құқықтарының жалпыға ортақ
декларациясында (1948 ж.), Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халық-
аралық пактіде (1966 ж. Пактіде «əр адам туған тілін пайдалануға құқылы»
екендігі көрсетілген /27-бап/), «Баршаға білім беру жөніндегі бүкілəлемдік
декларацияда» (1990 ж.), «Ұлттық азшылықты қорғау туралы шектік конвен-
цияда» (1996 ж.), «Адамның тілдік құқығының жалпыға ортақ декларация-
сында» (1992 ж.) т.б. мазмұндалған қағидалардың табиғи дамуы ретінде қа-
растырылады. Өңірлік тілдер мен азшылықтың тілдері жөніндегі еуропалық
Хартияда (1992 ж.) кейбірінің біржола жоғалу қаупі бар өңірлік тілдер мен
миноритарлық тілдерді қорғау Еуропаның мəдени байлығы мен дəстүрлерін
сақтап, дамытуға септесетіні атап көрсетілген. Т.қ. жөніндегі соңғы құжат-
тардың бірі – Ұлттық жəне этностық, діни жəне тілдік азшылыққа жататын
адамдардың құқығы туралы декларация (1992 ж.). Мұның 1-бабында «тиісті
аумақтарда ұлттық не этностық, мəдени, діни жəне тілдік азшылықтың тір-
шілік етуі мен дербестігін мемлекет қорғайды жəне осы дербестіктің дамуы-
на жағдай туғызуға ынталандырады» деген нұсқау бар (қар. Автохтондар,
Мемлекеттік тіл, Ұлттық азшылық, Ана тілі, Адам құқықтары, Тілдік
ахуал, Тілдік заңнама, Тілдік конфликт).
ТІЛДІК ҚҰРЫЛЫС (ор. языковое строительство, ағыл. language
construction) – Тілді жоспарлаумен бірдей (қар. Тілдік ахуал, Тілдік заңнама,
Тілді жоспарлау).
ТІЛ ЖƏНЕ ҚОҒАМ (ор. язык и общество, ағыл. languge and society -
қазіргі тіл білімінің негізгі проблемаларының бірі. Тілдің шығуының, дамуы-
ның, қолданылуының қоғаммен себептестігін, тілдің əлеуметтік стратифика-
циясын, қоғам мен қоғамдық институттардың тілдің құрылымы мен функция-
сына т.б. саналы ықпалын зерттеумен байланысты проблемалардың шешімі
ізделеді (қар. Билингвизм, Мультилингвизм, Əлеуметтену, Тілді жоспарлау,
Тілді реттеу).
ТІЛ САЯСАТЫ (грек. politike мемлекет басқару өнері, ор. языковая поли-
тика, ағыл. language policy, language politics) - мемлекеттік саясаттың ажы-
рамас бөлігі; тілді жоспарлаудың белгілі бір субъектілерінің (мемлекеттік
билік, əлеуметтік топтар, элиталар, халықаралық ұйымдар, партиялар, тап-
тар т.б.) тіл қызметіне, тіл дамуына саналы əрі мақсатты түрде ықпал етуінің
теориясы мен тəжірибесі; қолданыстағы тілдердің қызмет етуіне мақсатты
жəне ғылыми негізде басшылық ету жəне тілдік қатынас құралдарының жаңа
түрлерін жасау жəне жетілдіру. Т.с. елдегі тілдік ахуалдың дамуындағы стра-
108
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
тегиялық бағытты белгілейді, жүзеге асатын тілдік жоспарларды реттейді,
тілдік заңнамада жəне тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдар-
ламарында бекітіледі. Т.с. көмескі болуы да (мыс., АҚШ-тағыдай, жарияла-
натын құжаттарсыз, акцияларсыз жəне іс жүзінде көрсетілмей), заңдармен,
кесімдермен, мемлекеттік бағдарламалармен бекіп көрінеу жүргізілуі де
мүмкін. Канадада «мəдени жəне тілдік мозаика» саясаты бар, ол бойынша ор-
талықтандырылған Т.с. (Оттаваның федералды үкіметі тарапынан) жəне тіл-
дік федерализмнің өңірлік Т.с. (провинциялық үкімет, соның ішінде Квебек
үкіметі тарапынан) қатар жүргізіледі. Вестерндік тіл саясаты еуропалық тіл-
дердің қолданылу аясын кеңейтуге бағдарланады (мыс., əліпбиді латыннан-
дырып, бір кездерде сөздік құрамның 90%-ына дейін жеткен араб пен парсы
сөздерінен тазартылған түрік тілдік үлгісі). «Истерндік» тіл саясаты Иран-
дағы «Ұлы дəстүрден» толық байқалады, онда араб тілі мен жазуы киелі бо-
лып саналады, батыс өркениетінің жетістіктері қабылданбайды, мұны Орта
Азияның кейбір мұсылман елдерінен де байқауға болады, олар араб жазуын
оқытады, халықаралық сөздер мен терминдерді араб жəне парсы баламала-
рымен ауыстырады т.с.с. Демократиялық тіл саясаты тіл мəртебесіне қарамай
тілдердің бəрінің құқығын қорғайды.
Қазақстандағы Т.с. мемлекеттің тілдік тірліктің мəселелеріне деген қа-
тынасының шоғырланған көрінісі болып табылады. Қазақстандағы Т.с. си-
паттарын былайша бағалауға болады: орталықтандырылған (өйткені бұл
саясатты мемлекет жүргізеді жəне міндетті іс-шаралардың жүйесін қарасты-
рады), келешекті (өйткені Қазақстандағы қазіргі тілдік ахуалдың өзгеруіне
бағытталған), демократиялық (өйткені қалың бұқараның мүддесін ескереді),
интернационалдық (өйткені негізгі стратегиялық бағыт ретінде қазақ тілін,
орыс тілін жəне басқа этностық топтардың тілдерін дамыту таңдалған), сын-
дарлы (өйткені тіл қызметінің аясын кеңейтуге, қазақ тілінің қолданылу ая-
сын, əлеуметтік-коммуникативтік рөлін жəне өміршеңдігін молайтуға, орыс
тілінің, сондай-ақ басқа тілдердің қолданылуы мен дамуын қолдауға бағыт-
талған) (қар. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы,
Мемлекеттік тіл, Тілдік заңнама, Тілді жоспарлау).
ТІЛДІК СƏЙКЕСТЕНДІРУ (ор. идентификация языковая, ағыл. language
identifi cation) – индивидтің өзін белгілі бір тілдің иесі екенін анықтауының
үдерісі (қар. Сəйкестендіру). Тіл өзінің иелерінің ұлттық сипатының ерек-
шеліктерін белгілей отырып, ойлау мен қабылдаудың түрлі тəсілдерін қалып-
тастыратындықтан Т.с. Этностық сəйкестендірудің құрамдас бөлігі болып са-
налады. Т.с. тілдесім тілі, тілдік сана жəне нақты лингвомəдени ортақтықтың
көріну белгілері арқылы танылады. Тіл бір мезгілде əрі этносты ажырататын,
əрі этносты біріктіретін фактор болып табылады. Бұған тілдің құрылысының
(фонетика, лексика, грамматика жəне синтаксис) өзі де, сондай-ақ осы этностық
қауымдастыққа тəн мəдени құбылыстардың тілдегі көріністері де сеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |