109
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
ТІЛДІК СƏЙКЕСТІЛІК (БІРДЕЙЛЕСТІК, БІРЕГЕЙЛІК) (ор. язы-
ковая идентичность, ағыл. language identity, лат. identicus теңдес) – жеке
тұлғаның өзінің бір тілге тиесілігін ұғынуы (өзін-өзі сол тілмен бірдейле-
уі, теңдестіруі, белгілеуі); индивидтің немесе топтың тілді/тілдерді білу
мен қолданудан келіп құралатын тілдік сипаттамаларының жиынтығы (қар.
Мемлекеттік сəйкестілік, Еуразиялық сəйкестілік, Ана тілі, Этностық сəй-
кестілік, Тіл).
ТІЛДІҢ СІҢУІ /АССИМИЛЯЦИЯ/ (ор. ассимиляция языковая, ағыл.
assimilation) – Этностық ассимиляцияның кезеңі, басқа тілдік ортада қандай
да бір этностың тілдесу құралы ретінде, сонымен қатар этнос ішіндегі комму-
никация саласында, өз ана тілінен айырылу үдерісі жəне ана тілін басқа тіл-
мен ауыстырып, соңғысын ана тілі ретінде мойындау (қар. Ассимиляция). Т.с.
бір халықтың басқа халықты жаулап алғанында, отарлау кезінде жəне басқа да
жағдайларда болады. Айтарлықтай ұзақ қостілділік кезеңінен кейін, сырттан
келгендердің тілі осы аумақта жеңіліп, жоғалған ұлттық тілдің əсерінен аз-
ды-көпті өзгерістерге ұшырағанымен, жалпыға бірдей жəне жалғыз тіл болып
қалады. Т.с. тілдік шовинизммен жан-жақты байланысты жəне басқа халықты
Мəдени жəне Этностық ассимиляциялаудың тиімді құралының бірі болып са-
налады. Сырттан келгендердің тілі немесе діни-мəдени экспансияның тілі асси-
миляцияға ұшырайтын халықтың тілдесіміне сауда, əкімшілік коммуникация,
құжаттама, білім жəне басқа арналар арқылы енеді, сонымен қатар сол бір ау-
данда белгілі бір тілді талап ету немесе саяси элитаның қыспағы арқылы Т.с.
мəжбүрлі түрде жүруі мүмкін.
ТІЛДІК РЕТТЕУ (лат. regula норма, ереже, ор. языковое регулирование,
ағыл. language regulation) – тілдік қауымдастықта тілдердің теңгерімін сақтау,
тіл иелерінің қалауына орай тілдің дамуын қамтамасыз ету үдерісі. Т.р. Тіл сая-
сатының ерекшеліктерімен тікелей үйлесімде жүреді. Т.р. плюралды болуы
да (Миноритарлық тілдерді дамыту мен қолдауға септесу арқылы), тілдерді
қайта жаңғырту үдерістерімен қабысуы да, Тілді жоспарлау ісінің бөлігіне
айналуы да мүмкін. Мəселен, «Ресей Федерациясы халықтарының тілдері
туралы» Заңда Ресей Федерациясы халықтарының тілдері түгелдей «Ресей
мемлекетінің ұлттық игілігі» ретінде белгіленген, осы Заңның 3-бабында
«Ресей Федерациясы халықтарының барлық тілдерінің тең құқықтығы» ту-
ралы тұжырым қолданылады, демек, тілге құқық субъектісі құқығы берілу
мүмкіндігі көрсетілген. Ал «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы-
ның» 6-бабында «Қазақстан Республикасының əр азаматының ана тiлiн қол-
дануына, қарым-қатынас, тəрбие, оқу жəне шығармашылық тiлiн еркiн таңда-
уына құқығы бар» екендігі айтылады. Осы заңның «Тiлдердiң қолданылуына
кедергi келтiруге жол бермеу» деп аталатын 7-бабында: «Қазақстан Респу-
бликасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол
110
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
берiлмейдi. Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң жəне басқа да тiлдердiң қолда-
нылуына жəне оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың
iс-əрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа
əкеп соқтыратындығы» ескертіледі (қар. Ана тілі, Тілдік идеология, Тіл сая-
саты, Тілдік заңнама, Тілді жоспарлау, Тілдік құқық).
ТІЛДІК РЕФОРМА (ор. языковая реформа, ағыл. language reform, лат.
reformare өзгерту, қайта құру) - тілді жетілдіру мен дамыту жолындағы мақ-
сатпен əлеуметтік-тілдік шаралар жасау (жаңалықтар енгізу), мыс., емлені
реформалау, жазуды реформалау т.с.с. (қар. Тіл саясаты, Тілді жоспарлау,
Тілдік ахуал).
ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ТІЛ (ор. коренной язык, ағыл. native language) – дəстүр-
лі тұрғылықты аумағымен мызғымас тарихи байланысы бар, өсіп келе жатқан
ұрпақ үшін Мəдениетін, Салт-дəстүрін, Тілін сақтап қалуға, дамытуға, қал-
дыруға талпынатын Тұрғылықты этностың тілі. Т.т. – Тұрғылықты этнос-
тардың этностық бірдейлестігі мен Тілдік бірдейлестігінің негізгі белгісі
болып табылатын, Халық санағында негізгі тіл ретінде көрсетілетін тіл. Т.т.
ұғымы Титулды этнос тілі ұғымынан гөрі танымал. Финляндияда фин жəне
швед тілдері – Ресми тілдер, ал саам (3000 сөйлеушісі бар), цыган тілдері
(10000 сөйлеуші бар), сонымен бірге ым тілі (керең адамдардың тілі, 10000
адам) Т.т. болып жарияланған, бірақ орыс тілі (31000 адам) мұндай мəрте-
бе алған жоқ (А.Мустайоки). Т.т. құқықтарын тұрғылықты халықтікі сияқты
Тұрғылықты халықтардың құқықтары туралы декларация, Азаматтық жəне
саяси құқықтар туралы халықаралық пакт жəне т.б., қорғайды (қар. Автох-
тонды тіл, Жергілікті тіл, Халық, Этностық тіл, Тіл, Диаспора тілі, Қа-
зақстан тілдері, Тілдік құқық).
«ТІЛДЕРДІҢ ҮШТҰҒЫРЛЫЛЫҒЫ» МƏДЕНИ ЖОБАСЫ (ор. Куль-
турный проект «Триединство языков», ағыл. cultural project «trinity of
languages»)– Қазақстан Республикасының ішкі саясаты бағыттарының бірі,
оның негізі үш тілдің басымдылықпен даму идеясынан тұрады: қазақ тілі –
Мемлекеттік тіл, орыс тілі – Əлем тілдерінің бірі жəне ұлтаралық қатынас
тілі, ағылшын тілі – əлем тілдерінің бірі жəне жаһанданған экономикаға ой-
дағыдай қосатын тіл. Т.ү.м.ж. идеясы мынадай қысқаша тұжырымнан келіп
шыққан: «мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз жəне ағыл-
шын тілін меңгереміз». Тілдер мен мəдениеттердің алуан түрлілігі жағ-
дайында өзге тілдер мен мəдениетке қысымшылық жасамай жəне қоғам-
дық келісімді күшейте отырып, Т.ү.м.ж. барлық Қазақстан халықтарының
Тілдік құқығын сақтауын, қарым-қатынас, оқу жəне өнер тілін еркін таңдау-
ды қамтамасыз етеді. Елімізде жексенбілік мектептер мен этноағартушылық
орталықтардың ауқымды торабы құрылып, табысты қызмет етіп жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |