Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет31/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   180

67
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
данылуының  тиімділігін  арттыру.  Бұл  бағыт  еліміздегі  ықпалдастық  (ин-
теграциялық) үдерістердің дамуының негіздері ретінде мемлекеттік тілдің
толық қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды стратегия-
лық тұрғыдан əзірлеу мен жоспарлы түрде басқару арқылы жүзеге аса ала-
ды. Осылардың ішінде қазақ тілінің кодификаттануына ерекше басымдық 
беріледі,  бұл  іс  жүйе  мен  узусты  (тілдік  дағдыны)  нормалаумен,  салалық 
терминдер  жүйесін  бірегейлендірумен,  ономастикалық  кеңістікті  реттеу 
жəне  кодификаттаумен,  көрнекі  ақпарат  пен  жарнама  құралдарының  ор-
тологиясымен қамтамасыз етіледі (қар. Қазақстан тілдері, Тілдік саясат, 
Тілді жоспарлау).
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ТҰҢҒЫШ  ПРЕЗИДЕНТІ 
–  Елбасы  (ор.  Первый  Президент  Республики  Казахстан – Лидер  нации, 
ағыл. The First President of the Republic of Kazakhstan- Leader of the Nation) 
–  Қ.Р.Т.П. - Ұ.К.  қазақстандықтар  алдында  сіңірген  тарихи  еңбегіне  деген
құрметтің белгісі ретінде 2000 жылғы 20 шілдедегі №83-ІІ «Қазақстан Респуб-
ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңмен 
Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевқа  берілген  халықтық  құрметті  лауазымдық 
атақ
ҚР бұл конституциялық Заңында Қазақстанның ішкі жəне сыртқы саяса-
тының негізгі бағыттарының, əлеуметтік-экономикалық жəне демократиялық 
жаңарулардың  сабақтастығын  сақтау  мақсатында  елде  жаңа  тəуелсіз  мем-
лекеттің негізін салушы, ұлттың бірлігін, Конституциялық қорғауды, адам-
ның  жəне  азаматтың  құқығы  мен  бостандығын  қамтамасыз  еткен  Елбасы 
ретінде  ҚР  Тұңғыш  Президентінің  саяси  жəне  құқықтық  мəртебесі  белгі-
ленген. 
2000 жылы енгізілген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» 
2010 жылы «Елбасы» деген айқындауыш сөзбен толықтырылды.
Конституциялық кеңестің 2000 жылы 3 шілдеде Мемлекет басшысының 
жүгінісі бойынша қабылданған № №16/2 «Қазақстан Республикасының «Қа-
зақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  туралы»  конституциялық 
Заңының Конституцияға сəйкестігі туралы» қаулысында бұл Заң ҚР Консти-
туциясының талаптарына сəйкес деп танылды.
Жаңа  мемлекеттер  құрудың  шетелдік  тəжірибесімен,  сондай-ақ  дамыған 
демократиялық елдердің тəжірибесімен толық сəйкес келетін бұл шешім құр-
меттің ерекше белгісіне, жас елдер үшін анағұрлым күрделі кезеңдегі мем-
лекет  басшысы  лауазымындағы  тұлғаларға  саяси  жəне  əлеуметтік  кепілдік 
беруге бағытталған конституцияшылдық үрдістерді нығайта түседі. Мемле-
кеттердің, бірінші болып басшыларының құрметіне мемориал-кесенелер са-
лынған, мемлекеттік мерекелер арналған, елдердің ресми атауларына, валю-
таларға есімдері берілген, есімдері конституцияларға енгізілген тəжірибелер 
баршылық. 


68
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
Құрметті  атақтың  «Елбасы»  деген  екінші  бөлігінде  объективті  жайт
нышандалған, бұл ұғым Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқын Біртұтас Ұлтқа 
бірте-бірте айналдыру жолында біріктіруге сіңірген нақты да орасан еңбегін 
көрсетеді.  Бүгінге  дейінгі  бағыттар  мен  нақты  əрекеттердің  көбі  Мемлекет 
басшысының мəртебесі мен функцияларының көпшілік-құқықтық негізінің, 
мемлекеттік  хаттаманың  шегінен  тым  тысқары  тұр,  ал  мұндай  мүмкіндік 
Республиканың  Тұңғыш  Президентінің  ізбасарларына  ешқашан  осындай 
көлемде бұйырмайды. 
Осы тұрғыдан қарағанда, Конституциялық кеңестің 2000 жылы 3 шілдеде-
гі аталмыш №16/2 қаулысында алғаш рет қолданылған «Қазақстан халқының 
елбасы» деген тіркес көрнекті үлгі болып саналады (қар. Конституция, ҚХА).
ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР (ор. мнение общественное, ағыл. public opinion) – 1. 
Болмыстағы нақты бір əлеуметтік я əлеуметтік-саяси ахуалдың проблемала-
рына,  оқиғалары  мен  айғақтарына  əлеуметтік  қоғамдастықтардың,  топтар-
дың  жəне  жеке  адамдардың  жасырын  не  ашық,  түрде,  сөзбен  я  сөзсіз  біл-
діретін қатынасы түйінделетін пікір. 2. Халықтың елеулі бөлігінің қандай да 
бір əлеуметтік проблема туралы пікірі. 3. Түрлі əлеуметтік топтардың өзекті 
əлеуметтік проблемалар туралы бұқаралық коммуникация құралдары арқылы 
білдіретін таласты пікірі. 
Қ.п.  негізгі  ерекшелігі – адамдардың  барлық  пікірін  емес,  тек  қарасты-
рылатын жағдаймен байланысты пікірлерін ғана қамтуында. Бір жағдайдың 
нақты мəселелері бойынша Қ.п. басқа жағдайдағы Қ.п. түбегейлі өзгеше бо-
луы  мүмкін.  Көпшілікке  жарияланған  пікір  ғана  қоғамдық  бола  алады,  ал 
олай болмаған жағдайда ол тек жеке адамдардың жеке көзқарасы ғана болып 
қалады.  Қ.п.  анық  болуы  керек  жəне  белгілі  бір  уақыт  кезеңінде  сақталуы 
тиіс. Əлеуметтік бақылаушы ретінде Қ.п. үкімет шешімдерінің жүзеге асуы-
на мүмкіндік жасап немесе оны тежеп, олардың қабылдану мен орындалуын 
қадағалап, оған жылдам ықпал ете алады. Сонымен қатар Қ.п. бір маңызды 
қызметі – экспрессивті қызметі, нақтылай айтқанда, қоғам өмірінің фактілері 
мен құбылыстарына қатысты қоғамның белгілі бір позициясын білдіруі. Өр-
кениетті  елдердің  тəжірибесінде  Қ.п.  консультативтік  қызметі  кеңінен  қол-
данылады, бұл жағдайда халық арасында жүргізілген сауалнама нəтижелері 
қоғам мақұлдайтын қандай да бір проблемаларды шешудің əдістерін таңдау 
барысында пайдаланылады.
ҚОҒАМДЫҚ САНА (ор. общественное сознание, ағыл. social conscience) 
Г.В.Осиповтың айтуынша, түрлі əлеуметтік топтар, таптар, ұлттардың, тұтас-
тай  қоғамның  мүдделерінің,  түсініктерінің  адамдардың  рухани  қарекетін-
дегі көрінісі. Кез келген социум өзінің шамасына, тұрақты беріктігіне жəне 
ықпалдастық дəрежесіне қарамастан қандай да Қ.с. иесі болады. Тарихи бол-


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау