Бірінші деңгей – оптимальды. Балалар «мектеп бағдарламасының талаптарына сай» сөз қорын толық меңгерген. Оларға қаратпа сөйлегенде жақсы түсінеді, өзіндік сөйлеуінде сөйлеу тілінің барлық топтарын белсенді қолданады (зат есім, етістік, сын есім, үстеу, есімдіктер). Сөйлеу тілінің дамуының бірінші деңгейіндегі оқушыларға аграмматизмдер, сөздердің дыбыстық-әріптік құрамын бұрмалау тән.
Екінші деңгей – сөйлеу тілі дамуының төмендеген деңгейі. Мұнда сөз қоры оптимальды жақын. Сөйлеу тілінде аграмматизмінің көптігі, жұрнақтар, жалғаулардың мағынасын түсінбеу байқалады. Дыбыстарды бұрмалап айтады.
Үшінші деңгей – сөйлеу тілі дамуының шектелген деңгейі: сөз қоры бір талай шектеулі, соның салдарынан мағынасы және дыбыстық құрамы жағынан сөздер орынсыз ауыстырылады. Сөйлеу тілін түсінуі төмен. Балалар екі, үш сөздерден тұратын сөйлемдерді пайдаланады. Сөйлемдерді құрауда қателер байқалады.
Төртінші деңгей – сөйлеу тілі дамуының өте шектеулі деңгейі. Мұнда сөз қоры өте аз, балалар тұрмыстағы қарапайым заттарды атауда қиналады, толық сөйлемді «мәні жоқ» бір сөз немесе сөз тіркестерімен ауыстыра салады. Сөйлеу тілін түсінуі өте шектеулі, шағын мәтінді қабылдағанда «жеке сөздерді түсінгенмен» оқығаның мәнін түсінбеуі байқалады.
Нашар еститіндерге сөздердің дыбыс буындық құрамын өте бұрмалау тән, себебі сөздерді естіп қабылдауы ажыратылмаған. Сөйлеу тілінің лексикалық жағының ерекшеліктері салдарынан фразалық сөйлеуін меңгере алмайды, олардың сөйлеу тіл өзара байланысы жоқ сөздерден тұрады.
Нашар еститін балалардың сөйлеу тілінің жетілмеуінің көрінетін белгілерінің бірі – олардың грамматикалық құрылымының қалыптаспауы, аграмматизмдер болып табылады.
Балалар сөздерді қате қиыстырып, септік жалғауларды нақты қолданбайды. Әсіресе мұндай қателер күрделі сөйлемдерді құрастырғанда байқалады.
Нашар еститін оқушылардың жазбаша сөйлеу тілінде ауызша сөйлеу тіліндегі қателер көрініс алады.
Есту қабілеті нашар балалар сөйлеу тілінің жүйесінің барлық бұзылған компоненттерінің түзетуді көздейтін логикалық көмекті қажет етеді. Есту қабілеті бұзылған балалардың әртүрлі категорияларының дамуына тән ерекшеліктері бұзылған функцияларды түзету жұмысында дифференциалды ықпал ету қажеттілігін талап етеді.
Естуі бұзылған балалармен логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері
Нашар еститін балалардың есту функциясының жағдайына байланысты емес сөйлеу тілі бұзылыстары, логопедиядағы дәстүрлі әдістер арқылы түзетіледі.
Сөз қорын дамыту мен молайту және сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру жүйесі А. Г. Зикеев, К. Г. Коровин, т.б. жұмыстарында қарастырылады. Ондай балаларға жаңа сөздерді таныстырғанда оны толық, дұрыс қабылдауын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін сөзді нақты, дауыстап анық айту қажет және баланың зейінін сөз жазылған карточка мен айтушының артикуляциясына бөлу керек. Нашар еститін балалардың ұқсас дыбыстарды естіп ажыратуы айтарлықтай қиындық тудырады. Сондықтан жұмыс барысында дыбыстың артикуляциясын көруге, артикуляциялық мүшелердің қалпын сезінуге ерекше көңіл бөлінеді. Дыбыс туралы көру-кинестетикалық түсінігін қалыптастыру жазудағы әріптерді ауыстыру, шатастыру сияқты қателердің алдын алуға негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |