Ескерткіш атауы: Ахмет Риза мешіт-медресесі



жүктеу 5,4 Mb.
бет1/3
Дата08.10.2022
өлшемі5,4 Mb.
#39564
түріСабақ
  1   2   3
Абуова Дана Туризм 21.541 срс олкетану


Ескерткіш атауы:
Ахмет Риза мешіт-медресесі
Типологиялық қатыстылығы:
Тарихи архитектура,мешіт-медресе
Ескерткіш уақыты:
1850 жылы Семей қаласынан ашылған.
Қазіргі уақытта қолдану сипаты:
Риза медресесі 19 ғасырда Семей қаласында жұмыс істеген діни оқу орны. Оны діни философия мен ескі шығыс әдебиетіне жетік ғұлама Ахмет Риза ұйымдастырған. Негізінен діни сабақтар оқытылды. Ахмет Риза медресесі шәкірттеріне шығыс әдебиеті мен мәдениетін насихаттап, өз кезіндегі басқа діни оқу орындарынан аз да болса артықшылығын көрсетті. Көп ұзамай жабылып қалды. Абай оқыған А. Риза медресесі Абайдың қорық-мұражайының қ. кешенінің аймағына көшіріліп, 1995 ж. экспозицияға айналды. Бөлмелерінде «Медресе тарихынан», «Абай және Шығыс әлемі» атты екі экспозициялық залдар орналасқан. Жолтанытқыш осы тақырыптар бойынша шолу береді.
Мешіттің имамы Қазанның «Маржани»медресесін бітіріп келген Ахмет Риза деген оқымысты адам болған. Ол мешіттің қасынан шәкірттер түрақты жатып оқитын медресе ашады. Бұл медресенің өзге діни оқу орындарынан өзгешелігі - ислам мен түркі ғылыми әлемінде аса үлкен реформаторлық-жәдидтік ілімді қалыптастырған ғұлама Шаһабуддин Маржанидің ағартушылық бағытын ұстанады. Ахмет Риза имам «Шариғат», «Тарихат», «Мағрифат» атты үш негізден тұратын тарихи, философиялық қоғамтану ғылымдарын тереңдетіп оқытты. Түркі, араб, фарсы тілдері және шығыс поэзиясы мен сөз өнерінің заңдылықтары, математика, жағырафия, жаратылыстану пәндері негізгі дәріс ретінде жүргізілді. «Алланы - ғылым мен ақыл-сана арқылы тану керек» деген үрдісті оқу бағдарламасына енгізді. Құнанбайдың әуелде Абайды Ғабдұлжаппар деген имамға беріп, артынан Ахмет Ризаның мешіт-медресесіне ауыстыруы да мұндағы ғылым жолын тереңдетіп оқытатынына көзі жеткендіктен болса керек. Оның үстіне Құнанбай Софы Аллаярдың діни уағызын өте құрмет тұтып, балаларына үйретіп отырған. Ал Ш. Маржани сол Аллаярдың ілімін одан әрі дамытуды мақсат еткен ғұлама еді. Абай бұл мешіт-медреседе шамамен 1855-1858 жылдардың арасында дәріс алды. Жәдидтік бағыттың аса ықпалды болғаны сондай, Абай осы үш жылдың ішінде шығыс тарихы мен философиясын, тілін, поэзиясын жетік меңгеріп шығады. Фарсы тілінде өлең жазатындай дәрежеге жетеді. Ахмет Риза медресесінен дұрыс ғылыми бағыт алған шәкірттің көзқарасы сол жәдидтік арнада дамып, ғұламалық танымға неғіз қалады. Мұны Абайдың өзі де ерекше мойындаған. Біліммен сусындауға толық еркіндік берілгенін оның орыс мектебінен қосымша дәріс алуына мүмкіндік жасалуынан-ақ аңғарылады. Абай медреседен алған білімін есінде қатты сақтап, кейіннен өзінің шәкірттері мен балаларына айтып беріп, пәлен кітаптың пәлен бетінде солай жазылған деп сілтеме жасап отырған. Бұл жөнінде Ә. өзінің «Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904)» атты монографиясында толық жазған (20 томдық шығармалар жинағы, 1985, 18-т., 73-74-беттер). Аллаяр Софы мен Ш. Маржанидің ғылыми-діни ілімдері Абайдың философиялық көзқарасын қалыптастыруға тікелей негіз қалағаны туралы Әуезов барлық зерттеулері мен мақалаларында баса айтады. Патшалық-миссионерлік саясаттың жазалау саясаты мен мұсылмандық діни оқуларға шөктеу қою жөніндегі ерекше нұсқаудың кесірінен және қадымша оқытуды діни оқудың бірден-бір жолы деп санаған ескішіл молдалардың қысым көрсетуі салдарынан Ахмет Риза мешіті кейіннен медресеге бала қабылдауды тоқтатады. Қадым мен жәдид оқуының қайсысын таңдау жөніндегі Семей мешіттерінің арасындағы дау-дамайға Абайдың да қатысқанын Әуезов өзінің «Абай жолы» роман-эпопеясында барынша шынайы суреттеді. Ахмет Ризаның жолын Камараддин қазірет жалғастырды. Алайда ол Баянауылға ауысға мәжбүр болды. Ахмет Риза мешіт-медресесінің үйі Кеңес өкіметі тұсында қоймаға, кеңсеге айналды. Соғыс жылдарында мешіт үйі өртеніп кетті. Шәкірттер оқитын медресе үйі ғана сақталып қалды. Ол үй қазір өзінің бұрынғы орнынан көшіріліп, Абайдың қорық-мұражайы кешенінің қасына орналастырылды.[1]
Техникалық жағдайы:жақсы
Қорғау категориясы:Қала құрылысы және сәулет категориясы бойынша Қазақстан Республикасының қорғауында.
ескерткіш жайлы жазылған әдебиеттер тізімі:

  1.  Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8

  2. “Мұнара газеті”авторы Жандос Әбубәкір

  3. “Дүрбі”аймақтық қоғамдық-танымдық газеті,авторы Ернар Абзалұлы


  4. жүктеу 5,4 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау