«Ертіс дарыны» 1 тур қазақ тілі (орыс тілінде оқытылатын мектептер)



жүктеу 34,75 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі34,75 Kb.
#16479

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары

Задания областной заочной школы олимпийского резерва

регионального учебно-методического центра дополнительного образования

«Ертіс дарыны»
1 ТУР

ҚАЗАҚ ТІЛІ (ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МЕКТЕПТЕР)
8-9- сыныптар
1. Мәтінмен жұмыс.

1.1. Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыздар.


«Ұшқан ұя»

(үзінді)

Әлі есімде. Әкемнің кенже інісі мені оң алақанына тік тұрғызып алып, алты қанат үйдің ортасында арлы-берлі жүріп алды. Мен болсам зәре-құтым қалмай қорықсам да, тіземді бүкпей, қаздиып тұра беріппін. Көкем: «Қаз! Қаз!» деп өзімен-өзі. Атамның ескі түлкі тымағына отырғызып, мені керегеге іліп қойған да сол көкем ғой. Өзі киізге жайғасып алып, ұзақ уақыт әуестікпен әурелеп еді. «Ал, кәне, балапаным? Қанаттанып қашан ұшасың?..» деп қояды. Мен қыңқылдап жылай бастағанымда: «дуана келіп қалады?» деп қорқытқан... Содан бастап көкемнің көзіне түспеуге тырысатынмын (Б.Момышұлы).


1.3. Сөздер мен сөз тіркестерініің мағынасын анықтаңыздар: әуелете, алты қанат үй, кереге, дуана.

1.4. Шығарма авторы мен кейіпкер бойында мінез ұқсастығын қандай сөздермен сабақтастыруға болады? 20 ұпай


2. «Мен – елімнің мақтанышымын» деген тақырыпта эссе жазыңыздар. 10 ұпай

3. Сөз құрамына талдау жасаңдар.


Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды. Қорықтан күншыға атқа мінейік деп асыққан-ды. Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыныБайтасты да таң атар-атпаста оятып тұрғызып еді. Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған.

10 ұпай


4. Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, орыс тіліне аударыңыздар.

Үлгі: 1. Күн – солнце; 2. Күн – день; бір күні – однажды.



  1. Күн бата бергенде-ақ, қонақтардың алды да келе бастады. 2. Бір күні көрші ауылдан Асан да келді. 3. Ай сайын мәліметтер тапсырылды. 4. Ай планетасы –Жер серігі. 5. Қара бояумен жолақ сызықтар жүргізді. 6. Алыстан бір қара көрінді. 7. Ақ жүрек, адал көңілін ұсынған Гүлім барлығына ұнады. 8. Ақ көйлек төгілген келін бала ұяла төмен қарап тұр. 9. Қуаныштан көзінен жас та тамып кетті. 10. Жастар бөлек, келесі бөлмеде отырған.

10 ұпай

10-11- сыныптар
1. Содан жаңағы қауіпті деген Есембайға жеткенше, артына бірде-бір қараған жоқ. Көз ұшына кетіп ұзап алып, ылғи жапа-жалғыз шауып отырған. Жолдың бұл тұстары ылғи белес-белес болатын. Осы қазіргідей боп жұрт Шыңғысқа, жайлауға қарай көшкенде елсіз боп қалатын жер. Алыстан жолды бағып отыратын тұрғылары бар. Тақ иек артпадан, өкпе тұстан жүргіншіге жауды қоян-қолтық, құшақтастыра түсіретін ұры сай, жасырын жыралары да бар. Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды. Ол сондықтан бүгін, ауылға жететін күні үлкендерді еріксіз қатты жүргізудің айласын тапқанына дән ырза. Күні бойы осылай етуге байлаған.

– Бала деген қорқар болар еді. Ес бар ма өзіңде, пәруәрдігер, – деп, Байтас бабын таба алмай басын шайқайды. Жұмабай әбден болмаған соң:

– Қап, мынаның баласы!... «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келеді-ау! Қой, не де болса қалмайық енді. Байтас, жүр! – деп шаба жөнелді. (М.Әуезов)
1.1. Мәтінмен жұмыс. Ауыспалы мағынада тұрған сөздер мен сөз тіркестерін табыңыздар. Олардың мағынасын анықтаңыздар.

1.2. Жер бедерін анықтайтын сөздерді теріп жазыңыздар.

1.3. Әңгіме қай кезеңдегі оқиғаны суреттейді? Қандай тілдік деректер бар?

20 ұпай

2. «Алаштың Әлиханы» тақырыбына эссе жазыңыздар.

10 ұпай

3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар. Тақымынан толық шығарып алғанша бастырмалатып кеп, Жұмабайдың қалың қара тымағын көзіне қарай баса кигізіп жіберіп, сол сәтте шоқпарға жармасты. Жұмабайдың басын көтеріп, тымағын түзеуге де мұршасы келмеді. Тартысуға да қорғаншақ, шабуға да мүгедек болып қалды.

Сөйткенше, жырынды жау мұның жаңағыдай сасқалаңымен пайдаланып, шоқпарды да тартып алды. Енді, ақ боз ат та бірдемеге тіреліп тоқтағандай, Жұмабай зорға дегенде бойын түзеп ап, жаңағана тымағын кейін қайырып қап еді. 10 ұпай


4 Төмендегі сөйлеу мәнері мен сөз қолданыстары кімдерге тән екенін анықтаңыздар. Әрқайсысына 5 сөйлемнен қосып жалғастырыңыздар.

1. - Қайырлы күн, қымбатты көрермендер! Астана теледидары өз хабарларын жаңалықтарымен жалғастырады.

2. - Аузыңызды ашыңыз, тамағыңызды көрейін. Ыстығыңыз көтерлді ме? Дәрі іштіңіз бе?

3. - Жаңа ғана піскен қуырдақ бар. Шайды қантпен, әлде қантсыз әзірлейін бе?

4. - Абайлаңыздар, есіктер жабылады. Келесі академик Шокин атындағы аялдама.

5. - Сүт – 110 теңге, май – 85 теңге, ірімшік – 98 теңге. Барлығы – 283 теңге бересіз.



6. - Өткен тақырыпты еске түсірейік. Қане, сөзді қалай тасымалдаймыз?

10 ұпай
жүктеу 34,75 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау