34
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ
қатынас болғаннан кейінгі 72 сағаттың ішінде жасау керек.
Қанша ертерек пайдалансаң, сонша жақсы. Бұл қажетсіз жүктіліктің
алдын алады. Дәрілерді дәрігерден алуға не дәріханадан сатып алуға
болады.
Алайда, мұндай дәрі-дәрмекті жиі қолдануға болмайды. Тек қана
ерекше жағдайларда пайдалану қажет. Жоғары доза адам организміне
қауіпті. Сол үшін де осындай таблеткаларды әр ай сайын қабылдауға
жол берілмейді. Тұрақты түрдегі жыныстық қатынас болатын болса
төменгі дозадағы бойға бала бітірмейтін дәрілерді не өзге де контра-
цептивтерді пайдалану қажет.
Жыныстық қатынасты үзу әдісі
қиындау әдіс (кез келген еркек
өзін-өзі бақылай алмай қалады). Есіңізде болсын: сперманың бір
тамшысы ғана қыздың жыныстық мүшесіне түсетін болса, жүкті боп
қалу мүмкіндігі зор болады.
Овуляция күндері («қауіпті күндер» деп айтуға болады) жыныстық
қатынастан сақтана тұру үшін
күнтізбелік әдісті
айтуға болады.
Теория бойынша «қауіпті күндер» етеккір циклінің (соңғы етеккір кел-
ген күннен бастап саналады) екінші аптасына сәйкес келеді. Алайда,
өмірде бәрі өздігінше болады. Кейбір қыздарда «қауіпті күндер»
етеккір циклінің түрлі күндеріне сәйкес келе беруі мүмкін. Осыдан-ақ,
бұл тиімділігі аз әдіс болғандықтан, бұған аса бір үміт артуға болмай-
тындығын түсінуге болады.
! Бұл әдістердің бәрі
де ЖЖАБИ/ВИЧ-тен
қорғамайды!
Егер де жұқтыру
қаупі болса –
мүшеқапты пайда-
лану қажет!
35
Әдістемелік құрал
Әрбір жеткіншектің білуі тиіс заңдары
Біздің елімізде қылмыстық заңнамада кісіге қастандық
келтіретін сексуалдық сипаттағы бірқатар қылмыстардың
заңды жауапкершілігі қарастырылған. Бұл жағдайда құқық
нормалары адамгершілік нормаларымен сәйкес келеді –
қоғамдық санадағы сексуалдық қылмыстардың бәрі сөзсіз
теріске шығарылады.
Сексуалдық зорлық-зомбылық пен сұраншақтықтың құрбаны бол-
мауы үшін Сіз ҚР Қылмыстық кодексте мынадай нәрселер қарасты-
рылғанын білуге тиістісіз:
►
жыныстық тиіспеушілік пен адамның жыныстық еркіндігіне
қарсы
қылмыстар
(-зорлау, -сексуалдық сипаттағы зорлық-зом-
былық іс-әрекеттер, - 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық
қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекет-
тер, - азғындық іс-әрекеттер),
►
қоғамдық ізгілікке қарсы бірқатар қылмыстар
(- жезөк-
шелікпен айналысуға тарту, - жезөкшелер ұясын ұйымдастыру не
ұстау, - порнографияларды заңсыз тарату),
►
денсаулыққа қарсы бірқатар қылмыстар
(- венерологиялық
ауруларды жұқтыру , ВИЧ-инфекциясын жұқтыру).
Қоғамдық үлкен қауіпке орай аталған қылмыстарды Қылмыстық
кодекс те оларға қатаң жазалар қарастырылған.
Зорлау мен нәпсіқұ-
марлық сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерге бірқатар
жағдайларда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде
жаза қолданылуы мүмкін. Мұнда қылмыстардың бұл түріне 16
жастан емес, кейде 14 жастан да қылмыстық жауапкершілік
қарастырылады. Жезөкшелікпен айналысуға тарту бас бостан-
дығынан 6 жылға айырса, жезөкшелер ұясын ұйымдастыру мен
ұстауға 5 жыл беріледі, азғындық жасағаны үшін 3 жыл, вене-
рологиялық ауруларды жұқтыру мен порнографияны тарату
қылмысына 2 жыл беріледі.
Шұғыл жағдайларда – зорлық-зомбылық
қаупі туындаса не фактісі орын алса
«102» телефонына полицияға хабарла-
сыңыз немесе жастар мен жеткіншектер
үшін «150» Ұлттық сенім телефонына
қоңырау соғыңыз.
ӘДІС
ТЕМЕЛІК
АҚПАР
АТ
36
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ
«Репродуктивті денсаулық»
тақырыбында жеткіншектер үшін тренинг өткізудің болжалды жоспары
1. Кіріспе
Сәлемдесу. Бағдарлама мақсатын негіздеу – қатысуға тілек білдірген
әрбір адамды өмірдегі түрлі жағдайларда дұрыс әрекет етуге, олар
қандай болмасын жағымсыз оқиғаға қалай түспеу керектігі жөнінде
толығырақ ақпарат беру. Мәселен, қажетсіз жүктілік немесе тіпті қажет
етпейтін ауру түрлері туралы. Қалайша нашақор болмау, қалайша ВИЧ
жұқтырмауға болады. Өзіңді қалай түсінесің және т.б.
Сабақ қарым-қатынас түрінде болады және жыныстық қатынас сала-
сын қоса алғанда қиын жағдайларда қауіпсіз мінез -құлық пен одан
шығу жөнінде айтарлықтай білім мен ептілікті үйретеді.
2. Танысу
Жүргізуші әрбір қатысушыға өзінің екі жақсы және екі нашар қасиетін
айтуын ұсынады.
3. Топтардың жұмыс ережелерін қабылдау
4. Ақпараттық блок: ерлердің және әйелдердің репродук-
тивті жүйелері
5. Ақпараттық блок: ерлердің және әйелдердің репродук
тивті жүйелері
►
Адамзат екі жартыға бөлінді деп алалық: ерлер және әйелдер.
Қатысушыларға қарата: қалай ойлайсыздар, біздің қалай құралға-
нымызды не үшін білуіміз керек? («Шеңберден» шығып кеткен
жауаптардан басқасының бәрін қабылдаймыз...)
►
......... Елестетіңізші, сіз дәрігерге келдіңіз, сіздің мысалы шабыңыз
ауыр ды делік (жалпы әдеттегі нәрсе ғой), сіз дәрігерден осыны
сұрамақшы болдыңыз. Қалай сұрайсыз? (Егер жауап: «шапта»
болса, сұрақ қойыңыз: «Нақты қай жеріңіз?... Ал мен шештім, ....
аяғыңыз»).
Тренинг өткізудің
жоспары.
№ Кезеңнің атауы
1. Кіріспе
2. Танысу
3. Топтарды қабылдау ере-
жесі
4. «Бой-бойыңмен тұруға
тырыс» ширату ойыны
5. Ақпараттық блок:
ерлердің және әйел-
дердің репродуктивті
жүйелері
6. Контрацепция
7. «Жыныстық қатынас
өмірінің басталуы «Қол-
даймын» және «Қарсы-
мын» дәлелдері» миға
шабуылы
8. Жұмыстың аяқталуы.
Рефлекция
9. «Жағымды сабағыңыз
үшін рахмет» жаттығуы