Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет44/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51

97 
 
4.  Жергілікті  материалдарды  зерттеу  мен  іріктеу,  жинау,  пайдалану 
шеберліктерін көрсетуге арналған тапсырмалар. 
Осы  тапсырмаларды  орындауда  студенттердің  білімі  мен  білігінің  мына 
төмендегідей  деңгейлерін анықтадық. 
1-деңгей 

  Қазақстан  жыландарының  биологиялық  және  экологиялық 
ерекшеліктерін игеру бойынша ақпараттық, процедуралық, бағалаушылық және 
рефлексивті білімдер деңгейін меңгеруі;  
2-деңгей 

  Қазақстан  жыландары  бойынша  тест  түрінде  типтік 
тапсырмаларды  шешуді  және  репродуктивтік    алгоритмдік  әрекеттер  орындау 
деңгейі. 
3-  деңгей 

  жауаптарының  жалпы  алғанда  дұрыс  болғанымен,  берілген 
тапсырмаларды  орындауда    зерттелетін  нысанның  негізгі  сипаттамалары  мен 
басты  белгілері жайында  кейбір дәлсіздіктердің орын алуы. 
4- деңгей 

 толық  емес және дұрыс емес жауап. 
 Болашақ мамандардың эксперименттен кейінгі білім мен білігін анықтауға 
арналған    сауалнама  сұрақтарын  дайындауда  мына  мәселелерге  көңіл 
аударылды:  
- студенттерде  өлкелік  білімдерді  меңгеруімен  олардың  қазіргі  заманғы 
биологтарға бұл білімнің керектігі жайындағы көзқарасы; 
- Қазақстан  жыландарының  биологиясы  және  экологиясын  өлкелік  білім  
беруде    студенттердің пәндік және  әдістемелік  дайындығын көтерудің  құралы 
ретінде оқу үдерісінде пайдаланудың мүмкіндіктерін меңгеру деңгейі; 
- Қазақстан  жыландарының  биологиясы  мен  экологиясы  туралы  өлкелік 
материалдарды жинауда студенттердің кездестірген қиыншылықтары;  
-  студенттердің 
жыландар  биологиясы  мен  экологиясы  туралы 
систематикалық, морфологиялық және анатомиялық ұғымдары мен білімдері; 
- процедуралық:  жыландар  түрлерін  анықтау  және  сипаттау  әдістерін 
қолдана білу. 
- улы жыландардың еркшелігін, уды алу әдісін білу; 
- әртүрлі жыландарға салыстыра отырып  сипаттама беру; 
- жыландардың  ғылымда,  медицинада,  адам  өміріндегі  рөлі  (улы  және 
усыз), улы және усыз жылан түрлерін ажырату; 
- жыландардың биоалуантүрлілікті сақтаудағы рөлі. 
- ҚР территориясында жыландардың табиғи экожүйелердегі маңызы.  
Сауалнама 
негізінде 
студенттердің 
жауаптары 
мен 
орындаған 
жұмыстарына  анализ  жасау,  қорытындылау  нәтижелерін  талдау  жұмысы 
жүргізілді.  
Осы жұмыстардың нәтижелері мына төмендегідей жағдайларды  көрсетті:  
Герпетологиялық мәселелерге назар аудару және оларды шешу жолдарын 
іздестіру  →  болашақ  биология  мұғалімдерін  дайындау  барысында  бірлескен 
(коммуникативті)  әрекетті  дамыту,  өлкетанулық  іс-шаралар  өткізу  және 
олардың  қорытындылау  →  тұрақты  дамуға  қол  жеткізу  жолында  азаматтық 
ұстанымды  қалыптастыру  →  Қазақстан  жыландарының  биологиялық  және 
экологиялық  ерекшеліктері  бойынша  тереңдетілген  білімді  қалыптастыру  → 


98 
 
экологиялық-герпетологиялық  іс  әрекеттің  жаңа  тәсілдерін  және  дағдыларды 
игеру.  
Студенттердің  пікірінше  өлкелік  материалдарды  жинаудағы  басты 
қиындықтар  экспериментке  керекті  техникалық  құралдардың  жеткіліксіздігі.  
Өлкелік  материалдарды жинаудың әдістерін меңгерген студенттер 68 пайызды 
құрады.  
Студенттер  арасында  сауалнама  жүргізу  мынандай  ерекшеліктерді  бөліп 
алуға мүмкіндік берді:  
-  Қазақстан  жыландарының  биоэкологиялық  ерекшеліктері  туралы 
зерттеушілік  жұмыстарын  ұйымдастыруда  әдістемелік  білім  мен  дағдыларды 
қалыптастырудағы кездесетін қиындықтарды анықтады.  
Эксперименттің  анықтаушы  кезеңінде  студенттер  сауалнамасының 
нәтижелерін талдау жұмысы келесідей болды:  
-  сауалнамаға  қатысушылардың  жартысынан  астамы  -  60%  қойылған 
сұрақтар мен тапсырмаларды  дұрыс орындады;
 
-  жыландар  популяциясының  санын  реттеу  керектігі  туралы  сауалға 
жартысынан  астамы  реттеудің  қажеттілігін  қолдады  (60%),  қалғаны    (37%) 
реттеу  міндетті  емес  екендігін  және  қойылған  сұраққа  жауап  беруге 
қиналатындығын көрсетті (3%).  
 Тәжірибелік-эксперименттік 
жұмыс  барысында  анықтағанымыздай, 
сауалнамаға жауап берушілердің үштен бірі (37%) ҚР территориясында мекен 
ететін  жыландарды  қорғау  бойынша  іс-шараларды  өткізудің  әдіс-тәсілдерін 
саралай білді.  Жауап берушілердің жартысы   (49%) жауап беруге қиналған, ал 
қалған  бөлігі    (14%)  аталған  шараларды  өткізуде  ешқандай  қажеттіліктің 
жоқтығын сөзге тиек еткен.  
Биология  мұғалімі  үшін  жыландардың  биологиясы  мен  экологиясын  білу 
маңыздылығы  бойынша  сұрақтың  анализінің  нәтижесі  бойынша  жартысынан 
астамы  (57%)  оң  бағасын  беріп  қажеттілігін  мойындаған,  қалғандары  (29%) 
теріс жауап беріп және аталған сұраққа жауап беруге қиналатындығын білдіртті 
(14%).  
Оқушылар  үшін  жыландардың  биологиясы  мен  экологиясы  білімнің 
маңыздылығы  туралы  64%  оң  жауап  берген,  27%  маңызды  деп  санамаса,  тек 
9% жауап беруге қиналған.  
Студенттер  үшін  жыландардың  биоэкологиясын  зерттегенде  айтарлықтай 
қызығушылықты бірінші кезекте жыландардың биоэкологиялық ерекшеліктері 
басым  болса,  екіншісі  өлкелік  ұғымдардың  аясын  кеңейту,  сосын  ғана 
жыландарға  табиғи  ортаға  бақылау  жасау,  жыландар  туралы  жаңа 
биоэкологиялық  білім  алу,  экологиялық-өлкетану  әрекетінің  жаңа  біліді  игеру 
саналады.  
Жеке немесе топта жұмыс жасағанда жыландар туралы білімді қолдануда 
сауалнамаға қатысушылардың үштен біріне қиындық тудыртса (33%), ал қалған 
бөлігі  жыландар  туралы  білімді  қолдануда  қиындық  кездеспегендігін  (41%), 
кейде (23%) және жауап беруге қиналатындығын (2%) көрсеткен.  


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау