Ермекбаева акбопе тонтаевна



жүктеу 7,74 Mb.
Pdf просмотр
бет12/51
Дата09.11.2018
өлшемі7,74 Mb.
#18771
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51

26 
 
-  студенттердің  қоршаған  өлкеге  танымдық  қызығушылығын,  білуге 
құштарлығын,  ерік-жігер  сапаларын,  ынтасын  және  ойлауды  дамыту, 
шығармашылық белсенділігін арттыру; 
-  өз  халқын  және  тұтастай  қоғамына  деген  патриоттық  сезімін,  ұлттық 
мақтанышты, ұлттық мінез-құлықтың белгілерін тәрбиелеу;  
- қоғамдық өмірге және оның қайта құруында еңбек етуге дайындау, қоғам 
қайраткері, қоғамның толыққанды қатысушысы болуға алдын-ала даярлау;  
-  пәнаралық  және  пәнішілік  байланысты,  оқу  бағдарламасындағы 
тақырыптардағы  проблемалық  жағдайларды  пайдалану  арқылы  оқу  үрдісін 
белсендендіру. 
Осындай  білім  беру  үдерісінің  мән-мағыналы  сипаттамасы  оның  ішкі 
компоненттерінің  тұтастығы және тұлғаның тұтас қасиеттерінде көрініс беруін 
(демек, қалыптастыру және дамыту) қамтамасыз ететін функциялардың болуы  
саналады.  Біртұтас педагогикалық үдерістің өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама 
бере  келе,  В.М.Назаренко  анықтағанындай,  оған    мазмұнды-мақсатты, 
ұйымдастырушылық және операционалды-техникалық аспектілері жағдайында 
өзара байланысты шарттарды сақтау тән [132, 133]. 
Кәсіптік  мектептерде  білім  беру  үдерісі  студенттердің  оқу  пәндерінің 
мазмұнын  саналы  меңгеруі  арқылы  жүзеге  асырылатыны  белгілі.  Олардың 
әрқайсысы  әлеуметтік  тәжірибенің  өзіндік  жазықтыққа  салған  жолындай 
көрінеді.  Бұл  жол  салу  өзінің  заңдылықтары  бар  және  білім  беру 
мақсаттарымен,  студенттердің  психикалық  және  оқу-кәсіби  қызметінің 
ерекшеліктерімен анықталады. Кәсіби білім беру міндеттері және студенттердің 
субъектілік  қырының  қалыптасу  заңдылықтары  мен  дамуы  кәсіби  қызметтің 
құрылымы  мен  ерекшеліктеріне  қарай  оқу  материалын  құру  және  ұсыну 
логикасын анықтайды.  
Бұл  тұрғыда,  біз  О.С.Анисимовпен  келісеміз,  бұл  «даму  принципі  маман 
үшін  қызметінің  пайда  болуына  бастапқы  материал  болып  табылады.  Барлық 
өзге  принциптер  осы  принципті  толықтырады  немесе  нақтылайды»,  -  дейді 
[134]. 
ЖОО-да  білім  беру  үдерісін  бағалай  отырып,  осы  тұрғыдан  біз        нақты 
айтуымыз  керек,  кәсіби  білім  беруді  дәстүрлі  ұйымдастыру  маманның  жеке 
тұлғалық және кәсіби сапалық қасиеттерін дамытуды, олармен пәндік ауқымда 
білімді игеруге ынталандырады. Болашақ мамандар кәсіби қызметті  атқарудың 
әдіс-  тәсілдерін  меңгеріп  шығуға  тиісті.  Сонымен  қатар,  қазіргі  заманғы 
кәсіптік  білім  беру  стратегиясы  дайын  технологияларды  пайдаланып  қана 
қоймай, сондай-ақ, жеке шығармашылық жобаларды құрып, іске асыра алатын 
маман  тұлғасының  өзін-өзі  дамыту  және  субъектілік  даму  қажеттіліктерінен 
бастау  алуы  керек.  Жоғары  немесе  орта  кәсіби  мектептерде  оқыған  жылдар 
бойында кәсіби қызметті үлгі бойынша орындауды ғана емес, оны атқаруда өз 
ісін  саналы  ұйымдастыра  білу,  өз  қызметінің  тиімділігін  бағалай  білу 
дағдыларын меңгеріп шығуы көзделеді. 
Жоғарыда  айтылғандардың  негізінде,  білім  беруде    өлкелік  компонентті 
пайдалану    болашақ  мамандарды  кәсіби  дайындау  үдерісін  шынайы  іске 


27 
 
асыруға  мүмкіндік  беретін  бағдарламалық  және  оқу-әдістемелік  қамтамасыз 
етудің жемісті стратегиясын әзірлеудің негізі болып табылады.  
Педагог  маман  дайындаудың  басты  шарты  –  оқытудағы  негізгі    пәнді 
жергілікті  өлкелік  компонентпен  байланыстырудың    мазмұны  мен  әдістерін 
ұсыну,  ол  өте    күрделі  мәселе.  Себебі,  өлкелік  компонент  әр  уақытта  зерттеу 
нәтижелеріне  негізделеді.    
Өлкелік  компонентті  пайдалануды  жүйелі  ұйымдастыру  барысында  
зерттеуші  шынайы  объектілер  арасындағы    байланыстарды      ұғынып,  табиғи 
заңдылықтарды  түсінеді.      Бұл  өз  кезегінде,  оқу  материалын  теориялық  және 
тәжірибелік  деңгейлерде  бір  мезгілде  игеруге  мүмкіндік  береді.  Демек,  білім 
беру  үдерісінде  студенттер  өзіне  қажетті  көлемдегі  білім  және  іскерлікті 
меңгеруге  жағдай  туады.  Мұндай  жұмыс  кәсіби  қызметке  керекті  шеберліктің  
барлық  кешенді  түрінің:      сезімталдық,  зерттеушілік,    және  зияткерлік 
элементтерінің қалыптасуымен қатар жүреді. 
Болашақ  педагог  маманды  дайындау  —  бұл    ең  алдымен  жеке  пәндерге 
байланысты  ғылыми  ұғымдардың  түрлі  деңгейде  қалыптастыру.  Ал, 
студенттердің ол ұғымдарды  меңгеру деңгейінің әр түрлі болуы олардың жас 
ерекшеліктері  мен  психологиялық  ерекшеліктеріне  тікелей  байланысты. 
Сондықтан  да,  өлкелік  компонентті  білім  беруде  пайдалану  кезінде  болашақ 
мамандардың жекебас ерекшеліктері ескерілуге тиісті.  
Болашақ  мамандармен  жүргізілген  теориялық  талдау  мен  тәжірибелік-
практикалық  жұмыс  жоғары  мектепте  білім  беру  үдерісінде  жалпылама 
мазмұндағы  ережелерді  пайдалану  мүмкіндіктері  туралы  пікірге  көз  жеткізуге 
болады.  Кәсіптік  білім  беруде  білімді  енгізу  жолы  басқаша  болуы  мүмкін. 
Кәсіби ұғымдарды, ойлау және әрекетті қалыптастыруда баламалы жүйелі тәсіл 
қажет.  Осылайша,  студенттердің  кәсіптік  білім  алуының  іс-тәжірибесі 
құбылыстар  мен  фактілердің  алуантүрлілігі  мен  тереңдігін  жасыратын  білімді 
игеруде  жатыр,  болашақ  маман  білім    берудің  инвариантты  аспектісін  бөліп, 
онымен білім беру үдерісінде тиімді пайдалана білуі керек. 
Бір  жағынан,  барлық  кәсіби  маңызды  құбылыстардың  жалпыға  бірдей 
теориялық сипаттамаларын олардың табиғатына қарамастан жіктеп бөлу қажет, 
ал  екінші  жағынан  студенттердің  оқу  әрекетін  шынайы  кәсіби  практика 
жағдайында  болашақ  маманның  келешекте  атқаратын  қызметіне  баса 
жақындастыру.  Кәсіби  білімнің  теориялық  негіздерімен  қатар,  болашақта 
атқаратын  іс-әрекеттерінің    әдіс-тәсілдері  беріліп,  оны  тәжірибелік  жұмыстар 
жүзінде  орындата отырып, оларды саналы игерудің жолдары нақтыланады. Ол 
үшін    бірінші  кезекте  студенттердің  жеке  бастық  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  тек    бәріне  ортақ  тапсырмалар  беруден  гөрі    топтық,  ұжымдық 
жұмыстарды беру арқылы олардың белсенділігін арттыруға болады.       
Екінші  жағынан,  оқу  материалын  саралай  отырып,    жеке-жеке 
тапсырмалар  беру  арқылы  ұйымдастыру    студенттердің  жүйелі  ойын  дамыта 
отырып, өз іс-әрекеттеріне жауапты қарауға үйретеді. Ол келешекте маманның 
кәсіби  іс-әрекетінің  танымдық  және  практикалық  жақтарын  ашып,  өз  ісінің 
құрылымы мен жүйесін дұрыс модельдеуге мүмкіндік береді.  


жүктеу 7,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау