3-ші САБАҚ
ҚҰРҒАҚ ЗАТ, ҚМСҚ ЖӘНЕ СҮТТІҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
Құрал-жабдықтар:
әр түрлі өлшеуіші бар таразы, кварцты құмы және
шыны таяқшалары бар алюминді стақандар, құмы және шыны таяқшалары
бар алюминді стақандар, кептіргіш шкаф, 10 мл пипетка, су моншасы, АМ-2
құрылғысы, бастырылған ұштары бар шыны таяқша, сүлгі, дистилденген су.
Құрғақ зат сүттің сіңіру құндылығының көрсеткіші болып табылады.
Сүтте 12,5% құрғақ зат болады. Сүттің құрамының өзгеруіне байланысты
құрғақ зат та өзгеріп отырады. Сүт құрамындағы құрғақ затты аналитикалық
тәсілмен (102-105
0
С), ал өнеркәсіптік жағдайда формула бойынша есептеу
әдісімен анықтайды.
Арбитражды әдіс. Кварц құмы және шыны таяқшасы бар екі стақанға
техникалық таразыға өлшенген бірдей сынамадағы 10 г кептірілген құрғақ
сүтті саламыз. Стақанды 105
0
С температурада кептіру шкафына салып,
қалыпты салмаққа дейін үзіліссіз араластыруды қажет етеді. Бірінші өлшеу
1,5-2 сағаттан кейін өткізіледі, ал келесі -30 минуттан соң. Талдауды тездету
үшін қайнап жатқан су моншасында кептіріп, содан соң кептіру шкафында
қайта кептіруге болады.
Дуденков әдісі. 3-5 дәкесі бар 2 алюминді стақанға қалыпты салмаққа
дейін кептірілген, 1 сынамадан 3г сүтті өлшеп салу қажет. Стақанды 102-
105
0
С температурада кептіру шкафына салу қажет.
Құрғақ заттың пайызын есептеу. Егер де параллельді анықтаудың
қорытындысы 0,05% ұқсас келетін болса талдауды қайталау қажет.
Қорытындысын дәптерге жазу керек.
Профессор Я.С.Зайковский формуласы
С=1,215 х Ж+ (100 х П - 99,823 ⁄ П)
Қалыпты формула (Форингтон формуласы)
С= 4,9 х Ж + а ⁄ 4+ 0,5, мұнда
С- сүттегі құрғақ зат пайызы
П- тығыздық г⁄см
3
(мысалы 1,0295)
а- ареометр градусы бойынша тығыздық (мысалы 29,5)
Сүттегі көп өзгертулер әр түрлі факторлардың әсерінен көбінесе май
ұшырайды, сондықтан сүттің сапасын оның құрамындағы ақуыз, лактоза,
минералды тұздардың болуымен сипатталады. Олар жалпы санда құрғақ
майсызданған сүт қалдығын - ҚМСҚ құрайды. Бұл көрсеткіш көбінесе
тұрақты 8,5% тең.
ҚМСҚ-ны қалыпты формула бойынша, құрамындағы май мен құрғақ
заттың болуымен , АМ-2 құрылғысымен анықталады.
А) АМ-2 құрылғысымен, рефрактометрикалық әдіспен анықтау.
Анықтау техникасы. Құрылғының таза, астыңғы призмасына 2-3 тамшы
дистилденген су құю керек, үстіңгі призманы жабу, жарық сәулесін жағып,
реттеу бұрамасын көмегімен ашық және қоңыр түсті шкаласы бойынша есеп
жүргізу қажет. Призманы мақтамен құрғатып сүрту қажет.
Сүттен алынған есеп пен дистилденген судың есебінен сүттегі ҚМСҚ-
ның пайызын анықтаймыз.
Б) құрғақ зат пен май арасындағы айырма бойынша
% ҚМСҚ = С - Ж
Бұл тапсырманы орындағанда 2-ші тапсырмада алынған деректерді
қолданамыз.
В) формула бойынша:
% ҚМСҚ = Ж ⁄ 5+a ⁄ 4+0,76
Жалпы ақуыз % = ҚМСҚ х 40 ⁄ 100
Жалпы қант % = ҚМСҚ х 52 ⁄ 100
Күл % = ҚМСҚ х 8 ⁄ 100
Сүт майының қуаттылығы 9,0 ккал, ақуызы - 4,0, сүт қанты - 3,8ккал.
1 ккал- 4,184 к Дж
Достарыңызбен бөлісу: |