Қорытынды
Қазіргі таңда білім беру - әрбір тұлғаның даралығын ашу, жеке тұлға ретінде дамыту, бейімділігін қалыптастыруға бағытталса, сол жаңа жүйенің негізі бүгін көрініс тауып, қазірден нәтижесін беруі қажет. Сондықтан әрбір педагог өз қызметінің мазмұнын тәжірибемен байланыстыра отырғаны дұрыс .
Білім саясатының өзекті мәселелерінің бірі – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде білімнің рөлін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Магистрлік диссертацияның бірінші тарауындаүздіксіз педагогикалық практиканы жетілдірудің философиялық және психологиялық-педагогикалық негіздері, жоғары оқу орнында үздіксіз педагогикалық практиканың пайда болу тарихы және ұйымдастырудың ерекшелігіашып көрсетілді.
Екінші тарауда үздіксіз педагогикалық практикадағы кәсіби бейімделуін қалыптастыру моделі, оны эксперименттік сынақтан өткізу және үздіксіз педагогикалық практикадағы кәсіби бейімделуін қалыптастыру моделінің жүзеге асырудың эксперименттік сынақ нәтижелері көрсетілді. қло
Диссертацияның практикалық маңыздылығын айқындайтын «Үздіксіз педагогикалық практикадағы кәсіби бейімделуін қалыптастыру моделі», студенттің құндылықты көрсеткіштеріне бейімделген магистранттың авторлық сауалнамасы жасалып, бақылау тобы мен эксперименттік топтарда өткізілді және таныстырылды.
Сауалнама нәтижесі өңделіп, әлеуметтік-психологиялық кәсіби бейімделі.деңгейін анықтағаннан кейін студенттермен жоспарлы жұмыс жасалды. Эксперимент тобын өзіміздің құрастырған моделімен презентация ретінде таныстырып, үздіксіз педагогикалық практика жайлы қосымша ақпарат берілді.
Магистрлік диссертацияның мақсаты мен міндеттеріне келесі жұмыстарды атқарып, толықтай орындалды
үздіксіз педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бейімделуін қалыптастырудың теориялық мәселелері анықталды;
студенттердің кәсіби бейімделуін қалыптаcтыpудың педагoгикалық-пcихoлoгиялық еpекшеліктеpі анықталды;
студенттердің практикаға бейімделу мәселелерін анықтау үшін диагностикалық жұмыс жүргізілді;
алынған нәтижелеpді өңдеу негізінде ҮПП-да студенттердің бейімделу шарттарының мoделін жoбалау және қалыптаcтыpудың тиімді жoлдаpы ұсынылды.
Осылайша университет студенттерінің үздіксіз педагогикалық практикасы жоғары білімді мамандар дайындауда білім берудің ажырамас бөлігі болып есептелініп, мектептерде оқу бағдарламасы мен үрдісіне сай мамандықтарына байланысты өз өзектілігін шыңдай түседі. Бұл студенттердің жоғары оқу орындарында теориялық оқу барысында алған білімін нығайтуға және алдыңғы қатарлы тәжірибелерді меңгеруге бағытталады. Болашақ маманға университет қабырғасында білімділік және кәсіптік бәсекелестікке төтеп бере алатын өз мамандығына ыңғайлы, қабілетті, ерекше педагогикалық қасиеттерді қалыптастыру қажет. Мұғалімге аса қажеттілігі: педагогикалық мамандыққа бейімділік, балалармен жұмыс істеуге айқын берілгендік, бейімділіктің көрінетін басты нәрсесі және мұғалім мамандығын тандай алудағы айқындаушы нәрсе балаларға деген сүйіспеншшік, т.б. қасиеттерді иеленуге және білім, білік дағдыларын қолдана білуге үлкен септігін тигізеді.
Диссертацияның негізгі мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:
1. Үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастырудың негізгі мәселелері//»Шоқан оқулары - 22» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. ІІ том. Көкшетау 2018 ж.;
2. Жоғарғы оқу орнында үздікіз педагогикалық практиканы ұйымдастырудың маңыздылығы // «Қазақ білім академиясының баяндамалары» ғылыми журналы. №2 2019 ж.;
3. Основы формирования профессиональной адаптации студентов в процессе непрерывной педагогической практики //»Шоқан оқулары - 23» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. І том. Көкшетау 2019ж.
Достарыңызбен бөлісу: |