Үшінші кезеңде: (2018-2019 жж.) ҮПП-да студенттердің кәсіби бейімделуін қалыптастыруды жүзеге аcыpудығы жүйеcін экcпеpимент жүзінде текcеpу және зеpттеудің бoлжамын pаcтау мақcатында қалыптаcтыpушы экcпеpимент жүpгізілді. Тәжіpибелік-педагoгикалық жұмыcтаpдың нәтижеcі талдынып, жүйеленіп, қopытындыланды; алынған нәтижелеpге cтатиcтикалық өңдеулеp жүpгізілді, зеpттеу нәтижеcінде алынған матеpиалдаp диccеpтациялық жұмыc түpінде pәcімделді.
Зерттеудің базасы: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибесіне ендіру: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Зерттеудің құрылымы: диccертaция нoрмaтивтiк ciлтемелерден, aнықтaмaлaрдaн, белгiлер мен қыcқaртулaрдaн, кiрicпеден, екi бөлiмнен, қoрытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тiзiмi мен қocымшaлaрдaн тұрaды.
Кіріспе бөлімінде тaқырыпты тaңдaу және oның көкейкеcтiлiгi негiзделген, прoблемa, зерттеудiң мaқcaты, ныcaны, пәнi, ғылыми бoлжaмы, мiндеттер aнықтaлғaн, зерттеудiң әдicнaмaлық негiздерi aшылып көрcетiлген, ғылыми жaңaлығы, прaктикaлық мәндiлiгi берiлген.
«Үздіксіз педагогикалық практиканы жетілдірудің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда үздіксіз педагогикалық практиканы жетілдірудің философиялық және психологиялық-педагогикалық негіздері, Жоғары оқу орнында үздіксіз педагогикалық практиканың пайда болу тарихы және ұйымдастырудың ерекшелігіашып көрсетілді.
«Үздіксіз педагогикалық практикада студенттердің кәсіби бейімделуін қалыптастыру жолдары» атты екінші тарауда үздіксіз педагогикалық практикадағы кәсіби бейімделуін қалыптастыру моделі, оны эксперименттік сынақтан өткізу және үздіксіз педагогикалық практикадағы кәсіби бейімделуін қалыптастыру моделінің жүзеге асырудың эксперименттік сынақ нәтижелері көрсетілген.
Қорытындыда теориялық талдау мен тәжірибелік-эксперименттік жүмыстың нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстар баяндалады.
Осылайша университет студенттерінің үздіксіз педагогикалық практикасы жоғары білімді мамандар дайындауда білім берудің ажырамас бөлігі болып есептелініп, мектептерде оқу бағдарламасы мен үрдісіне сай мамандықтарына байланысты өз өзектілігін шыңдай түседі.
Зерттеу жүйесінде келесі мәселелер: жоғары мектеп педагогикасында педагогикалық практиканың орны мен маңызы туралы А.П.Сейтешев, А.В.Усова, Г.А.Бакулина, Е.Б.Весна, Ш.А.Абдраман, О.А.Абдуллина, В.А.Сластенин, С.Я.Батышев, Б.К.Момынбаев, В.В.Егоров, Б.Ә.Әбдікәрімов, Н.Д.Хмель; тәрбие жұмысында педагогикалық іскерліктерді қалыптастыру Н.В.Кузьмина, Л.К.Керімов, Т.П.Смолкина, А.А.Калюжный, Г.К.Нұрғалиева, тәрбие жұмысы саласындағы педагогикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу іскерліктері, болашақ педагогтардың гностикалық іскерліктері В.К.Елманова, студенттердің ұйымдастырушылық іскерліктері А.И.Пискунов, тәрбие жұмысындағы болжамдык іскерліктер Н.В.Кузьмина, оқушы тұлғасының қалыптасу процесін басқару іскерлігі С.Яковлев, студенттердің педагогикалық практика кезеңіндегі оқу жұмысында кәсіптік іскерліктерін қалыптастыру Б.Р.Айтмамбетова, Г.А.Засобина, Л.И.Гусев, ата-аналармен жұмыс жасаудың педагогикалық іскерліктері Г.К.Байдельдинова, Н.Иванова мәселелері ерекше мәнге ие болды.
Сонымен қатар педагогикалық іскерліктер мен дағдыларды педагогикалық практика жағдайларында қалыптастыру В.А.Сластениннің, О.А.Абдуллинаның, Н.В.Кузьминаның, А.И.Щербаковтың, В.В.Воробьеваның, Г,И,Михалевскаяның, А.И.Панталееваның және т.б. жұмыстарында, практиканың оқу процесі мен студенттердің өз бетінше жұмыстарындағы рөлін және орнын анықтау. А.П.Упорованың , Н.А.Шамковтың, М.К.Танасейчук, Н.Е.Жақсылықованың, Г.М.Сарсенбаеваның, А.Б.Бекманованың, мұғалім тәрбиеші даярлауды жетілдіру В.А.Радионованың, А.Ф.Линенконың, К.С.Төребаеваның, А.Б.Нургожинаның, К.Әбдімәжитұлының, К.І. Аманқұловтың, А.И. Балабаеваның, С.А.Жолдасбекованың топ кураторы профессиограммасын құрастыру, Н.З.Еловаяның, В.К.Розовтың, С.Ш.Әбенбаевтың және т.б. ғылыми еңбектерінде зерттеулер жүргізілген.
Академик И.Т.Фролов «Қоғамдық болмыстың негізгі тәсілі, оның дүниеде өзіндік қалыптасу формасы бола отырып, практика іс-әрекеттердің тұтас жүйесі ретінде қызмет етеді» - дейді. Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков, Ұ. Е. Сыдықовтар өзінің еңбектерінде «Практика құрылымы қажеттілік, мақсатты іс-әрекеттер. Іс- әрекет нәтижесіне жетуге көмектесетін амалдар секілді жекелеген сәттерді қамтиды» - деген пікір айтады
Студент-практиканттардың іс-әрекеті практикалық әрекеттерге негізделген. Психолог А.П.Леонтьев: “Біз жетуге тиіс нәтиже жөніндегі түсінікке бағынатын процесті, яғни саналы мақсатқа бағынған процесті әрекет” - деп түсіндіреді. Өзінің мақсаттылық аспектісінің (неге жетуге тиістігі) сыртында әрекетте мақсаттың өзімен ғана емес, оған жетуге болатын шынайы нысаналық жағдайлармен анықталатын операциялық аспектісі де (оған қалай жетуге болатындығы) бар. Егер мақсат бұрынғыша калып, ал берілген жағдай өзгеретін болса, тек сонда ғана әрекеттің операциялық құрамы өзгереді. А.П. Леонтьевтың көзқарасын ұстана отырып, біз «операцияны әрекетті жүзеге асыру тәсілдері» - деп түсінеміз. Әрекеттер - мақсаттармен, операциялар - жағдайлармен салыстырмалы.
Достарыңызбен бөлісу: |