10
тұрғыдан қамтамасыздандыру керектігін байқатты. Ол бізге қоғам сұранысы мен
бүгінгі ғылым мен практика арасында мынадай
қарама-қайшылықтардың бар
екендігін көрсетті:
- басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқан болашақ педагогтарға
қоғамның сұранысы мен оның зерттелу деңгейінің жеткіліксіздігі арасында;
- болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің айқындалмауы арасында;
- жоғары педагогикалық оқуорындары студенттерінің басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастырудың мүмкіндіктері мен оны жүзеге асырудың
ғылыми тұрғыдан негізделмеуі арасында;
- болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды
жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру қажеттілігі мен
оны іске асырудың әдістемелік негіздерінің жеткілікті деңгейде жасалмауы
арасында.
Аталған қарама-қайшылықтар болашақ педагогтардың басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық негіздеу мен оны практикаға
ендірудің әдіс-тәсілдерін іздестіру зерттеудің проблемасын айқындады және
бізге диссертациялық жұмыстың тақырыбын «Болашақ педагогтардың
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру»деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің
мақсаты:болашақ
педагогтардың
басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастыруды теориялық негіздеу, әдістемесін жасау және
оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттен өткізу.
Зерттеудің нысаны:жоғары педагогикалық оқу орнының оқу-тәрбие
үдерісі
Зерттеу пәні:болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастыру
Зерттеудің
ғылыми
болжамы:егер,болашақ
педагогтардың
басқарушылық
құзыреттілігін
қалыптастырудың
теориялық
негіздері
айқындалса, демократиялық стильдегі ізгілікті бағыттағы педагог-менеджердің
құрылымы
жасалып,
сипаттамасы
берілсе,
болашақ
педагогтардың
басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың моделі, әдістемесі жасалса
және олар жоғары педагогикалық оқу-тәрбие үдерісіне рефлексиялық,
танымдық, жобалаушылық кезеңдерімен ендірілсе, онда болашақ педагогтардың
тұлғалық қабілеттері мен педагогикалық, менеджерлік білім, білік, дағдылары
дамып, педагог-менеджердің қалыптасуына мүмкіндік туады, өйткені олардың
басқарушылық құзыреттілігі мақсаттық, технологиялық, ұйымдастырушылық,
өлшемдік тұрғыдан қамтамасыздандырылады.
Зерттеудің міндеттері:
- Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың
теориялық
негіздерін айқындау;
- педагог-менеджер тұлғасының құрылымын анықтау және оған сипаттама
беру;
- болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық
моделін жасау;