Әож 37. 013. 74 Қолжазба құқығында



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет37/74
Дата13.02.2020
өлшемі2,59 Mb.
#28927
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74

80 
 

 
теория мен практика арасындағы алшақтықтарды жояды; 

 
бюджетке түсетін салмақ азаяды. 

 
жұмыссыздықтың қысқаруы; 

 
өзара әрекеттесу аясын кеңейту; 

 
кәсіби  оқытуға  қажетті  шығынның  белгілі  бөлігін  өндіріс  өз  мойнына 
алады 

 
Оқыту 
барысында 
өндірістік 
мекеме 
 
өзіне 
қажетті 
мамандарды«тапсырыс» бойынша дайындайды. 

 
білім  беру  мекемелерінің  бәсекелесуге  қабілеттілігін  жоғарылату.-- 
әлеуметтік серіктестіктің  дамыту; 

 
болашақ қызметкердің жаңа психологиясын қалыптастыру; 

 
бітірушілердің әлеуметтік бейімделуі; 

 
мекеме  басшыларының  өз  қызметкерін  практикалық  оқытуға  қатысты 
қызығушылығы; 

 
тапсырыс  берушімен  өзара  тығыз  байланыста  жұмыс  істейтін  оқу  орны 
оқыту барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді. 

 
оқушылардың  қызығушылығы  мен  сұранысына  қарай  бағдарламалар, 
элективті (икемді) курстар бағдарламаларын әзірлеу; 
 
2.2  Кәсіби  білім  беру  жүйесінде  дуальді  оқытудың  әдіснамалық 
негіздері 
Алдыңғы  параграфта  негізделгендей  кәсіби  білім  берудегі  дуальділік  оқу 
орны мен өндірістік ортаның өзара әрекеттестігінде көрініс табатын болса, 
онда  кәсіби  білім  беру  жүйесінде  болашақ  мамандарды  дуальді  мақсаттық 
даярлаудағы  білім  беру  мен  білік,  дағдыларды  қалыптастыру  іс-әрекеттерін 
өзара  кіріктіру,  ықпалдастыру,  тәртіпке  түсіру,  ретке  келтіру,  сапалы 
ұйымдастыру және т.б. жүзеге асыру тетіктерін анықтау оның әдіснамалық 
негіздерін 
айқындаумен 
және 
оларды 
басшылыққа 
алумен 
қамтамасыздандырылады.  Өйткені  2.1  де  негізделгендей  дуальді  оқыту  білім 
беру  мен  өндірістік  саланың  өзара  әрекеттестігіне  құрылудағы  жалпы 
әдіснамалық негіздерді басшылыққа алады (сурет 4). 
 
 


81 
 
 
 
Сурет 4 - Кәсіби білім берудегі дуальдіоқытуды ұйымдастыруда оқу-
өндірістік ортасының кіріктірілуі сызбасы 
 
Соның негізгілерінің бірі жүйелік тәсіл.Жалпы теориялық жүйенің негізгі 
ережесіне  сәйкес  (И.В.Блауберг,  Д.П.Горский,  М.С.Каган,  В.Н.Садовский, 
Э.Г.Юдин  және  т.б.)  оның  сапасы  ішкі  құрылымның  қиындығына  ие  болатын 
зерттеу  объектісінің  тұтас  ерекшелігін  құрайды.  Мұндай  сапа,  бірінші  кезекте 
сыртқы  ортаға  байланысты  объектінің  өзіне-өзі  жеткіліктілігі,  біріктірілуін 
қарастыра  отырып  жүйенің  құрылымдалуы  мен  даму  ерекшелігі  және  өзіндік 
сапалық тұтас  жүйесін  белсенді  қолдайды.  Көрсетілген  ерекшеліктер  көптеген 
сыртқы  ортаға  байланысты  объект  ретінде  түсінікке  ие  бола  тұра  жеке  түрде 
бола алмайды. Білім беру жүйесі бірыңғай ашық түрдегі жүйе ретінде бір-біріне 
қарама  қарсы.  Осыған  байланысты,  сыртқы  ортаның  жағдайы  өзгеруіне 
байланысты оқыту жүйесін қалыптастыруға сенімділік пайда болады.    
Тұтас  жүйені  айта  кететін  болсақ,  оның  құрамындағы  әрбір  жүйетүзуші  
құрылымды  біріктірудегі  механикалық  жиынтықтан  аулақ  болу  қажет.  Тұтас 
жүйеде  элементтің  құрамы,  қатынасы,  ішкі  сапалық  құрылымға  байланысты 
ұсынылады.  Сондықтан,  объектінің  жүйесін  зерттеуде  ең  төменгі  жүйедегі 
элементтің  жүйесі,  құрылымы  арасындағы  ішкі  және  сыртқы  байланысты 
оқытуға қолжетімділігі арқылы анықталғаны жөн. 
Объектінің  ішкі  байланысының  тұрақтылық  жиынтығы  құрылымдық 
жүйенің  сапасын  көрсете  отырып  өзінің  (ішкі  және  сыртқы  өзгерістердегі 
объектінің сапасы мен құрамының негізін сақтау) тұтастығы мен тепе-теңдігін 
қамтамасыз етеді. Біз құрылымды оның көрінісіндегі көптеген ерекше жүйенің 
ұйымы  ретінде  қарастырамыз  (элементтер,  құрылымдар,  байланыстар,  іс-
әрекеттер).  Құрылымды  белгілеу  кезінде  оның  құрамымен  қатар  элементтік 
жүйесінде сипат пайда болады. Бұл дегеніміз жүйенің элементтік қызметіндегі 
құрылымды  анықтап  қана  қоймай,  оның  жүйелік  қызметіне  әсер  етеді:  жүйе 


82 
 
құрамындағы  аралық  жүйенің  құрылымына  байланысты  ерекшелік  пен 
әрдайым құрылымның дамуы байқалады.  
  Инженерлік-педагогикалық  білім  берудегі  дуальді  жүйенің  құрамын 
зерттеуде дәстүрлі білім беру жүйесін түрлендірудегі педагогикалық шарттары 
мен жалпы принциптердің өзгермейтіні және тұрақтылығы байқалады.  
  Сатылық  көп  деңгейлік  жүйедегі  ұйымның  құрылымдық  принципінің 
маңызы жоғарыдан төмен деңгейге қарай өзара байланысын реттейді. Сатылық 
құрылымдық  жүйе  саралау  қызметі  мен  құрылымдық  орынға  ие. 
«Мамандандырудың»  төмен  деңгейі  төмен  деңгейлік  жүйенің  жеке  құрамын 
біріктіру және жоғары деңгейді келістірумен қатар жеке-дара жүйенің қызметін 
нақты  және  толық  ақпараттандыруға  қолданылады.  Ол  тұтас  жүйені 
құрылымдау  үшін  шарттарды  анықтайды.  Осылайша,  Э.Г.Юдиннің  көзқарасы 
бойынша  сатылы  принцип  құрылымындағы  әрбір  элементтің  дербес  жүйеге 
қатысты екендігін дәлелдейді [86]. 
 В.Н.Садовскийдің  көзқарасындағы  жеке  жүйелерді  зерттеудің  мәні 
бірнеше  әдіснамалық маңызды  аспектілердің  тәсілдік  жүйесі  болып  табылады: 
жүйелі-кешендік, 
жүйелі-құрылымдық, 
жүйелі-іс-әрекеттік, 
жүйелі-
біріктірілген және жүйелі-тарихи [87]. 
Жүйелі-кешендік  аспектінің  мәні  оның  құрамы  мен  бастапқы  кешендік 
жүйесін  нақты  анықтау  болып  табылады.  Бұл  тұтас  себептерге  қажет. 
Біріншіден,  бастапқы  кешенді  анықтамайынша  тұтас  жүйенінің  құрылымын 
анықтау  мүмкін  емес;  екіншіден,  бұл  жүйелі-құрылымдық  кешенінің  барлық 
деңгейін  сараптауға  мүмкіндік  жасайды;  үшіншіден,  жүйедегі  өзара  кешендік 
байланысын  анықтайды.  Жүйеден  жеке  кешенді  анықтауда  тұтас  жүйені 
қалыптастырудағы  ерекшелік  егжей-тегжей  оқыту  мақсатында  жүзеге 
асырылады (В.П. Беспалько, А.Я. Найн, Ж.Ы.Намазбаева және т.б.). 
Жүйелі-құрылымдық  аспект  құрылымын  көрсетуде  динамикалық  және 
статистикалық  құрылымның  механикалық  білім  негізіндегі  сипатын 
түсіндіруде  оның  қызметі,  алдын-ала  міндеттелген  құрамын  талдай  отырып 
жүзеге  асырудағы  жүйенің  құрамын  ұсынатын  объектідегі  білім  мазмұнының 
ерекшелігін біріктіреді. Жүйелі-құрылымдық жүйедегі тәсілдің жүйелік мәнінің 
өзгеруі,  дамуы,  ашықтығына  байланысты  объектінің  теориялық  және 
практикалық  қызметіне  қатысты  әртүрлі  синтездердің  түрлері  талдамалы 
ұйымдық  негізде  құрылады.  Мұндай  ұстанымды  B.C.Безрукова,  А.П.Беляева, 
В.М.Шепель ұстанады.  
Жүйелі-іс-әрекеттік  аспект  сыртқы  ортаның  факторы  және  басқа 
жүйемен  өзара  байланысты,  тұтас  қызметтің  бірігуі  мен  кешеннің  құрамына 
өзара бағынышты, жүйелік пен кешеннің құрамына өзара бағынышты, жүйелік 
пен кешен қызметінің өзара байланыс заңдары, оның құрылымын білу, сыртқы 
ортаның сипатын  тұтастай  жүйелік  қалыптасуын  бейнелейді  (М.И.  Кондакова, 
Т.К. Цветкова, Ш.Т.Таубаева). 
Жүйелі-біріктірілген  аспект  әртүрлі  ғылымды  үйретудің  пәні  ретінде 
әрбір  объектінің  көп  саласындағы  жүйелік  тәсілдегі  әдісті  қарастырады. 
Осылайша,  жүйелік  тәсілдегі  теорияда  бірнеше  көп  жүйелік  пайда  болады. 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   74




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау