Тіл астына дәрілерді қолдану Тіл астына дәрілерді қолдану Ауыз – қуысында қан тамырлары көп болғандықтан дәрілер тез түрде сіңеді. Мысалы, валидол, нитроглицерин жиі қолданылады. Дәріні тіл астына сіңгенше ұстайды, жұтуға болмайды, өйткені дәрінің әсері төмендейді. Тіл астына дәрілерді жиі қолдануға болмайды, себебі ауыздың шырышты қабаты тітіркенеді. Интегралды діспен енгізу кезіндегі қолданылатын дәрілік заттардың формалары - Таблеткалар – бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұрады.Ішкі және сыртқа қолдануға арналған дәрілік форма.
- XVI ғасырда өмір сүрген швейцариялық дәрігер Парацельс алғашқы таблетканы емдік ұнтақты ылғалдандырған кезде жасаған, содан кейін оны сығып, кептірген. Желатинді капсулаларды француз Мозес 1839 жылы ойлап тапқан (ол пациенттер ащы дәрі-дәрмектердің дәмін сезінбеуін қалаған).
- 1847 жылға қарай Германиядағы фармацевт Симонен желатинді капсулаларды жасаудың жаңа әдісін - балауыз қалыптарын қолданумен ойлап тапты.
Ұнтақтар - фармокология өндірісі шығаратын, бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын дәрілік қалыптар. Ұнтақтардағы дәрілік заттар өте майда ұсақталғандықтан олардың фармакологиялық белсенділігі жоғары. Таблеткалармен салыстырғанда, дайындалуы оңай және сұйық дәрілік қалыптарға қарағанда тұрақтылығы жоғары болғандықтан, олар басқа дәрілік қалыптардан гөрі кеңірек қолданылады - Ұнтақтар - фармокология өндірісі шығаратын, бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын дәрілік қалыптар. Ұнтақтардағы дәрілік заттар өте майда ұсақталғандықтан олардың фармакологиялық белсенділігі жоғары. Таблеткалармен салыстырғанда, дайындалуы оңай және сұйық дәрілік қалыптарға қарағанда тұрақтылығы жоғары болғандықтан, олар басқа дәрілік қалыптардан гөрі кеңірек қолданылады
- Ұнтақтар - ежелгі дәрілік формалардың бірі. Олардың сипаттамалары ежелгі Египет папирусында, Авиценна, Гиппократ және Диоскорид жазбаларында болған.
- Қазіргі уақытта танымал болған Довер ұнтағы (Pulvis Dowen) есірткі жөтелге кеңінен қолданылды. Оны ағылшын дәрігері Томас Довер ойлап тапты (1687-1741). Бұл препараттың негізгі ингредиенті апиын болды, сондықтан препарат есірткіден айырылған морфинге тәуелділермен танымал болды.
Достарыңызбен бөлісу: |