Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау жүйесіндегі техникалық-экономикалық есептеулер
Электр жүктемені және тұтынушының сенімділік категориясың анықтағаннан кейін мүмкін болатын КЖ немесе ӘЖ-мен қоректендіруді, кернеу мәнін есептейді. Бұны техника-экономикалык көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде білуге болады. Көбінесе капиталдық, жылдық пайдалану шығындары, түсті металға кететін қаражаттарының мәні бар 2-3 ңусқаны қарастырады.
Техника-экономикалық есептеулер (ТЭЕ) мыналар үшін жасалады:
1) цехтар мен өндіріс орнын электрмен жабдықтаудың тиімді сұлбасын таңдау;
2) БТҚС- ның трансформаторының қуатын, жұмыс режимін, экономикалық дәлелденген санын таңдау;
3) өндіріс орнының ішкі және сыртқы электрмен жабдықтау жүйесінің рационалды кернеулерін анықтау;
4) экономикалық жақтан тиімді компенсациялық қондырғыларды қолдану және олардың орындарын анықтау;
5) электр аппаратарын, оқшаулағышты таңдау;
6) техникалық және экономикалық факторларды ескере отырып, шиналарды, кабельдердің қимасын, тамыршаларын (жилы) таңдау;
7) өзіндік электр станса мен генераторлық қондырғылардың қуаттарын таңдау;
8) энергошаруашылықтың коммуникацияларын ескере отырып, электр торап пен трассаны салу әдістерін қарастыру.
Техника-экономикалық есептеудің негізгі мақсаты – сұлбаның оңтайлы ңусқасын, тораптың параметрлері мен элементтерін анықтау. Тиімділіктің критериі жылдық шығындар деңгейі болып табылады (Ш).
Өндірістік электрмен жабдықтау жүйесінде мәселені шешудің көп нұсқасы болады, ол техникалық шешімдердің бірі бірін ауыстыра алатын мүмкіндігімен анықталады.
Өндірістік энергетика саласындағы экономикалық есептеулердің нұсқаулары келтірілген негізгі құжат «Энергетикадағы техникалық-экономикалық есептеулердің әдісі».
Өндірісті электрмен жабдықтау жүйесінде ТЭЕ-ның варианттарды салыстыру шарты орындалу керек:
– техникалық, оңтайлы жұмыс режиміндегі, оптималды параметрлердегі орынбасу ңусқаларды қарастырылуы;
– экономикалық техниканың даму деңгейін, бірдей экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, бір баға деңгейінде берілген нұсқаларды қарастыру.
Әр нұсқаның сұлбасы электрмен жабдықтауды берік, қажетті қуатты беруді және таратуды, ПУЭ шарттарының орындалуын және электр энергиясының сапасын қамтамасыз етуі қажет.
Техникалық және экономикалық көрсеткіштерді жан-жақты талдау жүргізудің нәтижесінде тиімді нұсқаны таңдайды. Техникалық көрсеткіштерге сенімділік, эксплуатацияның колайлылығы, құрылыстың берік тігі, капиталды жөндеу жұмыстарының көлемі, автоматтандыру деңгейі және т.б. жатады. Ал экономикалық көрсеткішке капиталдық және жылдық шығындар жатады.
Нұсқаның экономикалық тиімділігі капиталды салымдар мен қатардағы шығындармен бағаланады. Сондықтан да ТЭЕ негізгі экономикалық әдіс ретінде ақталу мерзімі, яғни капиталды салымдар өндірістің болашақ ұстанымдарымен өлшенуі тиіс.
Экономикалық есептеулерде екі нұсқаны салыстыру үшін бастапқы формада жазылатын шығын ақталу мерзімі әдісі қолданылады.
мұндағы К1 және К2 – 1-ші мен 2 варианттардағы капиталды салымдар, мың тг.;
СЭ1 и СЭ2 – 1-ші мен 2-ші нұсқалардағы жылдық пайдалану шығындары, мың тг/жыл;
немесе жылдық шығындардың қосынды формасында
мұндағы Ен = 1/Тн– капиталды салымдар тиімділігінің нормативтік коэффициенті, яғни ақшаның қайтуына кететін нормативтік уақытқа Тн кері шама.
Қайтару уақытына кері 1/Ток шамасын салыстырмалы экономикалық коэффициент Кс.э деп атайды. Өз кезегінде бұл шама қымбат нұсқасына қарағандағы жылдық жөндеу жұмыстарына кететін қаражаттың бір теңгеге шаққандағы үнемдеуін көрсетеді. Неғүрлым қосымша салымдардың жұмсалу тиімділігі көп болса, соғүрлым Кс.э көп. Әдетте есептелінген Ток-ны нормативті Тн = 7-8 жыл салыстырады.
Қаражаттың қайтарылуының тиімділік уақыты қайтарылудың нормативті Тн уақыты деп аталады. Ен = 1/Тн шамасы экономикалық тиімділіктің нормативті коэффициенті болып табылады. 1966 ж. бұл коэффициент энергетикадағы есептеулер үшін 0,12 тең деп қабылданды.
Ток = Тн болғанда, салыстырылып отырған нұсқаларды экономикалық бірдей деп санайды, Ток < Тн болған жағдайда капитал салымдарын көп қажет ететін және жылдық қолданысқа енгізу шығындары аз нұсқа тиімді деп саналады. Ток > Тн кезде капитал салымдарын аз қажет ететін және жылдық қолданысқа енгізу шығындары көп вариант тиімді.
К капиталды салымдар құрылысқа (нұсқаудан анықталады), бүкіл элементтер мен олардың монтаждық жұмыстарына кететін шығындардан тұрады. Жалпы жағдайда бұл: қорек беретін Кл кабельдік желілерді орнату, Кап жоғарғы вольттық аппаратураны (ажыратқыш, айырғыш, қысқа тұйықтағыш) және Кт күштік трансформаторларды орнату.
Сэ жылдық эксплуатациялық шығындар жылдағы электр энергия шығыны мен Са жылдық амортизациялық салымдардан құралады
Шығындар құны
мұндағы с – тариф бойынша электр энергияның құны, тг/кВт с;
ΔР – желі мен трансформаторағы қуат шығындары, кВт;
Т – кәсіпорынның бір жылдағы жұмыс сағат саны, сағ.
Амортизациялық салымдардың құны
мұндағы Ео, Ет, Ел – жабдықтардың, трансформаторлар мен желілердің амортизация салымдары;
Ко, Кт, Кл – жабдықтар, трансформатор және желілер бағасы.
Көрсетілген әдіс нақты варианттардың қайсысы тиімді екенін көрсетеді: 1-ші капитал шығындары көп, эксплуатациялық шығындары аз, әлде 2-ші керісінше.
Қаражаттың қайтарылу әдісінің формасы экономикалық тиімділікті объективті түрде көрсетпейді. Бұған қоса капитал мен эксплуатациялық шығындар айырмасы аз болса. Сондықтан бұл әдісті келтірілген түрде көрсетеді. Электрмен қамтамасыз ету желілерін қайта жобалағанда (құрылысы 1 жылға дейін), үш және одан да көп нұсқаларды қарастырған кезде келтірілген жылдық шығындарын келесі формула бойынша есептейді
Экономикалық салыстырумен қатар нұсқаларды техникалық және сенімділік анализін жүргізу қажет.
ТЭЕ кезінде электрмен қамтамасыз ету желісі элементтерінің (1 км желі, трансформатор, ТҚ камерасы және т.б.) бағасының жоғарылатылған көрсеткішін қолдануға болады. Бұл жалпы қосалқы стансаның құрылысына да қатысты.
Нұсқаларды салыстыруда ТЭЕ үшін мәліметтер бір немесе ұқсас келетін анықтамалық материалдардан алынуы тиіс.
Егер де қарастырылып отырған варианттардың бағалары тең немесе жуық болса (10%-ға дейін), онда нұсқаның техникалык (сапалық) көрсеткіштеріне мән беріледі. Олар:
- электрмен қамтамасыз етудің жоғарғы сенімділігі;
- жөндеу жұмыстары мен эксплуатацияға қажетті шарттардың жақсы болуы;
- технологияның өзгеруі мен құрылыстың реттілігінен негізгі желілердің СЭС түйіндерінен тәуелсіздігі;
- тораптың номиналды кернеуінің жоғары болуы;
- СЭС-ті қайта салусыз дамуға деген икемділік;
- кернеу сапасының жоғары болуы (МЕСТ бойынша);
- қондырғылар санының аз болуы мен сұлбаның көркемділігі.
Қарастырылып отырған нұсқалардың сенімділігі әр түрлі болса, және электрмен жабдықтаудың сапасы бірдей болмаса, онда тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың мүмкін болатын үзілісінен шығатын шығындар Уп мен электр энергия сапасының төмендеуінен болатын шығындарды Ук математикалық есептеу түрінде карастырған жөн
Достарыңызбен бөлісу: |