Электр тораптарды есептеудің мәселелері
Электр тораптарды пайдалану кезінде және оларды жобалаған кезде бірнеше есептеуді орындау қажетті. Бұл есептеулердің мақсаты шешілетін мәселелердің сипаттамаларымен белгіленеді. Кейбір жағдайда, жұмыс істеп тұрған торап үшін оның негізгі элементтерінің параметрлері белгіленеді, яғни тораптың түйінді нүктелеріндегі кернеу, желілердегі және трансформаторлардағы токтар және қуаттар. Сол сияқты есептеулер, электр торабы жобаланған кезде орындалады. Тораптың электр сипаттамалары белгіленген кездегі есептеулер электрлік деп аталады, ал механикалық құрастырушылық сипаттамаларды белгілеу үшін өткізілетін есептеулер – механикалық деп аталады.
Бұдан басқа, тораптың элементерін қыздыруға тексеруді өткізу керек және қосымша есептеулерді орындау керек. Бұған жататындары – қысқа тұйықталу тоқтарды есептеу, статикалық және динамикалық тұрақтылықты тексеру, электр тораптарында мүмкін болатын асқын кернеулерді есептеу.
Әртүрлі электр тораптардың жұмысын зерттеген кезде, тікелей сол торапта өтетін процесті ғана емес, сонымен бірге барлық электр энергетикалық жүйедегі процестерді қарау керек.
Әрбір уақыт мезгілінде, немесе кейбір уақыт аралығында жүйенің (тораптың) жағдайы – халы, жүйенің (тораптың) режімі деп аталады. Режім, режімнің параметрлері деп аталатын көрсеткіштермен белгіленеді. Оларға жататындар: жиілік, жүйенің элементерінің активтік және реактивтік қуаттары, тұтынушыларда және тораптың әртүрлі нүктелеріндегі кернеулер, тоқтардың мәндері және ЭҚК – пен кернеудің арасындағы ығысу бұрышы.
Электр жүйелерінің үш негізгі режімін айырады:
- электр торабы жобаланатын және оның техника – үнемділік сипаттамалары белгіленетін әдеттегі тұрақталған режім;
- тораптың кейбір элементі немесе бір қатар элементтері, апатты ажыратылғаннан кейін басталатын, апаттан кейінгі тұрақталған режім (бұл режімінде жүйе және сәйкесті торап кейбір төмендетілген техника – үнемділік сипаттамаларымен жұмыс істейді);
- жүйе бір режімнен екінші режімге өтетін уақыт кезіндегі өтпелі режім.
ӘЖ-нің сымдары және найзағайдан қорғайтын арқансымдар
Әуе желілерінде оқшауланған сымдар қолданады. Ең көп таралған сымдар – алюминидің, болаталюминилік және алюминидің АН, АЖ қортпалары. Арқансымдар әдетте болаттан жасалады. ӘЖ-ні асқын кернеуден қорғаудан басқа, арқансымдар жоғары – жилікті байланысты ұйымдастыруға қолданады.
1.3 – суретте ӘЖ-нің сымдарының құрлысы көрсетілген.
Бірсымды сым, бір дөңгелек сымнан құралады. Мұндай сымдар көпсымдардан арзан, бірақ та оларда механикалық беріктігі төмен.
Көпсымды сымдар (1.3 б-сурет) бірнеше өзара бүктелген сымдардан құрылады. Кескін үлкейгенде сымдардың саны өседі. Әртүрлі металдардан жасалған көпсымды сымдарда (болаталюминилік) ішкі сымдар (сымның өзекшесі) болаттан, ал сыртқы сымдар – алюминийден жасалынады (1.3 в- сурет).
1.3 сурет Әуе желілерінің сымдарының құрылысы
Болат өзекше механикалық беріктікті үлкейту үшін керек. Алюминий сымның ток өткізуші бөлігі болады.
Көпсымды алюминилік сымдар әдетте 35 кВ дейінгі тарату тораптарында қолданады, ал одан жоғары кернеуі бар тораптарда болаталюминийлық сымдар қолданады. Алюминий сымдар А және АКП маркалары бар түрде шығарылады.
ӘЖ–де ең көп қолданылатын маркалары АС,АСКС, АСКП,АСК болаталюминийлық сымдар қолданады. Болат өзекшенің өткізгіштігі есепке алынбайды, ал электр кедергі ретінде алюминий бөлігінің кедергісі алынады.
Сымның маркасының белгісінде сымның алюминий бөлігінің қимасы кіргізіледі және болат өзекшенің қимасы, мысалы АС120/19 немесе 150/34.
ӘЖ-дің тіректері
ӘЖ–нің тіректері анкерлық және аралық түрде бөлінеді. Бұл тіректер сымдардың іліну әдісі бойынша айырылады. Аралық тіректер оқшаулатқыштардың тіреу гирляндалардың көмегімен сымдарды ұстау үшін керек. Анкерлық тіректер сымдарды керу (тарту) үшін керек. Аралық арасындағы ара қашықтық аралық деп аталады, анкерлік тіректердің арасында, ара қашықтық анкерлық аралық деп аталады.
Анкерлік тіректер ӘЖ–нің ерекше жауапты нүктелерінде сымдарды қатан бекіту үшін тағайындалған. Бұл түйіндерге жататындар: маңызды инженерлік ғимараттар қиылысқан жер (мысалы: теміржол мен автомабиль жолдары т.б.б.), ӘЖ–нің соңында және желінің түзу бөліктерінде. Анкерлік тіректер аралық тіректерден күрделі және қымбат, сондықтан желіде олардың саны аз болуы керек.
Желінің бұрылған жерінде бұрыштық тіректер қойылады. Олар анкерлік немесе аралық болу мүмкін.
ӘЖ–де келесі түрлері бар, арнайы тіректер қолданады: транспозициялық – тіректердегі сымдардың ретін өзгерту үшін; тармақты–негізгі желіден тармақты орындау үшін; өтпелік - өзендерді және шатқалдарды кесіп өту үшін.
Заты бойынша тіректер ағаш, металды және темір бетонды түрде бөлінеді.
Ағаш тіректер 110 кВ кернеуді қоса, ӘЖ–лерде негізінде тоғай қорымен бай аймақтарда қолданады. Ағаш тіректердің кемшілігі–ағаш шіриді, ал сол себептен жұмыс уақыты шамалы.
Металды (болатты) тіректер 35 кВ және одан жоғары кернеуі бар ӘЖ–лерде қолданады, жоғары механикалық беріктігі бар және жұмыс уақыты жоғары (1.4 - сурет). Бірақ та олар металдың үлкен көлемін және үнемі бояуды тілейді.
1.4 Сурет -
|
Екі тізбекті желілердің аралық металды тіректері: а-кернеуі 220 кВ; б-кернеуі 330 кВ (мөлшері - метрлер)
|
Темір бетонды тіректер (2.3–сурет) 500 кВ дейінгі барлық кернеу кластарына қолданады, бөлшектер коррозияға түспейді, пайдалануда жайлы болғандықтан кең қолданады. Олардың құны аздау, бірақ та массасы үлкен және бетонның беті сынғыш болады.
Достарыңызбен бөлісу: |