|
Энергияны тасымалдау және жүйелерді біріктірген кезде пайда болатын техникалық-экономикалық есептерІшкі электрмен жабдықтаудың сұлбалары
|
бет | 7/13 | Дата | 11.01.2023 | өлшемі | 0,56 Mb. | | #40900 |
| ДәрістерІшкі электрмен жабдықтаудың сұлбалары
Зауыт ішіндегі электр энергиясын тасымалдаудың ерекшелігінің бірі болып желінің тармақталуы мен коммутациялық және қорғаныс аппараттарының үлкен санының болуын айтуға болады, осы ерекшеліктер өз бетінде техника-экономикалық көрсеткіштер мен жүйенің сенімділігіне үлкен әсерін тигізеді.
Электр энергиясын таратудың рационалды сұлбасын салу мақсатында көптеген жағдайларды барлық жағынан есепке алу қажет, мысалы сұлбаның тораптық түйінін құрылымдық пайдалануды, әртүрлі нұсқадағы ҚТ токтары, электр энергиясын каналдаудың әдістерін.
Электрлік сұлбаны жобалаудағы маңызды нәрсе түнгі уақытта, демалыс және мейрам күндері күштік және жарықтандыру жүктемесін қоректендірудің дұрыс шешімін табу. Өзара резервтеу үшін жақын қосалқы стансалар арасында, және де әртүрлі трансформаторлардан қоректенетін төменгі кернеу тораптарының соңында шиналық және кәбілдік ұстатқыштар қолдануға кеңес беріледі.
Жалпы жағдайларда зауыт ішіндегі электроэнергияны тасымалдаудың сұлбасы баспалдақты болып келеді. Екі және үш баспалдақты сұлбаларды таңдау коммутация мен қорғаныстың күрделені луіне әкеліп соғады, сол себепті оларды таңдаған қолайлы емес. Шағын кәсіпорындарда бір баспалдақты сұлбаларды қолданған жөн.
Электрэнергияны тарату сұлбасы объектінің технологиялық сұлбасымен байланысты болуы қажет. Әртүрлі параллельді технологиялық ағым кезінде ЭҚ-ры әртүрлі қорек көздерінен қоректену керек: қосалқы стансалар, РП, бір қосалқы стансаның әртүрлі шина секциялары. Бұл шара апат кезінде технологиялық процесс тоқтап қалмау үшін жасалады.
Бір-бірімен байланысты технологиялық агрегаттарды бір қорек көзіне қосқан жөн, себебі қорек көзі жоғалған кезде барлық ЭҚ тоқтауы керек.
Жалпы зауыт ішіндегі электр энергияны тарату сұлбасының келесі шарттарды қанағаттандыратын нұсқасын таңдау қажет: ТҚ-ның ұяшықтарын рационалды қолдану, тарату желісінің минималды ұзындығын таңдау.
Зауыт ішіндегі электр энергияны тарату магистральді, радиалды және аралас түрлері таңдалады, ол жүктемелердің орналасуына, мәндеріне және қорғаныс деңгейіне байланысты.
Магистральді сұлбаның ең басты және ең маңызды артықшылығы: тарату тармағының санының аздығы. Магистральді сұлба кезінде электр энергиясы орталықтан (ТЭЦ, ГПП) тікелей цехтардың РП мен ТП-ларына беріледі.
Магистральді сұлбаларды қолдану, тек қосалқы станса өнеркәсіптің территориясында орналасқан кезде оңтайлы шешім болып табылады. Магистральді сұлбаны қолдану қосалқы стансаны басқа қорек көзіне резервтеген кезде ыңғайлы.
Жақын орналасқан біртрансформаторлық қосалқы стансалар әр түрлі магистральдерден қорек алатын жағдайда осы кемшілік жойылады.
Әдетте бір магистральден қуаты 2500 және 1600 кВА 2 цехтық трансформатор; қуаты 1000 кВА болған жағдайда 2-3; қуаты 630¸250 кВА болғанда – 5 трансформатор қорек алады.
Ірі және орта кәсіпорындарда 6-35 кВ ток сымдарын кеңінен қолданады. Ток сымдарының кәбілдік салуларға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Олар бағасы қымбат тұратын кәбілдерді алмастырады, қорғасын, алюминий (кәбілдің қабығы) және де оқшаулағыш материалдарды үнемдейді. Ток сымдарының кәбілдік желіге қарағанда асқын жүктелу қасиеті біршама жоғары, себебі ток сымдарында қағаз оқшаулама жоқ, қажет болған жағдайда шиналық туннельдің желдеткіші күшейтіледі. Жүктеменің өсуіне байланысты ток сымдарының өткізу қасиетін қоректенуден ажыратпай жоғарылатуға болады, яғни шиналық пакеттердің қимасын кезектестіріп ауыстыру арқылы немесе ток сымдарының жекелеген «жіптерінде» қосымша сызықшалар салынады. Ток сымдары кәбілдік салуларға қарағанда біршама берік. Кәбілдік магистральдар ауыр, орындалуы қиын, үнемді емес. Ток сымдарының трассаларын кәсіпорынның негізгі жүктелген аумағынан өте алатындай етіп таңдалады.
Ток сымдарының кемшіліктері: жоғары реактивтілігі, ол өз кезегінде тұтынушылардың кернеу деңгейінің төмендеуіне және соққылық жүктеме кезінде кернеудің біршама тербелуіне алып келеді. Металл құрылымдарындағы (бекіту және құрылыстық) қосымша шығындар. Кәбілдік желідегіге қарағанда ірі ток сымдарындағы апат көп тұтынушыларды ажыратады. Сондықтан да барлық сатыларда секциялау және АВР қолданылады, ал ток сымдары екіден кем емес өзара резервтеуші жіптен жобаланады.
Ток сымдарының келесі құрылымдары қолданылады: иілгіш ток сым (ИТС) – үлкен қимадағы жалаңаш сыммен жасалады, ол сақинаның периметріне біркелкі бекітілген және бағанаға аспалы оқшаулама арқылы ілінген; қатты ток сымдары (ҚТС) – құбырдан немесе қатты арқалық түріндегі профильден жасалады; аспалы оқшауламадағы әртүрлі профильдердің шиналарынан жасалған ток сымдары; зауытта жасалған типтік секциялы кешенді ток сымдары.
Қатты ток сымдарын қатал орта болғанда қолданады, себебі қатты өткізгіштерге коррозияға қарсы жабу жасау да оңайға түседі. Қатты ток сымдарына жерасты коммуникациялары (қатты ток сымынан қашықтық 10 м шамасында) мен құрылыстардан бос сызықшаларды аз қажет етеді.
Иілгіш ток сымының басты кемшілігі – үлкен көлемі (иілгіш ток сымынан қашықтық 18 м шамасында) және химиялық активті ортаның әсеріне төзімділігінің жеткілікіз болуы. Егер кәсіпорынның жоспарлануы тар болмаса, одан иілгіш ток сымын қолдануға рұқсат етіледі.
Ток сымдарын келесі қуат аралығында қолдану тиімді:
U=6 кВ - S>15-20 МВА; U=10 кВ - S>25-35 МВА; U=35 кВ - S>35 МВА.
Қуат аз болса ток сымдары кәбілдік желілерге қарағанда айтарлықтай ерекшілігі жоқ, бірақ та 10-15 МВА аралығындағы кейбір жағдайларда екі нұсқаны да қарастырып салыстыру керек. Ток сымдары кеңінен қолданылатын өндірістің негізгі саласы – түсті және қара металлургия және химия.
Ток сымдары электрлік жүктемелердің меншікті тығыздығы жоғары болған кезде қолданылады, пайдалану максимумының сағат саны жоғары болған кезде, магистралды қоректенуді жүзеге асыру үшін қолайлы, кәсіпорындағы жүктеменің орналасуы және үлкен қуаттың шоғырланып орналасуында, яғни электр энергияның бағытталған негізгі ағынның саны көп емес. Ток 1,5-2 кА және одан жоғары болса 10 және 6 кВ магистралды ток сымдарын қолдану едәуір артық.
Егер өндіріс орнында барлық тарату қосалқы стансалары ток өткізгішінен қорек алса, онда БТҚС-тың екіншілік кернеуінде құрама шиналарсыз «трансформатор-ток өткізгіш» сұлбасы колданылады ( суретті қара). ҚТ токтарын шектеу үшін ток өткізгіш пен ТҚС арасына реактор орнатылады. Өндіріс орнында кернеуі 6 кВ қозғалтқыштар көп болған жағдайда, БТҚС-тың трансформаторларының ормалары 6-10 кВ үшін орындалады. 6 кВ кернеуден қозғалтқыштарды коректендіруге арналған ТҚС, ал 10 кВ қалған тұтынушылар қорек алады.
Сурет – БТҚС-дағы екіншілік кернеуінде жинақтау шинасы жоқ ток сымдары арқылы электр энергиясының таратылу сұлбасы
Тарату пункттері кернеуі 6-20 кВ арналған электр энергиясын қабылдауға және таратуға арналған тарату құрылғы. Электрмен жабдықталуы 6-10 кВ кернеудегі кәсіпорындарда бас тарату пункті (ГРП) салынады, ал электрмен жабдықтау жүйесіне БТҚС (ГПП) қажеті жоқ.
БТҚС, БТП шиналарынан қоректенетін аралық ТП жоғары кернеудегі электр қабылдағыштары және бірнеше ТҚС болған жағдайда цехтың немесе өндірістік корпустардың ішіне салуға кеңес етіледі, сонымен бірге БТҚС мен ББТП алыс орналасқан тұтынушылар үшін (компрессорлық, насостық стансалар және т.б.). Егер 6-10 кВ жіберілетін желі саны 8-10 кем болмаса, ТП салу тиімді болады ТП тораптағы қоректенетін бөліктің соңында орналастыру қажет, себебі қуаттың кері тогы айналмауы тиіс
Сұлба бірінші категориядағы тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қанағаттандырады. КРУ ұяшығын қолдану неғұрлым күрделі және жауапты қондырғыларда қолданылып ұяшықтың саны 15-20 және одан жоғары болуы керек. Қалған жағдайларда арзан және аз жерге орналастырылатын КСО типтегі ұяшық орналастыруға кеңес беріледі. АВР қажет етпейтін екінші категориядағы тұтынушылар үшін РП шиналарын секциялау екі айырғышпен орындалып кірісте ажыратқыш орнатпауға кеңес беріледі
Екінші категориядағы тұтыншуларды қоректендіруде СН 174-75 сәйкес, кірістегі және шиналардағы секциялар арасында ажыратқыштар қоюға болады, бірақ қуаты 10 МВА асатын және ұяшық саны 15-20 және жоғары ірі ТП болуы тиіс. Кернеуі U = 10 кВ, I ном = 100 А дейін және кернеуі U = 6 кВ, Iном=200 А дейін барлық түйісулерде жүктеме ажыратқышы және сақтандырғышы бар ұяшық орналастыру кеңес етіледі. Сақтандырғыштарды жүктеме ажыратқышын жөндеу кезінде көрінетін ажыратылу жасау үшін жүктеме ажыратқышының алдына қояды. Егер жүктеме ажыратқышы және сақтандырғыш қойылмайтын ТП ұяшықтарында май ажыратқыштары орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|