|
Энергияны тасымалдау және жүйелерді біріктірген кезде пайда болатын техникалық-экономикалық есептерЭлектр берілістердің негізгі параметрлерін таңдау және олардың режімдерін орнатқанда туындайтын есептер
|
бет | 3/13 | Дата | 11.01.2023 | өлшемі | 0,56 Mb. | | #40900 |
| Дәрістер3.Электр берілістердің негізгі параметрлерін таңдау және олардың режімдерін орнатқанда туындайтын есептер
Электр берілістерін жобалаған және пайдаланған кезде бөлек элементтердің және толық берілістің режімдері есептелінеді. Есептің және техникалық-экономикалық көрсеткіштердің негізінде электр берілістің барлық элементтерінің негізгі параметрлері таңдалады.
Жобалаудың алғашқы сатысы – электр берілісті орындаудың жалпы сұлбасы, оның тізбегінің саны және беріліске тағайындалатын кернеудің таңдалуы.
Электр беріліс негізгі екі сұлба бойынша орындалады: байланысқан және блоктық. Байланысқан сұлба деп өз трассасының бойында бөлек тізбектермен бірнеше байланысы бар көп тізбекті алыс берілісті атайды (6- суретті қараңыз).
6 - сурет. Қашықтағы берілістің байланысқан сұлбасы:
а – байланысқан берілісті жүйе сұлбасы; б – ПП пунктердің санына тәуелді берілетін қуаттың шекті мәнінің өзгерісі
7- сурет. Қашықтағы берілістің блоктық сұлбасы
Егер генератор-трансформатор топтары беріліс басында бөлек желілермен байланысып, қабылдағыш басында бұл желілер қабылдағыш жүйенің тобына қосылған болса, мұндай беріліс блоктық беріліс деп аталады (7- суретті қараңыз).
Блоктық сұлбада қабылдағыш жүйенің әрбір бөлігі электр берілістің бір блогына қосылған болады. Қандай да бір блок бұзылып қалса, қабылдағыш жүйе өзінің кез келген бөлігін станциялардың және жүйе ішіндегі қуат ағынының көмегімен, қуатпен қамтамасыз етуі қажет.
Электр берілісті блоктық сұлба бойынша орындау қабылдағыш жүйенің ішінде қуатты байланыстарды қажет етеді.
Блоктық берілістің статикалық және динамикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қабылдағыш жүйенің әрбір секцияға қосылған станциялардың қуатын берілістің блогы бойынша берілетін қуаттан үш есе немесе одан да көп болғанда болады. Берілісті блоктық етіп орындау үшін қабылдағыш жүйенің генерациялайтын қуаттарын орналастыруға және сұлбасына бірқатар талаптар қояды.
Блоктық сұлбаның кемшіліктері – бір-ғана тізбекті (блокты) ажыратып тастағанда қабылдағыш жүйеге берілетін беруші станцияда сәйкес қуат толық жойылады.
Блоктық сұлбаның артықшылықтары – авариялар тек бір секцияда орналасады (қазіргі кезде қорғаныс және жылдам істейтін сөндіргіш құралдар бар болғандықтан, бұл артықшылықтар аса маңызды емес).
Блоктық беріліс таза түрде қолданыс таппайды. Қашықтық берілістер үшін әдетте электр энергиясымен қамтамасыз етудің үлкен сенімділігін туғызатын байланысқан сұлбаларды қолданады.
Байланысқан берілістер әртүрлі нұсқаларда орындалады. Байланысқан электр берілістерді қолдану параллель тізбектердің санын арттырмауға рұқсат етеді. Бұл өте маңызды, себебі техникалық-экономикалық көрсеткіштер параллель тізбектерінің саны азайған сайын жақсарады.
Тізбектер саны және ЭБЖ қажет көлденең қимасы меншікті қарсы құйылымына әсер ететі, яғни ең тиімді желіні екі параллель тізбекпен орындаған болып табылады.
Бір тізбекті етіп орындалған үлкен қуатты желі өте ауыр болып, оған жөндеу жұмыстарын жұргізген кезде сөндіру қиын болатын еді, сондықтан резерві аз жүйелерде жауапты желілер бір тізбекті етіп жасалмайды. Желідегі қуат және энергия шығыны параллель тізбектердің саны артқан сайын жоғарылайды, ал ПӘК керісінше кемиді.
Қашықтық берілістің қажетті тізбектер саны статикалық және динамикалық тұрақтылық шарттарына байланысты берілетін шекті қуат мәніне тәуелді. Тізбек санын таңдау берілістің тұрақтылығына, оның өткізшігтік қабілетіне және арттыру құралдарына жасалған анализі бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдағыш жүйенің баланс қуатын және оның резервінің бар екенін айқындату міндетті шарт болып табылады.
Берілістің кернеуін таңдау оның ұзындығына және бойымен берілетін қуатқа тәуелді орындалады. Кернеудің таңдалуына берілістің сұлбасы және пішімдемесі әсер етеді.
Беріліс кернеуін арттыру оның өткізгіштік қабілетінің жоғарлауына әкеліп соқтырады (8- суретті қараңыз).
8 сурет - Тасымалданатын шектік қуаттың генераторлары мен
трансформаторларының кәдімгі параметрлерінің тәуелділігі:
1- желінің 200 км ұзындығында; 2 - желінің 800 км ұзындығында; 3 - желінің
1200-1400 км ұзындығында
Кернеудің шекті қуатқа әсері берілістің ұзындығына байланысты әртүрлі болады. 200 км беріліс желісіндегі кернеудің 200 кВ дейін жоғарылауы шекті қуаттың едәуір көп шамаға жоғарылауына әкеп соқтырады. Әрі қарай кернеуді жоғарылата берсек, бұл ұзындықтар үшін оның эффектісі аз, себебі кернеудің шамасы 200 кВ дейін жеткен соң желі кедергісі генератордың және трансформатордың кедергісіне қарағанда аз болады.
Ұзындық үлкен болған сайын, мысалы 800-1000 км, кернеудің едәуір көп артуы (400-500 кВ дейін) эффект береді. 1200-2400 км ұзындықтарда өткізгіштік қабілеттің өсуі жағынан кернеу 750-1150 кВ болады.
Желі кернеуінің жоғарылауы оның сымдарының бойымен жұмыстық токтың ағынымен байланысты болатын шығынның азаюына әкеп соқтырады. Кернеу артқан сайын бос жүрістің шығыны өседі (сыйымдылық токтардың өсуі және тәж разрядына кететін шығын).
Берілісте жоғары кернеуді қолданғанда оның есесі бойымен аса жоғары қуатты бергенде қайтады, аз жүктемеде кернеуді азайту жөн.
Кернеуді таңдауға әсер ететін факторларға берілетін қуат және желінің ұзындығы жатады.
Тіректердің үлкен биіктігін, сымдар арасындағы үлкен қашықтықты, оқшаулама санының көптігін қажет ететін және тіректер мен фундаменттердің салмағы жоғары кернеулі беріліс желісінің материалдары үлкен шығын әкеледі және қымбатқа түседі.
Электр берілістің кернеуін таңдағанда желі құрылымының оның техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсерін ескеріп, сымдардың қажетті қимасын есептеу үшін салыстырмалы есеп жүргізу керек.
Үлкен қашықтыққа берілетін қуаттың жоғары мәнінде индуктивті кедергіні және аз беретін толқындық кедергінің таралған сымдар қолданған жөн, олар шекті қуаттың жоғарлауын қамтамасыз етеді. Энергияны 500-600 км көп қашықтыққа таратқанда беріліс желісі аса қымбат элемент болып қалады, оның бағасы бүкіл беріліс бағасының генераторларды санамағанда 30-65%-ін құрайды.
Желіні қымбаттататын жоғары кернеуді пайдалану тек жоғары қуатты тасымалдағанда ғана тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|