Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет41/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83

109
Өндіріс  жағдайында  қуаты  түрлі  үш  фазалық  кернеу  тұрақтандырғыштары 
қолданылады, олар конструктивтік түрде үш бір фазалық кернеу тұрақтандырғыштарынан 
құралады.
Фазалық кернеулердің қателігін жою міндеттерін шешу жəне берілген фазалық 
кернеуді  қамтамасыз  ету  үшін  фазалардың  əрқайсысындағы  кернеуді  бөлек  теңестіруге 
емес, фазаларды өзара үйлестіруге, яғни бүкіл үш фазалық жүйені үйлестіруге мүмкіндік 
беретін технологияны қолдану қажет.
Мұндай құрылғы айтарлықтай үлкен тиімділікке ие болады, ол электр энергиясын 
тек  өзі  аз  тұтынбайды,  сонымен  қатар  электр  қабылдағыштар  үшін  желіден  электр 
тұтынуды азайтады.
Мұндай технологияны пайдаланудың артықшылықтары:
Үнемділік:
- жүктеме сақталған кезде желіден энергия тұтыну деңгейін азайту;
-  электр  қабылдағыштарды  қоректендіру  үшін  электр  энергиясы  шығындарын 
азайту;
- фазалық кернеулердің қажетті шамасын қамтамасыз етуге электр энергиясының 
жəне басқа ресурстардың шығындарын азайту;
-  генератордан  қуат  алғанда  отынның,  майдың,  салқындатқыш  сұйықтықтың 
шығындарын азайту;
- генератордың шығындарын азайту, өйткені технология аспаптардың сол тобы 
үшін қуаты аз генераторды пайдалануға мүмкіндік береді;
- фазалардың қателігі салдарынан зақымдалған электр қабылдағыштарды жөндеу, 
сервистік қызмет көрсету, сатып алу шығындарын азайту;
- кернеудің берілген шамасын қамтамасыз етуге арналған жəне сенімділігі төмен 
жəне  тиімділігі  төмен  құрылғыларды  (мəселен,  кернеуді  электр  механикалық  жəне 
электрондық үш фазалық тұрақтандырғыштар) жөндеу, сервистік қызмет көрсету, сатып 
алу шығындарын азайту;
-  қуаты  50%  дейінгі  фазалық  тұтынушыларды  үш  фазалық  қуатқа  жалғау 
мүмкіндігін қамтамасыз ету. 
Сенімділілік:
- электр қабылдағыштардың сенімділігі. Қорғау, олардың тұрақты əрі тоқтаусыз 
жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- фазалық жүктемелерді үйлестіруге жəне фазалық кернеулердің қателігін жоюға 
арналған  құрылғылардың  сенімділігі.  Құрылғының  жұмыс  істеу  қағидаты  орамаларды 
қайта  магниттеуге  негізделген.  Қозғалмалы  жəне  электрондық  бөлшектердің  болмауы 
құрылғыны тек сенімді, мүлдем тоқтаусыз етеді;
-  электр  энергиясы  көзінің  сенімділігі.  Генераторды  фазалардың  қателігі 
салдарынан  генератордың  жəне  жетектегі  қозғалтқыштың  біліктері  мойынтіректерінің 
механикалық зақымдалуынан қорғау.
Қауіпсіздік:
-  фазалардың  қателігі  салдарынан  оқшауламаның  тозуы  туғызған  электрден 
жарақаттанудан, электр өткізгіштің немесе электр қабылдағыштардың жануынан қорғау.
- нөлдену қорғаныс шарасын қолдану есебінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ұсынылған технология жүктеменің 100% қателігіне жол береді жəне қателіктің 
себебіне қарамастан олардың өзгерістерінің бүкіл диапазонындағы фазалық кернеулердің 
қателігін жояды:
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


110
1) тарату желісіндегі ақаулармен туындаған жеткізілетін қоректендіру желісіндегі 
қателік;
2) фазалық жүктемелердің əркелкі бөлінуі;
3) қуатты тұтынушыны қосу;
4) аралас себептер.
Фазалық  кернеулердің  қателігін,  яғни  желі  фазаларын  бір  біріне  қатысты 
теңестіру.
Фазалар бойындағы жүктемелерді біркелкі бөлу.
Желілік кенеулерінің берілген шамасын қамтамасыз ету.
Фазалық кернеулердің берілген шамасын қамтамасыз ету.
Үш фазалық желіні бір (екі) фазаға түрлендіру:
- қоректендіру желісі мен тұтынушының гальваникалық түйінімен;
- қоректендіру желісі мен тұтынушының гальваникалық түйінінсіз;
- шығыс кернеуінің өзгеруімен (ұлғаюымен немесе азаюымен);
Үш  фазалық  үш  сымды желіні  үш  фазалық  үш  сымды желіге  түрлендіру  (яғни 
фазалық жүктемені қосу мүмкіндігі үшін нөлдік жұмыс өткізгішін қалыптастыру).
Мұндай  технологияны  жаппай  ендіру  электр  энергиясын  ұтымдырақ 
пайдалануға, оның шығындарын азайтуға; сол тұтынушыларды (электр қабылдағыштар 
тобын)  электр  энергиясының  аз  көлемімен  қамтамасыз  етуге,  электр  энергиясы, 
генератордан  қуат  алғанда  отын,  май,  салқындатқыш  сұйықтық  шығырдарын  азайтуға; 
электр  қабылдағыштардың  қызмет  мерзімін  ұзартуға,  олардың  тозуын  азайтуға,  электр 
қабылдағыштардың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; электр энергиясы көздері 
шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, электр қабылдағыштардың сол тобына қуаты аз 
генераторды пайдалануға болады [34; 55; 56].
Реактивтік қуаттың орнын  толтыру
Электр энергиясын өндірілген жерден тұтынылатын жерге тасымалдау үшін басқа 
ресурстар  пайдаланылмайды,  берілетін  энергияның  өзінің  бір  бөлігі  пайдаланылады, 
сондықтан оның шығыны болмай қоймайды, міндет олардың экономикалық негізделген 
деңгейін анықтауда.
Электр энергиясының шығынын азайту – энергия үнемдеу міндеттерінің бірі.
Шығындардың жіктемесі өзіне төрт құрамдасты қамтиды.
1)  Электр  энергиясын  электр  желілерімен  таратқанда  болатын  жəне  электр 
энергиясының  бір  бөлігін  желі  элементтеріндегі  жылуға  түрлендіруді  білдіретін 
физикалық процестермен байланысты электр энергиясының техникалық шығындары.
2) Электр энергиясын қосалқы станциялардың технологиялық жабдықтарының 
жұмыс істеуіне жəне қызмет көрсететін персоналдың тіршілік қызметіне қажетті өзіндік 
мұқтаждарға жұмсау.
3)  Инструменталдық  шығындар,  пайдаланылатын  аспаптардың  жұмысының 
метрологиялық сипаттамаларымен жəне режимдерімен анықталады.
4)  Коммерциялық  шығындар,  есептегіштер  көрсеткіштерінің  тұтынушылардың 
электр  энергиясына  төлеген  ақысына  сəйкессіздігімен  жəне  энергияны  тұтынуды 
бақылауды  ұйымдастыру  саласындағы  басқа  да  себептермен  (яғни,  бірінші  кезекте, 
ұрлықпен) байланысты.
Аралас жүктемесі, атап айтқанда белсенді жүктемесі (қыздыру шамдары, электр 
қыздырғыштары жəне т.т.) жəне индуктивтік жүктемесі (электр қозғалтқыштар, үлестіру 
трансформаторлары,  дəнекерлеу  жабдықтары,  люминесценттік  шамдар  жəне  т.т.)  бар 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау