Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет43/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83

114
Галогендік шамдар (8.5 сурет) қыздыру қылының температурасы жоғары болуы 
себепті  жарықты  көп  көлемде  өндіреді.  Бұл  ретте  ультракүлгін  сəулелену  азаяды,  бұл 
жарықтандыру  объектілерінің  түссіздену  тəуекелін  жоққа  шығарады.  Қажет  болған 
жағдайда шамның жарық ағынын өзгертуге (диммерлеу) болады.
Шамдарды  дамытудың  жаңа  бағыты  IRC-галогендік  шамдар  болып  табылады 
(IRC  қысқартуы  «инфрақызыл  жабын»  дегенді  білдіреді).  Мұндай  шамдардың  шыны 
сауыттарына  көрінетін  жарықты  өткізетін,  бірақ  инфрақызыл  (жылу)  сəулені  кідіртетін 
жəне  кері  қарай,  бұрамаға  қарай  шағылдыратын  арнайы  жабынды  түсіріледі.  Осының 
есебінен  жылу  шығындары  азаяды,  соның  нəтижесінде,  шамның  тиімділігі  артады. 
Энергияны  тұтыну  45  %  дейін  азаяды,  ал  өмір  сүру  уақыты  екі  есе  артады  (кəдімгі 
галогендік шаммен салыстырғанда). IRC-галогендік шамдардың жарық қайтарымы 18 35 
Лм/Вт болады.
8.5 сурет - Е27 цоколды галогенді шамы
Люминесценттік  жəне  галогендік  шамдардың  барлық  қасиеттеріне  қарамастан, 
қазіргі сəтте аса перспективалы жарық көзі көбінесе энергия тиімділігі мен басқа да күшті 
жақтарының арқасында жарықдиод болып табылады.
Жарықдиод (8.6 сурет) (ағылш. LED — light- emitting diode) — ол арқылы электр 
тогы өткен кезде жарық шығаратын жартылай өткізгішті аспап (диод). 
Қазір  жарықдиодтардың  көмегімен  кез  келген  түстегі  жарықты  сондай-ақ 
спектралдық  құрамына  қарай  табиғиға  жақын  күндізгі  жарықты  алуға  болады,.  Бұған 
арнайы  фарфорлық  жабынның  арқасында  қол  жеткізіледі.  Фарфорлық  жабын  жұмыс 
істемейтін  диодтың  орталық  бөлігіне  сарғыш  реңк  береді.  Құрылғының  жартылай 
өткізгіші арқылы электр тогы өткен кезде диод көгілдір түсті қарқынды қысқа толқынды 
сəуле шығарады. Ол фосфордың атомдарын қозу күйіне ауысуын туғызады. Атомдардың 
бастапқы  деңгейге  қайтуы  сары  сəуле  таратумен  қабат  жүреді.  Сары  сəуле  көгілдірмен 
ұштасып, күндізгі жарыққа тəуір балама туғызады.
Жарықдиодтардың артықшылықтары:
џ
энергияны  аз  тұтыну.  ДРЛ,  ДНаТ,  МГЛ,  люминесценттік,  қыздыру 
шамдарымен салыстырғанда энергия тұтынудың орташа 3-5 есе азаюы;
џ
ұзақ дерлік қызмет мерзімі —100 000 сағатқа дейін жану (күніне 8сағат жұмыс 
істегенде  шам  35  жыл  қызмет  етеді,  бұл  жаппай  қыздыру  шамдарымен 
салыстырғанда  50-200  есе  жəне  люмиинисценттік  шамдардың  көпшілігіне 
қарағанда 4-16 есе көп);
џ
берік  əрі  механикалық  əсерге  аз  ұшырайды  (өйткені  оларда  зақымдалуы 
мүмкін бұрамалар мен электродтар жоқ);
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


115
џ
түстің реңктерінде, пішіндері мен қуаты əртүрлі (бұл, сөзсіз, оларды пайдалану 
мүмкіндігін кеңейтеді);
џ
мезетінде іске қосу;
џ
елеулі іске қосу тогының жоқтығы;
џ
желідегі кернеудің өзгерістерін сезбеушілік;
џ
дірілдерге жəне температураның өзгерістеріне тұрақтылық;
џ
айнымалы немесе тұрақты ток көзінен жұмыс істеу мүмкіндігі;
џ
арнайы кəдеге асыру қажет етілмейді, шырағдандарды дайындаған кезде адам 
мен қоршаған ортаға зиянды заттар пайдаланылмайды;
џ
жарықтану  сипаттамалары  табиғи  жарықтандыру  деңгейіне  көбірек 
жуықтайды;
џ
жарықтандырудың жоғары кереғарлығы, жарықтандырылатын объектілердің 
үздік  анықтығын  жəне  түсті  беруін  қамтамасыз  етеді  (түсті  беру  индексі  85 
дейін); 
џ
жыпылықтау (стробоскопиялық əсер) мен жарқылдау жоқ, тегіс жарық көзді 
шаршатпайды, көздің шаршауын болдырмайды;
џ
жарықдиодтың спектрінде инфрақызыл немесе ультракүлгін құрамдастар жоқ.
8.6 сурет - Е27 цоколды жарықдиодты шамы
8.3  кесте  –  Жарықтың  аса  кең  таралған  көздерін  жəне  олардың  негізіндегі 
шырағдандарды салыстыру 
Функционалдылығы
Жарықдиодты
шырағдан
ДРЛ, ДНаТ, МГЛ,
люминесценттік
шамы бар
шырағдан
Қыздыру
шамы
Шырағданның ПƏК
90 -97%
30 -65%
5 -15%
Жарық ағынының 30% түсуі
50 000 сағ
3
 
000-нан
 
6000 с дейін
1000 сағ дейін
Жұмыс режимге шығу 

секундтан аз
10-15 минут
1 сек
Желі кернеуінің өзгерістері 
тұрақты
тұрақсыз
тұрақсыз
Іске қосу тогы
елеусіз
4,5 А дейін
елеусіз
Желідегі асқын жүктеме
Жоқ
іске қосарда
іске қосарда
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


116
Функционалдылығы
Жарықдиодты
шырағдан
ДРЛ, ДНаТ, МГЛ,
люминесценттік
шамы бар
шырағдан
Қыздыру
шамы
Функционалдылығы
Жарықдиодты
шырағдан
ДРЛ, ДНаТ, МГЛ,
люминесценттік
шамы бар
шырағдан
Қыздыру
шамы
ПРА -дағы шығындар
3 -5%
20% дейін
-
Дірілге орнықтылық
Тұрақты
тұрақсыз
тұрақсыз
Төмен температуралармен 
жұмыс істеудің тұрақтылығы
Жоғары
төмен
орташа
Жылу бөлу
Төмен
жоғары
жоғары
Заманауи  жарықдиодтарды  тұтынатын  қуатына  қарай  бірнеше  негізгі  топқа 
бөлуге болады: индикаторлық, тым ашық жəне қуатты.
Индикаторлық  жарықдиодтар  ықшам  жарықдиодтарды  білдіреді.  Олардың 
қатысты алғанда жарық күші аз болады (100 мКд дейін). Токтің жұмыс диапазоны – 20 мА 
жуық.  Көбінесе  шықпалармен  бірге  стандартты  тұрқымен  шығарылады,  табанының 
диаметрі  –  3  немесе  5  мм.  Индикаторлық  жарықдиодтардың  линзалық  қалпақшалары, 
əдетте,  сəуле  шығаратын  жарықтың  түсімен  боялады.  Мұндай  жарықдиодтар  көбінесе 
оптикалық индикаторларда қолданылады.
Тым ашық жарықдиодтар (ағылш. High Brightness LEDs, немесе HB-LEDs) көбіне 
200x200-ден  500x500  мкм  дейінгі  шағын  жəне  орта  өлшемді  жартылай  өткізгішті 
кристалдарда  жиналады.  Олардың  жеткілікті  жоғары  жарық  сипаттамалары  болалы 
(жарық күші 10 Кд дейін, ақ түстегі орташа жарық ағыны 20—30Лм жəне одан көп). Токтың 
жұмыс  диапазоны  шамамен  20-дан  150-200  мА  дейінді  құрайды.  Олар  шықпаларымен 
бірге стандартты тұрқымен орындалуы мүмкін (табанының диаметрі — 3, 5 немесе 10 мм) 
немесе беткі монтаждауға арналған тұрқымен (SMD-жарықдиодтар) орындалуы мүмкін. 
Тым  ашық  жарықдиодтардың  қолданыс  аясы  кең:  жарық  жарнама,  жол  бағдаршамдары 
мен көрсеткіштері, автомобиль жарық техникасы, экрандар, мобильді телефондар жəне т.т.
Қуатты  жарықдиодтардың  кристалдардың  ең  үлкен  өлшемдеріне  жəне  жарық 
қайтарымының  ең  үлкен  мəніне  ие  болады  (ақ  түсте  50  Лм/Вт  астам).  Номиналдық 
режимде тұтынатын қуаты (ток 350 мА) 1 Вт жуықты құрайды. 500 жəне 700 мА токта 
қолдануға рұқсат етіледі, жұмыс тогын арттыру жарық ағынын ұлғайтуға мүмкіндік береді, 
бұл  ретте  жарық  қайтарымының  азаюы  байқалады.  Қуатты  жарықдиодтар  беткі 
монтаждауға  арналған  тұрқымен  шығарылады  (SMD-тұрқымен).  Аталған  түрдегі 
жарықдиожтар негізінен жарықтандырудың саналуан түрлерінде қолданылады: сəулеттік, 
апаттық жəне көшіру (эвакуациялық), жалпы.
Жарықдиодтық шырағдандардың бағасының қымбаттығына қарамастан, оларды 
қолдану жұмсалған шығындарды 1,5-тен 2,5 жыл ішінде толығымен ақтап қана қоймай 
(шырағданның түріне қарай), сонымен бірге əрі қарай электр энергиясы жəне техникалық 
қызмет  көрсету  шығындарын  едəуір  үнемдеуге  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ 
жарықдиодтық шырағдандарды қолданғанда қимасы шағын кəбілді сатып алуда үнемдеуге 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау