Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет24/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83

59
Ескірген электр 
қозғалтқыштарды 
заманауи,
энергия тиімділеріне 
айырьастау 
Кернеулердің 
сәйкессіздігі
Реактивтік қуаттың 
орнын толтыру
Өндірісте, ТКШ-те және 
тұрмыста энергия 
үнемдеу
Электр жарық-тандыру 
жүйесінде энергия 
үнемдеу
Электр 
энергиясы сапасын 
басқару
И
Н
Ж
И
Н
И
Р
И
Н
Г
Энергия үнемдеу 
тәсілдері
Энергия үнемдеу 
шаралары
Ақпарат
Электр энергиясын үнемдеуі
Суды үнемдеу
Жылуды үнемдеу
Газды үнемдеу
Электр 
энергиясы сапасы 
көрсеткіштері
Электр 
энергиясы сапасын 
бақылау
Электр 
энергиясы сапасын 
қамтамасыз ету 
Электр жетектердің
жиілігін ретке келтіру 
Фазалардың қателігін 
жою
Өтемдегішті орнату
Қыздыру шамдарын айырбастау
Қимыл-қозғалыс және қатынасу 
инфрақызыл датчиктері 
Сынапты шамдары мен қыздыру 
шамдары бар шырағдандарды тиімдірек 
натрийлі (ДНаТ) шамдарға ау
Айна шамдар
Сыртқы және көше жарығын автоматты 
басқару жүйелері
Реактивтік қуат 
Фазалар қателігі 
Кернеудің 
ауытқымалары
Кернеудің тербелмелігі
Синусоидалдық емес 
кернеулер
Кернеудің сәйкессіздігі
Жиіліктің ауытқуы
Кернеудің сәтсіздігі
Кернеу импульсі
Уақытша асқын кернеу
4.7 сурет – Инжинирингтің құрылымдық схемасы
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


60
џ
Энергия үнемдеудің негізгі практикалық шаралары.
џ
Өндірісте, жəне тұрмыста энергия үнемдеу;
џ
Электр жарықтандыру жүйесінде энергия үнемдеу; 
џ
Электр энергиясы сапасын басқару;
џ
Ескірген электр қозғалтқыштарды заманауи, энергия тиімділеріне айырбастау;
џ
Электр жетектердің жиілігін ретке келтіру (ЭЖР);
џ
Кернеулердің сəйкессіздігі;
џ
Реактивтік қуаттың орнын толтыру.
Өндірістегі энергия үнемдеу
Энергетикалық тексеру (энергетикалық аудит) энергия ресурстары шығасыларын 
жылдам əрі тиімді азайту жолдарын анықтау, өндірістік емес шығыстарды (шығындарды) 
қысқарту  жəне  болдырмау,  өндіріс  технологиясын  оңтайландыру  немесе  айырбастау 
мақсатында  жүргізіледі.  Ол  тауарлар  мен  қызметтер  нарығындағы  бəсекелестік  күресте 
сапалы серпіліс жасау үшін негізгі база, трамплин болуы мүмкін.
Энергия тұтынуды азайтудың үш тəсілі бар:
1) энергия ресурстарын ұтымсыз пайдалануды болдырмау;
2) энергия ресурстарының шығындарын жою;
3) энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Құрылымды  тұрғыда  энергия  үнемдеу  бағдарламасы  мынадай  бөлімдерден 
құралады:  жалпы  бөлім,  нормативтік-құқықтық  база,  энергия  үнемдеудің  негізгі 
бағыттары тізбесі, бағдарламалық блок, ақпараттық-білім беру блогы жəне қосымшалар.
Бірінші  бөлімде  бағдарламаның  мақсаттары  мен  міндеттері,  болжамдалатын 
нəтижелер,  құрудың  жəне  басқарудың  негізгі  қағидаттары,  тұжырымдалған,  сондай-ақ 
кəсіпорынның энергия үнемдеуін басқару схемасы келтірілген.
Энергия үнемдеу шараларын қаржыландыру қаражаттарының қайтарымдылығы 
қағидатына,  энергия  өндірушілерді,  тұтынушыларды  жəне  жеткізушілерді,  сондай-ақ 
энергия  үнемдеудің  нақты  мəселелерін  шешумен  шұғылданатын  компанияларды 
ынталандыруға айрықша көңіл бөлінген.
Нормативтік-құқықтық база бағдарламаны əзірлеу кезінде ескерілуі тиіс бірінші 
кезектегі нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін қамтиды.
Энергия  үнемдеу  бағдарламасының  негізгі  бөлімі  –  ұйымдық-техникалық 
шараларды,  энергия  үнемдеу  саласындағы  жобалау-конструкторлық  жұмыстар  мен 
ғылыми-зерттеу  жұмыстарды,  сондай-ақ  жоғары  энергетикалық  тиімділіктің 
демонстрациялық аймақтарын құрудың бірінші кезектегі объектілерінің тізбесін қамтитын 
бағдарламалық блок.
Бағдарламалық  блокты  құрудың  басты  ерекшелігі  оның  негізінде  энергия 
үнемдеудің  жəне  кəсіпорынның  энергия  үнемдеу  бағыттарын  оңтайландырудың  егжей-
тегжейлі жылдық бағдарламаларын əзірлеу мүмкіндігі болып табылады.
Ақпараттық-білім беру блогы осы қызметтің екі негізгі түрін қамтиды: энергия 
үнемдеу  жөніндегі  барлық  деңгейдегі  мамандарды  даярлау  жəне  қайта  даярлау,  энергия 
үнемдеу идеяларын насихаттау.
Энергия үнемдеу бағдарламасының негізгі қағидаттары:
- отын мен энергияны пайдаланудың тиімділігін арттырудың шығару жəне өндіру 
көлемдерін арттырудан басымдығы;
-  отын  мен  энергия  тұтынушыларының,  жеткізушілері  мен  өндірушілерінің 
мүдделерін ұштастыру;
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


61
-  отын  мен  энергияны  шығаруға,  өндіруге,  өңдеуге,  тасымалдауға  жəне 
пайдалануға  қойылатын  экологиялық  талаптарды  орындауды  қамтамасыз  етудің 
негізділігі;
-  заңды  тұлғалардың  өздері  өндіретін  немесе  жұмсайтын  энергетикалық 
ресурстарды  есепке  алуының,  сондай-ақ  жеке  тұлғалардың  алатын  энергетикалық 
ресурстарын есепке алуының міндеттілігі;
-  отын,  энергия  тұтынушы,  энергия  үнемдеуші  жəне  диагностикалық 
жабдықтарды,  материалдарды,  конструкцияларды,  көлік  құралдарын,  сондай-ақ 
энергетикалық ресурстарды сертификаттау;
-  энергетикалық  ресурстарды  өндірушілер  мен  жеткізушілердің  тиімді 
технологияларды қолдануға мүдделілігі;
- меншікті қаражаттары не болмаса қайтарымды негізде бағдарлама шараларын 
іске асыру.
Кəсіпорынның энергия үнемдеу бағдарламасының негізгі мақсаттары:
-  кəсіпорынның  өнім  бірлігіне  энергетикалық  ресурстарды  жұмсау  тиімділігін 
арттыру;
-  отын,  жылу  жəне  электр  энергиясына  төлемдерді  қысқарту  есебінен  қаржы 
жүктемесін азайту;
-  энергия  ресурстарына  төлемдерді  азайту  есебінен  кəсіпорынның  қаржы 
жағдайын жақсарту, сайып келгенде, салық түсімдері есебінен облыс бюджетін қосымша 
молайту.
Бағдарламаның  мақсаттарына  тиімді  технологияларды  ендіру  жəне 
энергетикалық  ресурстарды  өндіру,  тасымалдау  жəне  тұтынудің  тиімді  қаржы-
экономикалық  механизмдерін  ендіру,  энергия  үнемдеу  шараларын  жүргізу,  есепке  алу 
жүйелерін ендіру жолымен қол жеткізіледі.
Энергия үнемдеудің негізгі бағыттары:
- энергия аудиті – ұйымдарға энергектикалық тексерулер жүргізу;
-  энергияны  есепке  алу  –  өнеркəсіп  орындарында  энергия  ресурстарын 
орталықтандырылған есепке алу жүйелерін ендіру.
-  энергия  тұтынуды  реттеу  –  энергия  ресурстарын  тұтынуды  олардың  өндіру 
көзінен ақырғы тұтынушыға дейін реттеу жүйелерін ендіру;
- өнеркəсіптік желдету қондырғыларын қайта жаңғырту;
- отын жəне электр пештерін жаңарту; 
- энергетикалық жабдықтарды жаңарту;
- ескірген жабдықтарды заманауи жабдықтарға айырбастау.
Бағдарламаны сəтті орындау жəне əрі қарай дамыту үшін аса лайықты инструмент 
əлемдік тəжірибеде кеңінен қолданылатын жобаларды басқару жүйесі болып табылады.
Бағдарлама  оның  қатысушыларының  көзделген  басымдықтар  бағытындағы 
мүдделерін ұштастыруға мүмкіндік беретін шарттар туғызуы тиіс. Ол проблемалар мен 
жобалардың  саналуан  статусымен  көптеген  жобалық  орта  болып  табылады:  шапшаң 
əрекеттерді  қажет  ететін  маңызды  проблемалар;  қосымша  пысықтауды  қажет  ететін 
проблемалар;  жүйелі  жоспарлау  барысында  шешілетін  проблемалар;  өңірлік,  аудандық, 
қалалық, салалық жобалар, жекелеген кəсіпорындар жобалары жəне т. т.
Сондықтан  алға  қойылған  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  құрылымы 
кəсіпорынның энергия үнемдеудің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастырған кезде 
əзірленетін жəне оңтайландырылатын басқару жүйесі қажет [44].
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау