52
7 кезең.
Негіздеуші экономикалық құжаттарды нақтылау.
Осы кезеңде бұрын дайындалған (2 кезең)
құжаттар нақтыланады, пысықталады
(бизнес-жоспар, техникалық-экономикаық негіздеу, мұнда сонымен қатар мəлімделген
энергия үнемдеу жобаларын іске асырудың қаржы-экономикалық, энергетикалық жəне
технологиялық тиімділігі нақтыланады).
ТЭН дайындауды қабылданған UNIDO халықаралық əдістемесіне сəйкес, ұйым
экономистерінің немесе сыртқы консалтингілік ұйымдардың күшімен іске асырған жөн.
8 кезең.
Орындаушыларды түпкілікті анықтау жəне шарттар жасау.
џ
компаниямен – жабдық жеткізушімен бас мердігерлік шарт жасау;
џ
банкпен кредиттік шарт жасау;
џ
сақтандыру компаниясымен сақтандыру шартын жасау.
9 кезең.
Энергия үнемдейтін Жобаларды іске асыру мен басқару, оны сүйемелдеу,
нəтижелерді бақылау мен бағалау.
Энергия үнемдейтін жабдық жеткізіледі, құрылыс-монтаждау жəне іске қосу-
баптау жұмыстары іске асырылады, энергия үнемдейтін жабдық пайдалануға қосылады.
Одан əрі жабдық (технология) пайдаланылады, сондай-ақ аталған үдеріс бақыланады жəне
мониторинг жүргізіледі.
Энергия үнемдейтін жобаны басқару келесілерді көздейді:
џ
жобада бөлінетін ресурстарды бөлу мен басқару;
џ
жобаның бюджетін жəне Жоба іс-шараларының орындалу мерзімдерін
бақылау;
џ
тиімділік көрсеткіштерін экономикалық талдау (заттай, құндылық,
маркетингілік).
Энергия үнемдейтін Жоба іске асырылатн ұйым деңгейінде оны іске асыру
жауапкершілігі (объектілерді пайдалануға енгізу мерзімдерін сақтау, жобан қаржыландыру
лимитын сақтау, жоспарланған техникалық-экономикалық көрсеткіштердің мəндеріне қол
жеткізу) Жобаның көшбасшысына жүктеледі.
Энергетикалық менеджмент жүйелерін əзірлеу мен ендіру ұйым үшін келесі
факторлардға қол жеткізуді қамтамасыз етеді:
ЭнМЖ ендіру кəсіпорын басшылығына бірқатар тікелей жəне жанама
артықшылықтар лауға мүмкіндік береді.
Тікелей пайдалар:
ОЭР үнемдеу əлеуетін анықтау, бəсекелестер алдында
артықшылықтар жасау, өндірісішілік инновациялар үшін жағдай жасау, ОЭР-ге
жұмсалатын шығындардың бақылануы, пайдалану тиімділігін арттыру, энергия
сыйымдылығын азайту, қоршаған ортаға əсерін азайту, энергетикалық тиімділік деңгейін
тұрақты арттыру, пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді жетілдіру.
Жанама пайдалар:
үлкен ұйымдық қатысу, ұжым ішіндегі байланыстарды
жақсарту жəне моральдық рухты көтеру, энергетика саласында біліктілікті арттыру,
кəсіпорыннан тыс менеджмент саласынағы байланыстарды кеңейту, ОЭР жəне энергия
тұтынатын жабдықты жеткізушілермен қатынасты жақсарту, тəуекелдерді басқаруды
жақсарту, менеджмент жүйесінің басқа стандарттармен үйлесімділігі [35].
Ұйымдық əсері:
џ
энергетикалық менеджментті реттейтін корпоративтік құжаттар əзірлеу;
џ
бөлімшелер бойынша энергия үнемдеу саласында функциялардың
теңдестірілген бөлінісінің синергетикалық əсері;
џ
мотивациялау жəне корпоративтік мəдениетті дамыту есебінен персоналдың
Энергия үнемдеу жəне
энергия тиімділігі