Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі



жүктеу 4,07 Kb.
Pdf просмотр
бет20/83
Дата05.03.2018
өлшемі4,07 Kb.
#11558
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83

49
Ескертпе:  Мұнда  атап  өтерлік  жайт,  осы  кезеңдер  көбіне  ISO  50001 
стандарты базасында ЭнМЖ ендіру кезеңдерімен ұқсас болып келеді [21]. 
Сонымен қатар ЭнМЖ əзірлеу, ендіру мен қызмет атқару жүйелілік, тұрақтылық, 
ашықтық,  тəуелсіздік,  бірізділік,  құжаттылық,  негізділік,  дəйектілік  принциптеріне 
негізделуі тиіс [49; 66; 68; 69]. 
ЭнМЖ  əзірлеу  мен  ендіру  бойынша  жұмыстар  кешенін  тиімді  орындау  тиісті 
ұйымдық,  техникалық,  бағдарламалық,  ақпараттық,  лингвистикалық,  математикалық, 
ресурстық жəне құқықтық қамтамасыз етілмейінше мүмкін емес. Сонымен қатар ЭнМЖ 
ендіру  үдерісін  бір  жолғы  əрекет  деп,  міндеттердің  белгілі  бір  жиынтығын  шешумен 
аяқталады  деп  қарастыруға  болмайды.  Бұл  энергияны  пайдалану  тиімділігі  саласында 
басқарылатын,  сондай-ақ  басқарушы  жүйені  оңтайландырудың  бірізді,  тұрақты  əрекет 
ететін үдерісі. Осы жұмыстард тиімді орындау үшін, алғашқы кезекте жоғары əкімшілік-
басқару персоналының (басшылықтың) қолдауына ие болу қажет [49]. 
4.5-сурет. Кəсіпорында энергетикалық менеджмент жүйесін əзірлеу, 
ендіру мен атқарымдау моделі
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


50
1 кезең.
 Энергетикалық тексеруді іске асыру.
2 кезең. 
Энергия үнемдеу жобаларын іске асыруға деген ұйымдық дайындық.
Ұйымда жауапты маман – энергия үнемдейтін жобаларды іріктеу мен бағалау 
жобасының  Көшбасшысы  тағайындалады,  ол  инвестиция  алдындағы  сатыдан 
пайдалану  сатысына  дейін  жобаларды  толыққанды  сүйемелдеуге  жəне  басқаруға 
жауапты болып табылады. 
Жоба  Көшбасшысының  міндетіне  жобалау  шешімдерін  кешенді  пысықтау, 
инвестициялық жобалау пулына энергия үнемдейтін жобаларды ендіруді келісу жəне 
бүкіл қажетті құжаттаманы дайындау кіреді. 
Осы  кезеңде  жобаны  дайындау  мен  құрылымдау  үдерісі  келесі  сатыларға 
бөлінеді:
1.Жобаның Көшбасшысы энергетикалық тексеруді іске асыратын энергиялық 
аудиторлық  компанияның  мамандарымен  өзара  əрекеттеседі,  Ұйымның  энергия 
үнемдеу бағдарламасына кіретін энергия үнемдейтін жобалардың айқындалуын жəне 
қалыптасуын бақылайды.
2.  Əрбір  энергия  үнемдейтін  жоба  бойынша,  бейінді  мамандарды  тарта 
отырып, Жоба Көшбасшысының бақылауымен келесі негізгі мəселелер пысықталады: 
џ
энергия үнемдейтін жобаларды іске асыруға инвестиция тартудың оңтайлы 
көздерін таңдау (жеке қаражаттар, кредиттік ресурстар жəне т.б.); 
џ
энергия үнемдейтін жобалардың қаржы-экономикалық жəне энергетикалық 
тиімділігін бағалау (қаржы-экономикалық көрсеткіштерді – таза келтірілген 
табысты  (NPV),  өзін-өзі  өтеу  кезеңдерін  (PBP,  DPBP),  табыстың  ішкі 
нормаларын (IRR) жəне басқа көрсеткіштерді ескере отырып);
џ
энергия  үнемдейтін  жобаларды  іске  асыру  кезінде  еңбек  ресурстарын 
жоспарлау  (энергия  үнемдейтін  жобаларды  іске  асыруға  ұйымнан  қандай 
мамандар  жəне  Ұйымның  қандай  бөлімдерінен,  департаменттерінен  іске 
қосылады);
џ
энергия  үнемдейтін  жобаларды  іске  асырудың  алдын  ала  ұйымдық 
құрылымын  анықтау  (энергия  үнемдейтін  жобаны  тікелей  Ұйым  іске 
асырады  немесе  əлдебір  энергия  үнемдейтін  жобаны  іске  асыру  үшін 
тікелей жеке заңды тұлға (жобалау компаниясы) құрылады);
џ
энергия  үнемдейтін  жобалардың  əлеуетті  тəуекелдерін  талдау,  оларды 
азайту іс-шарларын алдын ала əзірлеу;
џ
жобаларды  іске  асырудың  мөлшерлі  графигін  əзірлеу  (инвстиция 
алдындағы, инвестициялық жəне пайдалану сатылары).
3. Энергия үнемдейтін жобаларды қарастыру.
џ
Ұйымның корпоративтік деңгейінде дирекция, директорлар кеңесі жəне т.б. 
инвестициялық шешімдерді қабылдауға жауапты орган болып табылады. 
џ
Келесі  шарттардың  əрқайсысын  қанағаттандыратын  инвестициялық 
жобаларды қабылдауды қарастырған жөн:
џ
энергия  үнемдейтін  жобалары  мақсатының  –  Ұйымның  даму 
стратегиясының сəйкестігі;
џ
жобаның немесе бизнес-жоспардың алдын ала техникалық-экономикалық 
негіздемесінің болуы;
џ
меншік иелері/акционерлер (топ-менеджмент) жəне/Жобаның көшбасшысы 
үшін есептелген қаржы-экономикалық көрсеткіштердің тиімділігі.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


51
4.  Инвестициялық  бағдарламаға  энергия  үнемдейтін  жобаларды  іріктеу  мен 
қабылдау. 
џ
Ұйымның  инвестициялық  бағдарламаға  энергия  үнемдейтін  жобаларды 
іріктеуі  мен  қабылдауы  ұйымның  инвестициялық  қызметі  бойынша 
регламенттерде  анықталуы  мүмкін  жобалар  мен  процедуралардың  пулын 
қалыптастыру принципреті негізінде іске асырылуы тиіс. 
џ
Атап  өтерлік  жайт,  іріктелген  энергия  үнемдеу  жобалары  «Саралау 
процедурасына»  жатуы  тиіс,  ол  берілген  саралау  критерийлері  негізінде 
басқаға қатынасы бойынша Ұйымның инвестициялық бағдарламасына қосуға 
болжанған бір энергия үнемдеу жобасының басымдығын анықтауға мүмкіндік 
береді.  Саралау  əдістері  «Ұйымдағы  инвестициялау  жобаларын  саралау 
əдістемесі» регламентінде анықталуы мүмкін.
5.  Ұйымда  іске  асыруға  қабылданған  инвестициялық  энергия  үнемдейтін 
жобалардың пулы қалыптасады. 
џ
Осы  кезеңді  іске  асыру  кезінде  Ұйымның  келесі  нормативтік-құқықтық 
құжаттарын (регламенттерін) басшылыққа алуы тиіс (болған жағдайда): 
џ
Ұйымдағы  инвестициялық  саясат  принциптерінен,  инвестициялық  шешім 
қабылдау  принциптерінен,  инвестициялық  жобалар  мен  бағдарламаларды 
жоспарлау  принциптерінен,  сондай-ақ  инвестициялық  жобалардың  іске 
асырылуын  басқару  мен  бақылау  принциптерінен  тұратын  ұйымның 
инвестициялық саясаты.
џ
Инвестициялық  жобалар  мен  бағдарламаларды  жіктеу  мəселелерінен, 
инвестициялық қызметті басқару субъектілері мен объектілерінен, сондай-ақ 
Ұйымның  инвестициялық  қызметін  басқарудың  негізгі  үдерісінен  тұратын 
Ұйымның инвестициялық қызметін басқару туралы Қағида;
џ
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау əдістемесі.
џ
Инвестициялық жобаларды саралау əдістемесі.
3 кезең.
 Технология мен жабдықты таңдау жəне техникалық қызмет көрсету жəне 
пайдалану мəселелерін пысықтау.
Осы  кезеңде  іріктелген  жəне  бекітілген  энергия  үнемдейтін  іс-шаралар  мен 
жобаларды  іске  асыруға  қажетті  жабдықты  таңдау  тұрғысынан  ұсынылған  энергия 
үнемдейтін технологияларды зерделеу іске асырылады. 
4 кезең.
 Жобаның негізгі қатысушыларын таңдау.
џ
компанияны – жабдық жеткізушіні (бас мердігерлік шарт арқылы) таңдау;
џ
банкті (кредиттік шарт арқылы) таңдау – қажет болған жағдайда;
џ
сақтандыру компаниясын (сақтандыру шарты арқылы) таңдау. 
5  кезең.
  Киото  хаттамасына  сəйкес  преференциялар  мен  қаржыландыру 
схемаларын қолдану мүмкіндіктерін зерделеу.
Осы  механизмге  сəйкес  лықсымаларға  арналған  котасын  сату  есебінен 
бастапқыда жұмсалған инвестициялық ресурстарды 20%-ға дейін қайтаруды қамтамасыз 
ете алады. 
6 кезең. 
Жобаның инжинирингілік сараптамасын өткізу.
Осы  кезеңде  ұйымның  техникалық  мамандары  Жоба  көшбасшысының 
бақылауымен  таңдалған  энергия  үнемдейтін  іс-шараларды  іске  асырудың  техникалық-
экономикалық дұрыстығы туралы сараптама қорытындысын жасау үшін сырттан сараптау 
Ұйымын шақыра алады. 
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі


жүктеу 4,07 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау