37
ЦПЭ үшін энергоаудитті өткізудің кезеңдік тəртібі
Энергоаудитті
өткізу
жоспары
Кəсіпорын
басшылығымен
бастапқы
мəжіліс /
меморандумға
қол қою
Ақпарат жинау
Бірлескен
жұмыс
жоспарын
келісімдеу
Ақпарат жинау
жоспары
Объектіге
қатынау /
өлшеулер
Ақпарат талдау
Энергоаудит
бойынша
есеп жəне
презентация
Нəтижелер
мониторингі
4.1.1 Шарт алдындағы кезең
1. Шарт алдындағы кезеңде Тапсырыс беруші ЦПЭ-ге ЭА
өткізудің мақсаты мен
міндеттері, ЭА объектінің тізбесі, сондай-ақ оны өткізудің тиісті мерзімдері көрсетілген
өтінім хат жолдайды [68].
2. Осы кезеңде Тапсырыс беруші ЦПЭ-ге келесі ақпаратты ұсынуы тиіс:
ОЭР тұтынатын объект жұмыс істейтін өнеркəсіп саласы;
заңды мекенжайы жəне байланыс телефондарының нөмірлері;
ОЭР тұтынатын объект туралы қысқаша тарихи анықтама;
өнім өндірісінің номенклатурасы мен көлемдері;
алдыңғы 3-5 жыл ішінде ОЭР жыл сайынғы тұтыну;
жұмыскерлер саны;
ОЭР тұтынатын объектінің жалпы ауданы;
ОЭР тұтынатын объектінің жұмыс режимі;
ОЭР қосалқы тұтынушылардың болуы;
ОЭР тұтынуға шектеулердің болуы;
ОЭР тұтынатын объект пайдаланатын ОЭР тарифтерінің жүйесі;
ОЭР тұтынуды есепке алу мен бақылау жүйелерінің сипаттамасы;
ОЭР тұтынатын объектіде ЭнМЖ болуы;
бұрын өткізілген объектінің энергия аудиті туралы ақпарат [68].
3. ЦПЭ Тапсырыс берушіге жазбаша хат жолдап, мұнда ЭА қойылған міндетімен
өз келісімін растайды. Жауап хат ЦПЭ-ның тапсырыс берушінің алдындағы міндеттемесін,
есеп нысаны мен қорытындыны, сондай-ақ ЭА өткізу басталғанға дейін ЦПЭ-ның келісілуі
қажет деп санайтын басқа мəліметтерді растауы тиіс.
4. ЦПЭ қажет болған жағдайда, тікелей орнында
жұмыс көлемін анықтау немесе
ЭА объекті туралы алдын ала бағалау жүргізуге қажетті қосымша мəліметтер мен
материалдар жинау мақсатында, ЭА объектін шолып танысу үшін, өз өкілін жолдай алады.
3-сурет. - ЦПЭ энергия аудитін өткізудің блок-схемасы [68]
1
Əлдебір себептермен барлық санамаланған ақпаратты ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, Тапсырыс беруші оны
ЦПЭ-ге ұсынудан бас тарту себебін көрсетуі тиіс. Тапсырыс беруші кемінде оның қандай ақпаратты иеленетінін,
қандай ақпараттың жоқтығын жəне жинау қажеттігін көрсетуі керек.
1
Энергия үнемдеу жəне
энергия тиімділігі
38
5. ЦПЭ Тапсырыс берушіден алынған материалдарды талдай отырып, бір мезгілде
тəуелсіз дереккөздерінен (Интернеттен, ресми статистикалық есептерден жəне т.б. алынған
деректер) алынған ЭА объекті туралы қосымша мəліметтерді жинау мен талдауды
ұйымдастырады.
6. ЦПЭ кəсіпорын туралы бастапқы ақпаратты талдайды. Бастапқы ақпаратты талдау
үшін келесілерді құру керек:
алдыңғы 3-5 жыл ішіндені ОЭР тұтынудың айлық графиктері;
ОЭР үлестік тұтыну мен өнімнің энергия сыйымдылығының айлық графиктері;
ОЭР тұтынудың есептік теңгерімдері,
тұтынылатын ОЭР-ге жұмсалатын қаржылық шығынтар теңгерімі.
7. ЦПЭ Тапсырыс берушіден келіп түскен талдау нəтижелері негізінде ЭА өткізу
жоспарын əзірлейді.
8. Тапсырыс берушімен жеке келісім бойынша ЦПЭ алдын ала есеп дайындайды,
мұнда ЭА өткізу кезінде терең қарастырылуы тиіс мəселелер тізімі мəселелері, объектінің ОЭР
тұтыну жағдайы қалыптастырылуы, ОЭР пайдалану тиімділігі деңгейін арттыруды
қамтамасыз ететін энергия үнемдейтін негізгі іс-шаралар көрсетілуі тиіс.
9. Алдын ала есепті қарастырған соң, Тапсырыс беруші ЭА өткізу кезінде егжей-
тегжей қарастырылуы мүмкін мəселелер тізіміне қатысты өз ұсынымдарын дайындайды .
4.1.2 Ұйымдастыру-дайындық кезеңі
1. Ұйымдастыру-дайындық кезеңі Тапсырыс берушілер мен ЦПЭ өкілдерінің
алдын ала жиналысын өткізуден басталады [68].
2. Алдын ала жиналыс кезінде ЦПЭ:
жиналысқа қатысушыларды ЭА өткізу мақсаттары мен міндеттері, жоспары мен
өткізу əдістемесі туралы хабардар етеді;
энергия аудиторлары мен Тапсырыс берушінің персоналы арасында өзара
əрекеттесу схемасы мен тəсілдерін ұсынады;
аралық (оны өткізу қажет болған жағдайда) жəне қорытынды жиналыстарды
өткізу күнін келісімдейді;
Тапсырыс берушінің объектілерінде ЭА өткізу жоспарын келісімдейді;
ЭА өткізу жоспарының барлық түсініксіз кезеңдерін түсіндіреді. Алдын ала
жиналыс нəтижелері бойынша Тапсырыс беруші мен ЦПЭ өкілдері жиналыс хаттамасын
жасайды жəне оған қол қояды.
3. ЭА өткізу жоспарын келіскен соң, Тапсырыс беруші мен ЦПЭ ЭА өткізу үшін
шарт (келісім, меморандум) жасайды.
3. ЭА өткізу жоспарына сəйкес, ЦПЭ мен Тапсырыс беруші энергиялық
аудиторлық топтың құрамын бекітеді. Тапсырыс беруші ОЭР тұтынатын объекті
тарапынан ЭА өткізуге жауапты тұлғаларды анықтайды. Жауапты тұлғалардың қатарына
бас энергетик, энергетикалық менеджмент қызметінің басшысы (болған жағдайда),
директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, жоспарлау-экономикалық бөлім жетекшісі
жəне т.б. кіреді.
4. ЭА өткізу басталғанға дейін Тапсырыс беруші мен ЦПЭ энергиялық аудиторлық
топты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, энергия аудиторларының Тапсырыс беушінің
өкілдерімен өзара əрекеттесу мəселелерін нақтылайды, қажет болған жағдайда, ЭА
өткізуге тартылған Тапсырыс берушінің өкілдерін алдын ала оқыту, қажетті құжаттарды,
материалдарды, анықтамаларды жəне т.б. дайындау жəне ұсынуды қарастырады.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
39
6. ОЭР тұтынатын объектінің жұмыскерлерін оқыту сұрау парақтарын толтыру
тəртібімен, өлшеу аппаратурасын пайдаланумен, өлшеу жүргізу ережелерімен жəне т.б.
танысуды қарастыруы тиіс.
7. Тапсырыс берушінің объектілеріне ЭА өткізу кезінде Тапсырыс беруші еңбекті
қорғау мəселелері, өлшеу аппаратурасын қосу ерекшеліктері бойынша сабақ
ұйымдастыруы тиіс.
8. Ұйымдастыру-дайындық кезең аяқталған соң, Тапсырыс беруші ЭА өткізу
туралы ОЭР тұтынатын объекті бойынша бұйрық шығаруы тиіс.
4.1.3 Ақпарат жинау кезеңі
1. Ақпарат жинау кезеңінде сұрау жүргізу, құжаттармен танысу жəне қажетті
өлшемдер өткізу арқылы ОЭР тұтынатын энергия шаруашылығы (кəсіпорын объекті)
туралы қажетті деректер жинау қарастырылған.
2. Сұрау жүргізу арқылы ЭА объекті туралы ақпарат алу үшін, сұрау парағы
пайдаланылады [68].
3. ЭА объекті туралы тиісті деректерді толтыру үшін, ЭА объектінде қажетті
өлшемдер жүргізулер жүргізілуі тиіс. Көлемін, тəртібі мен ұзақтығын ЭА тобының
жетекшісі анықтайды.
4. Өлшеулер жүргізу үшін өлшеу техникасының стационарлық жəне
тасымалданатын мамандандырылған құралдары қолданылуы мүмкін. Аспап паркі мен
өлшеулер жүргізу тəртібі бойынша жалпы ұсынымдар келтірілген [68].
5. Өлшеулер жүргізу үшін ЭА объектінің бас энергетик қызметі мен
энергетикалық менеджмент қызметінің жұмыскерлері тартылуы мүмкін.
4.1.4 Ақпаратты өңдеу мен талдау кезеңі
1. ЭА объекті туралы ақпаратты өңдеу мен талдау кезеңінде [68]:
а) келесілерді анықтауы қажет:
џ
кəсіпорынның негізгі энергетикалық жүйелері (ОЭР тұтынатын объектілер)
жəне негізгі энергия тұтынатын жабдық;
џ
ОЭР шығындары;
џ
ОЭР үлестік шығыстары;
џ
энергия үнемдеу əлеуеті;
џ
ОЭР тұтынатын объектінің негізгі энергия-экономикалық көрсеткіштері жəне
т.б.;
б) келесілерді құрастыру қажет:
џ
өндірістің энергиялық-технологиялық схемасы;
џ
ОЭР тұтыну картасы;
џ
белгілі бір уақыт кезеңі ішінде ОЭР тұтыну графиктері (сағаттық, тəуліктік,
айлар, тоқсандар бойынша, жыл ішінде жəне т.б.);
џ
ОЭР үлестік тұтыну динамикасының графиктері;
џ
аналитикалық жəне синтетикалық отын-энергетикалық теңгерімдері;
џ
ОЭР пайдалану тиімділігіне əсер ететін факторлардың себеп-салдарлық
диаграммасы жəне т.б.;
в) келесілерге талдау жүргізуі қажет:
џ
ОЭР пайдалану тиімділігіне əсер ететін факторлар;
џ
ОЭР тұтыну теңгерімдері;
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі