119
тозуы орын алған, жолдардың жарықтануы нормадан 2-3 есе аз, шырағдандардың
конструкциясы ескірген (шағылдырғышты ылғал мен тозаңның түсуінен қорғамай
пайдалану жарық техникалық сипаттамалардың жойылуына жəне ПƏК төмендеуіне
əкеледі), шырағдандарда тиімділігі төмен қыздыру шамдары (жарық қайтарымы 12 Лм/Вт)
жəне ДРЛ түріндегі сынап шамдары (жарық қайтарымы 55 Лм/Вт) қолданылады.
Сынап шамдары мен қыздыру шамдары бар шырағдандарды аса тиімді натрийлік
(ДНаТ) шырағдандарға айырбастауға негізделген көше жарықтандыруын жаңарту электр
энергиясын көп үнемдеуге мүмкіндік береді.
Электр үнемдеуден бөлек (электр энергиясы бөлігінде) кше жарықтандыруы
жүйелерін жаңарту тұтынылатын қуатты азайтуға мүмкіндік береді. Бұл қуат тапшылығы
сезілетін аймақтар үшін əсіресе маңызды.
Көше жарықтандыруы жүйесін қайта құру бірсыпыра маңызды əлеуметтік
аспектілерге əкеледі. Əлеуметтік жəне экономикалық салалар өзара тығыз байланыста
екені жəне əлеуметтік сипаттағы өзгерістердің көбінесе қаржы саласындағы өзгеірстерге
ұшырататыны мəлім.
Статистикалық деректерге сай жарықтандырылу деңгейінің артуы көше
қылмыстарының санын азайта отырып, елді мекендегі криминалдық жағдайға тікелей
ықпал етеді. Тəуліктің қараңғы мезгілдерінде қала көшелерінде қылмыстардың азаюы тек
жағымды əлеуметтік фактор ғана болып табылмайды, сонымен қатар қаражатты үнемдеуге
мүмкіндік береді [49].
Айна шамдар
Осы технологияны пайдаланғанда көше жарықтандыру құрылысы немесе
жаңарту шығындары тек тұтынатын электр энергиясы шығындарын айтарлықтай азайту
есебінен ғана өзін 1 жылдан аз уақыт ішінде ақтайды.
Бұл ретте жарықтандырылу жəне жарықтандырудың біркелкілігі жөніндегі
көрсеткіштер жоспарланған қолданыстағы жүйелерге қарағанда нашар болмайды. Көше
шырағдандарын жəне айна шамдарды пайдалану оларды тозаңнан жəне былғаныштан
тазарту шығындарын қажет етпейді. Осы түрдегі шырағдандардың қоршаған ортаның
əсерінен оптикалық бөліктің қорғаныш дəрежесі жоғары - IP67 (шағылдырғыш жамылғы
шамның вакуумдалған шыны сауытының ішкі бетінде болады). Шырағдандардың
оптикалық жүйесінің ПƏК 95% құрайды жəне бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде мүлдем
азаймайды. Мұны ДНаТ шамдары мен сыртқы шағылдырғышы бар дəстүрлі
шырағдандармен қамтамасыз етуге болмайды. Олардың оптикалық жүйелерінің ПƏК
бастапқыда 85% аспайды, ал пайдалану барысында 50-60% дейін (қорғаныш əйнегі бар
шырағдандар), жəне тіптен 40% дейін (қорғаныш əйнегі жоқ шырағдандар) төмендейді.
Одан бөлек, қорғаныш əйнегі жоқ айна шам арқауындағы шырағдан оптикалық жүйесін
тазалауды қажет етпейді, тазалау шығындары сметада жоқ. Аталған түрдегі шырағдандар
бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде сенімді жаңғыртылуды жəне жарық таратудың
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тиісінше, пайдаланудың бүкіл кезеңінде жарықтандыру
қондырғысының нормаланған көлемді (ашықтық жəне жарықтық деңгейі) жəне сапалық
(біркелкілік) жарық техникалық көрсеткіштері сақталады.
Дəстүрлі шамдары бар шырағдандар бастапқыдан металл шағылдырғыштың
профилін технологиялық тұрғыда дəл жасамау салдарынан жарық таратудың тұрақтылығы
жөнінде белгілі бір шашыратуы бар.
Металл шағылдырғышның жұмыс бетінің былғануы немесе тотығуы салдарынан
пайдалану кезінде жарық күшінің абсолюттік мəндерінің азаюы ғана емес, сонымен бірге
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
120
жарық таратудың өзгеруі жүреді. Тұрақты жарық таратудың бұрмалануы бірінші кезекте
жарықтың ең көп күшінің мəндері азаюымен жəне максимум аймағының шайылуымен
жүреді. Бұл шырағдандардың қолданылу аймағының азаюына, жол жамылғысында нашар
жарықтандырылған жолақтардың пайда болуына, біркелкіліктің күрт төмендеуін əкеп
соқтырады.
Осы түрдегі шырағдандар конструктивтік түрде бірдейлендірілген жəне нақты
жарық техникалық міндетке қарай жарық таратуды оңтайлы таңдау немесе айырбастау
мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Осы түрдегі шамдарды дайындау технологиясының ерекшеліктері
жарықтандырудың белгілі бір кең, оңтайландырылған түріне – жол жамылғысының түріне,
көшенің жүріс жəне жүргіншілер бөлігінің еніне, тіреулердің биіктігіне жəне консолдың
ұзындығына ие болуға мүмкіндік береді.
Осындай шамдары бар шырағдандарды пайдаланғанда елеулі экономикалық
нəтижеге бірінші кезекте жарық нүктелері санының азаюы жəне жабдықтар, электр
энергиясы жəне қызмет көрсету шығындарының тиісті азаюы есебінен, сондай-ақ көше
жарықтандыруы сапасының артуы есебінен қол жеткізіледі.
Осы түрдегі шамдары бар шырағдандарға көшкенде ДНаТ шамдарына қарағанда
бір саты төмен, ал ДРЛ-ге қарағана екі саты төмен қуатты пайдалануды ұсынамыз.
Мұның барлығы осы шырағдандарға дəстүрлі шамдары бар ашық жəне жабық
шырағдандармен салыстырғанда сөзсіз артықшылықты қамтамасыз етеді [33; 37 – 40; 52].
Сыртқы жəне көше жарығын автоматты басқару жүйелері
Қ а з і р г і т а ң д а с ы рт қ ы ж ə н е к ө ш е ж а р ы қ т а н д ы ру ы н б а с қ а руд ы ң
автоматтандырылған жүйесін ендірудің көше жарықтандыруы желілері мен аспаптарының
жай-күйін телекоммуникациялық бақылауға, шырағдандардың жануы режимдерін
басқаруға, көшелер жарықтандыруын күнібұрын берілген кестемен қашықтан басқаруға,
сондай-ақ энергия тұтыну есебін жүргізуге жəне электр энергиясын тиімді пайдалануды
қадағалауға мүмкіндік беретіні анық болды
Заманауи автоматтандыру жүйелері - бұл жай сəнге еліктеу емес, олардың
экономикалық артықшылықтары бар:
- автоматтық режимде кесте қатаң сақталады, өйткені адам факторының əсері
болмайды;
- жарықтандыруды қосылғанын немесе өшкенін тексеруге барудың қажеті жоқ;
- жарықтандыру өшірілмеген жағдайда электр энергиясының шығыны болмайды,
өйткені диспетчер бұл туралы жедел хабардар болады жəне тиісті шаралар қолданады
(бұрындары өшірілмегені туралы бірнеше сағаттан кейін азаматтар хабарлайтын –
шығындар едəуір көп болатын);
- энергияны техникалық есепке алуды іске асыру үшін онда барудың жəне
есептегіштерден көзбе-көз көрсеткіштерді алудың қажеті жоқ;
- телеөлшеулер жарықтандыру желілеріне рұқсатсыз жалғанымдарды жедел
анықтауға жəне электр энергиясын ұрлауды анықтауға мүмкіндік береді;
- кернеуді, ток пен қуатты телеөлшеудің көмегімен қандай да бір апаттар болған
жағдайда жарықтандыру желісін бастапқы диагностикалау жүргізуге болады;
- заманауи құрамдастардан құрылған аса сенімді жүйе, өзіне қызмет көрсетуге аз
шығынды қажет етеді.
Сыртқы жарықтандыруды басқарудың қолданыстағы жүйелерін бірнеше топқа
бөлуге болады.
Энергия үнемдеу жəне энергия тиімділігі
Достарыңызбен бөлісу: |