80
С. Торайғыров атындағы облыстық. Кітапхана энциклопедиясы
педагогикалық мәдениет инсти ту -
тының кітапхана факультетін (сырт -
тай, 1984) бітірген. 1960-1969 жж. –
Қашыр ауданының Октябрь ауыл -
дық кітапханасының кітапхана-
шысы, 1970-1986 жж. – облыстық
кітапхананың библиографы, бас би-
блиографы. АБА ұйымдастыруымен
және оны жетілдіруімен айналысқан,
каталогтар мен картотекаларды
ұйымдастыру мәселесі бойынша
облыс кітпаханаларына әдістемелік
және тәжірибелік көмек көрсеткен,
кітапханалық оқушылығының
жыл дық курстарында сабақ бер-
ген. Мәдениет қызметкерлерінің
кәсіподақ облыстық комитетінің,
облыстық кітапхананың грамотала-
рымен марапатталған.
Мұсабекова Гүлжан Темірболат-
қызы – 1975 жт. Облыстық кітап-
ханада 2004 ж. жұмыс істейді. Ер-
мак мәдени-ағарту училищесінің
кітапхана бөлімін (1993), «Педагог-
психолог» маманы бойынша ИнЕУ
(2005) бітірді. 1993-1998 жж. –
Ақтоғай ауданының Әуелбек орта
мектебінің кітапханашысы, 1998-
2003 жж. – Екібастұз қаласының
ОАБК кітапханашысы, 2004-2009
жж. – облыстық кітапхананың або-
немент бөлімінің кітапханашысы,
2009 жылдан әдіскер. «Кітап. Уақыт.
Қоғам» аймақаралық ғылыми-
тәжірибелік (2009), «Историческое
значение победы над фашизмом:
вклад павлодарцев в победу» атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік
(2010) конференцияларына қатыс-
ты. Бөлімде жұртшылықпен, БАҚ
байланыс жұмысымен айналыса-
ды. Екібастұз қ. ОКЖ бойынша
«Жылдың үздік кітапханашысы»
(1998) атағына ие болды, облыстық
кітапхананың алғыс хатымен мара-
патталды.
Н
«Наш очаг» клубы – 1996 ж.
«Жанашыр» бағдарлама («Алтын
ғасыр») аясында ұйымдастырылған.
1996 ж. бастап клуб жұмысын ауыл
шаруашылығы және техникалық
әдебиеттер бөлімі жүргізеді. Бұ-
рын «Яблоко» клубымен таныс,
табиғатты жақсы көретіндер, ланд-
шафт дизайнерлері, гүл өсірушілер
біріккен. Мүшелері 30-ға жуық.
Төрайымы – А.Г. Ноздрачева (Қара-
ңыз Ноздрачева Галина Андреев-
на). Клуб мәжілісі ай сайын өтеді,
саяжай, бақша күту, көкөніс өсіру,
жеміс өсімдіктерін өсіру туралы
мәселелер талқыланады. Жұмыс
формасының бірі – балалар мен
жасөспірімдер экология және ту-
ризм орталығының базасында өткен
көшпелі мәжіліс клубы. (Қараңыз.
«Павлодар балалар мен жасөс-
пірімдер экология және туризм
орталығы»).
«Новое в сельскохозяйственной
науке и практике» – Ақпарат тық
бюллетень 1975-2000 жж. шыға -
рыл ды. Мақсаты: ауыл шаруашы-
лық мамандарын, фермер шаруа-
шылығының қызметкерлерін жаңа-
81
С. Торайғыров атындағы облыстық. Кітапхана энциклопедиясы
дан түскен ауыл шаруашылық бой-
ынша әдебиеттермен таныстыру.
Ноздрачева Галина Андреевна –
«Наш очаг» қызығушылыққа бай-
ланысты бақ өсірушілердің ерікті
қоғамдық ұйымының төрайымы
(Қараңыз «Наш очаг» клубы). Кі-
тапхананың бірнеше шараларына
қатысушы, белсенді оқырман.
Нұркина Ақмарал Сейфолла-
қызы – 1951 ж.т. Облыстық кітап-
ханада 1973-2006 жж. істеген.
Қазақ мемлекеттік әйелдер педа-
гогикалық институтының кітапхана
факультетін (1972) бітірген. 1972 ж. –
облыстық кітапхананың кітап
сақтау бөлімінің кітапханашысы,
1972-1979 жж. – абонемент, кітап
сақтау бөлімдерінің кітапха нашы -
сы, әдіскері, 1979-1980 жж. – ППИ
кітапханашысы, 1980-1985 жж. –
П. Васильев атындағы ОҚК кітап
толықтыру бөлімінің кітапха на -
шысы, 1985-1992 жж. – ППИ
кітапханашысы, 1992-1993 жж. –
Павлодар облысының Ішкі істер
басқармасы кітапханасының мең-
герушісі, 1993-2006 жж. – ауыл
шаруашылық және техникалық
әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі.
«Яблоко» (1999) және «Фиалоч-
ка (2004), «Наш очаг» (1996)
клубтарының ұйымдастырушысы.
Клубтардың ашылуы және көп ші -
лікке жайылғандығы А.С. Нурки-
наның ұжымға деген сіңірген еңбегі.
ҚазКСРО мәдениет министрлігінің,
облыс мәдениет басқармасының,
кәсіподақтың грамоталарымен, ди-
пломдарымен, алғыс хаттарымен
марапатталған.
Нықышев Абай Шәріпұлы –
1954 ж.т. Облыстық кітапханада
2000 ж. жұмыс істейді. Красноармей-
ка ауылшаруашылық техникумын
(1982) бітірді. Көп жылдары 1974-
1996 жж. облыс ауылшаруашылық
жүйесінде жұмыс істеді. 2000 ж.
облыс кітапхананың көлік жүргіз-
ушісі. Барлық аудандық және
ауылдық кітапханаларға шығады,
облыс кітапхана қызметкерлерінің
арасында сыйлы. Облыстық мәде-
ниет басқармасының, облыстық
кітапхананың алғыс хатымен
марапатталған.
О
«Облыс өлкетанушылары» се-
риясы – Серия 2003 ж. жасалды.
«Облыстың өлкетанушылары» се-
риясында бірінші рет өлкетанушы
С.И. Жақсыбаевқа арналған, биб-
лиографиялық көрсеткіш шыға-
рылды. 2009 жылы өлкетанушылар
С.И. Жақсыбаев (толықтырылған
екінші басылым) пен Э.Д. Соколкин-
ге арналған, екі көрсеткіш шықты
С.И. Жақсыбаев – ҚР минаралды
ресурстар Академиясының корре-
спондент – мүшесі, экономикалық
ғылымдарының кандидаты, Ака-
демик Қ. Сәтбаев атындағы Екі-
бастұз инженер-техникалық инсти-
тутының және им. С. Торай ғыров
атындағы ПМУ-нің профессоры,
Достарыңызбен бөлісу: |