76
С. Торайғыров атындағы облыстық. Кітапхана энциклопедиясы
мүмкіндік жасайды, ақпараттарды
орталықта сақтау және тағы бас-
қаларды бірнеше компьютерлер-
де бөлінген мәліметтерді өңдеуді
қоса атқарады. 2011 ж. кітапханада
екі ЛВС қызмет жасайды. ЛВС-41
АЖО, соның ішінде Ғаламторға
қосылғаны – 21 АЖО. 2010 ж. WiFi-
ға қол жеткізілген 9 АЖО локалды
желі қосылды.
Луначарский көшесі – 1919 жылға
дейін 1 – Мещан тұйық көшесі. Көше
қаланың ескі бөлігінде орналасқан.
Бірінші ағарту халық комиссары,
жазушы әрі сыншы, КСРО ҒА-ның
академигі Анатолий Васильевич
Луначарскийдің (1875-1933 жж.)
есімі берілген. Көшеде «Централь-
ный» стадионы, «Жиек» ПИК-і,
С. Торайғыров атындағы облыстық
кітапхананың балалар бөлімі, Ка-
спий банкі, кондитер цехы, «Золо-
той телёнок» фирмасы, үш дүкен,
«Аю» ЖШС-і және т.б. мекемелер
орналасқан. (Э.Д. Соколкиннің
«Улицы нашего города» кітабынан).
Лямзина Людмила Семеновна
(1932-2011) – Облыстық кітап хана -
да 1953 ж. жұмыс істеген. 1965 –
Ленинград мәдениет институтын
(сырттай, 1963) бітірді. Л.С. Лям -
зинаның басқаруымен кітапхана жа-
нынан КАА ашылды, оқырмандар
Москвадан, Ленинградтан, Алма ты-
дан, Новосибирден кітаптар алды,
жылына 500 данаға жуық кітап.
Кітапхана семинарларда және ғы-
лыми-тәжірибелік конференция-
ларда аудандық және ауылдық
кітапханаларға әдістемелік, тәжіри-
белік көмек көрсетті, ауылдық
кітапханалардың базасында кітап-
ханалық озық іс-тәжірибелер мек-
тебі, «Библиотека отличной работы»
атағына ие болу үшін кітапханалар
арасында әлеуметтік жарыстар
ұйымдастырды. 1978-1988 жж. –
облыстық мәдениет басқармасы
бастығының орынбасары. Л.С. Лям -
зинаның есімі облыстық кәсіподақ
кеңесінің «Құрмет тақта сына»,
сон дай-ақ облыстық мәдениет бас -
қармасының «Құрмет кітабына»
енгізілді. Қазақстан КП қалалық
комитеттің мүшесі болып тағай-
ындалды, 12 жыл мәдениет бас-
қармасының бастапқы партиялық
мекемелерінің хатшысы болды.
«За освоение целинных земель»,
«За доблестный труд. В ознамено-
вание 100-летия со дня рождения
В.И. Ленина», «Ветеран труда»,
«50 лет целине» медальдарымен,
«За отличную работу» КСРО және
ВЦСПС белгілерімен, КСРО және
ҚазКСР Мәдениет министрлігінің,
грамоталарымен марапатталған.
М
«Movie Club» – Кино өнерінің та-
бынушыларына апталық клуб.
Шетел тіліндегі әдебиет бөлімінде
2008 ж. ұйымдастырылған. Қаты-
сушыларға ағылшын тілінде көркем
және деректі фильмдер көруге
77
С. Торайғыров атындағы облыстық. Кітапхана энциклопедиясы
мүмкіндік жасайды. Әлемдік
кинематографтың қазіргі кездегі
шығармаларының классикалық кол-
лекциясы клубта көрсетіледі. Клуб
мүшелерін фильмнің әр түрлі жан-
рымен таныстырып қана қоймай,
ой-пікірлерімен бөлісіп, ағылшын
тілінде сөйлеуге білім алады.
«My English» – Ағылшын тілін
сүюшілердің апталық клубы. Шетел
тілдеріндегі әдебиет бөлімінде 2002
ж. ұйымдастырылды. Дәстүрлі емес
шетел тілін оқыту әдісі белсенді
қолданылады. Клуб мүшелеріне
қызықты тақырыптарға байланы-
сты мәжілістер, сайыстар және ой-
ындар ұсынылады. Әр оқыр ман
осы клубқа қатысып білім алуға
мүмкіндік алады.
«Мақалалар» – ДБ 2001 ж. қазақ,
орыс және ағылшын тіл дерінде
жүр гізіледі.
Мамандар күні – Көпшілік ша-
ралардың бір түрі. Нақтылық
мамандық бойынша әдебиеттерді
ашық көрсету, тақырыптық көрме -
лер, библиографиялық шолулар,
кеңестер және мамандар өкілдері -
мен кездесулер, лекциялар, кәсіби
мәселелерді талқылау арқылы
жүр гізілетін ақпараттық, библио-
графиялық жұмыс жүйесінің ке -
шенді шарасы. Облыстық кітап-
ханада Павлодар облысының Ертіс
экологиясының департаменті, ауыл
шаруашылық басқармасы, қорша-
ған ортаны қорғау басқармасы,
ауыл шаруашылық ғылыми-зерт -
теу институты мамандарына, оқы-
тушыларға, мемлекеттік қызмет -
керлерге мамандар Күндерін
тұрақты өткізеді.
«Мастерица» – Қолөнер клубы.
Өнер бөлімінде 2008 ж. құрылды.
Клуб халықтық кәсіпке: інжуөрім,
кесте, жібек жіппен өрім, тоқу, фел-
тинг, макраме, көркем жазу және т.б.
қазіргі кездегі қолөнер түрлеріне
қызығатын адамдарды біріктіреді.
Клуб жетекшісі – О. Вачугова.
Матвеева Ольга Геннадьевна –
«Фиалочка» клубының төрайымы,
бөлмеде өсетін гүлдерді, көбінесе
узам барлық фиалка (сенполий) сүю-
шілерді біріктіреді. (Қараңыз «Фиа-
лочка» клубы).
Материалдық-техникалық жағ-
дай – Қараңыз «Кітапхананың ма-
те риалдық-техникалық жағдайы».
«Мәдени мұра» бағдарламасы –
«Мәдени мұра» бағдарламасы та-
рихи-мәдени құндылықтарды сақ -
тауға және дамытуға көмек те-
седі. Бағдарламаның аясында кі-
тапханалар мемлекеттік тапсырыс
бойынша тегін кітаптар алады.
Мәдениет саласының мәселеле рі
жөнінде БАҚ-ғы жариялым да -
рының мониторингі – Республи-
калық және жергілікті мерзімді ба-
сылымдардағы Павлодар облысы -
ның мәдени өмірі туралы мате-
риалдардың б.ж. және аннотация-
лары. 2009 ж. бастап шығады. Апта
сайын АББ дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |