Емтихан сұРАҚтары баланың білім алуға әлеуметтік педагогикалық құқығы


Бала құқықтарын қорғау мемлекет қызметінің обьектісі ретінде: теориялық және тәжірибелік аспектілері



жүктеу 117,09 Kb.
бет58/69
Дата26.01.2022
өлшемі117,09 Kb.
#35022
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ жауабы

Бала құқықтарын қорғау мемлекет қызметінің обьектісі ретінде: теориялық және тәжірибелік аспектілері

Қазақстан Республикасы мемлекеттік егемендік пен тәуелсіздікке ие болғалы бері өзін демократиялық құндылықтарды ұстанушы мемлекет ретінде жариялап, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын танытып отыр. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 1- бабының 1-тармақшасында баянды етілген. Онда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітіп, басты құндылығы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары табылады» [1].

Еліміздің негізгі заңында бекітілген адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы туралы идея өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен бостандықтарының қалыптасуы мен дамуына кепіл болып табылады.

Қазақстан Республикасы балалық шақты адам өмірінің маңызды кезеңі екендігін  танып, балаларды қоғамда тіршілік етуге бейімдеуді қамтамасыз етеді. 

Сондықтан,  Елбасымыз Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан бастап неке мен отбасы, бала, ана мен әке институттарын нығайтуды   алғашқы  орынға  қойды. 

Ол  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында баяндалды. «Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерінен өзге біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан  зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді? Олар әл-ауқатты өмір сүре ме, тоғайған, дендері сау әрі білімді-білікті бола ма? Олар жақсы әрі азат қоғамда өмір сүре ме? Олар бейбіт-татулықта өмір сүре ме? Олар өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңсыз бола алар ма, көшелермен емін-еркін жүріп, өз дүние-мүлкі үшін қауіптенбес болар ма? Біз оларға қуатты мемлекет пен өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыра аламыз ба? Біз осынау қарапайым, бірақ   маңызды   сұрақтарға   бүгіннің   өзінде   жауап беруге тиіспіз. Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты — біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталган стратегия айналасында топтасуы. Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде — халқымыздың, немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр» [2].

Еліміздің қолданымдағы Конституциясының 27 – бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата- ананың етене құқығы және міндеті» [1] делінген. ҚР Конституциясының бұл бабы балалық шақтың мемлекеттің қорғауында болатыны және ол мемлекетпен танылатын және қорғалатын негізгі әлеуметтік құндылық болып табылатынын бекітіп отыр. Сонымен қатар, ҚР неке және отбасы заңында еліміздегі отбасы қатынастарының құқықтық тұрғыдан реттелуінің негізгі бастамалары баяндалған [3]. Бұл заң Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негізі мен адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын баянды ететін еліміздің қолданымдағы Конституциясының нормаларымен тікелей не жанама байланысты болып келеді.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңы - балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясатты бекітіп отыр. Осы заңның 6 - бабында мемлекеттік саясаттың мақсаттары қарастырылған. Олар:

  • балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамамсыз ету, оларды кемсітушілікке жол бермеу;

  • балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру;

  • бала құқықтары кепілдіктердің құқықтық негіздерін қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар мен ұйымдар құру;

  • балалардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбітшіл сезімдерді тәрбиелеуге, сондай–ақ баланың жеке дами тұлғасының қоғам мүддесі, мемлекет халықтарының дәстүрлі, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдеседі;

  • кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру жөнінде нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.


жүктеу 117,09 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау