Әмбебап зертханалық «Уралочка» стендінде электрлік тізбекке тәжірибелік зерттеулер жүргізу Павлодар 2011 Алғы сөз «Электротехника және электроника»



жүктеу 1,45 Mb.
бет1/11
Дата13.02.2018
өлшемі1,45 Mb.
#9448
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасысының Білім және Ғылым Министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті



Әмбебап зертханалық «Уралочка» стендінде электрлік тізбекке тәжірибелік зерттеулер жүргізу

Павлодар 2011



Алғы сөз
«Электротехника және электроника» курсын оқыған кезде, зертханалық сабақтар, теориялық білімді қалыптастырудың негізгі түрі болып саналады. Бұл сабақтарда, студенттер электрлік тізбектердің әр түрлі режимдерін эксперименталды түрде зерттеп, кейбір теориялық ережелердің әділеттілігін тексереді.

Зертханадағы оқу үрдісін үш этапқа бөлуге болады:

- сәйкес келетін тақырыптың теориясын оқып, зертханалық жұмысқа дайындалу;

- экспериментті өткізіп, тәжірибелік мәндерді алі;

- эксперимент нәтижелерін есептеп, зертханалық жұмыстың есебін дайындау.

«Уралочка» стендінің зертханалық құрылғысы.

Зертханалық жұмысты орындау үшін арналған стенд конструкциялық құрылысы бойынша каркастық үстелден және оған орнатылған айнымалы барабаннан тұрады. Үстелдің оң жағында орналасқан кілт арқылы барабанды ашық және жабық күйге орнатуға болады. Стендті практикалық сабақты өткізуге қолдануға болады, бірақ барабан жұмыс істемейтін күйге орнатылуы тиіс.

Стендтің алдыңғы бөлігінде 6 блок орналасқан. Ол электроэнергиялық, өлшеуіш және коммуникативтік қабылдағыш аппараттардан тұрады:1 – сызықты элементтің блогы; 2 – кедергілер блогы; 3 – тұрақты ток блогы; 4 – айнымалы ток блогы; 5 – сыйымдылық блогы; 6 – магниттік тізбектер блогы.

Үстелдің сол жағынан санағандағы 1 – ші блокта құрылған: алмастырғыш кілт (тумблер); 4 резистр R1= 100 Ом; R2=100 Ом; R3=200 Ом;R4=50 Ом; 2 резистор R= 100 Ом;

Екінші блокта кедергілердің үш магазины орналасқан;

Үшінші блокта тұрақты ток автоматы орнанатылған: U= 30 В ( шығыс- орта қысқыш); 2 электро энергияның көзі ( источник); Е = 4,5 В болатты сердечниктағы катушка .

Төртінші блокта айнымалы үш фазалық токтың автоматты орнатылған U=30В; U= 52 В.

Бесінші блокта орнатылған С = 121 мкФ сыйысымдылық магазины және кілт (тумблер).

Алтыншы блокта орнатылған: алмастырғыш кілт (тумблер), индиктивтілік катушкасы.

Әрбір блок көпбөлікті вольтамперметрден тұрады.

Құралдың сол жағында айнымалы токтың ал оң жағында тұрақты токтың және кернеудің ұяшығы орналасқан.

0,3 А белгіленген тұрақты токта ұяшыққа миллиамперметрлі штекрді құралды қолдану үшін орналастырады.

Құралдың тізбек бөлігі белгілеген өлшеу шегі анықталады.Белгіленген өлшеу шегін 50 – бөлікке бөлу қажет,Мысалы, амперметр үшін белгіленген өлшеу шегі 2 А, онда бөлік құны n = 2/50 =0,04 А.

Зертхана қамтамасыздандырады бір уақытты барлық стендта бір зертханалық жұмысты орындауға болады; апат кезінде үстелдің өшіруі.

1 минут ішінде қайта жұмыс қалпына келтірілуі.

Жұмыс барысында ұстаз үстелге айнамалы немесе тұрақты кернеуді қоса алды.

Сәйкес электр схемасын жинап және мұғалім тексергеннен кейін, студенттер үстелде орналасқан сәйкес автоматқа өздігінше ток көзін қосады.

Қауіпсіздік техникасының ережелері
Электр тогы адам организміне физологиялық, механикалық, химиялық және термиялық әсер етеді. Токтың осы әсерлерінің нәтижесінде адам зақымданып, ауыр зардапқа ұшырауы, тіпті өліп кетуі мүмкін. Сондықтан электрлік қондырғылармен жұмыс істегенде «токқа түсіп қалмаудың», яғни токпен қауіпсіз жұмыс істеудің шаралары қарастырылған болуы керек. Сонымен қатар, егер аспаптардың жұмыс істеу тәртібі сақталмаса немесе тізбек қате жиналған болса, онда қымбат аспаптардың, басқа да жабдықтардың, істен шығуы мүмкін. Ендеше зертханалық жұмыс адам өміріне қауіпсіз және материалдық шығынсыз жағдайда орындалуы тиіс. Осы себепті зертханалық жұмысты істегенге белгілі бір сақтық және қауіпсіздік ережелерін ұстану керек.

Жұмысқа кірісер алдында зертханалық стендтегі қорек көздерімен, оларды қосу және ажырату аспаптарымен танысыңыз. Сигнал шамдары, өлшеуіш аспаптары және ажыратқыштың тұтқаларының орны арқылы қорек көздерінің қысқыштарында кернеудің жоқтығына көз жеткізіңіз.

Құрастырылған тізбекті оқытушыға тексертіп, оған берілетін кернеудің мәнін анықтап алыныз.

Жұмыстың өне бойында, әсіресе тізбекті кернеу көзіне қосқан кезде, аспаптардың көрсетуін бақылап тұрыныз. Егер қайсыбір аспаптың тілі шкаладан шығып кетсе немесе мультиметрдің цифрлық терезесінде І не П әрпі пайда болса, онда тез кернеу көзін ажыратып, оның себептерін анықтау керек.

Тәжірибенің жалғасында жаңадан құрастырылған тізбектерді оқытушыға тағы да тексертіңіз, қорек көзінің параметрлерін анықтап алыныз.

Тізбекке кернеу берілгеннен кейін қысқыштарды қайтадан қысуға, сымдарды немесе аспаптарды қозғауға болмайды. Ондай әрекеттер кернеу көзін ажыратқаннан кейін ғана орындалуы керек.

Тәжірибе соңында алынған деректерді оқытушыға көрсетіп, олардың дұрыстығына көз жеткізіңіз. Тізбекті осыдан кейін ғана тарқатуға болады.

Тізбекті ажыратылған қорек көзінен бастап тарқатыңыз. Жалғаулық сымдарды жинап, тұрған орындарына қойыңыз.

Өрт кезінде сабырлылық сақтап, зертханада ілулі тұрған эвакуация бағыттары бойынша сыртка шығу керек.

Жер сілкіну кезінде тұра жүгірмей, бөлмеде есік ұңғысы, темірбетон бағаналар мен арқалықтардың астында тұрып, аяқталуын күтіңіз. Егер шығар есік жақын болса немесе тұрған бөлмеңіз бірінші қабатта болса ғана есіктен немесе терезеден шығып кетуге болады.


ЭТН зертханасында қауіпсіздікті сақтау ережелері:

1 зертханалық жұмыстарды орындауға, бірінші зертханалық сабақта өткізілетін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулама өткен студенттер жіберіледі;

2 сызбалардың монтаждауы, оқшауланған сымдармен жүргізіледі. Оқшауланбаған сымдарды қолдануға тиым салынады;

3 оқытушы немесе зертхана тексеруші тексермеген сызбаны қосуға болмайды;

4 ақаулылықты жою, жұмыс тізбегінде ауыстыруларды жүргізу, тек қана кернеуден өшірілген тізбекте жүргізіледі;

5 сызбадағы конденсаторларды жұмыстың басында және соңында разрядтау керек;

6 бригада мүшелері кеткенде, электр тізбекті қосылған қалпында қалтыруға болмайды.

Зертханалық жұмысқа есеп беруді рәсімдеу ережелері.

Зертханалық жұмыстардың есебі А-4 форматты қағазға жазылады және титул беті болады.

Есеп беруде:

- жұмыстың мақсаты;

- тәжірибелер сызбалары, есептеулер мен эксперимент нәтижелерінің кестелері;

- эксперимент қортындыларын өндеу (жұмыс формулалары, графикалық тәуелділіктер, векторлық диаграммалар);

- зертханалық жұмыс бойынша қортынды болуы керек.

Сызбалар, кестелер және векторлық диаграммалар сызу құралдарымен орындалады және сызба элементтерінің стандарттарын, электрлік шамалардың әріптік белгілерін сақтау керек.

Зертханалық жұмысқа есеп әр студентпен жеке жасалады.

1 зертханалық жұмыс

Тақырып: Тұрақты токтың тармақталған және тармақталмаған электр тізбектерін зерттеу.

Жұмыстың мақсаты: Тұрақты токтағы тізбектей және параллель қосылған кедергілер қуатының тепе-теңдігі мен Кирхгоф заңының тәжірибелік тексерісіне потенциалдық диаграмма құру.


a R1 b

30 B


R R2

d R3

2.5-сурет. Тармақталмаған электр тізбегінің сұлбасы






30 B


R

R1 R2 R3



2.6-сурет. Тармақталған электр тізбегінің сұлбасы






Тапсырмалар

  1. Тармақталмаған, кейін тармақталған электр тізбектерін құру. Ток күші мен кернеуді өлшеу. Осы өлшемдерді кестеге енгізу.

  2. Тармақталмаған электр тізбегіне арналған потенциалдық диаграмманы осы тәжірибелік мәліметтермен құрастыру.

  3. Тармақталған және тармақталмаған тізбектер үшін есептеулер бойынша Кирхгов заңын тексеру.

  4. Тармақталмаған және тармақталған тізбектердегі қуат тепе-теңдігін тексеру.

  5. Алынған нәтижелер мен тәжірибелерді салыстырып, қорытынды жазу.

Кесте 2.1



Тізбек аймағы

Өлшеулер нәтижесі

Есептулер нәтижесі

U, B

I, A

,B

жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау