Соңғы кездері педагогикалық әдебиеттерде қашықтықтан оқытудың педагогикалық мәселелеріне көп назар аударылып жүр. Қолданыстағы алғашқы көздердің сипаттауларында ғылыми көзқарас байқалады. Түрлі мақалаларды салыстыра отырып, қашықтықтан оқыту – бұл әдеттегі күндізгі немесе сырттай оқудан көп айырмашылығы мен артықшылығы бар оқытудың жаңа, арнайы формасы. Ол студент пен оқытушының, студенттердің өзара қарым-қатынынасының өзгеше формасын, өзгеше оқу құралы мен әдістемені, оқытуды ұйымдастырудың өзгеше түрін ұсынады. Сөйтіп, қашықтықтан оқыту деп: кейс технологиясын; интернет технологиясын;
телекоммуникациялық технологиясын немесе оқытудың барлық формаларындағы қолданылатын технологиялардың қосындысын түсінеміз.
Қашықтықтан оқыту – бұл мақсатқа бағытталған және әдістемелік ұйымдастырылған оқу-танымдық әрекет және ара қашықтықтан оқу ақпаратын алмасу құралдары (Интернет желі арқылы компьютерлік байланыс, радио, спутниктік теледидар және т.б.) негізінде арнайы ақпараттық білім беру орталықтарының көмегімен білім алушылардың дамуы.
Қашықтықтан оқытудың ақпараттық-білім беру ортасы дегеніміз – білім алушылардың білімге деген қажеттілігін қанағаттандыруға негізделген мәліметтер, ақпараттық ресурстар, өзара қарым-қатынас хаттамалары, аппараттық-бағдарламалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік қамту құралдарының жиынтығы.
Қашықтықтан оқытуды сырттай оқуға ұқсатудың қажеті жоқ, себебі бұл жерде оқытушымен және білім алушылардың тұрақты байланысы бар, күндізгі оқудың барлық жағы, оқудың ерекше формасы ескеріле отырып қамтылған.
Негізгі әдебиеттер: [17,18,19,20,21].
Қосымша әдебиеттер : [7,8,9,10,11].
Тақырып 5. Оқытудың ақпараттық технологиялары
Білім беру жүйесінің дамуындағы мұндай беталыстар мен өзгерістер жаңа ортаның – ақпараттық қоғамның пайда болуына байланысты екендігі жоғарыда айтылды. Мұндай беталыстарды Қазақстанның мектептерінде жүзеге асыру үшін оқу орындарына жаңа ақпараттық технологияларды, оқыту әдістері мен түрлерін заманға сай білім беруді енгізу жүргізілуде. Жаңа оқыту технологиялары білім сапасын көтеруге ықпалын тигізіп қана қоймай, білім беру қызметіндегі бәсекеде өзінің мүмкіншілігін арттыруға ықпал етеді.
Білім беру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды, оған оқыту әдістері мен түрлерін енгізу ақпараттық өнімдердің, құралдардың, технологияның негізінде педагогикалық процестерді қайта құруға байланысты шаралар кешенін қабылдауды, яғни білім беруді технологияландыру жүзеге асырылуда.
Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары компьютерлік оқытумен тығыз байланысты, оларды жүзеге асыру талаптары келесідей:
көрсетілген жағдайлардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін технологиялық жағдайларды, ақпараттық және бағдарламалық жүйелерді және телекоммуникациялық жүйелерді қалыптастыру;
дүниежүзілік еңбек бөлінісі шеңберінде ұлттық бәсекелестігі бар технологиялар мен ресурстардың өсуін индустриялық-технологиялық базасымен қамту;
ақпараттар мен білім өндірісінің алдыңғы қатарлы дамуын қамтамасыз ету;
жоғары білікті, кәсіби құзыретті, мамандандырылған кадрлар дайындау;
ақпараттық технологиялардың білім беруге, ғылымға, мәдениетке, транспортқа, өндірісті басқаруға, энергетикаға т.б. енуін жүзеге асыру.
«Ақпарат» ұғымы
В.И.Першиков пен Савинков В.М. «ақпарат» сөзі латынша «information» қоғамның жалпы білімділік сұранысын анықтайтын мазмұн деген анықтаманы береді. С.И.Ожегов сөздігі бойынша «бір нәрсенің жағдайы туралы мәліметтер беретін хабарлама» деген анықтама берілген.
Ақпараттық технология ХХ ғасырдың 70-80 жж. ерекше мәнге және қазіргі заманғы мағынаға ие болған ұғым. «Ақпараттық технология» ұғымын алғаш рет қолданысқа енгізген В.Глушков болатын. Автор оған былай анықтама береді: «Ақпараттық технология дегеніміз – ақпаратты өңдеумен байланысты процестер». Ал В.Апатова болса В.Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі «ақпаратты өңдеу процесінде қолданылатын құралдар мен әдістер жиынтығы».
Оқытудың ақпараттық технологиясын – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие процесінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Негізгі әдебиеттер: [1,3,17,18,22,23].
Қосымша әдебиеттер : [1,2,4,6,8].
Тақырып 6. Интерактивті оқыту әдістері
Оқытудың интерактивті формаларын енгізу – қазіргі жоғары оқу орындарында студенттерді даярлауды жетілдірудің маңызды бағыттарының бірі. Қазіргі кезде негізгі әдістемелік инновациялар интерактивті оқыту әдістерін қолданумен байланысты.
«Интерактивті оқыту» түсінігі 1990-жылдардың ортасында пайда болды. Көптеген ғалымдар Интернет желісінің даму бастамасы және компьютерлік жүйелерді қолдану арқылы оқыту ретінде түсіндіреді. Ал басқалары өзара әрекеттесу қабілеті ретінде қарастырады немесе бір нәрсемен (компьютер) немесе біреумен (адам) диалог режимінде болуы деп түсіндіреді.
«Интерактивті» сөзі ағылшын тілінен шыққан, яғни «interact» аударғанда «i nter» – өзара, ал «act» – әрекет ету дегенді білдіреді. Интерактивті оқыту – бұл танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың арнайы формасы, ол нақты және жобаланатын мақсаттарды түсінеді. Мұндай мақсаттардың бірі студент немесе тыңдаушы өзінің жетістігін, ақыл-ойының жағдайын сезіп, жабдықталған оқу шарттарын құрудан тұрады, ал оқыту процесін өнімді етеді.
Педагогикада оқытудың бірнеше модельдерін ажыратады:
пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролінде алға шығады (қарайды және тыңдайды);
белсендіру (активная) – оқушы оқыту «субъектісі» ретінде алға шығады (өздік жұмыстарын орындау, шығармашылық тапсырмалар);
интерактивті – өзара әрекеттесу. Оқытудың интерактивті моделін қолдану өмірлік жағдайларды модельдеуді, рольдік ойындарды қолдануды, мәселені бірігіп шешуді болжайды. Оқу процесіне қандай да бір қатысушының немесе қандай да бір идеяның басым болуы жіберілмейді. Студент әрекет объектісінен өзара әрекеттесу субъектісіне айналады, ол өзінің жеке жолымен жүріп, оқу процесіне белсенді түрде қатысады.
Интерактивті оқыту әдісі – бұл оқушылардың танымдық және коммуникативтік әрекеттерін ұйымдастырудың арнайы формасы. Интерактивті сабақтарда мұғалімнің орны оқушылардың әрекеттерін сабақтың мақсатына жетуге бағыттау болып табылады. Интерактивті сабақтардың негізін оқушылар орындайтын интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар құрайды. Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың кәдімгілерден айырмашылығы – оларды орындау барысында оқушылар оқыған материалды бекітіп қана қоймай, сонымен бірге өздігінен іздену нәтижесінде жаңа білімдер алады.
Сонымен, оқытудың интерактивті әдістерінің басты ерекшелік белгісі педагог жағынан көмекшілік бағытын қолдап және оқушыларға жағдай жасай отырып, оқу процесіндегі олардың ынта-ықыласы болып табылады.
Негізгі әдебиеттер: [1,3,17,18,22,23].
Қосымша әдебиеттер : [2,4,6,8,10].
Тақырып 7. Жобалау әдісі
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты, әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен-күнге артуда.
Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative learning» – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді.
Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: жобалау технологиясы – оқушылардың жоспарлау және күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі.
Жобалау технологиясы XIX ғасырдың екінші жартысында АҚШ-та ауылшаруашылық мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ болған. Джон Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатрик болды.
Жобалаудың негізгі міндеті – балаларды өмір жағдайында зерттеуге және ізденуге, мәселені шешуге қажетті құралдармен қаруландыру.
Жобалау әдісінің оқыту мақсаттары: «оқушылардың танымдық шығармашылық дағдыларын, өз бетімен білімін жетілдіру іскерлігін, ақпараттық кеңістікте бағдарлай білу іскерлігін, сын тұрғысынан ойлауын дамыту».
Жобалау әдісінің мәні – күтілетін арнайы білімді игеруде мәселеге оқушылардың қызығушылығын ынталандыру және бұл мәселені жобалау әрекеті арқылы шешуін, алынған білімді іс жүзінде қолдана білу іскерлігін, рефлекторлық ойлауын (Джон Дьюи терминологиясында сын тұрғысынан ойлауын) дамыту.
Сонымен, жобалау әдісі оқушылардың болашақта кәсіби істерінің жетістігі үшін қажетті құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс балалардың сабақтан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру формасы болып табылады.
Негізгі әдебиеттер: [1,3,4,5,6,8,23,29,30].
Қосымша әдебиеттер : [2,3,6,4,5,9,10].
Тақырып 8. Оқыту процесіндегі кредиттік технологияның мәні
Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдануына толық жауап береді. Мәселенің маңызын еліміздің Болон үрдісіне қосылғандығымен ғана байланыстыруға болмайды. Бұны сапа мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатындағы білім парадигмаларының алмасуы деп ұққанымыз жөн. Жоғары оқу орнының оықту процесінде кредиттік жүйені еңгізудің негізгі мақсаты жастарға білім беру жұмысын жетілдіру болып табылады. «Кредит» ұғымының ешқандай қаржылық мазмұны жоқ, аталған ұғым жоғарғы оқу орнында оқылатын әрбір пәннің еңбексыйымдылығын мөлшерлеу және студенттің оқу жұмысын өлшеу үшін қолданылады.
«Кредит» ұғымы студенттің оқу жұмысының көлемін анықтайтын өлшем бірлігі дегенді білдіреді. Оқытудың кредиттік жүйесі – студенттің өз бетінше, шығармашылық негізінде білім алуды өз жағдайына бейімдеп оқытатын технология. Сонымен қатар бұл жүйенің дәстүрлі классикалық жүйеден негізгі айырмашылығы: студенттің өз бетінше жұмыс жасау бейімділігін дамытады.
Тьютор – оқу пәндерін оқытушы, практикалық сабақтарды өткізеді, нақты пәндер бойынша кеңестер береді, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырады, семестрлік және курстық жұмыстарға, практиканы ұйымдастыруға жетекшілік жасайды.
Эдвайзер – бұл оқытушы, оқу кеңістігіндегі білім бағдарламасын меңгеру, жекелеме оқытудағы білім траекториясын таңдауда көмек көрсетеді. Сонымен қатар, эдвайзер алдағы өмірдегі карьера туралы мәселелерді шешкенде, атқарылатын жұмыстарының тақырыбын анықтағанда кәсіптіп тәжірибенің базасын анықтағанда кеңес беріп отырады.
Оқу жоспарының ұйымы. Ұйым жұмысының мақсаты – барлық оқу кезеңіне арналған мамандықтар бойынша оқу-жұмыс жоспарларына әзірлемелер жасау.
СОӨЖ жүргізу тәртібі мен өзіндік ерекшеліктері Бірден бір білімді, шығармашыл және тұлғаның кәсіби жинақылығы студенттердің өздік жұмысы болып табылады, онда екі деңгейді айыруға болады: студенттердің оқытушымен бірге өздік жұмыстары мен студенттің өзінің жұмыстары (СӨЖ)
Студенттің оқытушымен бірге өздік жұмыстары дегеніміз кез келген оқу сабағы түрлерінің танымдық мақсатының құрамдас бөлігі. СОӨЖ дегеніміз, оқытушының басқаруымен және бақылауымен студенттің өзі тапсырманы орындап, пысықтауы, тапсырма бойынша оқып білуі қажет. СОӨЖ - бұл дәрістер мен семинар сабақтарымен қоса, студент оқытушының нұсқауымен арнайы әдістемеліктерді басшылыққа алып табады және жетілдіреді, іскерлік пен дағды, практикалық әрекет тәжірибесін жинақтайтын әрекет түрі.
СОӨЖ – бұл ерекше үлгідегі ұйымдасқан, мақсатқа бағытталған оқытушы мен студенттің әрекеті, зерделенген жекелеме-топталған таным белсенділгі жүйелі меңгеру тұлғалық және кәсіби маңызды білім, іскерлік пен дағды, тәсілдерді алу және ұсыну. Сонымен қатар ауыртпалықтың ортасы өздігінен үйренуге тасымалданады.
Негізгі әдебиеттер: [18,19,20,21,22,23].
Қосымша әдебиеттер : [2,4,6,5,8,9,10].
2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
Әдістемелік нұсқаулар: семинарлық сабақтарға дайындалғанда сәйкес лекцияның тезистеріне, негізгі және қосымша әдебиеттерге сүйену керек.
Тақырып 1. Қазіргі педагогикалық технологиялар негіздері
Сұрақнама:
Технология түсінігіне анықтама?
Педагогикалық технология түсінігінің даму тарихы?
Білім беру технология дегеніміз не?
Оқыту технологиясы дегеніміз не?
Педагогикалық технология дегеніміз не?
Аталған мәселені зерттеген педагог-ғалымдадың салыстырмалы көзқарастары?
Педагогикалық технология принциптері?
Тапсырма:
«Техника» мен «технология» ұғымдарының пайда болуына сипаттама беру.
Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8,27].
Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6,11].
Тақырып 2. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері
Сұрақнама:
Дәстүрлі және иннвациялық технологиялардың ерекшеліктері?
Дәстүрлі технологияның артықшылықтар мен кемшіліктері?
Инновациялық технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері?
Дәстүрлі және инновациялық технологиялардың құрылымы?
Тапсырма:
Осы мәселемен шұғылданған ғалымдардың еңбектері бойынша картотека жасау.
Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8].
Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6].
Тақырып 3. Технология мен оқыту әдістемесінің өзара байланысы
Сұрақнама:
Әдістеме дегеніміз не?
Технология мен оқыту әдістемесінің арасындағы өзара байланысты қалай түсінесіз?
Технология мен оқыту әдістемесінің арасындағы айырмашылықтар?
Тапсырма:
Технология мен оқыту әдістемесінің өзара байланысын кесте түрінде көрсет.
Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8,27].
Қосымша әдебиеттер: [1,2,3,4,5,6,11].
Тақырып 4. Ойын арқылы оқыту технологиясы
Сұрақнама:
Ойын технологиясы дегеніміз не?
Дидактикалық ойын технологиясы?
Ойын технологиясының атқаратын қызметтері?
Педагогикалық ойындар және оның жіктелуі?
Ойынды өткізу кезеңдері?
Іскерлік ойын технологиясы және оның оқыту процесінде қолданылуы?
Іскерлік ойын түрлері?
Тапсырма:
Іскерлік ойындарды дайындау барысында жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық принциптер.
Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8,27,31].
Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6,11].
Тақырып 5. Дифференциалды оқыту технологиясы
Сұрақнама:
Дифференциалды оқытудың оқыту процесіне енгізілуінің тарихы, даму кезеңдері?
Дифференциалды оқыту түрлері?
Дифференциалды оқытуды зерттеген педагог-ғалымдар?
Аталған технологияның ерекшеліктері, кемшіліктері, артықшылықтары?
Оқыту және білім берудегі дифференциация дегеніміз не?
Дифференциалды оқыту технологиясына байланысты нормативтік құжаттар?
Тапсырма:
Дифференциалды оқыту технологиясы бойынша сынып оқушыларын топқа бөлу, және әр топқа сипаттама беру.
Негізгі әдебиеттер: [13,14,15,16].
Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6].
Тақырып 6. Қашықтықтан оқыту технологиясы
Сұрақнама:
Қашықтықтан оқыту технологиясы дегеніміз не?
Қашықтықтан оқытуды дамытуға үлес қосқан педагог-ғалымдар?
Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері, кемшіліктері, артықшылықтары?
Қашықтықтан оқыту түрлері?
Қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері?
Дәстүрлі сырттай оқыту мен қашықтықтан оқытудың айырмашылықтары?
Қашықтықтан оқыту кезіндегі оқытушы функциясы,
Қашықтықтан оқыту модельдері?
Тапсырма:
Қашықтықтан оқыту технологиясының енгізілуіне байланысты оның тиімділігін білу мақсатында оқытушыларға арналған тес сұрақтарын құрастыру.
Негізгі әдебиеттер: [17,18,19,20,21].
Қосымша әдебиеттер : [7,8,9,10,11].
Тақырып 7. Модульдік оқыту және оның мәні
Сұрақнама:
Модульдік оқытудың пайда болуының қысқаша тарихи аспектілері?
Модульдік оқытудың мақсаты мен міндеттері?
Модуль дегеніміз не?
Оқу модулінің схемасы және оларға сипаттама?
Модульдік оқыту бойынша мұғалімнің алдын-ала дайындығы қалай жүзеге асады?
Тапсырма:
Бір сабақтың модулін қысқаша, жобалап құрастыру.
Тақырып 8. Оқытудың ақпараттық технологиялары
Сұрақнама:
Ақпарат ұғымынына анықтама беріңіз?
Ақпараттық технология және оның білім беру жүйесіне енгізілуі?
Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз не?
Оқытудың ақпараттық технологиясы дегеніміз не?
Коммуникациялық технология дегеніміз не?
Білім беруді ақпараттандыру мақсаты?
Ақпараттық және коммуникациялық технология құралдары?
Тапсырма:
Негізгі ұғымдарды қолдана отырып, тест құрастыру.
Негізгі әдебиеттер: [1,3,17,18,22,23].
Қосымша әдебиеттер : [1,2,4,6,8].
Тақырып 9. Интерактивті оқыту әдістері
Сұрақнама:
Педагогикадағы оқыту модельдері?
Пассивті оқыту әдістері?
Оқытудың белсенді әдістері?
Интерактивті оқыту әдістері?
Интерактивті сабақтардың формалары?
Оқыту процесінде интерактивті тақтаны қолдану?
Интерактивті тақта түрлері?
Интерактивті тақта не үшін қажет?
Тапсырма:
Оқытудың интерактивті, белсенді, пассивті әдістеріне жан-жақты сипаттама беру.
Негізгі әдебиеттер: [1,3,17,18,22,23].
Қосымша әдебиеттер : [2,4,6,8,10].
Тақырып 10. Оқытудың ынтымақтастық технологиясы
Сұрақнама:
Ынтымақтастық түсінігі?
Ынтымақтастық оқытудың басты идеясы?
«Оқушы-оқушы» жүйесіндегі ынтымақтастық дегенді қалай түсінесіз?
Ынтымақтастық педагогикасы және оның негізгі идеялары?
Ынтымақтастық дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру бойынша жұмыс кезеңдері?
Ата-аналармен ынтымақтасу дегеніміз не?
Мұғалімдермен ынтымақтасу дегеніміз не?
Оқудағы өзара ынтымақтастықтың субъект-субъектілік схемасы?
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары?
Тапсырма:
Ынтымақтастық оқыту әдістеріне сипаттама: топта оқыту (Student Team Learning), ара әдісі (Jigsaw), бірге оқимыз (Learning Together).
Тақырып 11. Жобалау әдісі
Сұрақнама:
Жобалау әдісінің тарихы?
Жобалаудың негізгі міндеті?
Жобалап оқыту дегеніміз не, мақсаты, мәні?
Жобалау типологиясы дегенімізді қалай түсінесіз?
Жобамен жұмыс кезеңдері?
Жобалау әдісінде педагогикалық әрекеттің сипаттамасы?
Жобалау әдісін қолданудағы қиыншылықтар мен шекаралар?
Жоғары оқу орнында жобалау әдісінің қолданылуы?
Жобаны ұйымдастыруға қойылатын талаптар?
Тапсырма:
Жобалау технологиясы бойынша ұйымдастырылған сабақ жоспарын құрастыру.
Негізгі әдебиеттер: [1,3,4,5,6,8,23].
Қосымша әдебиеттер : [2,3,6,4,5,9,10].
Тақырып 12. Оқыту процесіндегі кредиттік технологияның мәні
Сұрақнама:
Кредиттік технологияның Қазақстанның жоғары оқу орныдарына енгізілуінің тарихы?
Шетелдік тәжірибе?
Кредит ұғымы?
Сызықтық (линейный) технология мен кредиттік технологияның айырмашылықтары, кемшіліктері, артықшылықтары?
Кредиттік білім беру жүйесінде оқытушының функциясы,
Студенттік өзіндік жұмысын ұйымдастыру?
Студенттің оқытушымен бірігіп ұйымдастырылған жұмыстарының ұйымдастырылуы?
Тапсырма:
1. Кредиттік технологияға студенттердің бейімделуіне арналған тест құрастыру.
Негізгі әдебиеттер: [18,19,20,21,22,23].
Қосымша әдебиеттер : [2,4,6,5,8,9,10].
2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
Әдістемелік нұсқаулар: СОӨЖ дайындыққа сәйкес лекция тезистеріне, негізгі және қосымша әдебиеттерге сүйену қажет.
Тақырып 1. Қазіргі педагогикалық технологиялар негіздері
Тапсырма 1: „Оқыту технологиясы“, „Білім беру технологиясы“, „Педагогикалық технология“ түсініктеріне шолу жасап, алғышарттарын талдап, салыстырмалы кесте құрастыру.
Тапсырма 2: Оқу-әдістемелік материалдар мәтінінен педагогикалық технологияларға тезаурус құрастыру.
Тапсырма 3: Негізгі әдебиеттер тізімінде №7 мақалаға қысқаша аннотация құрастыру.
Өткізу формасы: Топпен жұмыс. Топ өз араларында екі топқа бөлінеді. Әр топ тапсырма алады. Бір топ екінші топтың жауабын талдайды.
Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8,27].
Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6,11].
Тақырып 2. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологияларының ерекшеліктері
Тапсырма 1: Оқыту, инновациялық технологияларға байланысты глоссарий құру
Өткізу формасы: Дөңгелек үстел. Глосарийді талдау және талқылау.
Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8].
Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6].
Тақырып 3. Технология мен оқыту әдістемесінің өзара байланысы
Тапсырма 1: Технология мен әдістеменің өзара байланысы, кемшіліктері, артықшылықтарына байланысты салыстырмалы кесте құрастыру.
Өткізу формасы: Топ екі топқа бөлініп, кесте бойынша сұрақтар бір-біріне сұрақтар қойып, білімдерін бекітеді.
Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8,27].
Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6,11].
Тақырып 4. Ойын арқылы оқыту технологиясы
Тапсырма 1: «Оқу-тәрбие процесіндегі педагогикалық технологиялар» атты ойын әдістемесі. Мақсатын, құралдарын, мазмұнын, кезеңдерін анықтау. Ойынның барысын талдау.
Өткізу формасы: Іскерлік ойын. Ойынның ережесіне байланысты өткізіледі.
Негізгі әдебиеттер: [3,4,5,6,7,8,27,31].
Қосымша әдебиеттер : [1,2,3,4,5,6,11].
Достарыңызбен бөлісу: |