Әлеуметтік-Гуманитарлық- факультеті



жүктеу 2,59 Mb.
бет4/22
Дата29.01.2018
өлшемі2,59 Mb.
#8014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Құжаттарды топтастыру


Классификация документов
“Құжат” (Документ) – латын тілінде “куәлік”, “дәлелдеу тәсілі” деген мағына береді. Дағдылы қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар: 1) қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы; 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат); 3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар).

Кәсіпорынды басқару – мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу, шешім қабылдап, оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақпараттық процесс болып табылады. Дұрыс шешім қабылдау үшін толық жедел және ақиқат мәліметтер керек болады. Құжат ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс.

Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие, мемлекеттік мұрағат қорының бөлігі болып табылады, сондықтан олар мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылуы тиіс.

Құжаттарды топтастыру – оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.

Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фото, кино, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.

Мазмұнына қарай – ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді.

Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б.

Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс және шығыс) болып бөлінеді.

Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді.

Шығу тегіне қарай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік (атаулы) болып бөлінеді.

Жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия болып бөлінеді.

Заңдылық күшіне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлінеді.

Жасалу сатысына қарай түпнұсқа (бірінші данасы) және көшірме құжаттар болып бөлінеді. Көшірменің өзі отпуск – шығыс құжатының толық көшірмесі, выписка – құжаттың бір бөлігінің көшірмесі және дубликат – құжаттың жоғалғанда берілетін екінші нұсқасы болып бөлінеді.
Мәтінге арналған сөздік

Словарь к тексту

құжат – документ

куәлік - свидетельство

дәлелдеу тәсілі – способ доказательство

деген мағына береді – означает

дағдылы қолданыста – обычном употреблении

негізгі үш мағынасы бар – имеет три основных значения

қандай да бір факті – какой-нибудь факт

не бір нәрсеге деген құқықты – или право на что-нибудь

растайтын – подтверждающая

іс қағазы – деловая бумага

жеке басты ресми түрде куәландыратын - то, что официально удостоверяет

личность предъявителя

төлқұжат – паспорт

бір нәрсе туралы – о чем-нибудь

жазбаша куәлік – письменное свидетельство

ескі грамоталар – древние грамоты

кәсіпорынды басқару – управление предприятием

мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу – получение и обработка информации

шешім қабылдап, оны орындау – принятие решения и его сиполнение

белгілі бір дәрежедегі – в значительной степени

ақпараттық процесс – информационный процесс

дұрыс шешім қабылдау үшін – для выработки верного решения

толық – полная

жедел және ақиқат мәліметтер – оперативня и достоверная информация

керек болады – требуется

құжаттың сапасы – качество документа

кәсіпорынның не ұйымның құжаттары – документы предприятия и организации

белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие – представляют определенную

культурно-историческую ценность

мемлекеттік мұрағат қоры – архивный фонд государства

бөлігі болып табылады – являются частью

мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылуы тиіс – подлежат сдаче в государственные

архивы

ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша – по признакам сходства и



различия

Грамматикалық мәлімет



Шылаулар (союзы) – это служебные слова. Шылаулар в казахском и русском языках употребляются для связи членов предложения. В обоих языках шылаулар самостоятельного лексического значения не имеют и не являются самостоятельными членами предложенгия.

В казахском языке употребляются союзы: мен, пен, бен (и), да, де, та, те, және (и). Например: Асан мен Сара келді (Асан и Сара пришли). Даяна да, Майра да, Болат та келді (И Даяна, и Майра, и Болат пришли).

Демеуліктер (частицы) в казахском и русском языках не могут в роли членов предложения и ни на какие вопросы не отвечают.

В казахском языке для выражения вопроса в предложении употребляются вопросительные частицы ма, ме, ба, бе, па, пе. Например: Үйге кірген Марат па? (В дом зашел Марат?). Майраға айттың ба? (Сказал ли Майре?). Бұл мектеп пе? (Это школа?)


1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
“Құжат” (Документ) – латын тілінде қандай мағына береді? Дағдылы қолданыста құжаттың неше мағынасы бар? Атап беріңіз. Кәсіпорынды басқару қандай процесс болып табылады? Дұрыс шешім қабылдау үшін қандай мәліметтер керек болады? Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары не себепті мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылуы тиіс? Құжаттарды топтастыру дегеніміз не? Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар қалай бөлінеді? Мазмұнына қарай құжаттар қалай бөлінеді? Атауына қарай құжаттар қандай түрлерге бөлінеді? Толтыру орнына қарай құжаттар қалай бөлінеді? Орындалу мерзімі бойынша құжаттар қалай болып бөлінеді? Шығу тегіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді? Жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді? Заңдылық күшіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді? Жасалу сатысына қарай құжаттар қалай болып бөлінеді? Көшірме құжаттар іштей қалай болып бөлінеді?
2-жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ және орыс тілдеріндегі баламаларын сәйкестендіріңіз.

Іс жүргізу

Кәсіпорынды басқару


Ішкі құжаттар

Ұйымның атауы

Жазба құжаттар


Жедел құжат

Қызметтік құжаттар

Жарғы

Құпия құжат

Ресми-жекелік құжат

Заңды тұлға

Жеке тұлға

Ақпарат

Ресми


Юридическое лицо

Информация

Служебные документы

Секретный документ

Наименование организации

Официальный

Управление предприятием

Физическое лицо

официально-личные документы

делопроизводство

письменные документы

устав


внутренние документы

срочный документ



жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау