Актілер
(Акты)
Акт – фактіні, оқиғаны, іс-әрекетті растайтын құжат. Актіні жасауға бірнеше тұлғалар қатысады. Құжаттың бұл түрі әр түрлі жағдайда жасалады және алуан түрлі болады: түгендеу актісі, келісім-шарт бойынша жұмыстарды қабылдау актісі, құжаттарды қабылдау-өткізу актісі, материалдарды есептен шығару актісі, коммерциялық акті, істі жою актісі, материалдық құндылықтарды жою актісі және т.б. Бухгалтерияның қызметкерлері актінің алуан түрін жасайды.
Актіні тұрақты жұмыс істейтін немесе басқару құжатымен басшының нұсқауы бойынша тағайындалған комиссия жасайды. Бухгалтерия қызметкерлері көптеген комиссияларға кіреді, мысалы, түгендеу комиссиясы, есептен шығару, қабылдау, мүлікті өткізу комиссиялары.
Нормативтік құжаттармен белгіленген түрі болмаса, актілер бірыңғай схема бойынша жасалады. Комиссияның мүшелері актіде көрсетілетін мәселелердің мәнін және осы мәселені реттейтін негізгі заңнамалық, нормативтік құжаттарды зерделейді.
Актіде құжатқа қол қоятын тұлғалар белгілеген фактілер ғана көрсетіледі. Актінің жасалған күні мен орны актіленетін оқиғаның күні мен орнына сай болуы тиіс. Актіде «Мәтінге тақырып» деректемесі болуы мүмкін. Мысалы, «Жіберілген тауар-материалдық құндылықтарды түгендеу туралы акті», «Құжаттарды қабылдау-түгендеу актісі» және т.б.
Актінің мәтіні кіріспе және негізгі бөліктен тұрады. Кіріспе бөлікте оны жасаудың негіздемесі көрсетіледі. Бұл фактіге, оқиғаға, іс-әрекетке сілтеме болуы мүмкін. Актінің бұл бөлігінде жаңа жолдан басталатын «негіздеме» деген сөз болуы тиіс. «Негіздеме» деген сөзден кейін қос нүкте қойылады және басқару құжатының атау септігіндегі аты, оның күні, нөмірі және тақырыбы жазылады.
Содан кейін комиссияның құрамы көрсетіледі: төрағаның аты-жөні, комиссия мүшелерінің аты-жөні алфавиттік тәртіппен көрсетіледі. Қажеттігіне қарай, қатысушылардың да аты-жөні жазылады.
Актінің негізгі бөлігінде актіні құрастырушылар жасаған жұмыстардың мәні, мақсаты, міндеттері және оның нәтижелері көрсетіледі. Акт нәтижелері кесте түрінде де жасалады. Нәтижелерді бағалаудан кейін тұжырымдар жасалады және ұсыныстар беріледі. Акт фактілерді нақтылаумен де бітуі мүмкін.
Актіге комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қояды, бұл ретте аты-жөннің алдында лауазымы көрсетілмейді.
Бірқатар актілер үшін (материалдық, қаржылық және басқа маңызды мәселелер бойынша) кәсіпорын басшысының бекітуі, мөр соғуы міндетті болады, олар содан кейін ғана заңдық күшіне ие болады.
Мәтінге арналған сөздік
Словарь к тексту
оқиға – событие
іс-әрекет – действие
растау - подтвердить
актіні жасау – составить акт
бірнеше – несколько
тұлға – лицо
әр түрлі жағдайлар – различные ситуации
түгендеу актісі - акт инвентаризации
келісім-шарт бойынша жұмыстарды қабылдау актісі – акт приема работ по
контракту
құжаттарды қабылдау-өткізу актісі – акт приема-передачи документов
материалдарды есептен шығару актісі – акт списания материалов
коммерциялық акті – коммерческий акт
істі жою актісі – акт уничтожения дел
материалдық құндылықтарды жою актісі – акт списания материальных
ценностей
тұрақты – постоянно
басшы – руководитель
нұсқау – указание
тағайындау – назначить
түгендеу комиссиясы – комиссия по инвентаризации
есептен шығару – списание
қабылдау – принимать
мүлікті өткізу – передача имущества
мәселенің мәні – существо вопроса
реттейтін – регулирубщие
негізгі заңнамалық құжаттар – основные законодательные документы
зерделейді – изучает
белгілеген фактілер – установленные факты
көрсетіледі - отражается
актінің жасалған күні – дата акта
актіленетін – актируемый
сай болуы тиіс – должен соответсвовать
материалдық-тауар құндылықтарын түгендеу туралы акт – акт об инвен-
таризации товарно-материальных ценностей
құжаттарды қабылдау-түгендеу актісі – акт приема-передачи документов
кіріспе бөлік – вводная часть
негіздеме – основание
сілтеме – ссылка
атау септігі – именительный падеж
комиссияның құрамы – состав комиссии
қажеттігіне қарай – при необходимости
кесте түрінде – в виде таблицы
нәтижелерді бағалаудан кейін - после оценки результатов
ұсыныс – рекомендация
нақтылау – констатация
заңдық күшіне ие болады – приобретает юридическую силу
Акт үлгісі
БЕКІТЕМІН
Кәсіпорынның басшысы
______________________
Қолы аты-жөні
00.00.00
Мөр
ІСТІ ТАПСЫРУ-ҚАБЫЛДАУ
АКТІСІ
00.00.00 № Қостанай қаласы
«Атамұра» Ақ-ның жұмыстан босатылатын бас бухгалтері Рахметова Сайран Жұмабекқызы және жаңадан тағайындалған бас бухгалтер Омарова Ләйлә Маратқызы № 0000 бұйрық негізінде, 00.00.00 жағдай бойынша олардың істі тапсыру-қабылдау актісі жасалды.
Тапсыру-қабылдау актісі кәсіпорын директорының орынбасары Темірбаев Дастан Оспанұлының қатысуымен жүргізілді.
Істі тапсыру-қабылдау нәтижесінде:
Бас кітап толығымен «____» _____________ жылғы жағдайларға сәйкес толтырылған. Синтетикалық есеп мәліметтері сараптама есептің тиісті позициялдарымен сәйкес келеді.
2. __________________ шоты бойынша сараптама есептің карточкасы көрсетілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларына арналған ордер журналы көрсетілді, __________________ сараптама есеп бойынша ведомостар мен депоненттерді тіркеу кітабы көрсетілді.
__________________ жылғы бухгалтерлік баланс көрсетілді.
- табыс салығы бойынша;
ҚҚС бойынша;
әлеуметтік салық бойынша __________________ жылғы салық декларациясы көрсетілді.
__________________ жылғы І, ІІ, ІІІ тоқсандардағы тексерулердің актілері көрсетілді.
__________________ жылғы кәсіпорынның жылдық есебін тексерген тәуелсіз аудитордың қорытындысы берілді.
8. Тізімдеме бойынша __________________ іс мұрағатқа өткізілді.
9. Тізімдеме бойынша анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тапсырылды.
Қосымша: 1. Кәсіпорын мұрағаты ісінің тізімдемесі, 5 бет.
2. Анықтамалық-нормативтік әдебиеттер тізімдемесі, 2 бет.
Істі тапсырдым қолы Рахметова С.Ж.
Істі қабылдадым қолы Омарова Л.М.
Істі тапсырып-қабылдап алуға қатысқандар:
Кәсіпорын директорының орынбасары қолы Темірбаев Д.О.
|
Форма акта
УТВЕРЖДАЮ
Руководитель предприятия
Подпись И.О. Фамилия
00.00.00
Печать
АКТ
СДАЧИ-ПРИЕМКИ ДЕЛ
00.00.00 № г. Костанай
Акт составлен увольняющимся главным бухгалтером АО «Атамура» Рахметовой Сайран Жумабековны и вновь назначенным главным бухгалтером Омаровой Ляйлой Мараткызы в том, что на основании приказа от 00.00.00 №____ ими проведена сдача-приемка дел по состоянию на 00.00.00.
Сдача-приемка производилась в присутствии заместителя директора предприятия
Темірбаева Дастана Оспанұлы
В результате сдачи-приемки дел установлено, что:
1. Главная книга полностью заполнена по состоянию на
«____» _________ с г. Данные синтетического учета полностью соответствуют соответствующим позициям аналитического учета.
2. Предъявлены карточки аналитического учета по счетам______________________
3. Предъявлены журналы-ордера за январь-сентябрь текущего года, ведомости аналитического учета по счетам_______________ и книга учета депонентов.
4. Предъявлены бухгалтерские балансы за _____________________ г.
5. Предъявлены налоговые декларации за ______________________ г. по:
подоходному налогу;
НДС;
социальному налогу.
6. Предъявлены акты ревизий за І, ІІ и ІІІ кварталы__________г.
7. Передано заключение независимой аудиторской проверки годовых отчетов предприятия за ____________________________________________________________
8. Передано в архив за __________ в количестве_____ (______) дел по описи.
9. Сдано по описи справочно-нормативная литература.
Приложения: 1. Опись дел архива предприятия на 5 л.
2. Опись справочно-нормативной литературы на 2 л.
Дела сдал ______________________________________________________
подпись И.О. Фамилия
Дела принял____________________________________________________
подпись И.О. Фамилия
При сдаче-приемке дел присутствовал
Заместитель директора
Предприятия ____________________________________________________
подпись И.О. Фамилия
|
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Акт деп қандай құжатты атайды? Актінің қандай түрлерін білесіз? Актіні кім-дер жасайды? Бухгалтерия қызметкерлері қандай комиссияларға кіреді? Актілер қалай жасалады? Актіге қатысты құрылған комиссияның мүшелері нені зерделейді? Актіде қандай деректемелер болуы мүмкін? Актінің кіріспе бөлігінде нелер көрсетіледі? Актінің негізгі бөлігінде нелер көрсетіледі? Актіге кімдер қол қояды?
2-жаттығу. Сөзбен жазыңыз (Запишите словами).
Сан атаулары: 26. 3,2. 5,26. 1956. 2567. 2069. 211.
Уақыт өлшемдерінің көрсеткіштері: 4:50; 16:05; 21:15; 12:35; 9:07; 2:55.
Күн, ай, жыл атаулары: 21.12.2009; 10.01.2006; 26.09.2019; 31.10.2138.
3-жаттығу. Қатесін түзетіңіз (Исправьте ошибки).
Акт – бірмеше лауазымда адамдардің белгілі бір фактіні растап қол қойғаң құжат тұрі. Актіңі жеқе адам толтыруі да мүмкын. Актілер қасіпорннын не оның жеке болымшесінң және жеке лауазімді адамдардің қызметын тексерұ қорытңдысы бойинша, мұлікты не қужатты қабылдау-откізу, объектіні немесе тауар-ақшаліқ бағалі затарды қаблдау кезнде жасаладі.
4-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
В акте отражаются только те факты, которые точно установлены лицами, которые подписывают документ. Обычно ведутся черновые записи, фиксирующие количественные данные. Акты оформляются на общем бланке, если являются внутренними документами фирмы. Если акт является внешним документом, то он должен содержать юридический адрес фирмы.
5-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова).
(Кіріспенің, кіріспеде, кіріспемен, кіріспем) актіні жасауға негіз болған құжат түрі, оның нөмірі, күні (көрсетіліпті, көрсетілсе, көрсетіледі, көрсетілер) Ары қарай лауазымдары көрсетілген комиссия құрамы, сондай-ақ тексеру кезінде болған (адамдарға, адамдардан, адамдардың) тізімі аталады. Белгілеуші бөлігінде комиссия жұмысының мақсат-міндеттері, мәні баяндалып, (айқындалып, айқындамай, айқындалған, айқындау) фактілер ресімделеді. Актінің саны мүдделі жақтарға қажетті (мөлшерсіз, мөлшерде, мөлшерім) жасалып, мәтін соңында көрсетіледі. Акт жасалған соң, комиссия оның (мазмұнымен, мазмұнынан, мазмұнын, мазмұнына) актіде аталған адамдарды қолхат алып таныстырады. Акт әкімшілік тарапынан бекітіліп, басқару (шешімдерге, шешімдерінсіз, шешімдерін, шешімдеріңді) шығару үшін негіз болады.
6-жаттығу. Кестені толтырыңыз (Заполните таблицу).
|
Реттік
|
Жинақтық
|
Топтау
|
Болжалдық
|
6
|
алтыншы
|
|
|
|
2
|
|
|
|
екілерде
|
50
|
|
|
Елу-елуден
|
|
3
|
|
үшеу
|
|
|
20
|
|
|
|
|
15
|
|
|
|
|
100
|
|
|
|
|
7-жаттығу. Кестені толтырыңыз (Заполните таблицу).
|
Шақты
|
Аса
|
Жуық
|
даған, деген,
таған, теген
|
Көптік жалғауы + -да, -де
|
10
|
Он шақты
|
Оннан аса
|
Онға жуық
|
Ондаған
|
Ондарда
|
100
|
|
|
|
|
|
1000
|
|
|
|
|
|
40
|
|
|
|
|
|
8-жаттығу. Септеңіз (Просклоняйте по падежам).
Атау
|
екеуі
|
үшіншісі
|
төрттегі
|
тоғыз
|
оннан алтысы
|
Ілік
|
|
|
|
|
|
Барыс
|
|
|
|
|
|
Табыс
|
|
|
|
|
|
Жатыс
|
|
|
|
|
|
Шығыс
|
|
|
|
|
|
Көмектес
|
|
|
|
|
|
Тест тапсырмалары
Фактіні, оқиғаны, іс-әрекетті растайтын құжат қалай аталады?
А) хаттама
В) шешім
С) акт
D) өкім
Е) жарғы
2. Актінің кіріспе бөлігінде «Негіздеме» деген сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
А) сызықша
В) қос нүкте
С) үтір
D) нүктелі үтір
Е) леп белгісі
3. Реттік сан есімді табыңыз.
А) он алтыншы
В) отыз бес
С) он-оннан
D) қырық жеті
Е) елудей
4. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.
А) он шақты
В) жүз қаралы
С) үш бүтін оннан сегіз
D) бес
Е) алтау
5. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
А) алтау
В) қырық жеті
С) жүз-жүзден
D) төртінші
Е) үштен бір
Достарыңызбен бөлісу: |