(Приказы о приеме на работу)
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық басқару іс-әрекетінен басталады: «ҚАБЫЛДАНСЫН», «ТАҒАЙЫНДАЛСЫН» деген сөздер болу міндетті.
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық бірден бірнеше қызметкерге жасалуы мүмкін. Мұндай бұйрықтар жеке қызметкерге қатысты тармақтардан тұрады.
Бұйрықта күні және «ж/қ» (жеке құрам бойынша) индексінің № немесе «к» (кадр) белгілері көрсетіледі.
Бұйрықтың жобасына кадр қызметінің басшысы немесе қызметкерлермен жұмыс жүргізуге жауапты тұлға бұрыштама қояды. Бұйрыққа кәсіпорынның басшысы қол қояды және ол қызметкерлерге жеткізіледі.
Егер жұмысқа мамандар мен басшылар қабылданатын болса, онда бұйрықта жасалған жеке еңбек шартының талаптарын қамтамасыз ету үшін директордың нұсқауы беріледі.
Осындай бұйрықтар тағайындалатын қызметкерге қол қоюға жіберіледі, ал көшірмесін кәсіпорынның барлық қызметкерлері танысу үшін хабарландыру тақтасына ілінеді.
Мәтінге арналған сөздік
Словарь к тексту
жұмысқа қабылдау туралы бұйрық – приказ о приеме на работу
басқару іс-әрекетінен – распорядительные действия
қабылдансын – принять
тағайындалсын – назначить
бірнеше қызметкерге – на нескольких сотрудников
жасалуы мүмкін – могут быть составлены
мұндай бұйрықтар – такие приказы
жеке қызметкер – отдельный работник
қатысты – касается
тармақтардан тұрады – стоят из пунктов
күні – дата
«ж/қ» (жеке құрам бойынша) – «л/с» (по личному составу)
көрсетіледі – указываются
бұйрықтың жобасы – проект приказа
кадр қызметінің басшысы – руководитель кадровой службы
қызметкерлермен жұмыс жүргізуге жауапты тұлға – ответственный за работу с персоналом
бұрыштама – виза
кәсіпорынның басшысы – руководитель предприятия
қызметкерлерге жеткізіледі – доводится до сведения работника
егер – если
мамандар – специалисты
онда – то
жеке еңбек шарты – индивидуальный трудовой договор
талап – требование
қамтамасыз ету үшін – для обеспечения
директордың нұсқауы беріледі – даются указания директора
тағайындалатын қызметкер - назначенный работник
көшірме - копия
танысу үшін – для ознакомления
хабарландыру тақтасына ілінеді – вывешивается на доске объявлений
1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз (Ответьте на вопросы).
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық неден басталады? Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта қандай сөздер болуы тиіс? Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық неше қызметкерге жасалуы мүмкін? Бірден бірнеше қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар қандай тармақтардан тұрады? Бұйрықта қандай белгілер көрсетіледі? Бұйрықтың жобасына бұрыштаманы кімдер қояды? Бұйрыққа кім қол қояды? Егер жұмысқа мамандар мен басшылар қабылданатын болса, онда кімнің нұсқауы беріледі? Бұл нұсқау нені қамтамасыз ету үшін беріледі? Бұйрықтардың көшірмесі не үшін хабарландыру тақтасына ілінеді?
2-жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ және орыс тілдеріндегі баламасын есте сақтаңыз, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз (Запомните эквиваленты слов и словосочетаний в русском и казахском языках, составьте с ними предложения).
Приказы по личному составу (Жеке құрам бойынша бұйрықтар), прием на работу (жұмысқа қабылдау), перемещение по службе (қызметі бойынша ауыстыру), увольнение (жұмыстан босату), предоставление отпусков (демалыс беру), поощрение (мадақтау), наказание (жазалау), приказы по основной деятельности (негізгі қызметке қатысты бұйрықтар), разновидности приказов (бұйрық түрлері), оформляются на одинаковых бланках (біркелкі бланкілерде толтырылады), загаловка к тексту (мәтін тақырыбы), о приеме на работу (жұмысқа қабылдау туралы), о переводе на другую работу (басқа жұмысқа ауыстыру туралы), об увольнении (жұмыстан босату туралы), приказываю (бұйырамын), распорядительные действия (нұсқаулық әрекеттер), принять (қабылдансын), назначить (тағайындалсын), перевести (ауыстырылсын), уволить (босатылсын), командировать (іссапарға шықсын).
3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Переведите на казахский язык).
Приказами по личному составу оформляются прием, перемещение по службе, увольнение, предоставление отпусков, поощрения и наказания. Такие приказы оформляются и ведутся отдельно от приказов по основной деятельности. Вместе с тем обе разновидности приказов оформляются на одинаковых бланках.
В загаловке к тексту приказов по персоналу используются такие формулировки: о приеме на работу; о переводе на другую работу; об увольнении; о предоставлении отпуска и т.п.
Тексты большинства приказов не имеют констатирующей части и глагола “ПРИКАЗЫВАЮ”, как это принято в приказах по основной деятельности. Поэтому кадровые приказы начинаются со слов, обозначающих распорядительные действия: ПРИНЯТЬ; НАЗНАЧИТЬ; ПЕРЕВЕСТИ; УВОЛИТЬ; ПРЕДОСТАВИТЬ ОТПУСК; КОМАНДИРОВАТЬ и т.п.
4-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз (Разбейте слова и определите количество предложений).
Жекеқұрамбойыншабұйрықтардыңжайжәнекүрделітүрлеріболадыжекебұйрықтардабірқызметкертуралыақпаратберіледікүрделібұйрықтардаәртүрлібасқарушылықәрекеттеркөріністабуымүмкінжекеқұрамғақатыстыбұйрықтардыңәртармағыеңбектуралызаңдарғасәйкесболуыкерек.
5-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Бұйрықтың әр тармағы Еңбек туралы Заң (Кодекстегі, Кодексін, Кодексінің, Кодексімен) талаптарына сәйкес (болуым, болуың, болуы, болмауы) керек. Мадақтау мен жазалау туралы бұйрықтар бөлек (толтырылыпты, толытырылса, толтырылады, толтырады). Бұйрықта берілген тармақтың күшіне ену (мерзімін, мерзіміндегі, мерзімімен, мерзімі, мерзімде) көрсетіледі. (Жұмыспен, Жұмысқа, Жұмыстан, Жұмыстың) қабылдауда белгіленген еңбек ақы көлемі міндетті (түрмен, түрден, түрде, түрге) көрсетіледі.
6-жаттығу. Берілген нәтижелі өткен шақ етістіктерден субъективті өткен шақ жасаңыз (Трансформируйте глаголы в форме результативного прошедшего времени в форму прошедшего субъективного времени).
Үлгі: Бұйрық шығарылған – Бұйрық шығарылыпты
Жұмысқа қабылданған. Іссапардан келген. Бұйрықпен танысқан. Басқа қызметке ауыстырылған. Міндеттері белгіленген. Мемлекеттік тілді меңгерген. Қызметтен босатылған. Бас маман болып тағайындалған. Іс тәжірибесінен өткен.
7-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз (Переведите на русский язык).
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық бірден бірнеше қызметкерге жасалуы мүмкін. Мұндай бұйрықтар жеке қызметкерге қатысты тармақтардан тұрады.
Бұйрықта күні және «ж/қ» (жеке құрам бойынша) индексінің № немесе «к» (кадр) белгілері көрсетіледі.
Бұйрықтың жобасына кадр қызметінің басшысы немесе қызметкерлермен жұмыс жүргізуге жауапты тұлға бұрыштама қояды. Бұйрыққа кәсіпорынның басшысы қол қояды және ол қызметкерлерге жеткізіледі.
Егер жұмысқа мамандар мен басшылар қабылданатын болса, онда бұйрықта жасалған жеке еңбек шартының талаптарын қамтамасыз ету үшін директордың нұсқауы беріледі.
Осындай бұйрықтар тағайындалатын қызметкерге қол қоюға жіберіледі, ал көшірмесін кәсіпорынның барлық қызметкерлері танысу үшін хабарландыру тақтасына ілінеді.
Тест тапсырмалары:
1. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта қандай сөз болуы тиіс?
А) ҚАБЫЛДАНСЫН
В) ЖҰМЫС ІСТЕМЕСІН
С) БОСАТЫЛСЫН
D) ЖҰМЫС ІСТЕСІН
Е) ОРЫНДАЛСЫН
2. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта кездесетін «ж/қ» белгісінің мағынасын анықтаңыз.
А) жеке құжат
В) жеке құрам
С) жұмысқа қабылдау
D) жұмыс құжаты
Е) жазылған қаулы
3. Бұйрықтың жобасына кадр қызметінің басшысы немесе қызметкерлермен жұмыс жүргізуге жауапты тұлға не қояды?
А) қол
В) бұрыштама
С) мөр
D) белгі
Е) тыныс белгісі
4. Субъективті өткен шақта тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
А) бұйрық шығарыпсыз
В) бұйрық шығарамын
С) бұйрық шығарды
D) бұйрық шығарған
Е) бұйрық шығарар
5. «Мені жұмысқа алу туралы бұйрық жақында шығып қалар» деген сөйлемнің баяндауышы қай шақта тұр?
А) Субъективті өткен шақ
В) Болжалды келер шақ
С) Нәтижелі өткен шақ
D) Нақты осы шақ
Е) Ауыспалы келер шақ
№23-сабақ
Достарыңызбен бөлісу: |