Әлеуметтік экономикалық жоспарлау


Болжау және жоспарлау органдары, олардың қызметтері мен міндеттері



жүктеу 441,5 Kb.
бет5/6
Дата24.11.2018
өлшемі441,5 Kb.
#24521
1   2   3   4   5   6

Болжау және жоспарлау органдары, олардың қызметтері мен міндеттері

Макро деңгейде, салалар, аймақтар, кәсіпорындар мен ұйымдар деңгейіндегі міндетті болжам мен жоспарлаудың үрдісі арнайы органдармен жүргізіледі, олардың құрамына орталық басқару органдары, сәйкес министрліктер мен ведомстволар, атқарушылық комитеттермен, кәсіпорындар мен ұйымдардың басқару органдары жатады.


Ортаңғы экономикалық органдарына жатады

Қазақстан республикасының экономикалық дамуы және сауда министрлігі (бұдан былай – Министірлік) – ережеге сәйкес министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шегінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық үйлестіруді, сондай-ақ осы бағыттардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырушы орталық атқарушы орган болып табылады.



Министірлік құрамына – сауда комитеті кіреді

Мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша сұранысты өндірудегі Министрлігінің негізгі амалдары келесідей орталарда жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тәсілдерін қалыптастыру және стратегиялық тұрғыдан жоспарлау;

2) аймақтық даму;

3) халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар, және де халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу;

4) сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту;

5) ішкі сауда қызметін реттеу және дамыту;

6) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;

7) инвестициялар және мемлекеттік–жеке әріптестік;

8) экономика секторларындағы мемлекеттік активтермен басқару;

9) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;

10) мобилизация және мобильды дайындау.

Министірлік өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдары, Президент және Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерімен, Конституциямен және басқа да нормативтік құқықтық актілерга сай жүзеге асырады. Министірлік іске асырылатын заңнамамен сәйкес өзіне жүктеген амалдармен бірге келесідей қызметтерді атқарады:

1) ҚР дамуының Стратегиялық жоспарын іске асыруды жасау, түзету, бақылау және бағалау;

2) тізбектелген мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыру;

3) мемлекеттік бағдарламалар мен аймақтың даму бағдарлама- ларымен келісу, бақылау және бағалау;

4) салалық бағдарламалардың іске асырылуын келісу және бақылау;

5) стратегиялық жоспарлардың жобасы (стратегиялық жоспарларға енгізілген өзгертулер мен қосымшарлар жобасы) мен орталықтандырылған мемлекеттік органдардың келісілуі;

6) облыстық бюджеттен, мемлекеттік мағынасы бар қалалардың бюджетінен өз тарапындағы астанадан қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлардың жобасы (стратегиялық жоспарларға енгізілген өзгертулер мен қосымшарлар жобасы) келісуі;

7) қазақстанның бәсекелестік деңгейін жоғарылату бойынша мемлекеттік органдардың қызметін координациялау;

8) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жандандыру бойынша сұраныстарын жасау;

9) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қызмет етуін қамту әдістемесі;

10) республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам жасау;

11) республиканың макроэкономикалық көрсеткіштеріне бақылау және талдау жасау;

12) барлауды, өндiруді, пайдалы қазбаларды немесе құрылысты және жер асты құрылғыларын эксплуатация жасауда аралас барлау және өндеуді жүргізудегі жобаларға экономикалық сараптама жүргізу;

13) Министрліктің құзырлы шектерінде аймақтық даму аясындағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасау;

14) мемлекеттің аймақтық-кеністіктік дамуының болжамдық схемасын жасау, түзету, бақылау және бағалауды іске асыру;

15) ортақ сипаттағы трансферлерді есептеу әдістемесін жасау;

16) мемлекеттік бюджет пен облыстық бюджет және мемлекеттік маңызы бар қалалар бюджетінің арасындағы ортақ сипаттағы трансферлердің көлемі жайында Қазақстан Республикасының Заң жобасын жасау.

Салалық болжау мене жоспарлау сәйкес министрліктер мен ведомстолармен жүзеге асырылады. Оларға индустрия және жаңа технологиялар Мнистрлігі, ауыл шаруашылық Министрлігі, мұнай және газ Министрлігі, көлік және коммуникация Министрліктері және т.б. жатады. Әр министрліктің құрамында жоспарлы-экономикалық басқарушылық қызмет етеді.

Қазіргі заман шарттарында министрліктердің қызметі түбегейлі өзгерген. Директивтік жоспарлау жағдайларында олар олар қарасты шаруашылықтардың ағымдағы даму жоспарлары мен перспективтік жоспарларын құрастыратын, кәсіпорындағы жоспарларды жасауды ұйымдастыратын, және олардың орындалуын қадағалап отыратын. Нарықтық қатынастарға көшу кезенінде олардың негізгі қызметтері келесідей болмақ:

- салалардың дамуының жоспар-болжамдарын жасау, алғы шарттарын анықтап оларды іске асыру бойынша шаралар қолдану;

- өндірісті реттеу;

- нарықты кешенді зерттеу;

- әдістемелік нұсқаулықтар мен мақсатты бағдарламаларды жасау;

- мемлекеттік маңыздылығы бар өндірістік-техникалық тұрғыдаға өнімді және халық тұтынатын тауарларды жеткізуге тапсырыс жасау және оларды кәсіпорындарға тарату, сонымен қатар осы үрдісті қадағалап отыру;

- өндірістің қайта монополизациялануы, бәсекелестікті дамыту, меншікті приватизациялау және мемлекеттік меншікке алу, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту бойынша шаралар қолдану;

- өнімнің сапасы мен бәсекелестікке жарамдығын жоғарылатуға, халықтық сұранысқа ие тауарлардың саның кеңейтуге, өнеркәсіптің ресурстық және энергия сыйымдылығының төментетуге бағытталған инвестициялық және ғылыми-техникалық саясатты іске асыру.



Жоспарлау мен басқарудың аймақтық органдары аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешеді. Облыстың, ауданның, қалалардың жоспарлау органдары аймақтық ерекшеліктерін ескере отыра жоспар-болжамдар жасайды, ол аймақтардың потенциалын жақсы пайдалануға және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Олардың негізгі амалдары келесідей:

- әр аймақтың ішкі потенциалды максималды түрде қолдану;

- әлеуметтік қауіпсіздік шегіндегі ірі қалалардағы жұмыссыздықтың кідіруі;

- өмір сүруге қажетті негізгі жүйелердің жұмыс істеуіне жағдай жасау.

Басқару және жоспарлаудың аймақтық органдарының маңызды қызметтері болып келесілер табылады:

- әр түрлі уақыт аспектісіндегі аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуының болжамдары мен жоспарларын жасау;

- тұрғын үй және эксперттік потенциалдың дамуын қамтамасыз ететін сала аралық аймақтық кешендерді қалыптастыру;

- меншік және шаруашылықтың әр түрлі үлгілерін дамыту;

- аймақтардың экономиккасының оптималдық құрылымын қалыптастыру;

- аймақтағы нарықтық инфра құрылымды дамыту және кәсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай жасау бойынша шараларқолдану.



Шаруашылықтық субъектілердің жоспарлы органдары стратегияны анықтайды, олардың өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарлары мен болжамдарын жасайды. Қазіргі заман шарттарында кәсіпорындар нарықты зерттеуге, өнімге және қызметтерге деген сұранысты болжауға аса көп көңіл бөлу керек. Кәсіпорындардың өндірістік бағдарламалары мемлекеттік қажеттілікке деген өнісге сұраныс, тапсырыс пен оны жеткізу есебінде қалыптасады. Жоспарлаудың негізгі амалдары, олар кәсіпорын қызметінің әсерлі бағыттарын анықтау, өнімнің бәсекелестігін жоғарылату және жоғары жетістіктерге жету болып табылады.

6 Индикативтік жоспарлау – экономикны дамытудың стратегиялық құралы
Директивтік жоспарлаудан бас тартып, нарықтық қатынастарға өту халық шаруашылығының бүкіл механизмінің әрекеттерін үйлестірудің жаңа нысандарын талап етеді. Мұнда мемлекеттік экономиканы басқарудағы шаралар, жеке бизнеспен, қожалық етуші субъектілермен өзара қарым-қатынас демократиялық принциптер негізінде индикативтік, ұсыным түріндегі жоспарлау арқылы құрылады.

Индикативтік жоспарлау үрдісінде мемлекет бүкіл халықтың, ұлттың және елдің барлық аймақтарының сұранысын ескере отырып, экономикалық даму туралы әр түрлі бағдарламалар, жоспарлар жасайды. Онда шаруашылықтың ресурстармен толық қамтылған негізгі бағыттары мен көрсеткіштері нақтылы анықталады және солар арқылы барлық кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып, олардың қоғамның стратегиялық даму жоспарларын орындауға ынталылығын арттыру көзделеді.

Қазақстан Республикасының индикативтік даму жоспары негізгі мақсаттары – шикізат бағытынан біртіндеп арылуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық конъюктурасы, инвестиция не басқа шаралардың қожалық етуші субъектілердің экономикалық тетігіне әсер етуі, бюджеттік жүйеге мемлекет ұсынған бағыттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру, мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштерді нарық субъектілеріне ұсыну, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады . Бұл көрсеткіштер субъектілерге өз шаруашылық әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін, тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәселелеріне бейімдеу (бағдар беру).

Индикативтік жоспарды қалыптастыру кері байланыс принципімен жүзеге асады:

- үкімет экономикалық саясаттың бас стратегиясы мен негізгі бағыттарын жасайды, макроэкономикалық көрсеткіштер түрінде индикаторлар құрамын нақтылайды, олар келешекте субъектілердің шаруашылық әрекеттерін дамытуда есепке алынады; өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің талап-тілектері мен көрсеткіштері республиканың (облыс, аудан) әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарын жасауда ескеріледі.

Индикативтік жоспарлар жүйесіне стратегиялық (ұзақ мерзімді), тактикалық (орта мерзімді) және ағымдық (бір жылға дейінгі) жоспарлар кіреді.

Қазақстан Республикасында индикативтік жоспар алғаш рет экономиканы тұрақтандыру, дағдарысқа қарсы жедел шаралар қолдану мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету Бағдарламасына сәйкес жасалды (1994–1996 жж.). Бұған дейінгі қолданылып келген директивтік жоспарлаудан индикативтік жоспарлаудың басты ерекшелігі – оның нұсқау беруші, бағыттаушы сипатында .

Орта мерзімді (5 жылға дейінгі) индикативтік жоспарлар Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары тұжырымдамасына сәйкес жасалады. Онда мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі тактикалық мақсаттары мен бағыттары және оларға жетуде мемлекеттің ықпал ету жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттің, кәсіпорындардың және халықтың жоспарланған мерзімге шамамен бөлінетін ресурс мүмкіндіктері анықталады.



Мысалы, 1996–2000 жылдарға арналған экономикалық дамудың негізгі мақсаты экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету және осы тұрғыда халықтың әл-ауқатын көтеру болып табылады. Бірінші кезеңде – 1996–1998 жылдары республикада өндірістің құлдырау процесін тоқтату және оны тұрақтандыру мүмкіндіктері, екінші кезеңде – 1999–2000 жылдары өндірістің тұрақты өсуін және халықтың тұрмыс дәрежесін қалпына келтіру көзделеді. Орта мерзімге арналған жоспар ұзақ мерзімге арналған жоспарлардағы параметрлерді нақтылап, берілген уақыт кезеңінің мақсаты мен міндетіне жету шараларын анықтайды. Ол кең көлемдегі көрсеткіштер деңгейінде жасалып, шаруашылық салаларына бағдар мен ұсыныс ретінде қызмет етеді.

Орта мерзімді жоспар жасау барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың өз кезеңіне сай, стратегиялық-тактикалық мақсат-мүддені іске асыруға бағытталған экономикалық реттеушілер жүйесі анықталады.

Индикативтік жоспарды іске асырудың тиімді тәсілдерінің бірі-бұл бір аумақта орналасқан және түпкі өнім өндіру шеңдерінде өзара технологиялық байланысқа ие болған кәсіпорындардың интеграциялануы мен кооперациялануы [1].

Әлеуметтік-экономикалық дамудың әр түрлі бағыттары бойынша стратегиялық мәні бар және мемлекеттің қуатты әсерін талап ететін жоспарлар жасағанда, оны қалыптастыруда және орындауда қатаң талаптар жоққа шығарылмайды. Олар әсіресе ұлттық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты кез келген индикативтік жоспар мына бөлімдерді қамтиды: тұжырымдамалық бөлім (әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасы), болжау бөлімі (әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) және жоспарлы реттеуші бөлім (экономикалық реттеушілер жүйесі мен мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламалар). Мұнда алғашқы екеуі ұсыныс сипатында, ал үшіншісі – міндетті талап болып табылады.

Қазақстан Республикасының болашақ он жылдыққа (2001 – 2010 жж.) арналған ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары жасалып, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша нақтылы міндеттер мен басымдықтар анықталған.

Атап айтқанда, 2010 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуда мынандай негізгі мақсаттар алға қойылады:

- жекелеген секторларда орнықты әрі басқалармен бәсекелесе алатындай экономика қалыптастыруды жалғастыру;

- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) көлемін кем дегенде екі есеге көбейту;

- экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың үлесін арттыруға қол жеткізу;

- халықтың әл-ауқатын анағұрлым арттыру.

Бұл міндеттерді орындау шартты түрде үш кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар – экономиканың жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ету және еліміздегі халықтың тұрмыс деңгейін арттыру көзделеді.

Екінші кезең ұзақ мерзімді мақсаттарға – экономика мен халықтың тұрмыс деңгейі құрылымдарына сапалық өзгерістер енгізуге бағытталады.

Үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық мақсаттар – елімізде экономиканың, әлеуметтік саланың және экологиялық жағдайдың тұрақты дамуға көшуі белгіленеді

Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалық бағыттарын анықтау арқылы оның бәсекелестік мүмкіндіктерін арттырады. Сонымен қатар ол әрбір министрліктер мен ведомстволардың, ұлттық компаниялардың, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының стратегиялық жоспарларының базасы болып табылады.
7 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын шетелдік тәжірибесі
Басқа елдердегі жоспарлау тәжірибесін біздің әлеуметтік-экономикалық жағдапымызға өзгертпей көшіріп алу мүмкін емес. Бұл келесі объективті сипаттағы себептерге байланысты:

1) Республика басқа елдерден саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-демографиялык, этно-мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленеді;

2) қазіргі Қазақстан жағдаиында біз ұлттык экономиканы кұру процесіндеміз және де әлемдік экономикалық тарихта әкімшілік-жоспарлык шаруашьшықтан нарықтық экономикага өткен бізге ұқсас бір ел жоқ;

3) басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгілі бір себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі және "революциялык" көрініс табады, ал нарыктык экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардьщ эволюциялык даму "нәтижесі" болып табылады.

Бірақ та шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау кажеттігі келесі жагдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің кағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылыктарын аныктау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін "түйістіруге" мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік шаруашылык процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік-экономикалык процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатьш қорытынды – көптеген алдынғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекетгік реттеудің негізгі кұралдары ретінде халык шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылыктарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады.

Осыған байланысты, шет елдердің жоспарды жасау және колдану тәжірибесін зерттеу өте манызды. Өнеркәсібі дамыған елдерде (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Қытай) индикативті жоспарлау – нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуші тәсілінің бірі болып жоғары нәтижесін дәлелдеді және осы елдердің тәжірибесі белгілі бір кызығушылық туғызады.

Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың саларалық қағидасы қолданылды. Францияда дайындалған саларалык бағдарламалар барлык шешуші экономикалык салаларды қамтиді және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл аткарады. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарыктық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады. Францияда ағымды, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылдық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді, бұл кызметті Жоспарлау бойынша Комиссириат жүргізеді.

Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймактардьн үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылык жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейінің функциялары ажыратылған (коммуналдар, департаменттер және аймақтар). Ал департамент құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде күкықтык және ұйымдастырушылык тәуелсіздігі жоқ.

Халық шаруашылығында аймактық мәселелер мен оларды салалық экономикамен үйлесімді байланыстыруға Швециянын, Англияның, Германияның және де баска дамыған нарықтық жуйедегі елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған. Бұл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары езінің әлеуметгік-экономикалык саясатын жүргізе отырып жалпы мемлекеттік және макроэкономикалык мақсатқа жету.

Көптеген елдердің жоспарлау тәжірибесін қорытындылай келіп американдық маркетинг маманы Мелвилл Бранч маркетинг кызметін жетілдірудің бірнеше колайлы жақтарын бөледі. Соның ішінде жоспарлау:

1) басшылардың үнемі болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкіндік береді;

2) мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қолданылатын шараларды үйлестіреді;

3) көрсеткіштерді анықтау және олардың орындалуын қадағалауга жол ашады;

4) алдагы мәселелердің және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етеді;

5) шұғыл өзгерістерге дайындықты күшейтеді;

6) барлык кызметкерлердің міндеттерінің өзара байланыста. қарым-қатынаста екенін көрсетеді.

Аталған пунктерден ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші және алтыншыны айтуға болады, өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді немесе өте аз колданылады.

Қарастырылып отырған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің экономикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі каржы-бюджет ресурстарын пайдалану және салық жинау механизмі болып табылады. Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады, біріншіден, бюджеттік қаржымен каржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халык шаруашылыгының басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстын үлесі 50 пайыздан жоғары, ал Францияда 50 пайыз шамасында.

Екіншіден, кұрылымдык-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салык салу механизмі үлкен ролді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің кызығушылығын артгыруға болады, өйткені олар өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. Ол деген импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару.

Үшіншіден, мемлекет әлеуметтік және ғылым салаларына шығындарын азайтпауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандыра алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбүр болдаы және бұл жерде екінші шығын бірінші шығыннан өте үлкен болады.

Австрия, Италия, Франция үкіметтерінін баға деңгейін реттеу АҚШ елімен салыстырғанда өте қатал тәртіппен және арнаулы экономиканы баскару органдармен жүзеге асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттік баға реттеу қызметтері бәсекелестік Кеңес арқылы жүргізіледі және халык шаруашылығындағы бағаның бестен бір бөлігін қамтиді.

Мемлекеттік баға реттеудің басты объектісі ауыл шаруашылық өндірісі болып табылатынын бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Ғылыми талдау шаруашылык өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрстетеді. Біріншіден, ол табиғи-климаттык жағдайға байланысты. Бұл тәуелділік фермердің және аграрлы сектор субъектісінің табиғи-климаттык фактордың қолайсыз жағдайда да табыс пен пайда табуын объективті және өзекті проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны мемлекеттің реттеуі және сол механизмдер аркылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің арқылы ынталандыру.

Екіншіден, тұрғыидардың тамақ өнімдеріне кажеттілігін уақытында қамтамасыз етілуіне ауыл шаруашылықөнімдерін табиғи өңделген түрлеріне негізгі көңіл белінеді. Әлеуметтік түрдегі міндеттерді шешуде және тұрғындардың емірін қамтамасыз етуден ауыл шаруашылык өнімдеріне бага кұру процессіне негізгі мемлекеттік баскару органдары шеттеп түра алмайды. Осындай объективті араласу әр түрлі басымды механизмдерде әкімшілік, экономикалық, тікелей, жанама, құкыктык және аймактық реттеуде орын алады. Олар көбінесе әр елдің әлеуметтік-шаруашылық, құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты.

Қытай Халык Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір кызығушылық туғызады. Қытайдағы экономикалық реформалардьң стратегиясы ұйымдық аспектіде болғанмен "ауылдан қалаға" деген қагидаға негізделініп ерекшелінеді. Көптеген экономикалық реформаларды бастан кешірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудін күшті кұралдарын (директивтік жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, "ғылым-өндіріс" циклін жоспарлау, несие-салық және баға саясатын жүйемен жүргізу) колданды. Сол сиякты нәтижелер бір катар Онтістік Шығыс Азия елдерінде - Жапонияда, Тайландта байқалады.

Қытай экономисті Цзииьвэнь Лидің айтуынша: "Қытайда макроэкономикалық жоспарлаудың негізін жекеменшік және мемлекеттік секторларынын тіркестігі кұрайды, соның ішінде мемлекеттік секторы – басымды. Мемлекеттік мекемелер экономикалык дербестікте жұмыс істегендіктен, Қытайда жоспарлау директивтік емес. индикативтік". Қытайда қазіргі жоспарлау жүйесі, бірынғай жалпы мемлкеттік жоспарлауында, көпдеңгейлі басқару принципіне сәйкес құрылады.

Экономиканың өзекті мәселелері мемлекеттің қатысуымен шешіледі. Оған төмеңдегілер жатады:

1) экономикалық және әлеуметтік даму қарқыны, бағыттары және мақсаттары;

2) өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру;

3) күрделі қаржы бөлудің негізгі пропорциялары, мөлшері және оларды үйлестіру;

4) негізгі өндіріс объектілерінің құрылысы;

5) өндірістік күшті үйлестіру;

6) халықтың материалдык және рухани тұрмысын көтеру;

7) мемлекеттік бюджет, несие қаржыларының түсуі және шығыны, акша эмиссиясы;

8) валюта кірісініңтепе-теңдігі және шетел капиталын пайдалану;

9) стратегиялық тауарларды және материалдық ресурстарды сатып алу және үйлестіру;

10) сыртқы сауда тауар айналымы және экспорт бағасы;

11) ғылым және техника жетістіктерін зерттеу және енгізу;

12) білім беру, денсаулык сақтау және әлеуметтік саланын баска да салаларын дамыту;

13) экономика және техника саясатының негізгі бағыттары;

14) негізігі тауарлардың бағасы.

Қытайда аумак және сала дамуының жоспарлары, мемлекеттік жоспардың негізігі элементі болып табылады. Мемлекет қоғамдык өндіріс және қоғамдық тұтынудың комплекстік тепе-теңдігін камтиді.

Жалпы ұлттық экономикаға қатысты сұрақтарды шешу бойынша негізгі құкык мемлекет қолында шоғырланған және олар керекті материалдық және қаржы ресурстарымен қамтылған. Бұл шешімдер орталык органдардың саясатын айкындайды. Бұл Қытайдық жоспарлау жүйесінің негізгі аііырмашылығы болып табылады. Қытай мамандары, осындай жоспарлау жүйесін экономика дамуының барлық кезеңдерінде колдану қажетдеп есептейді.

Сонымен қатар, қазіргі заманға сай, жоспарлау жүйесіне келесі талаптар қойылады:

- орталыктырылған басшылықты күшейту қажет;

- ұлттык экономикасының тепе-теңдігін қамту бойынша жұмысты жақсарту;

- мекемелерді әр-түрлі деңгенлі жоспарлау дербестігімен камту;

- мекемелердің шаруашылық қызметі мемлекеттік жоспарға кіру қажет, немесе нарық өзгерістеріне сәйкес реттеу қажет.

Қытай экономистері жоспарлаудың үш формасын колданады:

1) жалпы ұлтык экономикаға қатысты міндеттер мемлекетпен орталықтырыларын жағдайда орнатылады. Мемлекеттік органдар сол бойынша директивтік жоспар жасайды, ол мекемелерге орындалу үшін жіберіледі. Директивтік жоспардың көрсеткіштері екі түрге бөлінеді: орындалуға міндетті және лимиттер;

2) Ұлтық экономикага маңызды міндеттер, әр-түрлі деңгейдегі халыктық үкіметтермен немесе жоспарлау органдарымен бағыттауыш жоспар ретінде орнатылады;

3) Ұлтық экономикаға жалпы болмайтын міндеттер, мемлекеттік жоспарда қарастырылмайды. Мекемелер, өздерінің және нарықтын нақты жағдайына сәйкес, өз бетінше жоспар жасайды.

Қытайда индикативтік жоспарлау әр-түрлі деңгейден және мерзімнен құралатын бір тұтас жүйе-ұзақ мерзімді (10–20 жыл), орта мерзіміді (5 жыл) және жылдык.

Ұзақ мерзіміді жоспарлау - экономика, ғылым, техника және әлеуметтік саланың даму стратегиясын айқындайтын бағдарламалык құжат. Оның негізгі міндеті – ғылыми болжамдарға және экономикалык дамудың қаркыньша сәйкес – экономика саясатын кұру.

Жалпы жоспарлау жүйесінде – ұзақ мерзімді жоспарлау жетекші орын алады. Оны Қытай экономистері келесі себептермен түсіндіреді:

1) Ұзақ мерзімді жоспар ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін толык пайдалануға мүмкіндік береді;

2) Ұзақ мерзімді жоспар - өндірістің технологиялық, аумақтык және өндірістік жүйесін жетілдіруге мумкіндік береді.

Орта мерзімді жоспар – ұзақ мерзіміді және жылдық жоспардың байланысты тобы және онда ұзақ мерзімді стратегия міндеттері анықталады.

Орта мерзімді (5 жылдық) жоспарда келесі мәселелер орын алады:

1) экономика дамуының қарқыны;

2) экономикада қалыптасқан негізгі пропорциялар;

3) ұллтық экономика дамуының негізгі көрсеткіштері;

4) ғылыми-технпкалык прогресстің жетістіктерін дамыту және енгізу мәселелері;

5) қала және ауыл тұргындарының орташа өмір сүру деңгейі;

6) табиги ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау;

7) халықтың табиғи өсуі және туу деңгейі;

8) мемлекеттің экономика және ғылыми-техникалық саясатынын маңызды бағыттары;

9) жоспарды орындау бойынша негізгі шаралар.

Орта мерзіміді жоспар – өндірісті, кұрылысты, айналымды және әлеуметтік саланы ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады.

Сонымен, ұзақ және орта мерзімді жоспар – стратегиялык маңызды және экономика дамуында жетекші роль атқарады. Ұзак және орта мерзімді жоспардың стратегиялары жылдық жоспар арқылы іске асырылады. Қытай мемлекеттік жоспарлау органдары, жылдық жоспарды іске асыру барысында айкындалатын жағдайларға және проблемаларға сәйкес, орта мерзімді жоспарды қарастырып, түзету енгізуге мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты, жоспар жүйесін кұру арқылы ұзақ, орта және жылдық жоспарлардың байланыстығын қамту қажет.

Ұзақ және орта мерзімді жоспарды жасауда келесі тәсілдер қолданады:

- жалпы тепе-теңдік тәсілі;

- монографиялық тәсіл;

- жоспарды үздіксіз жасау тәсілі. Жоспар төрт этап бойынша жасалады:

1) дайындык жұмысы;

2) бақылау цифрларын жасау;

3) жоспардың жобасын бекітуге өткізу;

4) жоспарды карастыру, бекіту және төменде тұрған органдарға жіберу.

Қытайда индикатнвтік жоспарды іске асыру бойынша механизм жасауға аса көңіл бөлінеді. Соған байланысты, мемлекеттік макроэкономикалық реттеу тәсілдері және жаңа формалары тұрақты зерттеліп тұрады.

Қытай мемлекеттік макроэкономикалық реттеудің мақсатын үш негізгі топқа бөлуте болады:

1) экономика өсуін қамту;

2) экономикалык тұрақтылықты қамту;

3) экономикалык әділдікті қамту.

Жоғарыда аталған топтар максаттарының арасында байланыстык бар, ол өз бетінше бір жүйені құрайды, онда әр бір мақсат көптеген мақсаттықтарға белінеді. Сонымен қатар, макроэкономикалық реттеу, сол көптеген мақсаттармен мақсаттықтарді қамти отырып, жалпы комплекстік мақсатты карастырады – ол экономиканы дамыту және қоғамның тұрмыс халін жақсарту.

Қазіргі таңда, Қытайдың макроэкономикалық реттеу келесі негізгі аспекттерді қамтиді:

1) эономнканың даму қарқынының бір-қалыптығын сақтау. Қытай экономистерінің ойынша, экономика дамуының тыім жоғары қаркыны сұраныспен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылуына, нәтижеліктің төмендеуіне және бағанын өсуіне әкеп соғуы мүмкін.

Соңғы 10–12 жылда экономика дамуының жоғары каркынын қамтуға ұмтылыс, көбінесе шаруашылық белсендікті амалсыз төмендетуге әкеп соқтырды, бұл даму қаркының күрт төмендеуінін себебі болды. Қытай басшылығы, экономика дамуының қарқынын мемлекеттің мүмкіндігіне сәйкестендіріп және оның бір калыптыгын сақтау қажет деп есептейді.


жүктеу 441,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау