Әлеуметтану оқУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 0,72 Mb.
бет5/8
Дата30.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#25529
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:

1. Білім беру процесінің сатылары: мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, орта, жоғары.

2. Мемлекеттік және жеке меншік оқу орындары

3. Қазақстандағы білім жүйесінің даму жолдары


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.

6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А. Ядова. – м.: 1996.
Дәріс №10 Саяси әлеуметтану

Мақсаты:

Қоғамның саяси өмірі мен түрлі жақтарын сипаттау мазмұнын ашу



Дәріс жоспары

1 Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары

2 Қоғамның саяси жүйесі және функцияларының формалары

Дәріс тезистері:

Саяси әлеуметтану – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін әлеуметтанудың саласы. Саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірлікте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.

        Саяси социология – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы. Оның  пәндік құрылымы және саясаттың социологиялық көрінісін ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель анықтап көрсетіп берген. Мемлекеттік социология теориясының негізі мен идеясының қалыптасуына, және кейбір саяси ғылымдары принциптерінің – саяси социологиялық пәндердің төркіндес жақтарының қалауына маңызды үлес қосқан адам – Аристотель. Алғашқы саяси социология екі пәннің проблематикасы мен тәсілін байланыстыратын ғылыми білім саласы ретінде көрінеді. Саяси әлеуметтанушылар мен социологияның бағдар тұтқан политологтар саясатты заңсыз әлеуметтік институттар және әлеуметтік құрылым талдамасы перспективасында қарастыруды ұсынды. Олар зерттеудің қажет екендігіне назар аударды, мысалы,тек қана мемлекеттік формалар емес, саяси тәртіп; сондай-ақ тек қана мемлекеттің сыртқы саясатын және олардың халықаралық саясат төңірегіндегі байланысын ғана емес, халықтың қарым-қатынасын, халықаралық ортаның жағдайын, аймақтық және ғаламдық  мәселелердің де зерттелуін қолдады. Саяси социологияның ең бір маңызды мәселесі ретінде халықаралық қатынастар социологиясы мен сыртқы саясат мәселелеріне тоқталып өтсек.

         Платон мен Аристотельден бастап ғалымдар барлығына талдау жасайтын, оның квинтэссенциясын шығаратын түсіндіру жүйесін, категориясын және принциптерін табуға тырысты.Қазіргі кездегі батыс зерттеушілері, халықаралық қарым-қатынас – халықаралық қарым-қатынастағы жүйе – ол саяси бірлік арасындағы қарым-қатынас, мемлекет арасындағы қарым-қатынас көріністерінің өзіне тән құлығынан көрінеді: мәселен, дипломат пен солдаттың құлығы – деп атап көрсетті. «Екі және екі адам бір мүше ретінде көрінбейді ол жалпы көріністің өкілі: елші өз функцияларын орындауда өзі жататын қауымның саяси өкілі болады; солдат соғыс алаңында соның атынан өзіне ұқсастарды өлтіретін саяси бірлік қана»(Р.Арон). Соғыстың көлеңкесіне оралады дәлірек айтқанда мемлекет арасындағы қарым-қатынас соғыс пен бейбітшіліктің баламасын ұстанды. Социологтардың ойынша жалғасады дейді. Ғалымдардың ойынша, олар бір әмбебап мемлекет болып бірікпейінше осындай қалып мақсаты – тіршілік етуі. Осы жерден қарама-қайшылық туады: саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірлікте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.



Саяси әлеуметтану. Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі-өнегесінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылыми тілде саяси әлеуметтену дейді. “Әлеуметтену” деген ұғымды ХІХ ғ. аяғында американдық әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы әрі психологы Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтты.

ХХ ғ. 50-60 ж. осы ұғым негізінде, американдық әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар “саяси әлеуметтену” деген ұғымды ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. Ресей саясаттанушысы Е.Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдеоді қабылдау мен орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады. Саяси әлеуметтену ХХ ғ. 50 ж. кеңінен көтерілді.

Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:

І. Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу.

ІІ. Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау.

ІІІ. Саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.

Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады.

Саяси әлеуметтену инстиуттарына мыналар жатады: отбасы, білім жүйесі, ақпарат құралдары, мемлекет, партия, діни ұйымдар және саяси оқиғалар. Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі – мектеп. Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі, алғашқы әлеуметтік тәжірибелер алады. Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 16-40 жас аралығы. 16 жастан адам сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді. Жастардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.

Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40-60 жас аралығы. Бұл – адамның есейген шағы. Адамдардың саяси іс-әрекетіне өмір тәжірибесі, балалалры мен немерелерінің тұрақты көзқарасы әсер етеді. Ең соңында зейнеткерлердің саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң, саяси мәселелермен нақты айналыса бастайды. Саяси әлеуметтенуге ақпарат құралдары көп ықпал жасайды. Баспасөз, радио, теледидар, кино адамға тікелей ықпал етеді және саяси құндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады.

Ғалымдар саяси әлеуметтенуді мынадай типтерге бөледі: үйлесімді, гегмонистік, плюралистік, дау-жанжалдық. Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттарының арасында қолайлы психологиялық қатынастар қалыптасқанда пайда болады. Мұнда құқықтық тәртіп орындарына, мемлекетке, өзінің азаматтық міндеттеріне құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасындағы сыйластық, туындаған мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Ал гегемонистік түрі басқа жүйелерге жат көзбен қарап оларды жақтырмайды.

Мұндай саяси әлеуметтену бір таптық, діннің немесе идеологияның негізінде қалыптасады. Плюралистік түріне адам басқа адамдардың құқығы мен еркіндігін, теңдігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алу әбден мүмкін. Ал, дау-жанжалдық түрі топаралық күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғанстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б.әрқайсысы өз салтын, дәстүрін, ұлттық құндылықтарын жоғары қойып, әртүрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде ел ішінде кикілжің әлі де жалғасын табуда.

Сыртқы саясат және халықаралық қатынастар

Халықаралық қарым-қатынасқа жеткілікті тәуелсіз, өздеріне деген толық сенімдері бар субъектілер ғана кіреді.Мәселен, Қазақстан ССР – өзінің Сыртқы істер министрлігі бар мемлекет болды, бірақ ол өз бетімен шешім қабылдай алмады, барлық жоспарларды Одақтың министрлігі бекітеді. Бүгін Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет және өз аумағында тұратын барлық халықтардың мүддесін халықаралық арендада көрсете алады.

Әлемдік аренаға Қазақстанның барлық қиыншылықтарды бұзып өтуі, ең алдымен мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметінің белсенді орындалуына байланысты. 1990 жылдан бастап осы кезең ішінде ҚР Президенті әлемнің ірі деген 138 елінде мемлекеттік, жеке жұмыс бабы мен болды.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания жағынан Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Будапешт меморандумына қол қойылуына қол жеткізді. Осындай кепілдік Франция және Қытай Халық мемлекеттерінен де алынды.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 100 әлем мемлекеттерінің бірі ретінде танылды және олармен белсенді дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан, БҰҰ-ның және оның құрылымының толық құқығы бар және белсенді мүшесі.

Қазақстанның жариялаған және көпғасырлық әлемдік саясатта жүргізген бағыты өзінің сенімді нәтижесін көрсетті.Бұл жоспарда ерекше орын алатын нәрсе ретінде АҚШ-пен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік жөніндегі келісімдерді, «шанхай бестігі» жобасы төңірегіндегі шекара маңындағы сенімділік жөніндегі келісімді, Ресей,Өзбекстан, Қырғызстан және Украина елдерімен достық жөніндегі келісімдерді атап өтуге болады. Қазақстан мен ҚХМ шекарасындағы демаркация және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан шекарасындағы делимитация мәселелері бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі және әскери доктринасы жөніндегі әзірленген стратегиясы – ең алдымен, көрші елдермен бейбіт қарым-қатынасты дамытуға, халықаралық мәселелердің мәдениетті түрде шешілуіне, күш және қару-жарақ пайдалану ұстанымынан бас тартуға бағытталуы бейбітшілікке деген ұмтылыстың анық дәлелі болды.

Он жыл ішінде Шығыс және Батыс Еуропа, Шығыс Араб, Үндіқытай, Корей жарты аралымен, Түркия, Иран және Пәкістан елдерімен туыстық қарым-қатынас жөнінде келісімге қол қойылды. Келісім осы аталған елдермен экономикалық қарым-қатынаста табысты түрде орындалып жатыр. Қазақстан мен германия арасында ұзақ мерзімді және белсенді түрде қарым-қатынас дамып келеді, сондай-ақ Балтық және Балтық жағалауы елдерімен де қатынас орнатылған.

Қазақстанның ірі әлемдік қаржы-экономика институттары – Еуропалық Бірлестік, ХВҚ, Халықаралық және Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия банктерімен де қарым – қатынасы нығайды.

Қазақстанда кәсіпкерлердің Алматы инвестициялық саммиті мен форумы өткізілді, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі белсенді іс жүргізуде.

Халықаралық қатынас жүйесінде халықаралық қатынастардың мынадай түрлері бар

         Саяси

         Экономикалық

         Әскери – стратегиялық

         Мәдени

         Қоғамдық

         Идеологиялық

         Ғылыми-техникалық

        Халықаралық қатынастың әр түрі қарым-қатынастың тәсілін анықтайтын әрқилы формада жүреді: Мәселен, мемлекет арасындағы қатынасар өзін мынадай формада:

         Дипломатиялық

         Хаттамалық

         Құқықтық

         Насихат және сол сияқты қатынастар түрінде көрсетеді.

Өз кезегінде, экономикалық халықаралық қатынастар  мынадай формаларда:

     Сауда-саттық

     Қаржылық

     Кооперативтік

     Өндірістік

Бұл пәнді енгізген орыс социологы П.Сорокин (1889-1968жж). 1990 жылдан бастап КСРО-да, кейіннен басқа республикаларда оқытылу басталды. Саясат әлеуметтану пәні таптардың, мемлекеттердің, қоғамдық топтардың, партия мен кәсіби бірлестіктердің арасындағы саяси қатынастарды зерттейді.

Саясат әлеуметтануы - саясаттың, қоғамдық өмірдің барлық саласымен қарым-қатынаста бола отырып, әлеуметтік-саяси қажеттілік пен жеке тұлғалардың әрекеті, қоғамдық ұйым-қозғалыстардың әрекеттесу процесін , байланыстық мәселелеріне араласады.

Оның категориялары (ұғымдары): қоғам, саясат, билік, реформа, плюрализм, жеке тұлға (лидер) т.б. Әдістері: әлеуметтік-саяси оқиғалардың даму, өзгеру, әсерлі факторлардың мәселелерін зерттеу, сараптау. Мысалы бихевиористтік әдіс – адамдардың мінез-құлқын талдау кезінде топтардың әлеуметтік-саяси рольдерін зерттейді. Онда статистикалық деректер пайдалану, құжаттарды талдау, анкеталық сауал алу, диалог жүргізу т.б. адамдарға деген сенім, консенсус, әлеуметтік психологияға ерекше мән беру керек екендігін ескертеді.

Саяси өмір мәселелері қоғамда бірінші орында. Себебі оның ілгерілеуі де, тоқырауы да мүмкін. Саяси өмірдің мәні – адамдардың билік жөніндегі қарым-қатынастары, яғни басқару мен билік ықпал ететін салалардың барлығы да осында. Барлық қажеттілік екіге бөлінеді: табиғи және рухани .

Әлеуметтануда саясат дегеніміз - адамдарды басқару қызметі, билік істеріне қатысуы, өкіметтің дұрыс басқару жөніндегі қызметі. Саясаттың әлеуметтік қызметтері – адамдарға жетекшілік ету, билік көмегі, қажеттілігі мен әлеуметтік топтардың көзқарастарын үндестіру.

«Саяси қатысу», «саяси мінез-құлық» ұғымы бір-бірімен байланысты. Қоғамның саяси өмірінің басты құрамды элементі – саяси жүйе. Ал саяси режим – саяси жүйенің қызмет ету тәсілі.

Әлеуметтік-саяси өмірдегі идеология - қоғамның дамуын дүние туралы адамның рөлі мен білім және идеясы жүйесіндегі анықтайтын ілім. Идеология қоғамға тиімді адамдық жалпы адамдық бірліктің рухани билігі мен үстемдігін көрсетеді, қоғамның даму және қызмет етуін анықтайды. Ұзақ уақыт мемлекеттік идеологияда дін жетекші орында болды, қазір жеке тұлғалардың қалыптасуында идеология дүниетанымды, сенім мен сананы орнықтыруды, жеке тұлғалардың қоғамдық мінез-құлқын бағыттауды туғызды.

Жеке тұлға өзін-өзі билеуші тұлға, өз жетегімен шығар жолды таңдайды. Адамдардың саяси мінез-құлқының типтері:

1.Саяси конформизм

2.Саяси индифференттілік

3.Саяси активизм

4.Саяси жетекшілік

Әлеуметтік инститтуттың жетекшісі-әлеуметтік механизмдердің көмегі арқылы топты басқарады.



Бақылау сұрақтары:

1 Қоғам саяси элементтерін атаңыз?

2 Саяси партияны қалай түсінесіз?

3 Саяси әлеуметтанудың рөлі?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

Дәріс № 11 Экономикалық әлеуметтану. Отбасы әлеуметтануы.

 Мақсаты: студенттерді экономикалық  әлеуметтану жағдайлармен таныстыру. Оларға экономика ұғымының мәнін түсіндіру.



Дәріс жоспары:

1.Экономика ұғымының түсінігі.

2.Экономикалық әлеуметтанудың мәртебесі мен ерекшеліктері.

3.Экономикалық білімнің құрылымы.

4.Экономикалық жүйенің әлеуметтанулық талдауы.

Дәріс тезистері:

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды.Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады.Ал, экономикалық әлеуметтану пәніне қоғамның экономикалық  дамуының әлеуметтік  аспектілері жатады.Бұған экономикалық алуан түрлі адамдар бірлестігі, мысалы, өндіріс еңбек ұжымдары, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар, (үстемдік ету – бағыну,басқару – орындау)еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы,миграция, мамандықты іріктеп алу,еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау жағдайы,көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, тағы басқалар жатады.

Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды.Қоғамдағы адамдардың материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждықты талап-тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр түрлі рольдер, яғни қызмет атқарды,осыған сәйкес олар қоғамда әр түрлі орында, жағдайда,беделде болады.Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қаралды.Ал,экономикалық жүйеде – өндіріс  - бөлу – айырбастау  - тұтыну жүзеге асырылады.Ал, бұл процестің нарықтық түрі «Сұраныс және ұсыныс». Нарық дегеніміз – тар мағынада – азық – түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны.

Ғылыми тілмен айтқанда ол тауар айналымының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Тауарларды ұсыну және оған деген талу қабілеті бар сұраныс.Нарық теориясы ұдайы өндіріс теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туып өсуімен қатар пайда болып дами бастайды әсіресе ол қала мен ауылда натуралдық шаруашылық ыдырап қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.

Әлеуметтік зерттеу бұл екі процесс яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады өйткені зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың олардың топтарының мінез-құлқына аударылады.Адам және оның топтары - жұмысшы,қызметкер,тұтынушы,айырбастаушы,сатушы,сатып алушы,т.б ретінде қарастырылады.Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп,талдап отыру керек.

Мысалы: Әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері – инабаттылығы, ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі жауапкершілігі, белсенділігі шаруашылығы т.б қоғамдық өндірісті дамытып,оның өнімін көбейтуге сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.

Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әділеттілігі, белсенділігі, жауапкершілігі т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер етуін  зерттейді.

Экономикалық әлеуметтану бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың,оның ішінде жіктің ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмін ашады да, экономикалық сананы, экономикалық ойлауды,экономикалық ынта, ықылас, мәдениет т.б. мәселелерді зерттейді.



Экономика – әлеуметтанудың зерттеу объектісі

 Қазіргі уақытта біздің еліміз нарықтық экономикаға өтуде.Ал,нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайды айтамыз.

Нарықтық қатынастар – бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер (жекешелендіру, акцияландыру, аренда, фирма, корпорация, аукцион, биржа, т.б) өмірге келіп,жаңа ұғымдар түсініктерді, туғызды. Бұл құбылыстарды оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық теория тікелей зерттейді. Ал,әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен адамның,әлеуметтік топтың ,жіктің экономикалық мінез-құлқын зерттейді. Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық құбылыс, процесс болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен, олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан бастайды.

Сонымен,экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары,тәртібі – міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері.Дәлірегі, адамның өмір сүріп отырған ортасы -  қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері,көзқарастары) нарықтық қатынастарға,ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді.Алғашқы кезде көпшілік халық нарықтық қатынастарға ондағы экономикаға көшкісі келмей оған бөгет жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стереотипті ойлаудың,болып жатқан іс-әрекеттің сол уақыттағы нертоотпалылығымен түсіндіруге болады.Тек қана кейінгі 2-3 жылға ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы тиімді екенін түсініп,мойындайды.Сөйтіп, қазіргі халықтың басым көпшілігі нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері дамуына күш салуда.Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді.


Бақылау сұрақтары:

Экономикалық әлеуметтанудың пайда болуы.

Экономикалық әлеуметтанудың ерекшеліктері.

Экономика ұғымының мәні.

Экономикалық жүйенің типтері.

Экономикалық мәдениет түсінігі.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

Дәріс № 12 Отбасы және неке әлеуметтануы.

Мақсаты: студенттерді отбасы әлеуметтану жағдайлармен таныстыру. Оларға отбасы, неке ұғымының мәнін түсіндіру.

Дәріс жоспары:

1.Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы.

2.Неке-отбасылық қатынастардың тарихи типтері мен формалары,олардың даму үрдісі

3.Отбасылық саясат.

4.Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы.


  • Дәріс тезистері:

     Отбасы социологиясыотбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.

     Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты.

     Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісім де, оны зерттеуде бір ізді әдіс те жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды,- дейді. Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытындысы, әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өндірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.

     XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық – функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы — ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді".

     Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархалды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы нуклеарды (ата-анасы мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге жұбайлар арасындағы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз билікке ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-бірін бірдей мөлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие.

     Отбасын, қоғамның бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасының негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық - тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік-мәртебелік, демалыс және т.б.

     "Отбасы" ұғымы "неке" ұғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.

     Некенің төмендегідей формалары бар: моногамия (бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі бірден-бір форма) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке).

     ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы жаңа Заңды талқылау кезінде көп әйел алу (полигиния) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың хабарлағанындай, әйелдер де көп еркекке шығу (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен кейін, көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды.

     Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың ішінде) және экзогомия ( неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар арасында болады).

     Нормативті актілерде некеге анықтама берілмейді және оның құқықтық

табиғаты жөніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда да, құқықтық доктринада да шешілген жоқ. Неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып жүр: неке - келісім шарт, неке - мәртебе, неке - сыбайластық.

     Соңғы уақыттарға дейін алыс шетелдерде неғұрлым кең тараған тұжырымдама келісімшарт негізінде болды, ол некеге отыру тәртібін, оның әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды заңда отыратын шарттарға, яғни келісімшартты заңдылықтармен қарастыруға негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің келісімшарт режимін белгілеу мүмкіндігі жазылады.

     Келісімшарт тұжырымдамасына қарсылар неке келісімшарт болуы мүмкін емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттер болуы мүмкін және тараптар оны өз еркімен өзгерте алмайды дейді. Жұбайлардың мүлік режимін белгілейтін неке келісімшартына отыру жағдайы келісімшарт тұжырымдамасының пайдасы үшін жеткілікті дәлел бола алмайды, өйткені некенің мақсаты – отбасын құру, бала туу және тәрбиелеу. Сондықтан неке субъектінің заңда қарастырылған әрекеттері орындауы нәтижесінде мәртебеге ие болады. Бұл мәртебе ие болу субъектіні үйленген адамдар санатына жатқызады.

     Соңғы жылдары неке сыбайластыққа негізделеді деген идея кеңінен тарауда. Сыбайластық неке тұжырымдамасы әлеуметтік зерттеулерде көрініс тапты. Бұл тұжырымдамада әйелдердің неғұрлым тәуелсіздігі, некедегі жұбайлардың тең құқықтығы насихатталады.

     Маңызды мәселе дәстүрлі отбасы, некенің дәстүрлі формасы болып саналады. Батыс Еуропаның кейбір елдерінде ажырасу саны көбейіп, некеге тұрушылар саны азаюда, "сынама неке" деген түрі кеңінен тарауда немесе оны зерттеушілер "екі қадамдық неке" деп атайды, яғни адамдар қай кезде бала жасағысы келсе, сонда барып некелеседі. Мәселені зерттеушілер сондай-ақ "алмаспа неке", "ашық неке" үрдісінің бар екенін көрсетіп жүр, яғни әр жұбай кез келген қатынасты, соның ішінде жыныстық қатынасты да, үшінші адаммен ашық жасай береді. Бірақ жалпы қорытынды мынадай: қоғамда отбасы мен отбасылық қатынастарға жоғары құндылық ретінде қарау сақталған және қоғамның көпшілігі некенің жаңа түрлерін қолдамайды.

     Қоғамдық пікірге талдау жасау әлеуметтік – экономикалық, саяси, нақты-тарихи жағдайлар - неке отбасылық қатынастардағы қоғамдық санаға қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді.

     Бүгінде қоғам әмірінің барлық салаларында дәстүрлі құндылықтарға қайта баға берілуде. Осыған байланысты әлеуметтік зерттеулерде мынадай негізгі сұрақ қойылды: неке отбасылық қатынастардағы отбасы қызметі неке

сапасы, билік құрылымына байланысты пікірлер қай бағытқа өзгерді? Социологтарды сондай-ақ біздің елімізде болып жатқан оқиғалардың бүтіндей отбасылық идеологияны қандай дәрежеде өзгертетіні қызықтырады.

     Лонгитюдті зерттеулер неке – отбасылық қатынастарға айрықша мен берілетінін көрсетіп отыр. Біздің респонденттеріміздің жауабы отбасы мен неке құндылығының халықтың барлық тұрғындары үшін өз маңызын жоймағанын; әйелдер санының арту үрдісін көрсетеді. Әйелдер үшін отбасы - бірінші кезектегі құндылық, әйтсе де біздің қоғамымызда жұмысқа да, отбасына да бірдей қарайтын әйелдер саны көбірек (80 процентке дейін). Отбасын құру, некелесу себептері прагматизмінің өсуіне қарамастан, респонденттердің көп бөлігінің ойынша, бұл "ең жарқын және жоғары сезімдер көзі" және "бүкіл қоғамдық өмірдің негізі".

     Отбасын құрудағы заңды және нақты көзқарасын зерттеулер барысында адамдардың некенің тұрақты болуы бірлесе өмір сүру кезіндегі ("сынама неке") таныстығының ұзақтығына байланысты еместігін көрсетеді. Жауап берушілер некені тіркеу қажет деп есептейді: "бірлескен өмірдің басында" (63 процент), бір жыл өткен соң" (32 процент), "2 жылдан соң" (2,5 процент), "5 жыл өткен соң"(2,5 процент).

     Барлық сұралған респонденттердің тек 23,3 проценті ғана әлеуметтік және білім деңгейі күйеу мен қалыңдық үшін кедергі болады деп есептейді. Некеге дейінгі бұл фактордың құндылығына жоғары білімді 51,4 процент респондент және 44,2 процент орта білімі барлар (оның ішінде арнайы білімі барлар) жауап берді. Көпшілігі (60 процент) некеге тұру кезінде әлеуметтік жағдайы мен білім деңгейіндегі айырмашылықты ескермеу керек деп есептейді.

     Отбасындағы психологиялық ахуал қандай факторларға байланысты? "Жұбай таңдау теориясы" деген бар, бұл бойынша, жұбайлардың өздері отбасында қандай роль атқаратынын таңдауына байланысты болады. Бұл

рольдер: а) ана мен бала қарым-қатынасына біреуге арқа сүйегісі келетін күйеуіне қамқорлық жасайды; ә) күшті де, қабілетті күйеуіне жар және көнгіш, мәпелеуді қажет ететін кішкене қуыршақ тәрізді әйеліне қамқорлық жасайды; б) қожайын мен қызметші әйелдің иерархиялық қарым-қатынасына ұқсас, яғни мейірімді күйеуіне қабілетті әйелі күтім жасайтын отбасы; в) іскер әйелі қорқып және көңілі қалған еріне басшылық жасайтын отбасы.

     Отбасының маңызды қызметі репродуктивті және тәрбие беру болып саналады. "Бүгінде қанша бала болған жақсы?" деген сұраққа: сұралғандардың жартысы екеу десе, 41 проценті — біреу, 7 проценті - үшеу, 2 проценті - төрт жөне одан да көп бала болғаны жақсы десе, 0,3 проценті "біреуі де болмағаны жақсы!" деп сеніммен айтады. Басқа бір социологиялық зерттеудің қорытындысы бойынша, отбасындағы баланың тууын жоспарлауға мүмкіндік бермейтін негізгі себептер айқындалды (процентпен көрсетілген):

   - материалдық жағдай мүмкіндік бермейді-26,4;

   - некеде тұрмаймын-15,6;

   - денсаулығым көтермейді-15,4;

   - тұрғын үй жоқ - қалғандары.

     Отбасы мүшелерінің санының аз болуын қалайтындар тек "бюджеттегілер" (мұғалімдер, дәрігерлер, әскерилер және т.б) ғана емес, кәсіпкерлер мен бизнесмендер де бар.

     Неміс ғалымдары қызықты формула шығарды: ананың жасы әкесінің жасының жартысына 7 жас қосқанға тең болуы керек. Зерттеушілердің байқауынша, ата-аналары неғұрлым үлкен және даналау болған сайын, тәрбиелеу факторы соғұрлым салмақты, баланың таланты байқалып, дами алу мүмкіншілігі көп болады. Ф.М.Достоевскийдің "Алдымен – университет, сосын бала ту",- деген сөзінің жаны болса керек.

     Балалар үшін отбасындағы психологиялық климат, әсіресе, маңызды. Зерттеушілердің байқауынша, әкесінің не шешесінің болмауы немесе олардың адамгершілікке жат қылығы жеке тұлғаның девианттық (ауытқу) мінез-құлықпен қалыптасуына ықпал ете бермейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде отбасы құрамы аса маңызды фактордың бірі десек те, бұл да әсер етпейді, ең маңыздысы - балаға эмоционалдық қарым-қатынас, қоғамның қандай тұлға алатыны оның қабылдауы мен қабылдамауына байланысты. Бала жасында қандай психологиялық қасиеттеріне ықпал еткеніне байланысты ортаның әсері қабылданады. Қолайсыз адамгершілік әсер кезіңцегі психологиялық, эмоционалдық жайсыздық, өмірлік міндеттерді шешуде индивидтің қоғамға қарсы тәсілдерді игеруі қылмысқа ұрындыруы мүмкін. Бала отбасында неғұрлым жайсыз тұрған сайын, соғұрлым қоғамның өзінде мәселелер күрделене түседі. Социологтар өз зерттеулерін жүргізе отырып, қоғамға қылмыс жасауға бейім балалардың саны артып келе жатқанын ескертеді. Белгілі бір шамада тұрақты болып есептелген 1991 жылы "Артекте" демалып жатқан пионер жасындағы

балалардың 20 проценті қылмыс жасауға қабілеттісің бе деген сұраққа сенімді түрде жауап берді (8 проценті ескертумен, 12 проценті ешқандай ескертпесіз).

     Кеңейтілген отбасы ұйымшылдығы мәселесі қойылды, өйткені отбасының үлкендерінің (ата-аналарында) өз өмірінің соңына дейін балаларымен немерелерімен қалуға мүмкіншілігі шамалы: 57 проценті "жас отбасы ата-анасымен бірге өмір сүрмеуі керек" десе, 34 проценті тек объективті жағдайларда, яғни ''тұрғын үй жоқ болса" (20 процент), ата-анасының денсаулығына байланысты (14 процент) деп жауап берсе, қалғандары (аз бөлігі) "дәстүрді сақтау үшін", "ата-анаға қартайғанда көмектесу үшін" және "ата-анамен бірге тұру экономикалық жақтан пайдалы" деп жауап берді.

     Кең тараған феминистік тұжырымдамаға сәйкес, отбасы табиғатын шын мәнінде түсіну - бұл эмоционалдық не туыстық қарым-қатынасқа талдау жасау, ал отбасының өзі - бұл әр мүшесінің мүддесі мен басқа мүшелердің және бүтіндей қоғамның мүддесімен кикілжіңге түсетін "күрес орны". Қазіргі әлемде "ұрыс алаңын" "отбасы идиллиясы алаңына" болмаса да, ең болмағанда, жұбайлық кикілжіңдердің уытын басып, қажеттілік болып жатса, ажырасу салдарын жеңілдеу көтеруге мүмкіндік беретін арнайы механизмдер жасалуда.

     Бұл, ең алдымен, көптеген елдерде ұзақ уақыттан бері келе жатқан және кеңес дәуірінен кейінгі елдер тұрғындар санасына тек голливуд жұлдыздары мен мүхиттың арғы бетіңдегі миллиардерлерде болады деп қабылданған неке келісімшарты институты.Бұл елдерде азаматтардың келісімі сияқты некенің барлық маңызды мәселелері келісіледі, некенің бұзылу салдарларын, тараптардың мүліктік жағдайларын, кәмелетке толмаған балалардың ажырасқан жағдайда қай ата-анасымен тұратынын, ықылассыз жұбайға қандай айыппұл салынатынын түгел көрсету қабылданған.

     Сәтті құрылған отбасыларда неке келісімшарты жұбайлық өмірдің мүмкін болатын қиын-қыстау кезеңдердің алдын алуға арналады, яғни бұл некені неғұрлым ұзақ уақыт сақтауға арналады. Мысалы, Питсбургтағы жас жұбайлардың неке келісімшарты 27 беттен тұрады, сондықтан "Гиннесс рекордтар кітабына" енген, осы келісімшарттағы мына бір пункттің несі жаман: "Бюджетті қатаң сақтау, жеке қажеттіліктер мен ойын-сауыққа аптасына 20 доллардан артық жұмсамау"? Бұл пункт өте пайдалы, әрине, оны экономикасы құнсызданбайтын елде ғана шын мәнінде жүзеге асыруға болады.

     Орта топтағы адамдар некеге кіруде қазір көбіне неке келісімшартына отырады. Әрине мұның негізгі себептерінің бірі ажырасудың санының артуына, соған сәйкес өзін егер неке сәтсіз болып жатса, моральдік болмағанымен, материалдық шығыннан сақтауға ұмтылған адамдардың санының артуына байланысты.

     Неке келісімшарты отбасылық қатынастардың бастамасын анықтайды, бірақ некелесуге міндетті шарт бола алмайды. Заң бойынша неке келісімшарты некелесуді тіркегенге дейін де некелік өмірдің кез келген

кезеңінде де жасалады. Неке келісімшарты жазбаша түрде жасалып, ол нотариалды түрде ресімделеді. Жұбайлардың барлық мүлкіне, оның жекеленген түрлері мен әр жұбайдың жеке мүлкіне бірлескен, үлестік не бөлістік мүлкі болады. Неке келісімшартына отыру сыртқы әсерге тәуелсіз болуы керек.

     Мамандар неке келісімшартын құқықтық қырынан басқа құқықтық емес, яғни әлеуметтік, психологиялық және этикалық қырларын да көрсетеді. Мәселен, зерттеу барысында анықталғандай, екінші не келесі некеге тұратындар - бірінші некеден, ''кемесі қайырылғандар''. Неке келісімшартына отыруға әр жұбай кәсіпкер болып, жеке бизнесі болғанда қызығушылық танытады. Неке келісімшартына жоғарыда аталған санаттардан басқа ері мен әйелінің жас айырмашылығы едәуір болып, ерінің (не әйелінің) экономикалық базасы берік және алдыңғы некедегі ересек балаларының мүліктік мүддесі олардың ата-анасына ықпал ететіндей жұбайлар үшін де қолайлы.

     Психологиялық қыры: неке келісімшартында ажырасқан жағдайда әркімге тиесілі мүлікті жұбайлар анықтай алатын болғандықтан, яғни осындай нәтиже жобаланатындықтан, некенің нәтижесі ажырасу болмай  ма, неке келісімшарты - ажырасу катализаторы болып саналмай ма деген қауіп туады.

     Неке келісімшартының этикалық қыры жұбайлардың бірін қолайсыз жағдайға қалдырмау мүмкіндігіне байланысты. Әр жұбайда жасалған келісімшарттан жұбайының құқы мен мүддесіне нұқсан келтіру жолымен өзіне пайда табуды көздемейтіндей іштей тыйым салынуы қажет. Келісім шартқа отыруда екі жақтың бір-бірінің құқығына құрметпен қарауы сақталуы керек. Егер келісімшартқа отыру кезінде жұбайлардың біреуі өз мүлкін сақтап қалуды ғана емес, сонымен бірге екінші жұбайдың мүлкіне  қол сұғуға ниет білдірсе, бұл неке келісімшартының мақсатына қарсы - некедегі мүліктік қатынастарды реттеудің не ажырасу кезінде қолданылатын

өркениетті әдісі болуы керек. Жеке тұлғаның еркіндікке құштарлығы қоғамдағы этикалық нормалардың бұзылуына әсер ететін шектен асып кетпеу керек.

     Неке келісімшартына отыру маңызда қызмет атқарады: ол - білімдік қызмет, өйткені ''Неке мен отбасы туралы'' заң мазмұнымен танысу қолданыстағы заңдылықтар арқылы отбасылық өмір туралы шынайы түсінік береді; реттегіштік қызмет - отбасылық қатынастардағы құқықтар мен міндеттердің тұтас жиынтығы қарастырылады. Заң отбасындағы тараптардың теңдігінен шығады, бірақ көбінесе некедегі жұбайлардың бірі кедей, бірі дәулетті болады. Бұл әсіресе, ажырасудан соңғы материалдық жағынан, айырмашылық әсіресе кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларынан

байқалады.

     Мүліктің құқықтық режимінен басқа неке келісімшартына азаматтық айналыстағы (акциядан дивиденттер, салым проценттері, усадбалық учаскедегі өнімді тапсырудан түскен өнім және т.б) заттар мен ақша түріндегі отбасы кірістеріне қатысын анықтау да кіреді. Жұбайлар, заңгерлердің пайымдауынша, отбасы шығыны кең де заңда толық қамтылмағанына қарамастан, оны бөлу тәртібі де қарастырылады. Шығындар отбасының материалдық қамтылуы мен мұқтаждықтарына сәйкес (тұрғын үй, көлік, тамақпен қамтамасыз етілуі, саяжайды күтуге, соңдай-ақ білім беру, медициналық күтім, демалыс және т.б қатысты төлемдер) топтастырылады. Үй шаруашылығын басқарудан бастап, қандай да бір капиталға ие болуға дейінгі отбасы шаруашылығының көп түрлілігі келісімшарттағы заңды негіздемені талап етуі мүмкін.

     Үй шаруашылығын басқарудан бастап қандай да бір қаржыны иелік еткенге дейінгі шаруашылық қызметтердің әр түрлілігінің кең ауқымы заңды келісілген негіздемені талап етуі мүмкін.

     Отбасы өміріндегі кең тараған жағдайлардың бірі әйел күйеуге шығып, бала туған кезде ұзақ уақытқа дейін аяқталмаған білімі немесе біліктілігінен айырылуы нәтижесінде үй шаруасындағы әйел болады. Неке бұзылған сәтте мұндай әйел өте ауыр жағдайда қалды: балаларды күтуге бөлінетін алимент аз және әсіресе, біздің кезімізде жүйелі төленбейді. Сонымен бірге алименттер ресми танымал көздерден түскен пайдадан есептеледі, бірақ жұбайының шынайы табысы одан асып түсуі мүмкін. Сондай кезде жасалған неке келісімшарты балалар мен жұбайының алдындағы экономикалық жауапкершілігін арттырып, неке сәтсіз болған жағдайда мүліктік мәселелерге, жақын адамдарға байланысты жұбайлардың қаржылық мәселелері ақылмен шешілуі керек.

     ҚР-ның "Неке мен отбасы туралы" (1999 жылдың 1 қаңтарындағы) жаңа заңында неке келісімшарты туралы айтылады. Онда неке келісімшарты дегеніміз некеге түсуші тұлғалардың немесе жұбайлардың келісімі екендігі некедегі не оның бұзылуы кезіндегі жұбайлардың мүліктік құқықтары мен міндеттерін анықтайтыны айтылған.

     Неке келісімшартына отыру мүмкіндігі заң жүзінде 1993 жылдың қазан айынан бері белгілі. Бірақ 1996 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша республикада не бары 13 неке келісімшарты жасалып, нотариалдық куәландырылған (некеге отырғандар саны 10 мың есеге артық). Бұл тек Алматы қаласында ғана, ал Қазақстанның өзге қалалары мен облыстарында мұндай жағдай мүлде жоқ. Қазіргі кезде статистика айтарлықтай өзгере қойған жоқ.

     Зерттеушілер мынадай сұрақ қояды: некелесушілер мен некеде бұрыннан тұрғандар таласты жағдайларды шешуге арналған неке келісімшарты бойынша өздерінің мүліктік құқығы мен міндеттерін шешуге тілек білдіретіндер саны неге аз? Біздің қоғамда мазасыздануға негіз жоқ шығар? Бірақ практика көрсеткендей, статистика нақтыланғандай: үш жұп некелесуге өтініш білдірсе, екі жұп ажырасуға тілек білдіреді. Ажырасудың жалпы коэффициентінің арту үрдісі 2015 жылға дейін болжанған. Ал бұл әлі де көптеген отбасылық жұптар олардан рухани, дене және материалдық шығындарды қажет ететін процестерге тартылатынын көрсетеді. Көріп отырғанымыздай, біздің қоғамымызда ажырасу коэффициенті өте жоғары. Бірақ отбасын жеке өмірді ұйымдастыру формасы ретінде тұрақты және салыстырмалы түрде жоғары мәртебе санайтын отбасылар да азаймайды. Бірақ ажырасуға әкеп соғатын драмалық жағдайлар жойылып кете ме? Оның үстіне, ажырасуға дәлелді себептер де негіз болуы мүмкін, оған түсіністікпен қарау керек.



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау