Әлеуметтану оқУ-Әдістемелік кешені



жүктеу 0,72 Mb.
бет4/8
Дата30.12.2019
өлшемі0,72 Mb.
#25529
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Бақылау сұрақтары:

Индивид дегеніміз кім?

Тұлға ұғымының мағынасы

Жеке адам қалай түсінесің

Тұлғаның әлеуметтік жағдайы

Әлеуметтік мінез-құлық



Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.

6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А. Ядова. – м.: 1996.
Дәріс 8 Девиантты мінез – құлық социологиясы.

Мақсаты:

Әлеуметтану пәнін, мәселелерін және түрлі бағыттары мен қызметтерін анықтау.



Дәріс жоспары:

  1. Адамдардың девиациясы: социологиялық түсінік.

  2. Девиация типтері.

  3. Девиация дамуы.

  4. Ауытқитын мінез – құлық формалары. Маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, қылмыскерлік, өзін – өзі өлтіру.

Дәріс тезистері:

Девианттық мінез – құлық социологиясы ауытқымалы мінез – құлықты адам іс–әрекетінің түрлі салаларына тән әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру.

Оның пәндік ерекшелігі, зерттейтін құбылыстар шеңбері тарихи өзгермелі және нақты, сол қоғамдағы әлеуметтік нормаларға байланысты. Таным процесі неге бағытталса ғылымның объектісі сол болып табылатыны белгілі. Девианттық мінез – құлық социологиясының объектісі болып адамдардың санасында бейнеленетін қызығушылықтары мен құндылықтарының шынайы іс – әрекеті болып табылады.

Зерттеу пәніне девианттық мінез – құлықтың пайда болуы мен дамуына әсер ететін әлеуметтік факторлардың механизмдерін жатқызуға болады. Бұл жерде, берілген пәннің әлеуметтік талдауы теоретикалы – әдістемелік деңгейде де, сонымен қатар эмпирикалық деңгейде де жүзеге асады.

Осылайша девианттық мінез – құлық социологиясы деп ауытқымалы мінез – құлықтың әлеуметтік мәселелерін зерттеумен айналысатын және осы ауқымда қоғамда әлеуметтік ауытқулардың орнын, пайда болу себебін, әсер ететін жағдайларды, алдын-алу шараларын анықтайтын социологияның міндеті болып мыналар жатады:


  • Әлеуметтік ауытқу сипатын осы заманғы нормалардан бөліп көрсету;

  • Теріс әлеуметтік ауытқулардың өсу себебін ашу;

  • Девианттық мінез – құлықты жеңу және алдын алуға бағытталған түрлі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, ұйымдық, моральдық және тәрбиелеушілік шаралардың тиімділігін талдау;

  • Теріс құбылысты жеңуді, қоғамды белгілі бір – норманы бұзылушылықтардан сақтандыруды болжау.

Девианттық мінез – құлық белгілі бір қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік нормалардың ауытқу және артынан құқықты және қоғамдық шараларды ілестіруші адамдардың өмір салты кемесі іс – әрекеті.

«Девиация» терминін анықтауда, оның басқа да өзіне жақын түсініктермен қатынасы қаралады. Егер « әлеуметтік ауытқу » және « девиация » түсініктері бір мағынаны, яғни әлеуметтік норма талаптарынан аттау дегенді білдірсе, онда «қоғамдық жүріс-тұрысқа қарсы» деген түсініктің жоғарғы түсініктерден айырмашылығы, бір мәнді теріс сипатта баяндалды. Девианттық жүріс-тұрыс дегеніміз ресми нормалардың бұзылуы.

Әлеуметтік нормалардан ауытқудың күрделі түрі, тұлға мен қоғам үшін зиян болып келетін мінез ғылыми әдебиетте әлеуметтік паталогия деп аталады.

Әлеуметтік – паталогиялық құбылыстар деп қоғам үшін қауіпті қылмыс, анашаны қолдану, өзіне-өзі қол салу, маскүнемдік сияқты әлеуметтік ауытқуларды атайды. Осылайша, белгілі бір деңгейде «әлеуметтік ауытқу» және «әлеуметтік паталогия» түсініктері түйіседі.

«Девианттық мінез – құлық» категориясын анықтай келе, маңызды бір сұраққа жауап беру маңызды: барлық жағдайда да әлеуметтік ауытқу қауіпті ме, жоқ әлде оның пайдалы жағы да бар ма? Осы орайда тұжырымдар екіге бөлініп кетті. Мысалы, В.Н.Кудрявцевтің ойынша, белгілі бір жүйеден тыс әрекеттер, нормадан ауытқулардың ешқайсысы позитивті түрде қаралмауы керек. Ал Я.И.Глинский былай деп айтады: «әлеуметтік ауытқу» пайдалы іс-әрекетте де бар. Мысалы, бұған жаңашылдықты жатқызуға болады. Әлеуметтік нормалардан негативті және позитивті ауытқу бір нормативті жүйе тұрғысынан қаралмайды. Керісінше, нормадан ауытқу прогресивті жүйе тұрғысынан позитивті деп мойындалуы мүмкін. Сонда норманың өзі теріс құбылыс ретінде қаралады. Прогрессивті жүріс – тұрыстың көпшілікті үлгісі ретінде жинақтала келе позитивті ауытқулар бір – біріне таралып, соңында көпшілік мойындаған жаңа әлеуметтік норманың қалыптасуына алып келеді.

Девиацияны екі аспекті де қарастыруға болады: нормадан прогрессивті ауытқуға шейін қосатын кең тұрғыдан және анти әлеуметтік жүріс – тұрыс ретіндегі тар мағынада.

Әлеуметтік ауытқулар түрлі аспектілерде әр алуан ғылымдармен, атап айтқанда, психология, медицина, педагогика, криненология тұрғысында зерттеледі. Шынында да, егер социологияның пәніне әлеуметтілік топтардың, тұлғалардың іс – әрекетіне механизмдерінің және қоғамдық заңдылықтарының көрінуі келсе, егер социология нақты қоғамдағы нақты құбылыстарды зерттеуді, норманы ғана талдап, ал одан ауытқуды шеттете алмайды.

Бір индивид әлеуметтік жүріс – тұрыста ауытқиды, екінші біреулер тұлғалық ұйымдасудағы нормадан психикалық ауытқу қызықтырса, ал, социологтарды ең алдымен мәдени ауытқулар, яғни әлеуметтік қауымдастықтың мәдениет нормаларынан ауытқуы қызықтырады.

Девиантты мінез – құлық социологиясы девиацияны ерекше әлеуми детерминацияланған процестерге әлеуми бағытталған құрылымдалған жүйе ретінде қарады.

Ғылыми әдебиетте ауытқымалы мінез – құлықты түсіндіруде түрлі теоретикалық концепциялар қарастырылған. Оның ішінен девиантты мінез – құлықты зерттеуге бағытталған үш теоретика – методологиялық бағытты айтып кетуге болады. Бұлар әлемдік социология мен психологияда өз дамуын тапты. Біріншіден, К.Маркс пен Ф. Энгельстің экономикалық детерменизмі мен әлеуметтік дау – дамайынан тұратын құрылымдық бағыт және Э.Дюркгеймнің әлеуметтік ыдырау мен аномиясы кіретін құрылымдық функционализм.

Әлеуметтік ауытқу туралы марксистік теорияның ерекшелігі: біріншіден, қарастырылатын шаралардың макро деңгейлігі; екіншіден, әлеуметтік ауытқуға әсер ететін революциялық, ол жекелеп алсақ қылмысқа әсер етеді. Бұл жерде, қоғамдық жүйенің қайта құрылуы мен өркендеуі үшін мемлекеттік билік етуші құқығының күштерден аластату болып табылады. Олар халқының кедейлер тұратын бөлігінде қылмысқа деген әсер етуші шараларын қолданбайтын еді. Маркс пен Энгельс бұзақылықтың негізгі факторларына әлеуметтік теңсіздікті, жұмыскерлерді қанауды жатқызады. Ал бұлардың салдарынан келіп жұмыссыздық, кедейлік, төмен деңгейдегі білім мен тәрбиенің болатынын айтып кетеді.

Француз социологы Э.Дюркгеймнің еңбектері өзінің тереңдігі және ерекшелігімен байқалады. Өзінің фундаменталды монографиясы – «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы» атты еңбегінде ол адамгершілік механизмдерін саралайды: адамгершіліктік нормалардың мазмұнына әсер етуші факторларының даму бағыттарын Э.Дюркгеймнің басты жетістігінің бірі болып қоғамның ыдырауының күйіне сараптамасы немесе « өзін – өзі өлтіру » еңбегіндегі аномия табылады. Сол әлеуметтік ыдырауда Э.Дюркгейм көптеген теріс қоғамдық әрекеттердің түп негізін қарастырады.

Девиантты мінез – құлықты зерттеудегі мәдени бағыттардың негізіне Р.Мертонның социо – мәдени аномиялық теориясы, Т.Селминнің мәдениет дау – дамайы теориясы маңыз бола алады. Р.Мертон өзінің мақаласында ауытқымалы мінез – құлық мәселелеріне дюркгеймдік аномия концепциясын қолданады. Р.Мертонның басты идеясы: девиацияның басты себебі болып құндылықтар арасындағы қарама – қайшылық, оған жету барысында қоғам бағытталады. Р. Мертон индивидтің бес логикалық мүмкін болатын мінез – құлық әдістерін көрсетеді: конформизм, инновация, ритуализм, ретризм және бунт. Т. Селминнің мәдени дау – дамай теориясының мәні мынада: өмірге деген түрлі көзқарас, әдет, жүріс – тұрыс және ойлау стеоротипі, құндылықтардың алуан түрлілігі адамдардың өзара түсініктерін, басқаның сезіміне ортақтасуды қиындатады,басқа мәдениет өкілдері тарапынан ашу – ыза шақыруы мүмкін. Жекелеген жағдайларда қоғамда билік етуші құқығының және моральды нормалар тек жекелеген әлеуметтік топтар үшін пайдалы бола алады, сондықтан олардың келіспеушілігі қоғамның екі деңгейіне де таралатын құндылықтармен қарсы бола алмайды.

Девиантты мінез – құлықты зертеудегі кеңістік және одан кейінгі социологиялық зерттеулердің ерекшелігі әлеуми – құрылымдық көзқарасын меңгеру, экономикалық, әлеуми – класының және басқа да қайшылықтарға көңіл бөлу болып табылады. Отандық социологиялық әдебиетке соңғы он бес жылда ауытқымалы мінез – құлықты зерттеудегі біраз мақалалар мен публикацияларды көруге болады. Әсіресе, А. А. Габиани, С. Г.Климова, д. С. Голод, Я. И. Гилинский, Ю. Г. Корпухина сияқты ғалымдардың еңбектеріндегі девиацияның әлеуметтік формаларын көруге болады.

ТМД елдерінің социолог ғалымдарының еңбектеріндегі қолданбалы эмпирикалық сипаты девиантты мінез – құлықтың болу себебіне және мәніне деген пәнаралық талдау мүмкіндігін көрсетеді: Отандық әдебиетте әлеуметтік ауытқудың болу себебіне деген ауқымды көзқарасын айтып кетуге болады және де девиациялық түрлі формаларының өзара тәуелділігін, құрылымын айтпауға болмайды.

Я. И. Глинский өзінің еңбектерінде девианттық мінез – құлықты материяның өз еркімен жылжуының біртұтас әлемдік процесі ретінде қарастырады. Оның көзқарасы бойынша норма мен паталогия – бейімделу формалары және де девиантты мінез – құлықтың түрлі формаларының жазылуы емес, бірінің орнын бірі басуы арқылы көрінеді.

Көптеген Отандық ғалымдардың ойы бойынша ауытқымалы мінез –құлық басты жағдайда экономикалық байланыстармен байланысты. Әрине, әлеуметтік ауытқулар олардың жағдайымен тікелей байланыста емес, бұл жердегі байланыс күрделірек және көп жоспарлы. Бірақ оның болатындығын қоғам дамуының барлық тарихы айтады.

Ж.Т.Тощенконың ойынша девиантты мінез – құлықтың басты детерминантының бірі болып бұзылған қоғамдық қатынастар салдарынан әлеуметтік теңсіздіктердің болуы табылады. В.М.Когак жүргізген әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей еңбек мазмұны мен қылмысты мінез – құлық арасында тығыз байланыс бар. Қылмыскерлер арасында жоғары өндірістік кваликациялы жұмыскерлерге қарағанда алты есе аз екен.

Қазақстанның ғылыми әдебиетіне келетін болсақ, онда қазақстандық социологтар девиантты мінез – құлық мәселелерін айтарлықтай зерттей қойған жоқ. Қоғам дамуының осы заманғы этапында Қазақстандағы социологияның дамуына объективті ізденулер керек – ақ.

Бақылау сұрақтары:

1. Әлеуметтік бақылау және адамның деликвенттік мінез – құлығы.

2. Дезадаптивті мінез – құлық. Тұлғаны ресми қадағалау орындары.

3. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы девианттық әрекеттің ерекшеліктері.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Тәңірбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Әбсаттаров, Дәкенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі:

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.

6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А. Ядова. – м.: 1996.

Дәріс №9 Білім әлеуметтануы.

Мақсаты:

Білім әлеуметтануының негізгі мәселелерін, қоғамдағы орны мен қызметін анықтау.



Дәріс жопары:

  1. Білім әлеуметтік-мәдени феномен ретінде.

  2. Білім әлеуметтануындағы негізгі концепциялар.

  3. Білімді зерттеу саласындағы әлеуметтік әдістер.

Дәріс тезистері:

  1. Әлеуметтік білім – білім жүйелерінің қоғаммен қарым-қатынасын және байланысын, әлеуметтік мәселелерді, білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде қарастыратын социология тармағы.

Әлеуметтік білімнің басты мәселесі – қоғамдық шарттың туындауы, жаңа технологиялық білімді дамыту және функциялау; өндіріс техникасын және әлеуметтік қажеттіліктер; білім жүйесіндегі әлеуметтік теңдік пен теңсіздіктер; білімнің ұлтаралық қарым-қатынастармен, қоғамның әлеуметтік мәдениетімен, саяси институттармен байланысы; тұлғаны әлеуметтендірудегі білім жүйесінің орны.

Білім көп шекаралық объект болғандықтан көптеген ғылымдармен, оның ішінде философиямен, педагогикамен, әлеуметтанумен, психологиямен қатар зерттелуде. Бұл тізімге логика, тарих, антропология және т.б. ғылымдар енгізілуі тиіс. Ғылыми педагогикалық қоғамдастықта, мемлекеттік құрылымдарда білім жүйесіндегі қажеттіліктерді практикада анықтау және көрсету, білім берудегі мемлекеттік саясаттың орнын анықтау, Отандық және әлемдік білім жүйелерін қалыптастыру және білімнің жаңа идеалдарын жүйелеу бағыттары қолға алынды.

Білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде дамуы мен жүйеленуі ғылыми тану кезінде пайда болатын көптеген мәселелері айқындалатын ішкі қайшылықтармен сипатталады. Мұндайға педагогикалық, психологиялық, экономикалық және әлеуметттік мәселерді жатқызамыз.

Білімнің әлеуметтік мәселелері глобальды - әлеуметтік жүйе ретінде білім жүйесі мен қоғам арасындағы қайшылықтарды көрсетеді және осы қарым-қатынас әлеуметтік білім пәнін құрайды.



Әлеуметтік білім пәнін анықтау.

Әлеуметтік білім пәні логикалық түрде ғылыми және пәнді анықтау жолы болып сипатталады. Әлеуметтік білімнің объектісі - әртүрлі білім жүйесінің бірлігі және білімдегі болып жатқан үрдістердің қарым-қатынасы. Әлеуметтану объектісі – тек қана білім емес, сонымен қоса ол туралы ақпарат. Білім объектісі – білім туралы жүйе және ақпарат. Білім пәні – білім әлеуметтік институт ретінде. Әлеуметтік білімді экстраспектік тұрғыдан қарауға болады. Ол дегеніміз сыртқы байланыстар мен қатынастар. әлеуметтік білімді интроспектік тұрғыдан қарау кезінде басты мәселесі педагогикалық әлеуметтану болып келеді. Әлеуметтік білім пәнін анықтау үшін тек қана өзіндік білім жүйесін ғана емес, сонымен қоса оның қоғамдық құрылымымен байланысын, ішкі полиқұрылымдық жүйесін қарастыру керек.

2. Тарихтың әлеуметтік - философиялық ойында білім идеясының дамуы. Ежелгі өркениеттер. Платоның, Аристотельдің, Сенеканың тәрбие мен білім туралы ойлары. Цицерон мен Квинтилианның білім жүйесі. Христиандық дәуір және білім концепциялары.

Әлеуметтік білімнің пайда болуы (ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ басы).

Л.Уордтың, Д.Дьюидің, П.Сорокиннің, Д.Пейннің, К.Махейннің зерттеулері. Әлеуметтік білімнің басты болжамдары.

Функционалдық болжам (Э.Дюркгейм, Т.Парсонс, Р.Мертон, Г.Беккер, Р.Будон, М.Крозье). Феноменологиялық болжам (М.Гарфи-нкель, Х.Блумер, А.Шутц, А.Штрауц, Б.Глазер, М.Янг, Н.Кедди). Құрылымдық болжам (Р.Дарендорф, П.Бурдье, М.Пиор). Радикалды гуманистік болжам (К.Маркс, А.Горц). постмодернистік әлеуметтік білім.



Американдық әлеуметтік білім.

Әлеуметтік білімдегі Д.Дьюидің прагматизмі және инструментализмі. М.Янгтің мериоткратиялық концепциясы. Э.Тондрайктің элитарлық концепциясы. М.Троудың диверсификациялық концепциясы. А. Маслоудың, Э.Гинсбергтің, Дж.Хермның, С.Роджерстың профессионалдық даму концепциясы. Конвитивтік бағыт. Трехардық интеллект теориясы(Р.Стернберг). Көпжақты интеллект теориясы (Г.Гарднер). Оқытудың эксперименталды зерттеу үлгісі (Р.Раков). Әлеуметтік капитал теориясы (Дж.Коулмен).



Жаңа әлеуметтік білімнің орнауы.

В.Н.Шубкин зерттеулеріндегі білімнің әлеуметтік мәселелері. Білімнің әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық мәселелері (А.Г.Здравомыслов, В.А. Ядов, С.Н.Иконникова). Жасөспірімдердің білімі және әлеуметтік орналасуы (М.Х.Титма). ЖОО-ң әлеуметтік мәселелері (Л.Н.Лесохина, В.В.Водзинская, Л.Я.Рубина, В.Т.Лисовский). Білімдегі әлеуметтік болжамдар (И.В.Бестужев-Лада). Ортақ білімдегі дифференциация (Г.А.Чередниченко). Жоғары мектепті зерттеу (А.А.Овсянников). Білім және өмірлік траекториялар (Л.А.Коклягина). әлеуметтік білім мәселелерінің мониторингі (Ф.Э.Шереги). білімдегі меншік болжамдар (В.Давыдов, В.Ильин, М.Кларин ). Халықаралық жобалар (В.Н.Шубкин). Білім жүйесін реформалаудың әлеуметтік мәселелері (Ф.Г.Зиятдинова, А.А.Овсянников).

«Әлеуметтік білім» түсінігінің пайда болуы Э.Дюркгейм есімімен байланысты.

Білім жүйесінің өзіндік қасиеті бар. Ол өндіріс дамуында және өндірістік қатынастарда басы рөл атқаруы тиіс, сонымен қатар қоғамның бүгінгі ғана емес, ертеңгі қажеттіліктеріне жауапты. Көптеген зерттеулер нәтижесінде білім жүйесіндегі сандық және сапалық көрсеткіштерінің қарама – қайшылықтары анықталған:



    • жалпы білім жүйесі мен мамандандырылған білім жүйесі арасында;

    • интелектуалды потенциалдың дамуы мен төмен дәрежелі қалыптарда жүргізілмеуі арасында;

    • қоғамның қажеттіліктері мен жасөспірімдердің өмірлік жоспарлары арасында.

Бұл мәселелерді шешу барысында білім жүйесін қайта құру концепциясы жасалынған.

Білім функциялары:



    • біліми;

    • әлеуметтік;

    • экономикалық;

    • тарихи-мәдени;

    • кадрлар даярлаушы.

Біліми функциялар:

    • кадрларды даярлауға қажетті біліктілік пен іскерлікті жүйелеу;

    • ұрпақтан ұрпаққа білімді және мәдени тәжірибені жалғастыру;

    • қоғам өмірінің материалды және рухани дамуы;

    • қоғам мүшелерін әлеуметтіндіру.

Білімнің әлеуметтік функциялары:

    • білімнің, мәдениеттің, ғылымның ортақ сапаларын анықтау;

    • тұлғаның жан-жақты, гармониялық, шығармашылық дамуы;

    • білімдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру;

    • рухани тәрбиелеу;

    • қазақ тілінің, мәдениетінің дамуын сақтау;

    • ұлттар мен халықтар мәдениетінің және ұлттық тілдердің дамуын сақтау;

Экономикалық функция:

    • кадрларды дайындау және қайта дайындау;

Тарихи мәдени функция:

Кадрлар даярлаушы функция:

өмірлік және мамандандырылған қызметті құрудағы білім орны; Қазақстандағы білім принциптері:



    • білімнің қол жетімділігі;

    • білім мемлекеттілігі – мемлекет жауапкершілігі;

    • білім сапасының алдағы дамуы;

    • білімнің ғылымилығы;

    • автономдық және акдемиялық бостандық;

    • білім міндеттілігі.

Білім жүйесі қоғам өмірінің рухани және материалдық дамуының механизмдерінің маңызды элементі болып табылады. Білім мазмұны және түрлері, білім мекемелерін жүйелеу - әлеуметтік тапсырыс болып келеді. Ғылыми – техникалық потенциалдың сақталуы, қоғам потенциалының интеллектуалдық қолданылуы, оқытудың сапасын жоғарылату – қазіргі өзекті мәселелер қатарында. Білім – бұл жаңа дәуірдің маңызды дамушы факторы болып табылады.

Отбасы – білім мен тәрбие институтының қайнар көзі. Отбасыдан тыс білім жүйелері қатарына балалар үйі, жетімдер үйі жатады. Жалпы білім толық және негізгі білім болып екіге бөлінеді. Мамандандырылған білім – бастауыш, орта, жоғары болып үшке бөлінеді. Білім түрлері: қосымша білім, мемлекеттік және коммерциялық білім, дифференциялдық білім, өзіндік білім. өзіндік білім технологиясы – тарихи-әлеуметтік аспект болып табылады.

Білім әлеуметтік үрдіс болып табылады. Білім үдерісінде оқыту мен тәрбиелеу интеграциясы жүреді. Оқыту үдерісінің құрылымы – сипаттамасы, мазмұны, әдістері. Қазіргі кезде оқу үрдісінде жаңа технологиялар қолданылуда.

Әлеуметтік мәселелер:



    • глобальды, регионльды, этникалық мәселелер;

    • білім және демографиялық үрдістер;

    • білім және девианттық тәртіп;

    • білім және кәсіпкерлік.

Білімдегі әлеуметтік саясат:

    • футурологиялық тұрғы;

    • шетелдік және Отандық тәжірибе үлгілерін қолдану;

    • біліми жүйелердің мәдени-әлеуметтік жобалануы;

Әлеуметтік білімнің жаңа мәселелері:

    • білімдегі қоғам қызығушылықтарының өзгеруі;

    • жасөспірімдерді әлеуметтендіру үлгілерінің өзгеруі;

    • білім жүйелерінің дамуын алдын ала болжау;

    • ғылыми мониторинг жасау;

    • білім жүйесінің басқа қоғам институттарымен байланысы.

Өкінішке қарай, қоғамның осындай жіңішке жігі қиыншылыққа , апатқа жиі ұшырып отырғанын тарихтан білеміз.1917-ші жылы Қазан революциясынан кейін көп зиялы адамдар, оның ішінде оқымыстылар,инженерлер, әдебиетшілер, т.б өз елін, отанын тастап кетуге мәжбүр болды.Елде қалған көптеген зиялы адамдар Сталиндік репрессияның нақақ құрбандарына айналды. Қазір де зиялы қауымның кейбір өкілдері қиын жағдайларда жүр.

Қазір оқу, білім жүйесі дағдарыста. Бұл дағдарыстың болу себебі, біздегі жүйенің басқа сапалы жүйеге ауысудағы қиындықтарға тікелей байланысты. Ал, жаңа жүйе барлық салалардағы іс-қызметтің жаңа өндіріске, технологияға сәйкес жаңа түрін,әдісін, тәсілін(стилін), тәртібін, оқу-білімін, ғылымын қажет етеді. Ол қоғамның ілгерілеп дамуының қажетті алғышарты және адам өмірінің, әсіресе, оның белсенді жұмысының маңызды түрі болып саналады.

Сондықтан жаңа XXI ғасырда үздіксіз оқу, білім алу басқа өркениетті, дамыған елдердегідей біздің саясатымыздың басты қағидасы болу керек. Бұл туралы біздің өкіметіміздің білім туралы заңында жақсы айтылған.Үздіксіз білім алуды білім мерзімін ұзарту және оқушылар санын ересек адамдардың санымен деп жансақ  түсінуге болмайды әрбір мектептің алдындағы міндет – ол әрбір адамды әр түрлі жұмыс пен іс-қызметті өз бетімен істей алуға және өздігінен білім алуға үйрету.

Болашақ білім жүйесінде университеттердің атқаратын қызметі ерекше болады. Қандай да бір университет болмасын ол адамға жан-жақты мәдениет беру құралы болуы керек. Университеттердің мұндай болуына толық мүмкіншіліктері бар.Университет жұмысшы күшін өндірмейді. Оның басты міндеті – адамның адамгершілік қасиеттерін дамытып қалыптастыру.

Қоғамның әр түрлі даму кезеңдеріне сай университеттердің білім жүйесіндегі оқу процестері әр түрлі дәрежеде деңгейде қызмет атқарады соған орай оның беделі де әр түрлі болды. Алғашқыда университеттерде өнерге қатысты пәндер оқытылмайтын еді ондағы гуманитарлық қоғамдық ғылымдар жаратылыс және техникалық ғылымдардың өлшем-үлгерімен  жүргізілді. Ақыл-ой еңбектің бір түрі ретінде жүргізілетін ғылымдарға шек қойылып тек қана нақтылы тиімді пайдалы ғылымдарға шек қойылып тек қана нақтылы тиімді пайдалы ғылымдар (мысалы математика физика химия биология техникалық ғылымдар т.с.с жүргізілді.Ал адамның жеке тұлға ретінде жан-жақты үйлесімді дамуына оның адамгершілік қасиет терінің жетілуіне назар аударылмады. Сондықтан бүгінгі күннің басты мәселесі – бұрынғы университетті қайта жаңғырту.Оның алуан түрлі мәселелерінің ішіндегі  басты негізгі мәселе – қоғамдық гуманитарлық білім беруді қайта қалпына келтіру. Мұның өзі – гуманитарлық факультеттерді көбейту деген ой емес ол оқу орындарын бітіруші мамандардың жоғары дәрежедегі мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Оқу білім – қоғамдағы оқшау тұрған сала емес. Ол қоғамдағы әр түрлі құбылыс, процестерді бейнелей алатын сала. Ал, жоғары мамандандырылған, саналы, өз бетімен істелінетін еңбек, іс-қызмет, жұмыс беделінің төмендеуі қоғамға оқу, білім саласының заңды беделін түсіріп, маңызын кемітеді. Әрине, айта берсе, кемшілік, олқылықтар өте көп. Бұлардың объективтік басты себептерге оқу білім жүйесін қажетті қаржымен қамтамасыз етілмеуі жатса; субъективтік себептердің бастыларына – оқу, білім жүйесінің ғылыми дәлелденген, өмірдің барлық және әрбір салаларына сәйкес келетін тиімді, оқытудың, білім жоспарын, бағдарламасын, әдістемелерін, оқу және көрнекті құралдарды жасап, компьютерлерді кең қолдану, жаңа педагог кадрларды іріктеп алу, отбасымен байланыс-қатынастарды күшейту т.с.с.

Қорыта айтқанда, оқу, білім ерекше әлеуметтік институт, ол – өз бетімен біршама дербес әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізімен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интеллектуалды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады,т.б.

Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерді жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы – білім әлеуметтануы зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқада әлеуметтік жүйелермен, процестермен,институттармен әр түрлі қарым-қатынасын, байланысын талдайды. Сонымен бірге білім жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымына, қоғамдық қатынастарға, еңбектің өнімділігіне, өндіріске және басқа іс-қызметтің тиімділігіне әсерін, жеке адамды тұлғаға айналдырудағы интеллектуалды, білім процесінің рөлін, адамның табиғат және қоғам туралы білімді, озық тәжірибені игеріп, бойына сіңіріп, оның үйлесімді дамуын, білім деңгейінің қызметке, жұмысқа, тәртіпке әсерін, адамдардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының өзгеруін, т.б талдап зерттейді.


жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау